Теміржода пайдалану техникалық ережесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:53, курс лекций

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері темір жолдардың және темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс тәртібінің аса маңызды құрылыстарының, құрылғыларының және жыл-жымалы құрамының негізгі ережелерін, негізгі өлшемдерін және оларға қойылатын талаптарды, поездар қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және сигнал беру принциптерін белгілейді.

Файлы: 1 файл

Копия ПТЭ.doc

— 717.00 Кб (Скачать)

ТЕРМИНДЕР

Сигнал беру және байланыстың дербес құралы ретіндегі  автоматты локомотивтік сигнал беруі (АЛСО). Поездардың аралықтағы қозғалысы локомотивтік бағдаршамдардың сигналдарымен жүзеге асырылатын, ал бөлім бекеттері ретінде блок-темлімдердің белгіленген шектері болып есеп-телетін жүйе.

Блок-телім. Станциялар арасындағы аралықтың автоблоктау немесе сигнал беру және байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезіндегі өтпелі бағдаршамдармен (блок-телімдердің шектерімен) немесе өтпелік бағдаршаммен (блок-телімнің ше-гімен) және станциямен шектелетін бөлігі.

Бүйірлік жол. Жылжымалы құрам бағыттамалы бұрма бойынша ауы-сатын жол.

Арнайы өздігінен  жүретін жылжымалы қүрам бригадасы. Арнайы жылжымалы құрамды басқаруға және оған қызмет көрсетуге тағайындалатын қызметкерлер. Арнайы өздігенен жүретін жылжымалы құрамды басқару үшін бригада тағайындалады - машинист және машинистің көмекшісі немесе дрезинаның жүргізушісі немесе оның көмекшісі (тиісті машинаны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес).

Поезды ерекше қырағылықпен жүргізу. Локомотив бригадасының поезд қозғалысы кезіндегі тұрақты күшейтілген назар аударуы.

Жүк вагнодары. Жүктерді тасымалдауға арналатын вагондар. Оларға жабық вагондар, үсті ашық вагондар, платформалар, цистерналар, жүк тасымалдауға арналатын арнайыландырылған вагондар: шанақтық типтегі вагондар, термостар, АРВ қоса тоңазытқыштық вагондар, астықтасығыштар, транспортерлер, контейнертасығыштар, сондай-ақ жүк типіндегі арнайы вагондар.

Жолаушы вагондары. Жолаушыларды тасымалдауға арналған вагон-дар. Бұл вагондарға сондай-ақ пошта, багаждық, вагон-мейрамханалар, қызметтік-техникалық (қызметтік, клубтар, санитарлық, сынақтық,және өлшегіш, зертханалар және жолаушы типіндегі басқа арнайы вагондар) вагондар.

Ауалы аралық (оқшаулаушы қиылыс). Түйіспелік тораптың іргелес телімдерінің электр оқшаулаумен қиылысуы (ток айырығы). Оқшаулаушы қиылыс, электрлі-жылжымалы құрамның токқабылдағышы өткен кезде қиылысатын бөліктері электрлі қосылатындай болып орындалады.

114

Қосалқы пост. Жолдық дамуы жоқ және тек кірме жолдың жанасу пунктіне қызмет көрсету үшін ғана арналатын (бүкіл аралық бойынша жүріп өтетін поездар үшін бөлім бекеті болып саналмайды) аралықтағы пост.

Тиеу габариті. Шекті көлденең (жол өсіне перпендикулярлы) долбар, оның ішінде сыртына шықпай түзу горизонтальді жолдағы ашық жылжы-малы құрамда (қаптамасы мен бекітпесін есепке ала отырып) жүк орнала-суы тиіс.

Жылжымалы құрамның габариті. Шекті көлденең (жол өсіне перпендикулярлы) долбар, оның ішінде сыртына шықпай, түзу горизонтальді жол үстінде орналасқан - тиелген, сондай-ақ бос жылжымалы құрам сыйып тұруы тиіс.

Құрылыстардың жақындау габариті. Шекті көлденең (жол өсіне перпендикулярлы) долбар, оның ішіне құрылыстар мен құрылғылардың ешбір бөлігі кірмеуі тиіс.

