Махамбет Өтемісұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:28, реферат

Краткое описание

Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мән бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
(Академик 3. Қабдолов.)

Файлы: 1 файл

Махамбет Өтемісұлы.doc

— 284.50 Кб (Скачать)

Батыр болмақ ойдан-ды,

Айғайласып жауға  ти,

Тәңірім білер, жігіттер    

Ажалымыз қайдан-ды!..

Жақсыдан туған  жаман бар-

Күндердің күні болғанда                       

Жарамды бір  теріге алғысыз,

Қасына адам барғысыз.                   

Жаманнан туған  жақсы бар, —        

Атасын айтса  нанғысыз.             

   Мысалға  келтірілген өлеңде айтылғандай,  жақсылардың тұқымдары үнемі тап өздеріңдей жақсы бола бермейді, жаман аталып жүрген жалшы, жақыбайлардың балаларынан да жау токтатар батыр, ел басқарар көсем, көпті аузына қаратқан шешен шығатынына өмірдің өзі кепілдікке жүреді. Міне, бұл-Махамбеттің гуманизмі, этикалық түсінігі. Қара халықтың есесін хандардан даулап жүргені де сондықтан.

   Бір қызығы, ердің ері ғана өте алатын  ауыр жолдардан Махамбеттің өзі  өткен, ердің ері ғана шыдайтын  сынақтарда Махамбеттің өзі шыдас  берген. Ал енді бұл — арнаулы  тақырыптың әңгімесі.

 

Исатай деген ағам бар

 

 

Махамбеттің бозбала  кезінен бастап асқар таудай аға  тұтып, ерге тірек, халыққа көсем  санаған, қаза тапқаннан кейін аза  тұтып, аруағына сиынып өткен адамы-Исатай. Исатай-басшы, бұл-қосшы боп, небір  қысылған кез, қиын сәттерде де, тіпті араларында пікір қайшылықтары болған реттерде де аса қызу мінезді, батыр Махамбет бірде-бір рет көтеріліс көсемінің бетіне келіп көрмеген. Исатайды батыр қолбасшы ғана емес, айдынды азамат, ақылы асқан сабаз, түр-келбетіне дейін келісті, кемел кісі ретінде де өте жоғары бағалап, ерекше құрметтеген, шын жүрегінен жақсы көрген.

Азаматтың бойында  болуы мүмкін барлық асыл қасиеттерді  Исатайдың тұрпатынан тапқан. Сондықтан  да болар, Махамбет өлеңдерінің Исатайға жанаспайтыны некен-саяқ Ол ол ма, Махамбеттің аса қуатты талантынан туған ең үздік туындылары Исатай жайында. Тұтастай алғанда, Махамбеттің бүкіл поэзиясы халық жоқшысы, көтеріліс басшысы, ел ардағы, арыстан жүректі батыр ретіндегі Исатайдың заңғар бейнесін жасаған.                                                         

Исатай бейнесі  Махамбет өлеңдерінде әр қырынан  ашылады. Махамбет 30-жылдардың бас  кезінде шығарған өлеңдерінің бірінде:                                                                        

Алдияр, тақсыр ханымыз!    

Исатай батыр кеткелі,                                      

Кеміді біздің сәніміз.                                        

Тілімді алсаң, тақсыр-ай,             

13

Шайтанның мойнын жұлдырып,                     

Ордаңа қайтып алыңыз.                                 

Арыстан еді-ау Исатай!                                   

Нетесің, тақсыр, табалап.                                 

Құрттайымда өсіп ем,                                        

Бауырына паналап.                                       

Алдымда асқар тау еді,                                    

Соңына ерсем  ағалап, -                                     

деп, Исатай мен  хан арасының суысып, батырдың шеттетілуіне қатты өкінеді. Жәңгірмен арақатынасы  әлі бұзылмай тұрған сол кездің өзінде ханға: шайтанның сөзіне еріп, Исатайды сыртқа теуіп отырсың деп, тартынбай айтады.   

