Теміржода пайдалану техникалық ережесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:53, курс лекций

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері темір жолдардың және темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс тәртібінің аса маңызды құрылыстарының, құрылғыларының және жыл-жымалы құрамының негізгі ережелерін, негізгі өлшемдерін және оларға қойылатын талаптарды, поездар қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және сигнал беру принциптерін белгілейді.

Файлы: 1 файл

Копия ПТЭ.doc

— 717.00 Кб (Скачать)

15.8. Поездарды қабылдау және жөнелту маршртуттарында жабылған 
кілттік тәуелділікпен жабдықталмаған орталықтандырусыз стрелкалардың 
кілттері станция кезекшісінде немесе стрелкалық қосынның аға кезекші- 
сінде сақталуы, ал кілттік тәуелділікпен жабдықталғандарының кілттері

77

— стрелкалық посттағы атқару аппаратында немесе станция кезекшісінің басқару аппаратында сақталуы тиіс.

Аралықтарда, сондай-ақ аралық станциялардың қабылдау-жөнелту  жол-дарында бұл жолдарда (локомотивсіз) құрамдар немесе жекелеген вагондар болған кезде кілттік тәуелділікпен  жабдықталмаған жабық стрелкалардың кілттері станция бойынша кезекшіде сақталуы тиіс. Әсіресе маңызды (1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың, қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездарының тұрағы үшін бөлінген жолдарға апаратын), басты жолдардың арасындағы ауыспалардың, ұстағыш тұйықтардың стрелкаларының және т.б.) басқа стрелкалардың кілттерін сақтау тәртібі және осы стрелкалардың тізімі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

15.9. Маневрлік қозғалыстар кезіндегі стрелкалардың ауыстыруын маневрлерді басқаратын тұлғаның өкімі бойынша сигналшылар немесе 
стрелкалық қосынның кезекшілері жүргізеді.

Электрлі орталықтандыруы  бар станциялардағы маневрлік қозғалыстар  кезінде стрелкалардың ауыстыруын станция бойынша кезекші неме-се орталықтандыру постының операторы жүзеге асырады. Стрелкалар орталықтан басқарудан жергілікті басқаруға берілген жағдайда, сондай-ақ стрелкалық қосынның қызметкерлері қызмет көрсетпейтін орталықтандырусыз стрелкаларда маневрлер жүргізгенде құрастырушы немесе локомотив бригадалары қызметкерлерінің, кондукторлардың, парк-тер бойынша кезекшілердің, станциялар бойынша кезекшілердің, станция бастығының, жүк және багаж қабылдап-өткізушілерінің локомотив, вагон деполары қызметкерлерінің және басқалардың стрелкаларды ауыстыру-ына рұқсат беріледі. Осындай стрелкалардың нөмірлерін көрсете отырып станциялардың, сондай-ақ маневрлер жүргізу кезінде оларды ауыстыруға, рұқсат берілетін қызметкерлердің тізімін және стрелкаларды ауыстыру тәртібін Тасымалдар дирекциясы белгілейді.

Орталықтандырылған стрелканы ауыстыру алдында оған қызмет көрсететін қызметкер Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес бағыгтамалық бұрмада жылжы-малы құрамның жоқтығына көз жеткізуі тиіс.

15.10. Бағыттамалы бұрмада жөндеу жұмыстарын орындау қажет болған 
кезінде сигналшы немесе стрелкалық қосынның кезекшісі (стрелкалық 
қосынның аға кезекшісі) жол дистанциясының немесе белгі беру және бай- 
ланыс дистанциясының қызметкерлерін жөндеуді жүргізуге тек қана станция кезекшісінің рұқсатымен жібере алады.

Жөндеуді аяқтап болғаннан  соң сигналшы, стрелкалық қосынның кезекшісі (стрелкалық қосынның аға  кезекшісі) бағыттамалық бұрманың күйі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететініне  көз жеткізуге міндетті және бұл  жөнінде станция бойынша кезекшіге баяндауы тиіс.

15.11. Станциялық жолдардағы бағьптамалық бұрмалар, соның ішінде 
басқа қызметтер мен ұйымдардың қарамағына берілген жанасушы жолдардың 
бағыттамалы бұрмалары станция бастығының қарамағында болады.

