Маханбет Өтемісұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:47, реферат

Краткое описание

Махамбет µлењдері µзініњ жанр жаѓынан да зерттеушілердіњ айрыќша кµњілін аударуѓа тиіс. Оныњ кейбір µлењдерін лиро-эпикалыќ т‰рге жатќызуѓа болады. Ол µлењдерінде аќын µмір ќ±былыстарын Исатай бастаѓан шаруалар кµтерілісімен байланысты тарихи шындыќ, µз ќалпында суреттелсе, сонымен ќатар оѓан µзініњ кµзќарасын, ќатысын, ол жаѓдайды µзініњ ќалай сезінуін де кµрсетеді.
Лирикалыќ сезінуге бµлене отырып оќиѓаны баяндау лиро-эпикалыќ жырларѓа тєн нєрсе екендігі кімге де болса мєлім.

Файлы: 1 файл

Махамбет µлењдерініњ жанрлыќ ерекшеліктері.docx

— 29.23 Кб (Скачать)

Махамбет µлењдерініњ  жанрлыќ ерекшеліктері 
 
Махамбет µлењдері µзініњ жанр жаѓынан да зерттеушілердіњ айрыќша кµњілін аударуѓа тиіс. Оныњ кейбір µлењдерін лиро-эпикалыќ т‰рге жатќызуѓа болады. Ол µлењдерінде аќын µмір ќ±былыстарын Исатай бастаѓан шаруалар кµтерілісімен байланысты тарихи шындыќ, µз ќалпында суреттелсе, сонымен ќатар оѓан µзініњ кµзќарасын, ќатысын, ол жаѓдайды µзініњ ќалай сезінуін де кµрсетеді.  
Лирикалыќ сезінуге бµлене отырып оќиѓаны баяндау лиро-эпикалыќ жырларѓа тєн нєрсе екендігі кімге де болса мєлім.  
Б±лай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттіњ "Соѓыс", "Мінкен ер", "Баймаѓамбет с±лтанѓа айтќаны", "Исатай сµзі" деген µлењдерінде айќын сезіледі.  
"Соѓыс" деген µлењінде Махамбет кµтерілістіњ єрбір кезењдерін тарихи оќиѓаныњ ізіне сєйкес етіп суреттейді. Кейбір кµріністері баяндау, суреттеулері тарихи фактылармен тыѓыз байланысты болып отырады. Бір ќараѓанда осы "Соѓыс" пен µрістес біркелкі µлењдерді тіпті тарихи жар µлењдер тобына жатќызуѓа да болатын тєрізді. Біраќ б±л µз алдына жеке тексеруді керек ететін мєселе. ¤йткені, ауыз єдебиетіндегі белгілі бір т‰р саналатын тарихи µлењдер (лиро-эпикалыќ жыр емес, ќысќа µлењдер) бізде єлі зерттелген емес. Махамбеттіњ б±л тектес µлењдерініњ ауыз єдебиетіндегі ќысќа тарихи µлењдерімен байланысы барлыѓы айќын. Біраќ айырмасы ќайсы деген с±раќ - єуелі ауыз єдебиетіндегі ескіден келе жатќан ќысќа µлењдердіњ µзін жеке мєселе етіп талдауды керек етеді. Сондыќтан, оны басы ашыќ ќалдырамыз.  
