Махамбет Өтемісұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:28, реферат

Краткое описание

Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мән бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
(Академик 3. Қабдолов.)

Файлы: 1 файл

Махамбет Өтемісұлы.doc

— 284.50 Кб (Скачать)

Махамбет Өтемісұлы

(1803-1846)

 

Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-қазақ  сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір  буыны мән бунағы, тармағы мен  шумағы мұншалық тап-таза корғасыннан  құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.

(Академик 3. Қабдолов.)

Махамбет Өтемісұлы  — ақындық таланты мен батырлығын — отаршылдар мен өз билеушілерінің илеуінде қорлық көрген туған халқының бостандығы мен еркіндігі, әлеуметтік теңдігі жолындағы күреске арнаған даңқты тұлға. Оның өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де атақты ақын-жыраулардан айырмашылығы — бүкіл дерлік өлең толғауларының

1836-1837 жылдары  Исатай батыр екеуі бастаған  Бөкей ордасы қазақтары көтерілісінің  поэтикалық шежіресі, қаһармандық-трагедиялық мазмұндағы тарихи құжаты болуында.

Махамбеттің азаматтық, ақындық асқақ тұлғасы—ежелден  бостандық пен еркіндік сүйген халқы  рухының ерекше көрінісі. Сондықтан  да оның поэзиясы арқылы бізге қазақ менталитетіне тән сол еркіндік, ерлік-намысқойлық қаз қалпында жетті және ел оның Ұлт ретінде өзін-өзі тануына, егемен ел болуына дем беріпотырды. Ұлы ақынның туғанына 200 жыл толған мерейтойының ЮНЕСКО ауқымында аталып өтуі — оның әлемнің барлық халықтарына ортақ саяси бостандық пен әлеуметтік әділдік идеясын жоғары көркемдік дәрежеде бейнелеген құдіретті талантын мойындағандықтан және лайықты бағалағандықтан болып табылады.

Бұлтта ойнаған жасындай өмір

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Орал облысы, Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келді. Махамбет кейін перзенттік ыстық сезіммен әсірелей суреттеген, қуғында жүргенде аңсай сағынған бұл аймақ Бөкей ордасы, Бөкей хандығы немесе Ішкі орда деп те аталады. Еділ мен Жайық арасындағы бұл өлкенің Ішкі орда делінетіні сол кездегі Ресейдің шекаралық аумағына кіретіндіктен болса, Бөкей ордасы немесе Бөкей хандығы аталуы — Кіші жүздің бір бөлігін мұнда алғаш бастап әкеліп, қоныстандырған сұлтанның, кейінірек осы жердің ханы болған кісінің есіміне байланысты еді.

Міне, осы өңірді алғашқы қоныстаушылар арасында өсіп-өнген іргелі ауылдардың бірі-шешендік, батырлық, турашылдығымен белгілі Өтеміс те болады. Махамбет — осы Өтеміс бидің он баласының бірі. Қашанда  турасын айтатын ақын ертеректегі бір өлеңінде шыққан әулеті туралы:

Санаулы сәнді  орданың бірі едік,-

десе, көп жылдардан  соң, сол айтқанын сөзбе-сөз дерлік қайталап:

Біздер-дағы, Байеке,

Оза шауып, кең  жайлап,                 

Еркіннен еркін  жатқан ел едік,-     

деген. Бұдан  Махамбеттің өнегелі ортада өсіп, үлгі алған текті атаның баласы екенін көреміз. Өтемістің он баласы да кілең көкжалдар болып өседі. Осылардың сегізі 1836—1837 жылдардағы көтеріліске белсене қатысып, ұрыста қайтыс болғаны, айдалғаны бар — бәрі өле-өлгенше Исатайдың қасында болып, адалдық танытқан.

Әйтсе де бала Махамбеттің  мінезі мен жан дүниесіне әкесі  Өтемістің әсері бәрінен де күшті  болғаны байқалады.

Шынында да, Өтеміс жанып тұрған жас ұлы мақтан тұтып, еліктейтіндей кісі болыпты. Ол старшын  болып, ел басқарған, би болып, сөз бастаған. Өлең сөзге де кет әрі емес екен.