78

Басқа қызметтер мен  ұйымдардың жолдарындағы бағыттамалық бұрмалар тиісті темір жол бөлімшелері және ұйымдары басшыларының қарамағында болады.

Станциялардың және тиісті бөлімшелердің басшылары өздерінің  қарамағындағы бағыттамалы бұрмалардың  таза және жарамды күйде күтіп  ұсталуын, сондай-ақ стрелкалық нұсқағыштардың тазалығыш және түзу әрекеті мен жақсы жарақтандырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

15.12. Техникалық күйін бақылау, тазалау, майлау, жекелеген 
бұрандамаларының бекітуін және ауыстыруын:

  • орталықтандырылмаған бағыттамалы бұрмалардың — оларға қызмет көрсететін стрелкалық қосынның кезекшілері;
  • орталықтандырылған бағыттамалы бұрмалардың — жол дистанция-сының қызметкерлері жүргізеді.

Стрелкалық қосын кезекшілерінің қарамағындағы емес орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған бағыттамалы бұрмалардың жекелеген бұрандамаларының техникалық күйін бақылау, оларды тазалау, майлау, бекіту және ауыстыру тәртібін тасымалдау бөлілшелерінің басшылығы белгілейді.

Маневрлік жұмыстарды жүргізу

15.13. Станциялық жолдардағы маневрлер тек бір ғана қызметкердің 
нұсқауымен — станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, 
сұрыптау дөңесі немесе паркі бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік 
орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчерінің 
нұсқауымен жүргізілуі тиіс.

Маневрлерді басқару  жөніндегі міндеттерді бөлісу жөнінде станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

15.14. Маневрлік жұмыстағы нұсқаулар берудің негізгі құралы радиобай- 
ланыс, ал қажетті жағдайларда — екі жақты парктік байланыс құрылғылары 
болуы тиіс.

Маневрлік жұмыста сигналдарды қол сигнал беру аспаптарымен беруге рұқсат етіледі.

15.15. Маневрлерді жүргізуші локомотив, арнайы өздігінен жүретін 
жылжымалы құрам машинисі радиобайланыс, екі жақты парктік байланыс 
құралдарымен немесе қол сигнал беру аспаптарымен берілетін сигнал бой- 
ынша маневрлерді басқарушының жеке өзінің нұсқауын алмайынша, оған 
локомотивті немесе арнайы жылжымалы құрамды орнынан қозғалтуына 
тыйым салынады. Маневрлерді басқарушының нұсқауынан немесе сигнал 
беруінен басқа, орталықтандырылған маневрлік маршруттардың стрел- 
каларына шығардан бұрын машинист маневрлі бағдаршамның рұқсат бе- 
руші көрсетуінің бар екеніне көз жеткізуі тиіс, ал орталықтандырылмаған 
стрелкаларға шығарда — стрелкалық қосын кезекшісінен (жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары бойынша) стрелкалардың 
маневрлік қозғалыстарға әзірлігі жөнінде сигналын немесе хабарламасын

79

алуы тиіс. Маневрлік  бағдаршамдар жоқ кезінде орталықтандырылған стрелкаларға шығардан бұрын машинист станция бойынша кезекшіден (жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары бойынша немесе маневрлерді басқарушы арқылы жіберілген) стрелкалардың маневр-лік қозғалыстарға әзірлігі жөнінде хабарлама алуы тиіс.

Стрелкалары мен сигаалдарының  электрі орталықтандыруы бар  стан-цияларда стрелкалардың орталықтан басқарылуы жергіліктіге тапсырылған жағдайларында стрелкаларға шығу өзіне осы стрелкаларды ауыстыру міндеті жүктелген қызметкердің нұсқауы немесе сигналы бойынша рұқсат етіледі.

Радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс құрылғыларын маневрлік жұмыста пайдалану жөніндегі негізгі ережелер Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған.