Ал біздіњ б±л жерде айтпаѓымыз, аќынныњ тарихи уаќиѓаларды тамаша шындыќпен б±лжытпай кµрсете алуы. Осы жаѓынан алѓанда оныњ µлењдерініњ тарихи шындыќтыњ салмаѓы басымдыѓы жєне Махамбет µлењдерініњ тарихи мєні ‰лкен екендігі ањѓарылады.  
Ќырѓыз халќыныњ (сонымен ќатар ќазаќтыњ да) ертегілері мен ањыз, µлењдерініњ тарихи мєні туралы Шоќан Уєлиханов былай деп жазады: "Егер ж±рттыњ айтуымен Гередот жинаѓан Гомердіњ кµркем ертегілері мен ањыздарыныњ аз да болса, тарихи мєні бар десек, егер де µзгеріліп,, мысал тєрізді болып кеткен ањыздардыњ негізінде оќиѓа шындыќќа жататын болса, ќырѓыздыњ аталарыныњ µмір т±рмысын, єдет - ѓ±рпын єр жаѓынан ќамтып, белгілі бір ж‰йеде суреттеген, сол елдіњ µткен кездегі µмірініњ сєулесі болѓан ањыздарын алып, ол халыќтыњ осы к‰нгі мінез-ќ±лыќтарымен жєне олар жµніндегі тарихи сілтеулермен салыстырсаќ, ол ањыздардыњ тарихи мєні болуы м‰мкіндігіне к‰діктенбеуіміз керек". Шоќан Уєлихановтыњ эпостыќ ертегі-ањыздардыњ тарихи мєні бар деген б±л пікірін негізді десек, тарихи мєліметпен мидай араласып жатќан тарихи уаќиѓалардыњ наќтылы сєулесі болѓан Махамбет поэзиясыныњ тарихи мєні зор, ол тарихи документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашыќ, талассыз.  
Біз жоѓарыда Махамбеттіњ біркелкі µлењдері лиро-эпикалыќ т‰рге жатады дедік. Біраќ б±л сµзден олардыњ ішінде лирика жоќ деген ±ѓым тумауы керек. Лиро-эпикалыќ деген сµздіњ µзінде сол т‰сінік бар. ¤зі мен Исатайдыњ алѓа ќойѓан тілек - маќсаттарын µздерініњ хан - с±лтандарѓа ќарым - ќатынастарын жай баяндау т‰рінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалыќ шегініс ретінде, не ішкі к‰йінішін сыртќа шыѓару маќсатымен айтылѓан лирикалыќ шумаќтарда аз кездеспейді. Екінші сµзбен айтќанда, Махамбеттіњ бірќатар µлењдернде эпостыќ баяндау сарыны жалынды лирикамен аралас келеді:  
Кешегі Исатайдыњ барында,  
Алаќандай Нарынды  
Басушы едік ќ±лаштай!  
Жєбір беріп, жапа етсењ,  
Былѓанѓан басым ласќа-ай!  
Мен бір шарѓа ±стаѓан  
ќара балта едім,  
Шабуын таппай кетілдім.  
Ќайраса, таѓы жетілдім…  
Кµрмес, келмес деп едім,  
¤з еркіммен бетіњді-ай!.  
 
