Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:28, реферат
Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мән бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
(Академик 3. Қабдолов.)
Махамбетте адамдық үлкен жүрек бар. Ол халыққа жаны ашумен қатар, елін, жерін, сүйікті жары мен балаларын аңсап, сағынады. Соларды ойлап, қайғырады, күйзеле күрсінеді. "Адыра қалған Нарын" өлеңіндегі:
Алақандай Нарында,
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қарындас халқым көп қалды-ау.
Қатын менен бала бар,
Жалғыз ұлым Махмұт.
Бекетай кұмның ішінде,
Жалғыз калған
о да бар,-
деген ақын жанының терең түкпірінен жарып шыққан осынау жолдарда қаншама сағыныш, айтылмаған арман мен мұң бар десеңізші. Тағы бір өлеңінде ("Шашылу") ел-жұртын, үй ішін еске түсіре келе:
Қосылған жаста арудың
Көре алмай кеттім құлашын,-
деп бір өкіне күрсініп алып, ізінше ой-сезімін өзіне тоқтау боларлық басқа арнаға бұрып жібереді. Өйтпегенде қайтсін, қорлықтағы халқын құтқаруға өзіне-өзі берген серті қайтпас қайсар ақынды бұл тақырыпты әрі қарай жырлап, іштегі шерін шығаруға жібермеді. Бұл отты сезім жүрегінің түбінде қамалып, үнсіз шыдаған ақын жанын күйдірді де жатты.
Махамбет-сөзі мен ісінің арасы ашылмаған, сызат түспеген ақын. Ол бір өлеңінде "Халық қайғысын айтуға хан ұлынан тайсалман" десе, басқа бір жерде "Дұшпанына келгенде, тартынбай сөйлер асылмьш" дейді. Ақынның бұл айтқандарында қылаудай да әсірелеу жоқ. Оған әйгілі "Баймағамбет сұлтанға айтқаны" деп аталатын толғауы дәлел. Айдатып әкелген билеуіпіге ақын іштегі бар запыранын ақтарып салады.
Мен бір шарға ұстаған қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса қайта жетілдім,—
дейді ақын салған жерден. Қара балта образында бүкіл Махамбет бар: төңкеріске дейінгі және төңкеріс кезіндегі ("шарға ұстаған"), жеңілістен және Исатай қазасынан кейін ("шабуын таппай кетілдім"), ең соңында болашақтағы ("қайраса қайта жетілдім"). Бұдан артық батырлық, қайсарлық, бұдан өткен ақындық, айтқыштық болмас, сірә. Бірақ Махамбет —жау қолына түскен екем деп ұнжырғасы түсіп, жаситын, тоқырайтын жан емес. Ол — ар-намысына дақ түсірмейтін арыстан ер.
Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр!
Бойың жетпес биікпін-
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Шамдансам шалқамнан түсер асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.
Көр қылар деп, тақсыр-ау!
Аяғыңа бас ұрман.
21
Байеке сұлтан, ақ сүйек,
Қыларың болса қылып қал-
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін-жасырман!
Махамбет сықылды ұлы жырау, жүрек жұтқан батыр болмаса, мұндай сөздерді жүрегі дауалап, өнер құдіреті жетіп айта алған басқа бір адам болды ма екен тегі?!
Халық
ұғымында биік терек жалпақ
жұртқа әйгілі, даңқты кісіні
білдіреді. Оның құлауын,
Отаршылар мен хан, төрелер осынау зәулім теректің түбін қазғылағалы қашан. Бірақ ол жалп етіп құлай салмақ емес. Ол жауларының үрейін ұшырып, достарының қабырғасын қайыстырып, толқуменен құламақ. Сөйтіп, Махамбет өлеңдерінде Исатайға қоса оның өзінің де қайтпас батыр, қайсар күрескер, дауылпаз ақын ретіндегі өршіл де асқақ бейнесі жасалған.