15.16. Маневрлердің жүргізілу  жылдамдығы төмендегі шамалардан  жоғары болмауы тиіс:

60 км/сағ — бос жолдармен  жеке локомотивтер немесе артынан қосылған және сынап тексерілген автотежегіштері бар вагондары тіркелген локомо-тивтер жүріп өткенде;

40 км /сағ — артына  вагондары тіркелген локомотив  қозғалысы кезінде, сондай-ақ  жеке арнайы өздігінен жүретін  жылжымалы құрам бос жолдар-мен  жүріп өткенде;

25 км/сағ — вагонадарды  алда ұстап бос жолдармен қозғалыс  кезінде, сондай-ақ қалпына келтіру  және өртсөндіргіш поездардың  қозғалысы кезін-де;

15 км/сағ — адамдар  отырған вагондармен қозғалыс  кезінде, сондай-ақ 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі бар га-бариттен тыс жүктермен қозғалыс кезінде;

5 км/сағ — түртіп  итеру маневрлері кезінде, дөңесасты  паркінде вагон ағытпасының басқа  ағытпаға таяған кезінде;

3 км/сағ - локомотивтің (вагондармен немесе оларсыз)  вагондарға таяған кезінде.

Жылжымалы құрамның жылдамдығы таразының құрылымына байланысты станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Вагондардың сұрыптау дөңістерінде дөңестік бағдаршамдардың әр түрлі  сигналдары кезінде тарқатылу жылдамдығы, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақтанымдылығын қамтамасыз ететін жағдайды дөңестердің техникалық жарақтандырылуына және жер-гілікті жағдайларға байланысты тасымалдау бөлімшелерінің басшылары белгілейді.

Түртіп итеру маневрлері және Темір жолдармен жүк тасымалдау ереже-лерінде және қауіпті жүктерді темір жолдармен тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген категориялардағы жүгі бар вагонадарды, тоңазытқыштық вагондарды және секцияларды сұрыптау дөңестерінен тарқату ерекше сақтылықпен және Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс бойынша нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс.

80

15.17. Басты жолдардағы немесе оларды кесіп өтетін, сондай-ақ шығу 
стрелкаларының сыртына шығумен жүргілізетін маневрлерге әр жағдайда 
маневрлер жүргізілетін жолдар мен стрелкаларға кіреберісті қоршайтын 
тиісті кіру бағдаршамдары жабық кезінде тек станция кезекшісінің 
рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.

Құрамның станцияның шегін тыс аралыққа шығуымен жүргізілетін маневрлерді біржолды және теріс  жолмен қосжолды телімдерде поезд диспетчері мен көршілес станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және машиниске берілетін белгіленген рұқсаттамасыз жүргізуге тыйым салы-нады. Құрамның қосжолды телімдерде дұрыс жол бойынша станция ше-гінен шығарылып жүргізілетін маневрлеріне станция кезекшісінің ауыз-ша рұқсатымен поезд диспетчерінің келісімі бойынша жол беріледі.

Кіру бағдаршамының  діңгегінде станция өсінің жағына қарайтын ар-найы маневрлік бағдаршамы бар  станцияларда маневр жасаушы құрамның станция шегінің сыртына шығуы аталған бағдаршамның сигналы бойынша жүргізіледі.

15.18. Жылжымалы құрамның аралыққа және поездар жүріп өтетін 
маршртуттарға шығып кетуінің қауіпін тудыратын еңістерде орналасқан 
станциялық жолдардағы маневрлер локомотивтің еңіс жағынан қойылуы 
мен вагондардың автотежегіштерін қосу және сынап тексеруімен 
жүргізіледі. Локомотивті еңіс жағынан қою мүмкін болмаған жағдайда, 
мұндай жолдардағы маневрлер шегіндіріп тоқтату арқылы жүргізілуі, ал 
вагонардың автотежегіштері іске қосулы және сынап тексерілген болуы тиіс. 
Осындай жолдары бар станцияларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін маневрлерді жүргізудің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік 
жұмыстар жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді және станцияныңтехникалық- 
жарлық актісінде көрсетіледі. ,

