Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:28, реферат
Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мән бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
(Академик 3. Қабдолов.)
Шандоз* - кербез деген мағынада
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,-
деп, "мұнар" сөзін таусылмастай бір ырғақпен үш рет қайталауынан жер-көк бұлыңғыр, сұрқай, суық кеңістікке айналып кеткені, сол бұлыңғырдан сұрқай шұбар күннің шығуы жан түршіктіретін жат құбылыс, орасан жаманшылық нышанындай.
Өлеңдегі бейнелеу тәсілдерінен, сөз қолданыстарынан ақынның өзінің де жаны әлем-тапырық күйде, күйзелісте екенін сезінеміз. Ақын болғаны анық нәрсеге сенгісі келмей, "Түс қыла гөр!" - деп, Құдайға жалбарынады. Махамбет сияқты ердің мұншама абыржып, шошынуынан орасан трагедия, жөнсіз, қисынсыз сұмдық бір нәрсе болғанын түсінеміз. Ақын болған оқиғаны алай-түлей сезіммен, тебіреніс-шамырқаныспен суреттейді. Өлеңдегі іс-әрекет үстемелей, үдете сипатталып, "күн" сөзінің жол сайын дерлік жаңа бір жамандықты хабарлап қайталануы өлеңнің әсерін ересен күшейтіп жібереді. "Мұнар күн" мен "шұбар күнге":
Буыршын мұзда тайған күн, Он сан байтақ бүлген күн!
Бура атанға шөккен күн. Оң қанатын теріс жайып,
Бұлықсып жүрген ерлерден Лашын* қуға төнген күн...
Бұрынғы дәулет тайған күн. Арқаулының бойынан
Бұландай ерді кескен күн, Теріскей дауыл соққан күн.
Буулы теңді шешкен күн. Сағағы болат қылыштың
Сандық толы сары алтын Сағағынан сынған күн
Сапырып судай шашқан күн.
қосылып, қайғылы, сұрқай тізбек құрайды.
Міне, мұндай сұмдықтардың жарыса, қабаттаса бір күнде болуы тегін емес, бір үлкен жаманшылықтың нышаны. Махамбет буыршын мұзға тайды, бура атанға шөкті, лашын қанатын теріс жайды және куға түсті, қылыш болат сағағынан (сынбайтын берік жерінен) сынды деу, яғни болмыста жоқ нәрсе болды деу арқылы Исатай қазасы да сондай жолсыз, қисынсыз екеніне иландырады. Сөйтіп, ақын халық перзенті қазасының қаншалықты ауыр екенін осындай жаңа суреттеу тәсілі арқылы көркемдіктің шырқау биігінде көрсеткен.
Хас бәйтерек жығылып,
Жығылғаны естіліп,
Алыстағы дұшпанның
Қуанып, көңілі тынған күн,-
делініп, өлеңнің соңы да әсерлі теңеу, салмақты ыза-өкінішпен көмкерілген. Гүрс етіп құлағаны алыстарға естілген алып бәйтерек пен алыстаты дұшпан—хан ордасының "қуанып, көңілі тынуы" Исатайдың ел өміріндегі ерекше орнын танытады.
"Мінкен ер"
атты өлеңінде Тастөбедегі
Күн шығыстың астында, Қайыспас қара нарды деп,
Күн батыстың тұсында Маңдайынан күн өтіп,
Қарындасым бар-ды деп, Жауырынан жел өтіп,
Қабырғасын сөксе де, Күн астымен жеткен ер! –
Қанын судай төксе де,
деп, ел ісі жолындағы
Исатайдың жанкештілігін әрі
халқына деген сенімін
Тайманның ұлыИсатай-
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді.
лашын* - құс
Исатайды өлтіріп,
Қырсықта шалған біздің ел,
деп, батырдың көсемдік орнын, сондықтан да оның өлімі, халық үшін орны толмас қаза
екенін айтып аяқтайды.
Мұнда: "Осындай дара туған асылымызды, серкемізді ел болып қорғай алмадық-ау" деген де өкініш жоқ емес.