Жалпы алѓанда Махамбетке тєн нєрсе лирика. Махамбет µлењдерініњ негізгі кµпшілігі лирикалыќ µлењдерге жатады. Сонымен ќатар, Махамбет лирикасы µзіне шейінгі ќазаќ єдебиетіндегі болып келген лирикалыќ µлењдерден анаѓ±рлым айырмасы, µзіне тєн ерекшелігі де бар. Махамбет µлењдері µз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терењ толѓап суреттеумен ќатар, ол µз кезіндегі тарихи уаќиѓалармен байланысты туѓан ќалыњ б±ќараныњ кµњіл к‰йін де кµрсете білді. Оныњ µлењдерінде µзініњ кµњіл к‰йі мен ел к‰йі ±штасып жатты.. Сондыќтан, оныњ лирикасын - єлеуметтік сарындаѓы, саяси ‰гіттік лирика деп атауѓа тура келеді. Ќоѓамныњ тапќа бµлінуініњ негізінде таптыќ к‰рес туады да, сол таптыќ к‰рес саяси-таптыќ жырларды туѓызады. Біраќ б±л жања мотивтегі поэзия, кµркем лирикаларѓа µзінен б±рынѓы поэзияныњ єсері болуы да м‰мкін. Єйтсе де олардыњ µзіне тєн ерекшеліктерін де байќау ќиын емес. Ќоѓамныњ тапќа бµлінуі жєне сол тапќа бµлінудіњ негізінде туѓан тап к‰ресі ќазаќтыњ фольклорінде де айќын кµрінеді. Соѓан ќараѓанда саяси лириканыњ бастамасы ауыз єдебиетінде жатыр деуге болады. Демек Махамбеттіњ саяси лирикалары ауыз єдебиетінде бір тамыры фольклор дєст‰рімен байланысты. Жалпы саяси лириканыњ µзіне тєн ерекшелігі - ‰гіт насихат істерді кµпшілікке ‰ндеу, белгілі бір топтыњ, не таптыњ алдында т±рѓан тілек, м‰ддесін кµркем сµз арќылы кµпшіліктіњ сана - сезіміне жеткізу, ‰гіт арќылы оларѓа єсер ету болса, Махамбет поэзиясында б±л баѓыт ќатты саќталады.  
Біз жоѓарыда да Махамбеттіњ µмірімен байланысты ішкі Бµкей ордасыныњ шаруашылыќ жаѓдайы єлеумет µмірінде тап тартысын к‰шейтті, сол ќайшылыќтармен байланысты шаруалар кµтерілісі туды дедік. Ол кµтеріліс µзініњ ќолбасы батырымен ќатар, жалынды ‰гітшісін де туѓызды. Б±л тєрізді тарихи ж‰кті мойнына артќан адамныњ бірі - Махамбет. Сондыќтан да Махамбет поэзиясыныњ басты ќасиеттерініњ бірі саяси ‰гіт болуы зањды. Біраќ саяси ‰гіт поэзиясын жасаушы тарихта жалѓыз Махамбет емес, басќалар да болды. Єйтсе де, солармен салыстырѓанда да, Махамбеттіњ таѓы µз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттіњ негізгі ерекшелігі оныњ бір сырлы, сегіз ќырлылыѓында. Махамбет µлењдері тек жалањ ќ±рѓаќ ‰гіт емес, оныњ µлењдерінде жалынды, саяси µткірлік пен терењ ой, нєзік сезім єрдайым ±штасып, біте ќайнасып жатады. Махамбет µлењдерінде б±л ‰шеуініњ жігін ашып, бµліп алуѓа болмайды. Осы ќасиеті Махамбетті кµтеріліс туын кµтерген єрі жалынды ‰гітшісі, єрі ардаќты аќыны етті. Б±л мазм±н Махамбет µлењдерініњ ќ±рылысы мен т‰ріне де єсер етті. Т‰р - мазм±нныњ т‰рі болуы ќажет деген шартќа Махамбет поэзиясы толыќ жауап бере алады. Оныњ: "Ереулі атќа ер салмай", "М±њайма", "Айныман" деген µлењдері , мазм±нына т‰рі сай, жалынды ‰ндеу сµздер. Махамбеттіњ досын маќтап, д±шпанын даттап шыѓарѓан µлењдерініњ мазм±ны к‰рес идеясын жыр ету болса, ќ±рылысы шешендікке толы ‰гітке арналѓан отты сµздер болып келеді де, сµйлемдері ќаратпалы, с±раулы сµйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не с±рай арнау, немесе риторикалыќ с±рау болып отырады. Мысал ‰шін "М±њайма" деген µлењін алайыќ:  
 