Өлеңдегі "Исатай батыр кеткелі, кеміді біздің сәніміз",   

"Арыстан еді-ау  Исатай" дегендерінен Исатайдың  бір ауыл, бір тайпа жұрт емес, бүкіл хандықтағы кемел, кесек  түлға екені көрінеді. Сондай-ақ төңкеріске дейін-ақ Исатайдың батыр атанғаны да білінеді. Махамбет халық үғымындағы азаматтың азаматына, батырдың батырына айтылатын арыстан деген метафораны тұңғыш рет Исатайды сипаттауға қолданады. Әрі қарай құрттайынан бауырында паналап өскенін, соңынан ағалап ергенін, алдындағы асқар тауы екенін ақындық жүрекпен тебірене баян етеді. Бұдан Исатайдың әу бастан зор беделді, өнерлі, талапты жастарға қамқор әрі мейірбан жанды әз аға болғаны аңғарылады. Кейінгі өлеңдерінде ақын Исатайдың ерлігін, қысылтаяң, катерлі шақтағы көрсеткен   ірі, кесек мінездерін сүйіне суреттеп: "Арыстан еді-ау Исатай, бұл фәнидің жүзінде арыстан одан                                                                                                                                        

кім өткен?"- деп, оның батырлығы мен адамдық қасиеттеріне әлемдік ауқымда, тарихи мән бере сипаттайды. Махамбеттің зор ақындықпен "Тастөбедегі" ұрыстың көркем панорамасын жасаған "Соғыс" деген өлеңінде Исатайдың ұрыс кезіндегі ерлігі мен адамгершілік қылығы әсерлі суреттеледі. Енді біз ұйқыдан шошып оянғандай болып, келесі жолдарды оқимыз (немесе тыңдаймыз):

Доптың үні  шыққанда,

Сонда батыр  жөнелді.

Жөнелмей батыр  не қылсын,

Ерсары мен  Қалдыбай –

Екі арыстан  тең өлді.

Жау қарасы көрінді,

Жиылған әскер  бүлінді.

Исатай-басшы, мен-қосшы, -

деп, ұрыс басталар сәттегі үзіп-үзіп тыныс алғандай психологиялық бір көріністің суретін  жасайды. Исатайдың -басшы, өзінің қосшы  екенін де еске сала кетеді. Екі жақтың тағдыры шешілер сәттегі мына бір жанды көрініске назар салайықшы.

Исатайдың сол  күнде      

Ақтабан аты  астында,           

Дулығасы басында,

 Зығырданы  қайнайды.

Астына мінген Ақтабан

Ақбөкендей ойнайды.

Қасына ерген  көп әскер

Маңыраған қойдай шулайды.

   Ақын  бар болғаны 8 жол өлеңге соншама мол, әсерлі суреттер сыйғыза алған. Басында дулыға, астында ақ бөкендей ойнаған әйгілі Ақтабан, қасында маңыраған қойдай шулаған қалың әскер. Біз енді-енді басталғалы тұрған қанды ұрысты бір сәтке ұмытып, мынау салтанатты, сұсты, жанды суретке тәнті боламыз.

   "Орыс  добын үш атып", Ерсары мен  Қалдыбайдай екі арыстан-қос тіреуі  құлағанда, жаны шыңғырып, Ақтабанмен  аңырата шапқан Исатайдың батырлығы,  адамгершілігі, адал серіктері  үшін қатерден тайынбайтындығы  сүйсінтеді. Сүйіне отырып, біз өзіміз де бұл сәтте

14

адамгершілік  жақтан биіктеп, рухымыз өсе түскендейміз, көзден өткеріп, көңіліміз түйген көрініске  қайғыра тұра, осындай адамдардың болғанына қуанғандаймыз да. Өлеңнің  соңында :

Қызғыштай болған есіл ер

Қайран да жұрттан  не көрді?!-

деген сұрақ  тастайды мұңды ақын. Біз бұл жолдарды күрсіне оқып, тәуелсіздік, бостандық  жолында арыстандай алысып, арманда  кеткен осылардай ерлерімізді ардақтау парыз, ізгілік екенін түсінеміз.