15.19. Вагондарды сұрыптауға арналған дөңестік құрылғылары бар станцияларда маневрлер тасымалдау бөлімшелерінің басшылығы бекіткен 
нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Төмендегі жағдайларда  маневрлерді түртіп итеру және дөңестерден  тарқату арқылы жүргізуге тыйым  салынады:

жүктерді ілеспелейтін жолсеріктері (командалары) бар вагондардан  басқа адамдары бар вагондарды;

Жүктерді темір жолдармен  тасымалдау ережелерінде және Темір  жол-дармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде атап өтілген жекелеген  категориялардағы жүктері бар вагондарды;

4-ші, 5-ші, 6-ші дәрежелі  бүйірлік және төменгі габаритсіздігі  және 3-ші дәрежелі жоғарғы габаритсіздігі  бар жүктермен тиелген платформалар  мен үсті ашық вагондарды, жүк  тиелген транспортерлерді;

жұмыс істемейтін күйіндегі  локомотивтер, моторвагонды жылжымалы құрам, тоңазытқыштық поездардың құрамдары, жолаушы вагондары, те-мір жол жүрісіндегі крандарды;

"Дөңестен түсіруге  болмайды" трафареті бар вагондарды  және арнайы жылжымалы құрамды.

81

Аталған жылжымалы құрам  сұрыптау дөңесі арқылы тек маневрлі локо-мотивпен бірге ғана өткізілуі мүмкін.

15.20. Сұрыптау дөңестері арқылы:

12 немесе одан астам  осьтері бар жүк тиелген және  бос транспортерлерді;

жүккөтергіштігі 120 т  іліністік типтегі жүк тиелген  транспортерлер-ді ілінісінде бір немесе екі аралық платформалары бар кезінде, сондай-ақ "Дөңестен өткізуге болмайды" трафареті бар жылжымалы құрамды өткізуге тыйым салынады.

15.21. Станциялық жолдардағы жылжымалы құрам шектік 
бағаншаларымен белгіленген шектерде қойылуы тиіс.

Станциялық жолдарда локомотивсіз тұрған поездар құрамдары, вагон-дар және арнайы жылжымалы құрам орнынан жылжып кетпеуі үшін теже-гіш табандықтармен, вагондарды бекітуге арналғантұрақты құрылғылармен, қол тежегіштерімен немесе «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілеген бекіткіш құралдармен мұқият бекітілуі тиіс.

Вагондарды және құрамдарды бекіту тәртібі Поездар қолзғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі  нұсқалықта белгіленеді және жергілікті жағдайларды ескере отырып станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Станцияда тұрған, жүк  операцияларына тартылмаған және тазалауға зарарсыздандыруға және жөндеуге қойылмаған вагондардың есіктері жабық болуы тиіс.

15.22. Темір жолдармен жүк тасымалдау ережелерінде және Темір 
жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген 
категориялардағы жүктері бар вагондардың маневрлер жүргізілуі кезінде 
қатты отынмен істейтін паровоздан қауіпсіз жүгі бар вагондардан немесе 
бос вагондардан тұратын тиісті қорғағыш қоршауы болуы тиіс.

1-класты қауіпті жүктері  (жарылғыш материалдары) бар вагондар және парктердің сұрыптау жолдарында жинақталуғы қойылғандарынан басқа сұйытылған газы бар цистерналар станцияларда поездардан тыс тұрақта тұрғанда ерекше жолдарға орналастырылуы тиіс. Мұндай вагондар бір-бі-ріне тіркеулі, жылжып кетуден мұқият бекітілуі және тасымалды тұрақтау сигналдарымен қоршалуы тиіс.

Осындай вагондардың  тұрақтау жолдарына қарай бастайтын  стрелкалар бұл жолға кірудің  мүмкіндігіне жол бермейтіндей қалпына  қойылады.

1-класты қауіпті жүктері  (жарылғыш материалдары) бар вагондар  және сұрыптау парктерінің жолдарында жинақталуға қойылған сұйытылған газы бар цистерналар тұрған кезде Темір жолдарда жүк тасымалдау ереже-лерінде, Темір жолдарда қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде және Поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгі-ленген сақтанудың ерекше шаралары қолданылуы тиіс.

Информация о работе Теміржода пайдалану техникалық ережесі