Ханныњ ісі ќатайды,  
Азамат ерден мал тайды.  
Ќанды кµбік киініп,  
Бір аллаѓа сыйынып,  
¦рандап жауѓа тигенде,  
Кім жењері талай - ды,  
Жолдастарым,м±њайма!…-  
дейді аќын.  
М±ндаѓы "азамат, жолдастарым" деп, достарына ќайрыла сµйлеу, сµйлемін риторикалыќ с±рау т‰рінде ќ±ру, µзініњ айтайын деген пікіріне дєл, к‰реске ‰ндеу тілегіне сай.  
Махамбет µлењдерінде б±л тєрізді ‰гіт µлењдермен ќатар, лириканыњ басќа да т‰рлері бар. Аќынныњ бірќатар µлењдері ‰лгісінде ќ±рылады.  
Ќазаќ фольклорінде д‰ние салѓан адамныњ тіршіліктегі іс-єрекеттерін єр жаѓынан алып, толыќ баяндап жырлайтын жоќтаулар, естіртулер кµп. Махамбет µлењдерініњ кейбіреулері фольклорда кездесетін жоќтау µлењдердіњ ќысќа т‰ріне жаќындайды. ("Тарланым", "Тайманныњ ±лы Исатай"). Исатайдыњ µліміне арналѓан "Тарланым" деген µлењін алсаќ, жалпы жоќтаулардыњ єдісімен, батырдыњ µміріндегі єралуан іс, амал, ќасиет мінездерін санап кµрсетеді. Біраќ, м±нда да Махамбеттіњ µзіне тєн кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет µлењдерінде Исатайдыњ µмірін жалпы алмайды, оныњ µмірініњ єлеуметтік-таптыќ жаќтарын алып, батырдыњ езілуші халыќ, ќара шаруа, ењбекшілердіњ м‰ддесін ќорѓап феодал, аќс‰йектерге ќарсы шыќќан, шын мєніндегі халыќ ќамќоры болѓан жаќтарын айрыќша кµрсетеді. Шернияз сыќылды басќа жаѓына аќын тоќталмайды.  
Махамбеттіњ жоќтау тобына жаќын келеді деген µлењдері, оныњ басќа µлењдеріне ќараѓанда фольклормен тыѓызыраќ байланыста деуге болады. ¤йткені эпитет, метафора тењеулерін алсаќ, кµбіне фольклордан алынѓан поэтикалыќ тілдер.  
Ал Махамбеттіњ кейбір µлењдері философиялыќ баѓытќа негізделген µлењдер болып келеді.  
Ќоѓалы кµлдер, ќ±м сулар,  
Кімдерге ќоныс болмаѓан?  
Саздауѓа біткен ќ±ба тал,  
Кімдерге сайѓаќ болмаѓан?  
Басына жібек байлаѓан,  
Арулар кімнен ќалмаѓан?  
Тањдап мінген т±лпарлар,  
Иесін ќайда жауѓа салмаѓан?  
Ќ±ландар ішпес б±ршаќ ќаќ,  
Кімдерге шербет болмаѓан?  
Садаѓына сары шіркей ±ялап,  
Жау іздеген ерлердіњ,  
Ќайда басы ќалмаѓан?  
Ішелік те желік,  
Мінелік те т‰селік,  
Ойналыќ та к‰лелік,  
Абайласањ, жігіттер,  
Мынау жалѓан с±м д‰ние,  
Кімдерден кейін ќалмаѓан?-  
 