   Тастөбедегі  шайқаста көтерілісшілер жеңілді.  Сол азалы күндері жеңілістің себебі, бастаған істерінің ендігі тағдыры Махамбетті қатты ойландырды, толғандырды. Әсіресе, ханның өтірігіне алданып қалған қателіктері қатты өкіндірді.

  Ол осы  жайға арнап Исатайдың атынан  айтылатын "Әй, Махамбет жолдасым" деген өлең шығарды. Онда батырдың хан ордасына қалың қолмен барып тұрып, солқылдақтық жасағанына, алдауға түскеніне реніш білдіреді. "Амал барда хан шаппай, тәңірім қылды, не амал бар!"-деп өкінеді. Бірақ ол мұны өзі емес, Исатайдың өзіне айтқызып, тапқырлық жасаған. Адам тануы ғажап ақын Махамбет батыр ағасының мінездемесін де өзіне жасатады. Исатай қатесін ашық мойындап, өмір мен өлім, бақыт пен сор, жолдастық парыз туралы терең ой толғайды. Осының өзінен-ақ оның жаратылысы бөлек, нар тұлға екені танылады.

Қатын-бала, мал бағып,         Хан баласы жылады-ай!

Үйде отырсам  да өлем деп,     "Жанымды  қи!"деп сұрады-ай!

Қорлықта жүрген халқыма   Ақ көңіл, аңқау жүрекпен

Бостандық алып берем деп,    Беремін деп, мен тұрдым.

Қырық бір жасқа  келгенде,   Көк бедеуді бауырлап,

Ауыр әскер қол алып,           Шабамын деп сен тұрдың.

Жасқұсқа барып  кіргенде,     "Исатай басшы  білсін" деп,

Арыстандай ақырған             Ауыр әскер қол тұрды.

Айбатыма шыдамай,

Қара бастың қамын ойлап, үйде өлгенше, қорлықтағы халқына бостандық альш бермек болу—қандай биік, ізгі мақсат!

Қырық бір жасқа  келгенше,          Сөзіңе құлақ салмадым.

Өз дегенім  болмаса,                        Бұрала біткен емендей

Өзгенің тілін  алмаған,                    Қисық туған сорлы ағаң,

Кісі ақылы  қонбаған-                   Хан сөзіне сенгенім...

Қанша айтсаң да болмадым,

Исатай осы  сөздерімен де ер екенін танытып тұрған жоқ па?!". Бір жағынан алғанда, Исатайдың осысы қателік пе? Даналық, парасаттылық болуы да ғажап емес қой. Түбінде бұлардың ол кезде соғысып, теңдік алуы мүмкін бе? Ханды бір шапқанға шапса да, көтерілісшілер бәрі-бір, ақырында жеңілер еді, ал зардабы қандай қайғылы боларын кім біліпті. Исатай осыны ойлаған да болар. Бірақ, тағдыр тәлкегі деген сол шығар, ханның опасыздығы, қатыгездігі батырдың қателігі болып шықты. Хан бейбіт келісімнен өккілікпен бас тартып, қазақ тарихында тұңғыш рет өз қарашасын қанға бөктірді. Бірақ енді Исатай сол ізгі ойын алға тартып, ақтала алмайды. Олай ету - Исатай сияқты кісіге өліммен тең ұятты іс.

Ақсүйектің баласын                           

Қара ұлына  теңгеріп,                       

Қоңыраулы найза  өңгердім.

Жетімдерге жем  бердім,     

Жесірлерге жер  бердім...

Ақырында еш болды-ау,

Ел үшін еткен  еңбегім!-

деп өкінсе де, Махамбетпен  арыздасып, оған Жақиясын табыстап, арттағы жұртпен:

Арманымды айтып  кетейін,    Олардың кегін  алуға

Найза ұстаған  ерлерге.           Кезек бізге жетті деп,

15

Арыстан туған  Исатай           Қиналар ма екен біздерге?