Ішкі Ресей  жақтан қашып, жан сауғалаған орыс, татарларды да паналатқан. Мұндай ауылға әдеттегі ұры-қары, бұзықтар маңайлай алмаса керек. Патшалыққа тынышсыз болған

 

1

ондай ойы мен  ісі бөлек бөтен жұрт адамдарымен таныстық та жаңаға әуес, арманшыл жасөспірім

 

Махамбет үшін із-тозсыз кетпегені күмәнсіз. Артық сөзгежоқ, ұстамды Махамбеттің:

Атарына қолы ұзын,

Қабағын қара биік бөрік басқан.

Жауырынына күшіген  жүнді 

Қу жебе оқ шанышқан.

Оң келгенін оң атқан,

Сол келгенін сол  атқан,

Солақай тартып, бек атқан.

Құланды қақтан қайырған,

Ерегескен күнде  хандардың 

Талайын тақтан тайдырған,-

деп, әкесінің тамаша портреті мен мінездемесін жасауында  бала күнгі әсері мен қиялы  жатқанын байқау қиын емес. Жас Махамбеттің зердесінде әкесінің тағы бір өзгеше сипаты сақтальш қалыпты. Ол туралы Жәңгірге кейіген бір өлеңінде: 

Атасы өткен  Айшуақ,-                        

Соның көзі көрді  ғой,                            

Менің атам Өтеміс                         

Елдің қамын  жеді ғой!-                         

деп, әкесінің елдің  қамын жеген кісілігін жоғары бағалайды. Міне, осындай айбарлы  да қайратты Өтеміс үйін Махамбеттің 13 жасында-1816 жылы Сүйінішқали сұлтан шауып, дүние-малын олжалап алып кетеді. "Үйінде қашқындарды ұстайды" деген Сүйінішқалидың сөзіне құлақ асқан Орынбор әкімдері Өтемісті қаматып, ол сонда (1817 ж.) қайтыс болады.

Бұл қайғылы  оқиғаның әкесін пір тұта ардақтаған жасөспірім Махамбеттің жан дүниесінде қандай із қалдырғанын шамалауға болады.

Өйтсе де ол өңкей  марқасқа 9 бауырының ортасында, байсалды да қайратты шешенің бауырында қай  жағынан да таршылық, тапшылық көрмей өскен. Оның үстіне, ақылды да айбынды  Исатай өжет мінез, өткір ақыл, өнерпаздық дарынмен даралана ер жетіп келе жатқан Махамбетке ағадай, әкедей қамқорлық көрсеткен. Көтерілістен көп бұрын, Исатайдың ханмен ренжісіп, ордадан кетерінде:

Арыстан еді-ау Исатай, нетесің, тақсыр, табалап. Құрттайымда  өсіп ем, Бауырында паналап. Алдымда  асқар тау еді, Соңына ерсем ағалап,-

деп Махамбеттің араға түсуі соны көрсетеді.

Ақындық талант, күйшілік өнер, батырлық жаратылысымен  дүние есігін ашқан ол құнарлы  топыраққа тамыр тартады. Батырлық атақ-даңқы мен асыл мұралары ел көкірегінде жатталып қалған кешегі өткен Қамбар батыр, Ер Тарғын, Орақ, Мамай, Асан қайғы, Сыпыра жырау, Қазтуған, Шалгез, Жиембет, Доспамбет сияқты ұлылар осы өңірдің тумалары болатын. Жайықтың шығыс бетінде қазақ шаруаларын азаттық пен әділеттілік туының астына жинап, отаршылдар мен олардан халқын қорғай алмаған хан, төреге қарсы шыққан әйгілі Сырым батыр жорықтарының дүбірі алғашында жас романтик Махамбеттің қанын қыздырып, делебесін қоздырса, келе-келе саналы мұратына айналған.

Сөйтіп: "ұқпасын  ба сөзді тез, өз өнері түр таяу",-деп  данышпан Абай айтқандай, осының бәрі талантты жастың көкейіне ұялап, ой-санасын нұрландырды. Осынау ұлы мектептің жарқын іздері Махамбеттің азаматтық құлқынан айқын танылады, шығармаларында сайрап жатыр.

2

Сол бір асау, еркін бозбала дәуренін еске алғанда, аузына "талма түстің шағында, тай жеген тарлан бөрідей" деген теңеудің түсуі, әрине, тегін емес. Ол жас кезінде палуандығымен де, мүлт жібермейтін мергендігімен де көзге түсіпті. Өткеннің ой мен өнер мұраларын көкірегіне тоқып, ел жақсыларының қатарына ерте қосылған.