Тек жылжымалы құраммен тікелей өзара әрекеттесетін  құрылғылар (жұмыстық күйіндегі вагондық баяулатқыштар, бекітпе тетіктерімен қоса түйіспелік сымдар, су құйып алу кезіндегі су бағанасының бұрылмалы бөлігі және т.б.) ғана бұған жатпайды.

Кепілдік телім. Вагондардың поезд құрамында жарамды күйінде қауіпсіз жүріп өтуінің қажеттілігіне қарай анықталатын ұзындықтағы, техникалық қызмет көрсету пункттерімен шектелген телім.

Басты жолдар. Станцияға келіп тірелетін және әдетте бағыттамалы бұрмаларда ауытқулары болмайтын аралықтар жолдарының тікелей жалғасы болып табылатын аралықтардың, сондай-ақ станциялардың жол-дары.

Станция бойынша  кезекші. Поездардың қабылдануын, жөнелтуін, сондай-ақ жылжымалы құрамның станцияның қабылдау-жөнелту жол-дарымен (ал маневрлік диспетчері жоқ жерде басқа да жолдармен) қозғалыстарын жеке өз басымен басқаратын станция бастығының ауысым-ды көмекшісі.

Темір жол құрылыстық машиналары. Темір жолдардағы құрылыс, жөндеулердің барлық түрлері, темір жолдарды күтіп ұстау және оның құрылыстары мен құрылғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын бір немесе бірнеше жұмыстық органдары бар өздігінен жүретін жылжымалы құрам түрлерінің бірі.

Темір жол өтпесі. Темір жол желілерінің бір деңгейде автомобиль және трамвай жолдарымен қиылыстын жері.

Теміржол  кірме жолы. Жекелеген кәсіпорындарға, ұйымдарға және белгілі бір жүкжөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған, жалпы темір жолдар торабымен үздіксіз рельс жолтабаны арқылы байла-

115

нысатын және темір жолдың немесе кәсіпорынның, ұйымның иелігіндегі темір жол желісі.

Жүк поезының индексі. Қал ыптастыру станциясында барлық жүк поездарына берілетін 10 цифрден түратын арнайы код. Бірінші төрт сан - поезды қалыптастыру станциясының бірыңғай тораптық белгі-леуі (БТБ), келесі екеуі - осы станцияда қалыптастырылған құрамның реттік нөмірі, ал соңғы төртеуі - поездың баратын станциясының БТБ-і.

Поездардың  қарқынды қозғалысы. Бір тәулік ішінде қосжолды телімдерде 50 жүптан асатын және біржолды телімдерде 24 жұптан астам кесте бойынша (жиынтығында) жолаушы және жүк поездары қозғалысының көлемдері.

Түйіспелік  торап. Электр энергиясының тартымды қосалқы станциялардан электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін сымдардың, құрылымдардың және құрал-жабдықтың жиынтығы.

Локомотивтер. Электровоздар, тепловоздар, газотурбовоздар, паровоздар.

Локомотив бригадасы. Локомотивтерге, сондай-ақ  моторвагондық поездарға қызмет көрсету үшін тағайындалатын қызметкерлер.

Азәрекетті  телімдер. Жолаушы және жүк поездарының (жиынтығында) кесте бойынша тәулігіне 8 жұптан аспайтын қозғалыс көлемдері бар телімдер.

Маневрлік құрам. Бір-бірімен өзара және маневр жүргізетін локомотивпен біріктірілген вагондар тобы.

Бір вагонмен іліністегі локомотив сондай-ақ, маневрлік құрам  ретінде қарастырылады.

Посттар арасындағы аралық. Жол посттарымен немесе жол посты және станциямен шектелген аралық.

Станциялар арасындағы аралық. Станциялармен, айырықтармен және басып озу пункттерімен шектелген аралық.

Моторвагондық жылжымалы құрам. Өздерінен жолаушыларды тасуға арналған моторвагондық поездар (электропоездар, дизель-поездар және автомотрисалар (рельстік автобустар) қалыптастырылатын моторлы тіркемелі вагондар.