Махамбеттің өмірбаянын алғаш тиянақтап жазған Халел Досмұхамедұлынан бастап, көрнекті махамбет танушылардың еңбектерінде Исатайдың басқа көтеріліс басшыларынан, соның ішінде Махамбеттен де артықшылығы деп батырлығына қоса көпті соңынан ерте алатын көсемдігі, халық алдындағы үлкен беделі туралы айтылады. Басқаларын былай қойғанда, Тастөбедегі қатты жеңілістен кейін басқа ортада шығыс бетте аз уақыт ішінде үлкен қол жинай алуы соның шындығына дәлел. Бұл Махамбеттің де аға-досын жоқтап шығарған барлық өлеңдерінен анық байқалады. Мысалы, "Күн болған" деген өлеңінде:
Исатайдан айырылып,
Арқалап келген кеңесте
Дем құрыған күн болған,-
деп, арқалаған кеңесте Исатайдың жоқтығы қатты білінеп айтылса, "Қарағай шаптым шандоздан"деген өлеңінде одан да асырып:
Ер қабыланын жөнелтіп,
Елсізде аңырап қалған шақ-
Біздерден ақыл сұрама!—
дейді. Көтерілісшілер үшін Исатайдың орны қандай екенін бұдан артық айтып жеткізу қиын шығар.
Тұтастай алғанда,
Махамбет өзінің өлең толғаулары арқылы
халық жоқшысы, көтеріліс басшысы,
ел ардағы, арыстан жүректі батыр,
кемел тұлға ретіндегі
Исатай сияқты, Махамбет те "қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем" деп күндіз-түні жорытқан жансебіл ер, жүрек жұтқан батыр. Осы шыңдықты ақын "Баймағамбет сұлтанға айтқаны" толғауында халық ұғымындағы өжеттік пен қайсарлықтың символы бөрі образы, онда да тарлан бөрі образы арқылы сипаттайды. "Екі тарлан бөрі едім" деуі Исатай екеуі қолдасып көтерген бостандық туының астына жиналған көтерілісшілер ұғымындағы өздерінің бейнесін дәл береді. Ақын осы өлеңінде: “Ергескен дұспанға қызыл сырлы жебе едім”, “Мен құстан туған құмаймын ”, “Мен қара құстан туған халқпа” десе тағы бір өлеңінде:
Он екі төбет, шұнақ хан,
Шабатының ел екен,
Күндейтінің мен екен,
Боз ағаштан
биік мен едім,
Хан ұлына қас болу,
Қара ұлына дос болу
Ел құтқарар
ер едім-
Мендей ерге жөн екен,-
Жандаспай ақыры
бір тынбан.
деп өмірлік жолын; бағыт-бағдарын біржолата таңдап алады. Оның осы бетінен өле-өлгенше қайтпағанына өлендері ғана емес, бүкіл тарих куә.
Махамбет нақты істің адамы. "Хан ұлына қастығы" мен "қара ұлына достығын" сөзбен
18
емес, іспен дәлелдейді.
Дұшпанда кеткен сол көптің
Ежелден бергі кегі үшін,
Көптің жинап мол күшін, -
ата жауына қарсы аттанады.
Ол –қара басының қамы дегенді білмейтін елі үшін туған ер. Махамбет"Айныман"деген өлеңінде өмірлік мақсат-мұратын:
Айтса-дағы, айныман, көлденеңнің сөзіне,
Әшкере болған ісім бар жайылған жұрттың көбіне.
Кеткенім жоқ олжа үшін, кетіп едім елімнен
Атаңа нәлет Жәңгірдің қан жылатқан заңы үшін,
Баданамды баса бөктеріп, қасыма жаттан жолдас ертіп
Күн-түн қатып жүргенім —
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін,-
Деп нақтылап көрсетеді.
Махамбет-батыл қимылдың, нар тәуекелдің адамы. Оған достықта да, қастықта да солқылдақтық деген жат. Исатай мен Махамбет бастаған ауыр қол Жасқұстағы хан ордасын қоршағанда, "құрулы жатқан жебеге құрсағынан шалдырып", яғни әккі ханның арбауына түсіп, Исатай солқылдақтық жасайды. Міне, осындай көрегендік те, батылдық пен шешімділік те сыналатын қиын сәтте Махамбет "асқар таудай арқа тұтқан ағасына, ақ кіреуке жағасына":
Хан баласы Қабан-ды,
Қайрылып соқса, жаман-ды,
Шабар күнің бүгін-ді
Бүгіннен кейін қиын-ды,-
деп батыл қарсы шығады. Онысымен де қоймай, "көк бедеуін сауырлап", "Хан ордасын шабайық!" деп ұрандап, көтерілісшілерді үш айналып шығады.
