Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:28, реферат
Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі-қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мән бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
(Академик 3. Қабдолов.)
Мал толтырсам деп едім,
деп, алдына қойған мақсатын, қазірдің өзінде де бұл ниетінен Кайтпағанын жасырмайды.
Жеңілістен кейінгі
ауыр күндерде майысса да, сынбаған,
бойың қайта тіктеп алған
Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін,
Қайрылмай кеткен жігіттің
Өзін-кәпір, алғанын-
Талақ деп айтсақ болар ма?-
дейді шамырқана. Қарындастың қамын ойламаған азамат-азамат емес, жігіт-жігіт емес. Ақын осылай дейді. Оның ойында, жүрегінде қашан да халық тұрады. Досты да, қасты да сол халыққа, туған жер мен елге қатынасымен өлшейді. (Ол заманда, бертіндегі Абай тұсында да қарындас сөзі ағайын жүрт, туған халық ұғымында қолданылған.) Сол үшін де "ханнан туған қырықтан" "халықтың кегін қуатын қарадан туған біреуді" артық санайды. Алдағы арманды туған жерімен, онда орнатсам деген өмір салтанатымен, ата қоныс — Жайығымен байланыстырады.
Жайықтың бойы
кек шалғын Күздерміз де жайлармыз.
Күлісті сынды күренді
Тастөбедегі
шайқастан кейін соңынан
Абайламай айрылдым,
Ар жақтағы елімнен,
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен,—
деген кісінің сай-сүйегін сырқырататын сөздер болды. Халық үшін жан пида, "өзекті жанға бір өлім" деп, қол бастап, қалың жауға қарсы аттанған батырды бұлай дегізген, "Нарын деген жеріне" деген перзенттік ұлы сүйіспеншілік қой. Тегінде туған елді, туған жерді осылай сүймесе, анау патша деген алып аждаһаға, оған арқа сүйеген хан, сүлтан, төре, төлеңгіттерге қарсы азаттық, еркіндік туын көтеріп шығар ма еді?
Туып-өскен жері Нарыны-ақын үшін елінің, Отаныңың символы. Жерім десе-елі, елім десе — жері көз алдына келеді, екеуі бір бүтін, бірдей қасиетті, қастерлі. Мына шумақты оқып көрелікші. Сол Нарында:
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қатын менен бала бар.
Қарындас халқым жана бар.
Жалғыз ұлым Махмұт
Бекетай құмның ішінде
Жалғыз бір қалған о да бар.
Демек, бар аяулы, бар жақыны сонда екен. Онсыз өмірдің қызығы ғана емес, мәні де жоқ. Тегі соларсыз өмірге келудің қажеті бар ма? Жалаң қылыш қолға алып, найзасын келденең өңгеріп, арқасына мүз тоңып, қабағына қар қонып жүрген шақтың өзінде батыр
9
жүрек елжіреп осылай дейді. Кәтерілісшілер жеңіліп, Исатай оққа үшқан, енді елдің басын біріктіріп, күресті қайта жалғастыру үмітсіз дүниеге айналып бара жатқан кездің өзінде:
Он екі ата Байұлы ...
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке,-
деп күш те, құдірет те халықта, ол барда үміт бар дегенді аңғартады.
Әйгілі "Қызғыш құс" та, түптеп келгенде, туған жер туралы ғой.
Жапан далада тізгінін бос тастап, бір салт атты кісі келеді. Бойында асынған қару-жарағы бар, қабағы салыңқы. Реңі жабырқау. Бұл өзі кешелері қол бастап, жалаң қылышпен жай отындай жарқылдап, хан жасағын, патша әскерлерін жапыра, ат ойнатқан кісі еді.
"Тәңірім салса,
не амал бар!" Ағалап алдында
ұстаған, бүкіл ел ардақтысы,
көтеріліс басшысы батыр
Көшер еді-ау біздің ел,
Сонау Еділден бергі жатқан жердейін.
Қонар еді-ау біздің ел,
Арқада қоныс төлдейін.