Түркі, араб-парсыға  қоса орыс тілін де меңгеріп, татарша, орысша жаза білген. Арынды ақын, төкпе күйші, ақпа шешен, палуан, мерген, ханзададан озық дегдар, тұр-пошымы да келісті Махамбетке жасы өзімен шамалас, айналасына өнерпаз жастарды жинаған хан Жәңгірдің назары ауған. Сондықтан хан ұлы Зұлхарнайды Орынбордағы Неплюев кадет корпусына оқуға жібермек болып (1833 жылдың мамыр айында), оған бас-көз болуға лайық адам іздегенде, таңдау Махамбетке түседі. Ал Орынбордағы жоғары шенді, тәкаппар патша шенеуніктерінің құлқын жетік білетін намысқой Жәңгір Махамбетті таңдағанда, оны орыстың тілін білуің үстіне, хан тағының абыройы мен беделіне лайық бірден-бір тұлға санағаны күмәнсіз.

Содан екі жылдай бұрын ғана, яғни 1829 жылы Махамбет қазақтардың  қарулы бас көтеруіне қатысқан. Ақын қолға түсіп, 2 жылдай қамауда жатады. Тек, қалада оба ауруы жайылған үрейлі күндерде ебін тауып қашып шығады. Обыр күшпен Махамбет алғаш рет осылай беттеседі.

Кеше біз зынданда жатып кұбылдық,

Қамалаған көп  дұшпанға қор болдық.                    

Терезеден телміріп, ағайын мен туғанды              

Бір көруге зар  болдық,-                              

деп күйінген...                                                                      

Орынборда болған кезде Шекаралық комиссияның  ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунігі, қазақтар өмірінен роман жазған жазушы, орыс тілінің әйгілі 4 томдық  түсіндірме сөздігінің авторы В. И.Дальмен танысады. Ақынның қалада жүздесіп, пікірлескен белгілі адамдары жалғыз  Даль болмаса керек. Мұның бәрі Махамбеттің ой өрісін  кеңейтіп, таным-түсінігін тереңдетеді. Ол осы кезде "қорлықта жүрген елінің қорғаны", жоқшысы болуға берік бел байлаған сыңайлы. Осы ниет шешімін байқатып алуы — оны  ханның елге шұғыл шақыртып алуына себеп болады. 1837  жылы Орынбор губернаторына жазған хаттарының бірінде Жәңгір хан Махамбеттің Орынборда баласы Зұлхарнайдың  қасында болғанын айта

 

келіп: "... мен  ол сойқанды қуып жібергем",-деген  сөзі соған дәлел. Е.П.Ковалевский: "... Махамбет Өтемісов-Жәңгір ханның кеңесшісі, оның үйі мен  сарайының ешкімге есеп бермейтін басқарушысы, жан қияр досы болған", — деп көрсетеді. Қалай болғанда да, Махамбет 1834 жылы елге оралады және Жәңгір өзі "қуып жіберген  сойқанын" сол жылы старшина етіп белгілейді. Исатайға да жаңа қоныс береді. Исатай мен Махамбет өздерінің жеке мүдделеріне бола ханмен ауыз жаласа қалатын кісілер  болмағандықтан, бұл-Жәңгірдің соңғы жылдары күшейе  түскен халық наразылығынын алдын алу үшін жасаған, Исатай мен Махамбетті алдарқатқан қулығы болатын.       

Тастөбедегі жеңілістен кейін айтқан Махамбет толғауында:  

 Төрт-бес  жылдай алысып,             -               

Мына тұрған Исекем                                     

Ханның бір тауын қайтарған,-                     

деген сөздер бар. Бұл толғау айтылған кезден (1837 жылы желтоқсанның соңы немесе 1838 жылдың қаңтары) өлеңде аталған 4-5 жылды алып тастасақ, "алысу" 1833—1834 жылдардан басталған болып шығады. Осыдан кейінгі 2 жылдай уақытты Исатай мен Махамбет жоқшылық пен зорлық-зомбылықтан ашынған елдің басын біріктіріп, көтерілісті әзірлеуге жұмсаған.