Бейтарап  ендірме. Өзінде қалыпты түрде кернеуі жоқ екі ауа аралықтары (оқшаулаушы қиылыстар) арасындағы түйіспелік аспа телімі. Бейтарап ендірме, электрлі жылжымалы құрамның токқабылдағыштары өткен кезде жанасатын телімдердің электрлі оқшаулануы қамтамасыз етілетіндей болып орындалады.

Басып озу пункті. Поездарды басып озуға және қажетті жағдайларда - поезды бір басты жолдан екінші басты жолға ауыстыруға мүмкіндік бере алатын жолдық дамуы бар қосжолды желілердегі бөлім бекеті.

Толаскез. Жөндеу-құрылыстық жұмыстар жүргізу үшін аралық, аралықтың немесе станцияның жекелеген жолдары бойынша поездар қозғалысы тоқтатылатын уақыт аралығы.

Поездардың  ерекше қарқынды қозғалысы. Жолаушы және жүк поездарының (жиынтығында) кесте бойынша қосжолды телімдерде тәулігіне 100 жұптан және біржолды телімдерде - 48 жұптан астам қозғалысының көлемі.

Ерекше жол  белгілері. Темір жолға бөлінген жолақтың шектері, стрелка нөмірінің нұсқағышы, жолаушы ғимараты өсінің белгісі, желілік жол ғимараттарындағы белгілер, шеңберлі қисықтардың басы мен аяғының, сондай-ақ өтпелі қисықтардың ортасы мен аяғының, жер төсемінің көзге көрінбейтін құрылыстарының, су жиегінің ең жоғары деңгейінің және толқынның барынша жоғары биіктігінің қадабелгілері.

Қорғағыш стрелка. Поезды қабылдау немесе жөнелту маршру-тын әзірлегенде дайындалған маршрутқа жылжымалы құрамның шығу мүмкіндігіне жол бермейтін қалыпқа қойылатын стрелка.

Жолаушылардың аялдау пункті. Жолдық дамуы жоқ, тек жолаушы-ларды отырғызу және түсіруге арналған аралықтағы пункт (бөлім бекеті деп есептелмейді).

¥зындығы  арттырылған жүк поезы. Үзындығы 350 және одан астам осьтерді құрайтын жүк поезы.

Біріктірілген жүк поезы. Әр поездың басында әрекеттегі локомотивте-рі бар бір-бірімен өзара тіркескен екі немесе одан астам жүк поездарынан құрастырылатын поезд.

Ауырсалмақты  жүк поезы. Локомотивтердің тиісті сериялары үшін қозғалыс кестесімен белгіленген жүк нормасынан осы поезд жүріп өтетін телімдегі салмағы 100 т және одан да асатын жүк поезы.

Адам  таситын поезд. Адамдар орналасқан 10 және одан да астам вагон-дары бар жүк поезы.

Жолаушы поезы. Жолаушы вагондарынан қалыптастырылатын жолау-шыларды, багажды және поштаны тасымалдауға арналатын поезд. Қатынас түрлері бойынша жолаушы поездары 700 км-ден астам қашықтықтағы алыс-сапарлы, 700 км-ге дейінгі - жергілікті және 150 км-ге дейінгі - қаламаңы поездары болып бөлінеді.

¥зынқұрамды жолаушы поезы. Осы поездың белгіленген қал ыптастыру сұлбасынан ұзындығы асатын жолаушы поезы.

117

¥зындығы арттырылған  жолаушы поезы. Құрамында 20 және одан да астам вагоны бар жолаушы поезы.

Жүрдек жолаушы  поезы. Жолаушы поездарының жүрдек қозғалысына сәйкес келетін км/сағ: 141-160 және 161-120 жылдамдық интервалардындағы жылдамдықтармен айналатын жолаушы поезы.

Біріктірілген жолаушы поезы. Әр поездың басында әрекеттегі локомо-тивтері бар, өзара тіркелген екі жолаушы поезынан құрастырылған поезд.