Дегеніне жете алмай,          Қиналсаңыз біздерге,

Арманда өтіп кетті  деп,          Мың рақмет сіздерге! —

дегенді айтып  қоштасады. Өлім халінде жатқанда да батырды бастаған ісінің кейінгі  тағдыры қатты толғандырады. Арттағы  ерлерге сол ақырғы арманын алғыс  айтып, аманаттайды. Бұдан да Исатайдың  сабаздығы танылады. Махамбет Исатайдың қателігін сынай отырып, халыққа жасаған жақсылығын кемітпейді, қайта әсірелей көрсетеді, асыл ағасының биік тұғырын аласартпайды.

Махамбеттің Исатай бейнесін сомдаған туындыларының ішінде "Тарланым" өлеңінің орны ерекше. "Арыстан еді-ау Исатай!" деген өткен шақта айтылған сөйлемге қарап, өлең батыр қайтыс болғаннан кейін шығарылғанын байқаймыз. Өлең "Таудан мұнартып ұшқан тарланым" деген қаратпа сөз түріндегі романтикалық асқақ, салтанатты метафорадан басталып, қол жетпестей биіктегі, арман-аңсарына айналған арыстанын:

Кермиығым, кербезім,   

Керіскедей шандозым*! 

Құландай ащы  дауыстым,

Құлжадай айбар  мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым,

Хиуадай базарлым,              

Теңіздей терең  ақылдым,

Тебіренбес ауыр мінездім!-

деп барып бір  қайырады. Ақын аса бір тәнтілікпен батырдың молынан сәулетті сом тұлғасын жасаған. Исатайдың нұр сипатты, келбетті; "құландай ащы дауысты" - жауының кұтын қашыратын қаһарлы; "құлжадай айбар мүйізді"-зор тұлғалы, айбарлы; "хиуадай базарлы"-отырған жері сәнді, думанды, бәрін қосқанда табиғат халқына тіреу болуға жаратқан кемел кісі екенін көреміз.

Маңдайын сары сусар бөрік басқан,

Жауырынына күшіген  жүнді оқ шанышқан.

Айқаласа белдігі  байланған.

Астана жұртын айналған;

Атына тұрман болсам деп,               

Жұртына құрбан болсам деп,

Адырнасын ала  өгіздей мөңіреткен,

Атқан оғы Еділ-Жайық  тең өткен,

Атқанын қардай боратқан,

Көк шыбығын  қанды ауыздан жалатқан-

Арыстан еді-ау Исатай!

Бұл фәнидің  жүзінде

Арыстан одан кім  өткен?! —

дегенде, Исатайдың  сыртқы тұрпатының көз сүрінетіндей келісті де айбындылығы, іс-қимылының алапаттығы, "жұртына құрбан болсам" деген мақсатының ірі де ізгілігі ғажап тартымды суреттелген.

Исатай қазасы Махамбетті қатты қайғыртты, күңіренте  егілтті. Өлім мен өмір шайқасына  сан кіріп, сан шыққан қайсар ақынға Исатай өлімі дүние кейпі бұзылып, қаңырап қалғандай әсер етті. Исатай қаза болғаннан кейінгі сондай өлеңдерінің алғашқысы және көркемдік әсері ең күштісі -"Мұнар күн". Бұл — ақынның "халқының қамал қорғаны" болған Исатайды жоқтауы, аза жыры. "Біздің ер Исатай өлген күн!" дегенінен 1838 жылғы шілденің 12-сі екенін білеміз. Осы күні Ақбұлақта болған ұрыста Исатай мерт болады. Бірақ Махамбет "Мұнар күнде" соғысты суреттемейді. Исатай өлімімен бірге соғыс та мәнінен, суретінен айырылғандай. Соғыстың болғаны "орта белін сырлаған оқ жаңбырдай жауады" деген бір ғана детальдан білінеді. Исатай өлімінің әсерінен басқа еш нәрсені ақын жаны қабылдамайды.

Информация о работе Махамбет Өтемісұлы