Махамбет-құр тәуекелдің, жөн-жосықсыз "қыр да шаптың" адамы емес. Көтерілісшілерді қандай қауіп-қатер, қиындықтар күтіп түрғанын турашыл, шыншыл ақын жасырмайды, қылдай да кемітіп не боямаламайды, қайта күрес жолының ауырлығын ашық айтады. Бұл, бір жағынан, ақынның биік адамгершілігін көрсетсе, екінші жағынан, күрес туының астына оның мұраттарына шын берілген, алған бетінен кайтпайтын нағыз ерлерді жинауды мақсат еткенін көрсетеді. Ерлік туралы гимн деуге болатын "Ереуіл атқа ер салмай" атты толғауы бастаған біраз өлеңдері — соның дәлелі. Бір ғажабы, өзі сол талаптарға толық сай ер бодды, "ту сыртынан етін бұзбай" алмады, "қабырғасын бір-бірлеп сөкпеді" демесең, Махамбет ерлік сынағынан түгел өтті. Қасында "қаумалаған қарындасы жоқ", "жай, қоныстан айырылып, қаңғырып жүрген қарашыға" айналған кезінде де, абыржып, шарасызданудың орнына:
Боз ағаштан биік мен едім-
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім-
Жандаспай ақыр бір тынбан,-
Томағалы сұңқар мен едім –
Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғаным жұртымнан, -
дегені досы түгіл, қасы да мойындайтын шындық болатын.
Махамбет те ет пен сүйектен жаралған адам. "Баданасын теріс бөктеріп", "жауырынынан жел өтіп, кірпігіне мұз тоңып", "күн-түн қатып жүрген" еңбегі еш болып, дұшпандарының табалап, айыздары қанғанын көргенде, намысқой батыр көкірегі қарс айырылып қайғырады, жүрегі шерге толып мұңаяды. Бұл туралы "Қайда бар?" деген өлеңінде
19
ақын жеріне жеткізе айтқан.
Қатын-бала, қара орман —
Баршасын жауға алдырған.
Құрулы тұрған жебеге*
Құрсағынан шалдырған —
Асыра келіп ойласам,
Бұл фәнидің жүзінде
Махамбеттей зарығып,
Мұңды болған қайда бар?!-
дейді ызалы ақын ағынан жарылып. Бұл аз десеңіз, "Қақақулап шақырмай" деген өлеңінде:
Қақақулап шақырмай,
Қанды көбік түкірмей
Бұзбай құлан пісірмей,
Мұз үстіне от жақпай,
Қу найзаға сүйеніп,
Құр далада зар қақпай,
Жалғыз жүріп, ат бақпай,
Қабағыма қарыс сүйем мұз қатпай,
Қапыда қалған қасқамын,
Қақ жүректен найза түйретпей!
Жалғыз қалдым,
Адасып қалған
үйректей...-
деп аһ ұрады. "Бір ғана күрсінуінің өзі осындай. Батырдың ыза мен кекке қайнап аһ ұрған өкінішін бұдан артық қалай айтып жеткізуге болады. Болмайды. Мүмкін емес. Ол үшін тек Махамбет керек", — дейді академик 3. Қабдолов.
Бірақ бойын тез жиып, қатайып алған айбынды батыр:
... Алты сан алаш ат бөліп,
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке.
Немесе:
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлде де қойдай қылып айдармыз, —
деуі бастапқы бетінен қайтпағанына дәлел. Бұл өлеңдердің Исатай өлгеннен кейін айтылғаны мазмұнынан көрінеді. Исатай бардағыдай қосшы ретінде сөйлемей, бастаушы ретінде сөйлейді.
Махамбет ерлерден шыдамдылықты, төзімділік пен жаужүректілікті талап етіп қана қоймады, сын сағатта, қиын кезде олардың жігерін қайрап, дем беріп отырған. Тегінде Махамбет қай істе де көзқарасының, дос пен қасқа қатынасының айқындығымен ерекшеленген. Мұны: "тыңда, халық, әлеумет, көп кісіден анықпын", — деп, өзі де ашып айтқан.
"Әрәйна" деген өлеңінде:
Ел шетіне жау келсе,
Азамат ердің баласы
Намысына шыдай ма?-
деп, азаматтың асыл қасиеті намысын қайраса, тағы бірде:
Арғымақ жалсыз, ер малсыз.
Алланың не берері болжамсыз,
Жолдастарым, мұңайма, —
дейді.
20
"Мұңайма" атты өлеңінде:
Ханның ісі қатайды,
Қанды көбе киініп.
Бір Аллаға сиынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды,
Жолдастарым мұңайма!-
деп, көтерілісшілерді жігерлендіреді және осындай бір көптің көңілі күпті сәтте, "Алланың не берері болжамсыз", "кім жеңері талай-ды" деген сияқты бірден-бір мүмкін болатын әрі ақиқат, сонысымен әсерлі сөзді тауып айтады. Тегінде Махамбет — қай жерде нені және қалай айтудан қапы жібермейтін сұңғыла, керемет психолог ақын.