Нұралыдан қалған көп тентек
Бүлдірмегей еді елімді
Лашын құс, бүркіт шайқаған көлдейін,—
деген болатын. Нақ соның кебі келіп тұр ғой. "Ереуіл атқа ер салмайдағы" айтқандары да айнымай алдынан шыққан. Ақындық болжам сөздің өститіні бар... Ақынның ерні жыбырлап, көзі тағы да төбедегі шырылдаған титімдей кұсқа түсті.
Ау, қызғыш құс, қызғыш кұс,
Қанатың қатты, мойның бос,
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен;
Көл қорыған сен едін,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшкан қызғыш құс! -
Сені көлден айырған-
Лашын құстың текпіні;
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып-айтпай немене ?!
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!!!
Иә, бәрі айны қатесі жоқ, тап осындарыдай. Осылайша тек қазақ поэзиясындағы ғана емес, әлемдік поэзиядағы да, бір элегиялық ғажайып көркем өлең дүниеге келді.
10
"Туған жерғе кіндігінен байлаулы болмаса" (Ғ.Қайырбеков), бірі — басқа жерді жерлеп, екіншісі — басқа көлді келдеп, қағанағы қарық, сағанағы сарқ жүре бермес пе еді. Махамбет туындыларында ақынның ел мен жерге деген сүйіспеншілігінің терең бейнеленуіне мысалдар келтіріңдер.
Ата қоныс жер үшін, сол қоныстан қуыльш, соры қайнаған ел үшін билеушілермен жағаласкан ердің ісі қандай мадақтауға да тұрады. Сондай асыл мақсаттарын орындай алмай, опық жеген ерлердің тағдыры да қара аспан кұлап түскендей қасіретті. Ал соның бәріне төзіп, алған бетінен қайтпаған қайсарлық пен ерлік халық жолындағы іске ақырына дейін берілген адамның сипаты ретінде қалай қастерлеуге де тұрады.
Ал Махамбет осы ерлік тақырыбын қай ақыннан да асыра, жеріне жеткізе жырлаған. Оның үғымынша, ерлік- ел үшін туып, өмір сүрген адал перзенттің азаматтық қасиеті. Әне, сондай қасиетке ие адам ғана халқына қамқор болып, соның жолында қандай қиындыққа да қиналмай барады. Сондықтан да Махамбет ерлік белгісі - сөз емес, іс; халықтың кегін үйде отырып күпінген сөзбен емес, оның жауларымен жан алып, жан беріскен күрес арқылы, қасық қаны қалғанша шайқасу, келісімі, бітімі жоқ майдандасу арқылы ғана қайтаруға болады деп біледі. Ерліктің өтемі-елге тигізген пайдасы.
Ақын халыққа бостандық әперу, оңай шаруа емес екенін, оңайы былай тұрсын, ең қиямет-қайым киын іс екенін ашық айтады. Бұл оның "Ереуіл атқа ер салмай" деген әйгілі өлеңінде жеріне жеткізіле жырланған.
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып, жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Арып-ашып шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір казық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Осынау өлең соңғы 19-жолы-басыңқы, ал оған дейінгі 18 жолы баяндауышы көсемшелі етістіктен жасалған бірыңғай бағынынқы сөйлемдерден тұратын бір-ақ шумақ. Өлең сондықтан да бір-ақ деммен оқылып, ондағы кілең етістіктен жасалған баяндауыштар жіті қимыл, қым-киғаш әрекетті бейнелеп, туындыға қызу қарқын, серпінділік дарытқан. Өлеңнің ырғақ, екпін, ұйқасында кылаудай мін жоқ, бірде-бір артық-ауыс элемент жок. Әбден шабытына келген ақын төпеп, нөсерлетіп өте шыққан. Өлеңнің әуен, ырғағы, екпінінен күрес, қимыл-әрекет, майдан рухы желдей есіп түр. Өлеңде өте көп іс-кимыл атауы, теңеу, салыстыру, эпитет, идиома, өзіндік сөз қолданыстары бар. Соның бәрі өзді-өзінің ғана орнында әрі бір-бірімен ғажап үйлесімді, жарасымды қолданылған. Соның бәрін ақынның бірден еске түсіріп, әрі осындағыдай қиыстырғанына таң қаласың. Алдын ала дайындықсыз, бірден суырып салып, мұндай өлең шығару мүмкін еместей.