Пошталы-багаждық поезд. Пошта, багаж, және жүк-багажын тасымалдауға, сондай-ақ тек қана жолаушы поездары айналмайтын телім-дерде тіркелетін, жолаушыларды тасуға арналған жекелеген жолаушы ва-гондарынан қалыптастырылады.

Шаруашылық  поезы. Әрекеттегі локомотивтен немесе локомотив ретінде пайдаланылатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамнан, темір жолдардың арнайы және техникалық қажеттіліктері үшін бөлінген вагондардан, темір жолдарды күтіп ұстау, олардың құрылыстарымен құрылыстарына қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын орындауға арналатын арнайы өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін жылжымалы құрамнан қалыптастырылған поезд.

Поездық сигналдар. Поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы құрамдарды белгілеуге қолданылатын сигналдар.

Сақтандырғыш  тұйық. Жылжымалы құрамның поездар жүретін маршруттарға шығуының алдын алуға арналған тұйық жол.

Жол белгісі. Темір жол желілерінің пішіні мен ұзындығының тұрақты нұсқағышы.

Жол посты. Темір жол желілеріндегі жолдық дамуы жоқ бөлім бекеті (жартылай автоматты блоктауда - блокпост, қосжолды ендірмесі бар біржолды телімдегі жанасу посты, торап алдындағы пост және т.б.).

Арнаулы пайдаланымдағы жолдар. Аралықтардағы және станциялардағы сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтар және кірме жолдар.

Бөлім бекеті. Темір жол желісін аралықтар мен блок-телімдерге бөлетін пункт.

Айырық. Поездардың айқасуына және басып озуына арналатын жолдық дамуы бар біржолды желілердегі бөлім бекеті.

Тоңазытқыштық поезд. Тоңазытқыштық вагондардан құрастырылған поезд.

Дауыстық хабарландырғыш. Алдын ала әзірленген хабарламалар-ды байланыс арналарына автоматтық таратылуын қамтамасыз ететін электрондық құрылғы.

118

Маневрді басқарушы. Маневрге қатысатын барлық тұлғалардың әрекеттерін тікелей басқаратын қызметкер. Оның нұсқауынсыз маневрлерді жүргізуші локомотив машинисінің локомотивті орнынан қозғауға құқығы жоқ.

Жұмыстарды  басқарушы. Өзіне, пайдаланылатын темір жол желіле-рінде, құрылыстары мен құрылғыларындағы жұмыстарды басқару міндеті жүктелген жауапты тұлға.

Өнімді, қызметкерлерді және басқа объектілерді сертификаттау (сертификаттау). Өнімінің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі жөніндегі өндірушіден (сатушыдан, орындаушыдан) және тұтынушыдан (сатып алу-шыдан) тәуелсіз органның жазбаша растауы.

Сигнал. Өзінің көмегімен белгілі бір бұйрық берілетін көрінетін және дыбыстық шартты белгі.

Сигналдық белгі. Өзінің көмегімен белгілі бір категориядағы қызметкердің бұйрығы немесе нұсқауы берілетін көрінетін шарттық белгі. Сигналдық белгілерге: шектік бағаншалар, станцияның шектерін көрсететін белгілер, ысқырық беру, токты сөндіру және қосу және т.б. жатады.

Арнайы жылжымалы  құрам. Темір жол жүрісіндегі жылжымалы бірліктер:

арнайы өздігінен жүретін  жылжымалы құрам - мотовоздар, дрезиналар, жұмыстар жүргізуге қажетті материалдарды  тасымалдау немесе темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізуге арналған автомотрисалар, көліктік режимдегі тартымдық жетегі мен дербес қозғалтқышы бар темір жол-құрылыстық машиналары;

арнайы өздігінен жүрмейтін  жылжымалы құрам - көліктік режимдегі  тартымдық жетегі жоқ темір жол-құрылыстық машиналары, тіркемелер және темір жолдардың құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына арналатын, шаруашылықтық поездарға қосылатын басқа да арңайы жыжымалы құрам.

Информация о работе Теміржода пайдалану техникалық ережесі