Отаршыл билікке арқа сүйеген  орыс помещиктері қазақ шаруаларының егін егіп, шөп шабуға қолайлы құнарлы  жерлерін тартып алса, әскерлер мен  казачество халықты шекаралық қысқы  қоныс, жазғы мал жайылымдарынан ығыстырады. 1830 жылдан бастап Жәңгір хандық аумағындағы жердің тәуірін өзі иемденіп, төре, сұлтандарға, ауқатты байларға бөліп бере

3

бастады. Ішкі ордадағы барлық халықтың 4 пайызын ғана құрайтын хан айналасы, төрелер, билер мен  байлар пайдалануға жарамды жердің 91,5 пайызын иемденген. Оның үстіне, бұрын түтін салығының өзін жүрдім-бардым төлеп келген халық енді 10-ға тарта салық төлеп тұрды. Қарауыл қожа сияқты обал-сауапты ұмытқан нысапсыздар ол салықтарға білгендерінше үстеме қосып жинады.

Мұны Жайық қазақтарының атаманы генерал Пакатилидің: "Ханның елге шығарған сұлтандары, билері елді көп тонайды. Қазаққа, әсіресе Қарауылқожа көп зәбір көрсетеді. Тайманұлы ханға қарсыларға бас болып, күшке күшпен жауап беріп тұр",—деген сөздері де дәлелдейді. Қайыршылыққа түскен халық бекіністерге барып жалданды, тапқандары тамақтарын асырауға да жетпеді. Ол жайында генерал В. Петровский де атап жазған. Отаршыл үкімет те, оның ырқындағы хандық билік те халықты бұл әлеуметтік күйзелістен шығару жөнінен ешқандай шара қолданбады.

Махамбеттің ақындық даңқы мен батырлық атағын аспандатып, 18 айға созылған, ақыры 8 жылдық сергелдеңге ұласқан ұлы оқиғалар 1836 жылдың көктемінен басталады.

1837 жылдың басынан көтеріліс  жаңа қарқын алды. Көктемнен күзге  дейінгі аралықта Исатай, Махамбет  бастаған көтерілісшілер Балқы би мен Қарауылқожа жасақтарын тас-талқан етіп жеңіп, ауылдарын шауып алды, олардың елді тонап жинаған малы мен дүние-мүліктерін иелеріне қайтартты. Көптеген ауылдар ханға бағынудан бас тартып, өздерінше өмір сүріп жатты. Осы кезеңде Махамбет ерекше көзге түсіп, белсенділік көрсетті. Ақынның:

Ақ сүйектің баласын 

Қара ұлына теңгеріп,

Қоңыраулы найза өңгердім.  

 Жетімдерге жер бердім,        

Жесірлерге жер бердім,—    

дегені осы кезеңге  қатысты.

Жәңгір Орынбор губернаторына  жолдаған хаттарында:

"Исатай түзелмейтін  Махамбеттің ықпалында жүр", Махамбет  көтерілістің негізгі дем берушісі " деп хабарлаған. Көтерілісті  басуға келген әскердің командирі  подполковник К. Геке де көтерілістің "бас жарлықшысы — Махамбет" деп көрсеткен. Ал тарихшы ғалым  А. Рязанов Махамбет "көтерілістің жаны болды" дейді. Шынында да, бұл тұста Махамбет жалынды жырларымен халықты күреске үндеп, желді күнгі дауылпаздай жарқылдап қол бастайды. Қиялымола, Теректікұм, Тастөбедегі шайқастарға алдымен кіріп, көк сүңгісімен жауын жапыра қимылдап, ерен ерлік көрсетеді. Ұлы майданда дұшпанның зәре-құтын қашырған мұндай ұлы ақын, даңқты батыр тұлға бір ғана қазақ емес, басқа елдер тарихында да некен-саяқ болса керек.

Көтеріліс 1837 жылдың күзінде шарықтау шегіне жетеді. Исатай мен Махамбет қарашаның соңында 3 мың қарулы жасағымен Жасқұстағы хан ордасын қамайды. Ханды талаптарын орындауға көндірмек болады. "Ордаға төнген көпті көрген соң,—деп жазды ақынның өмірбаянын тұңғыш жазушы Халел Досмүхамедұлы, — хан шошып кетіп, қашпақшы болады".

Жәңгір көтерілісшілерден 10 күн рұқсат сұрайды. Махамбет бұған:

Информация о работе Махамбет Өтемісұлы