Ақын елім деген азаматтың алдында тұрған сан алуан қиындықтар мен қиын
11
сынақтарды тізіп шығады. Осыларды басынан өткеріп, шыдаған кісі ғана ер атануға лайық. Бірақ, байқайсыз ба, ақын халық үшін осыншама сұрапылды жеңген ер қайратының өтеуіне ештеңе ұсынбайды. "Ер" деген аттан басқа ештеңе уәде етпейді. Ерлік туралы осындай түсінік, ерге қойылатын жоғарыдағыдай талаптар ақынның "Орай да борай қар жауып" деғен өлеңінде одан әрі тереңдетіле, толықтырыла түскен.
Біздің бұл қолға алған ісімізге, яғни көтеріліске қандай адамдар керек деген сұрағына "Толарсақтан саз кешіп" деген өлеңінде өзі былай деп ашық жауап береді:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған кәтепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек,
Біздің бүйткен бұл іске!..
Ақын көтерілісшілер өтетін тар жол, тайғақ кешуді жасырмаған, жұмсартып, әрлемеген.
Махамбет-ерлік пен ездік жайында көп ойлаған ақын. Және оның мұндай ойларына азық болатын тәжірбиелері де: көргендері мен өз басынан кешкендері жетіп асарлық. Соның бәрі оны халықты жете тануға, оның ақыл-ойы мен күш-қуатына сенуге алып келді. Ақын Исатай қазасына байланысты:
Серкесінен айырылып,
Сергелдең болған біздің ел,-
деп күйзеле отыра, ердің рөлін дұрыс және жоғары бағалай отыра, ел серкесінің күші халықта екеніне, жеке батыр халық қолдауынсыз қандай игі мақсатына болсын жете алмайтынына көз жеткізді. Махамбет өлеңдерін оқып отырып, төңкерістен көп бұрын-ақ ақынның осы тақырыпта ой толғаумен болғанын байқау қиын емес.
Қарайғанның, жігіттер,
Бәрін кісі демеңіз,-
Күпе-күндіз тайраңдар,
Түзге шықпас ерлер бар,
дейді бір өлеңінде. Шын кісі санатына қосылып, ер атына лайық болу үшін "түзге шығу" керек дейді. Онысы — ел мүддесін ойлау, көптің қамын жеу, сол үшін атқа мініп, ауылдан ұзап, ел аумағын барлау керек дегені. Ақын мұнымен де тоқтап қалмайды. "Ұл туса" деген өлеңінде шын ер қандай мінезі, нендей ерекше табиғатымен ерекшеленеді дегенге де ой жүгіртеді.
Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер,
Жауырынынан өтін алса да,
Жамандарға жалынбас,-
дегенге тоқтайды. Бұл жерде сын сағатта шегініп, бұғып қалмас өжеттік, өрлікті, "жауырынынан өтін алса да, жамандарға жалынбайтын" намыскерлікті мадақтайды. Ерлік мінезден, істен көрінеді дейді.
Махамбет ер бойында болуға тиісті өте мәнді, ірі мінездерді жекелеп те көрсетеді.
Түзге аттанып шыққанда,
Дұшпаны қарсы келгенде,
Ер дініне берік болсын,-
деген шарт қояды. Мұнда сөз көп ісіне адалдық, тұрақтылық, алған беттен айнымау туралы болып отыр.
Азаматтың сенімділігі - асыл қасиет. Ол әсіресе сын сағатта, халық тағдыры, көптің мүддесі таразыға салынған шақта білінеді, сондайда сертінде тұрған азаматтық—шын азаматтық, шын ерлік. Сондықтан да:
12
Басыңа тарлық түскенде,
Ардақтаған әділ жанын аяр ма?! -
дейді Махамбет ақын. Бұл - батырдың өмірде талай көріп, сыннан өткізген шындығы. Махамбет — батыр, ақын ғана емес, өмірде ащыны да, тұщыны да бір кісідей татып, дүниенің сырына молынан қанған, заманында өз жұртынан өзге де елдің ақылмандарымен ой өлшесіп, бой теңестірген, жанды, жансыз табиғат сипаттарын ақылмен де, акындықпен де көп біліп, көкейіне түйген дана кісі. Оның мына айтқандары -осының дәлелі.