Өлең құрылымы мен тілі
Махамбет өлеңдерінің ортақ тақырыбы - Исатай екеуі бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Оның поэзиясының осы ерекшелігі өлең құрылымы мен тілінің ерекшелік сипаттарьш белгілеген. Махамбет бұрыннан бар өлең пішіндері мен тілдің көркемдік тәсілдерін көтеріліс рухына, халықты күреске үндеу,
ерлікті мадақтау талаптарына сәйкес үлкен шеберлікпен әрі жаңғырта, жаңарта пайдаланады. Махамбеттің өлең-толғаулары күрес, тартыс, шайқас, шабуыл үстінде, шаршы топ алдында айтылды. Тыңдаушылары - қарапайым халықтың ұғымына қонымды, жиынды рухтандырып, қанын қыздыратындай жалынды сөз, екпін-ырғақпен айтылуы керек болды.
Оның үстіне, суырып салма ақынның зор шабытпен төпеп, нөсерлете, үдете жырлауына үйлесетін форманы қажетсінетіні белгілі. Сондықтан Махамбет өлеңдеріне көтеріліс идеясын мазмұн етіп алды да, формасына, яғни өлшем-пішіні мен тіліне келгенде, халық поэзиясында бар өлшемдер мен тілдік нақыштарды пайдаланды. Махамбет өлеңдерінің басым көпшілігі 7-8 буындық жыр өлшемімен айтылған. Өйткені жыр — көтеріліске шақырып, күреске үндеген, ерлікті сипаттаған төкпе ақынның тебіренісіне қолайлы, екпінді, жүрдек, ағынды өлең. Ол қимыл мен іс-әрекетті, адамның ашу, қайғы, күйзеліс, шамырқаныс сияқты күйлері мен тебіреніс-толғаныстарын жеткізуде қара өлеңге қарағанда жеңіл де әсерлі болған. Ырғағы, ұйқасы да төгіліп, жүйткіп, жосылып кете барады. Бұған жырдың ішкі ұйқастары мен дыбыс қайталауларын қосқанда, Махамбеттей арынды ақынның қолайынан шығады. Жыр - тыңдарманға, оның құлағы мен көкейіне арналған, белгілі бір әуен-сазбен орындалатып поэзия. Сондай-ақ жырда ұйқас жылжымалы келеді, жақыннан да, ұзақтан да қайтарыла береді, бұл—ақынға белгілі бір дәрежеде еркіндік береді, ол еркіндікті ақын өлеңінің мағыналық, көркемдік тұтастығы үшін пайдаланады.
Мысалы, Махамбет "Баймағамбет сұлтанға айтқаны" деген толғауында бір күрделі ойды баяндайтын, ондаған жолдан тұратын шұбыртпалы ұйқасты шумақтан жаңасына көшерде: "Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр", "Мен, мен едім, мен едім" жолдарын сәтті пайдаланады. Алғашқысы қаратпа сөз түрінде айтылса, соңғысы:
Мен-мен едім, мен едім!
Мен Нарында жұргенде
Еңіреп жүрген ер едім,-
болып шумақтың құрамына кіреді әрі ұйқасты бастап береді. "Аймақ та аймақ, аймақ көл", "Ау, қызғыш құс, қызғыш құс", "Мінкен де, мінкен, мінкен ер", "Мұнар да мұнар, мұнар күн" сияқты жолдар да сол сияқты. Мұндайды ақынның ә дегенде сөз тауып, жолды (шумақты) толтыра алмауынан қолданған тәсілі деуге болмайды. Мұны ақынның эпостық жырлардағы — "бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау", жыраулар
поэзиясындағы: "Тоғай, тоғай, тоғай су, тоғай қондым, -өкінбен" (Доспамбет), "Алп, алп, алп басқан, Алп басқан арабы торым өзіңсің" (Шалгез) үлгісінде тудырған стильдік тәсілі деп
22
білу керек. Ассонанс -дауысты дыбыстардың қайталануы, аллитерация — дауыссыз дыбыстардың қайталануы қай өлеңге де, соның ішінде қара өлеңге де тән. Бірақ осы дыбыс қайталауларының екі түрі де жырда көбірек. Жыр үлгісіндегі өлең-толғауларында оларды Махамбет те жиі пайдаланады, бұл тәсіл өз кезегінде өлеңнің көркемдік әсерін арттырады.
Талма тал түс шағында.
Тай жеген тарлан бөрі едік.
немесе:
Қамалаған жаудан қайтпаған,
Қайнаған қара болаттай.
Қарсы біткен жүрегім.
Алғашқы екі жолда сөз басында дыбысы “Т” 5 рет қайталанып келсе, соңғы үш жол өлеңде “Қ” дыбысы да 5 рет қайталанған. Бұлар аллитерация. Ал:
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік,
Теңдікті малды бермедік,
Теңсіздік малға көнбедік,—
дегенде, дыбыстық қайталаудың екі түрі де шешендік тапқырлықпен пайдаланылған да, өлеңге үлкен серпінділік беріп, мағыналық әсерін анағұрлым күшейтіп жіберген.
Алты сан алаш ат бөліп...
немесе:
Алақандай Нарында,
Ата менен ана бар, -
деген сияқты ассонанстық қайталаулар да Махамбет поэзиясында аз емес. Махамбет өлендері, әрине, 7-8 буынды жыр үлгісінде ғана шығарылмаған. Онда, аз болса да, қара өлең түрі де кездеседі. Мысалы,
Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай.
Зеңбірек үш атқанда дарымады,
Құдайдың, міне, кара, сақтағаны-ай!
Сонымен бірге Махамбетте буын саны әр түрлі (8-12,т. б.) жолдардан тұратын өлеңдер де баршылық.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Алланың не берері болжаусыз-
Жолдастарым, мұңайма!
Немесе:
Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.
Соңғы мысалға
көп буынды ырғақтылыққа ш
дыбысының төрт дүркін
Махамбет өлеңдерінде, негізінен, ұйқастың үш түрі: шұбыртпалы ұйқас, кезек ұйқас, ерікті ұйқас түрлері кездеседі.
Махамбет
поэзиясы тілінің де өзіндік
сипаттары мол. Ең алдымен,
ақын өлеңдері сөз байлығымен
және тілінің бейнелілігімен, суреттілігімен
ерекшеленеді. Лексикасы жағынан
ақын тілінде сол кездегі
Махамбет поэзиясы метафора, теңеу, әсірелеу, эпитеттерге бай және олар ақынның әдеби өңдеуінен өткен, күнделікті сөйлеу тілінде ұшыраса бермейтін аса бір көркем үлгілер болып келеді. Ақын бұл жағынан үлкен ізденістерге барып, бұрыннан бар, дәстүрлі көркем
23
сөз үлгілерін жаңғырта, жаңарта пайдаланды, өзі жаңаларын жасады. Ол әрбір өлеңнің идеясына, рухына сай тілін де түрлендіріп отырды. Өршіл романтизмге немесе шешендік сұрауларға құрылған өлеңдерінің тілінде шеңдескен асқақ метафора, теңеу, эпитет, әсірелеу басым. Элегиялық өлеңдерінің тілі мұң, аңсар, елегізу түріндегі көңіл күйін тудырады.
Арғымаққа оқ тиді-
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді-
Ауыз омыртқаның түбінен.
Жантайып жатып көп іштім,
Жаздықтың шалшық көлінен.
Қайтейін енді, дүние- ай,
Жағдайсыз кетіп барамын,
Қасымда көмектің кемінен,—
деген жолдардан
ақынның әлем-тапырық жан
Махамбет поэзиясының тілі өте бай, суретті және бір ғажабы — оның осыдан 150 жылдан астам бұрын дүниеге келгені көп байқалмайды. Махамбет өлеңдерінде әр сөз өзіне ғана тиісті орнында қолданылады. Сондықтан ол өлеңнің мәнін де, сәнін де келтіріп тұрады. Махамбетте шешендік толғау, нақыл (афоризм) түрінде айтылып:
Аз сөйлер де көп тыңдар
Хас асылдың баласы,-
деген сияқты бүгінде мақал, нақыл сөзге айналып кеткен жолдар мен
шумақтар аз емес.
24
Жоспар:
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Алматы, 2000 ж.