деп, риторикалыќ с±рай арнау т‰рінде айта келіп, µмірге µзінше ќорытынды жасайды. "Толѓау" деген µлењінде де осы тєрізді µмірді шолып келіп, µзініњ одан т‰йгендерін баяндауѓа негізделеді. Бірінші шумаѓында аќын термелеп, тыњдаушыларыныњ назарын аќыл кењесіне аударады да, онан кейінгі шумаќта аќындыќ шабыттыњ шарыќтауы, ойдыњ серпінінен туѓан терењ пікірлер айтылады, ‰шінші шумаќта, хан-тµреніњ таѓдыры халыќпен байланысты, былайша айтќанда, оларды жоќ ету халыќтыњ ќолында деп, халыќтыњ зор к‰ш екенін еске салады. Ењ соњѓы жолдарда аќын былай деп µзінше ќорытынды жасайды:  
 
Батыр болмаќ ойдан-ды:  
Айќайласып жауѓа ти,  
Тєњірім білер, жігіттер,  
Ажалымыз ќайдан-ды?  
 
Махамбеттіњ баќыт пен таѓдырдыњ айнымалы екендігін философиялыќ т‰рмен ќорытќаным мына µлењінен де кµруге болады:  
 
Б±л д‰ниеніњ ж‰зінде,  
Айдан кµркем нєрсе жоќ.  
Т‰нде бар да, к‰ндіз жоќ.  
К‰ннен кµркем нєрсе жоќ,  
К‰ндіз бар да, т‰нде жоќ.  
М±сылманшылыќ кімде жоќ,  
Тілде бар да, дінде жоќ.  
Кµшпелі дєулет кімде жоќ,  
Бірде бар да, бірде жоќ.  
Азамат ерлер кімде жоќ,  
Еріккен к‰ні ќолда жоќ.  
Заманым меніњ тар болды,  
Тура єділдік биде жоќ,  
Бєрін айт та, бірін айт.  
Ќаумалаѓан ќарындас.  
Ќазаќта бар да, менде жоќ.  
 
Б±л тєрізді эпифоралыќ ±йќас, синтаксистік параллелизмге ќ±рып, образдарына философиялыќ мєн беру, аќынды б±л дєуірде д±рыстыќ, єділдік жоќ деген ќорытындыѓа єкеп тірейді де, сондыќтан аќын жалѓыздыќ кµріп, ќасіретке шомады.  
М±нан кейін Махамбеттіњ кейбір µлењдерін, єсіресе оныњ µмірініњ соњѓы кезіндегі шыѓармаларын - элегиялыќ µлењ деуге болады. "Абайламай айрылдым", "Нарын " жєне басќа сол сияќты µлењдер µткенді еске т‰сіруге арналѓан, жан ќасіретін кµрсететін, аќынныњ жалѓыздыќ ќайѓысын, тарыќќан кµњілін білдіретін элегиялыќ мотивті µлењдер, м±нда оныњ басында бір з±лым таѓдырдыњ ќара б±лты тµніп т±рѓан сияќты.  
Мен тауда ойнаѓан ќарт марал,  
Табаным тасќа тиер деп,  
Саќсынып шыќќан ќиядан,  
Ќайыњныњ басын жел соќса,  
Ќаршыѓа ќуыс ќайѓырар:  
Балапаным суѓа кетер деп,  
Мамыѓын тµккен ±ядан,  
О даѓы біздей болѓан сорлы екен, -  
 
дейді ол.  
Махамбеттіњ элегиялыќ µлењдері аса суретті, тамаша кµркем. Б±лар аќынныњ тек жалањ µз ќайѓыруыныњ сєулесі емес, ол басќа т‰скен сол кездегі ауыр халдердіњ айнасы болды.  
Кейбір µлењдерінде аќын туѓан елі б‰гінгі Ќазаќстан жерініњ табиѓат байлыѓыныњ єдемі кµріністерін, ен даланыњ, асќар тау, шыњырау ќиялардыњ айбатты пішінін суреттейді. ¤лењніњ кµп жерлерінде аќын кµшпелі, мал баќќан, ит ж‰гіртіп, ќ±с салѓан ањшылыќ, µз елініњ µмірінде орыны бар жан-жануар, ањ, ќ±стардыњ образын кµрсетуге кµбірек кµњіл аударады. Біраќ, б±л ел, табиѓат байлыѓын, жан-жануарлардыњ єлемін суреттегенде, олардыњ тек кµркемдік сипатын ѓана кµрсету немесе тек с±лулыќ ‰шін ѓана суреттелмейді. М±нда да аќын ел таѓдырымен байланысты, µз басынан кешірген ќиын-ќыстау кезењдердегі ой сезімін оќушылары толыќ сезінгендей етіп ашыѓыраќ кµрсетуге ќ±рал есебінде ќолданады. Б±ѓан мына тµмендегі ‰зінді толыќ дєлел:  
 
Назары ќайтќан к‰н болѓан  
Жібектен бауы кµнеріп  
Аќ с±њќар ±шќан к‰н болѓан.  
Баѓаналы боз орда  
Ењкейіњкі к‰н болѓан.  
Телегей-тењіз шалќыѓан  
Ќоѓалы кµлдер суалып,  
Тізеге жетер-жетпес к‰н болѓан,  
Жапанѓа біткен бєйтерек,  
Жапыраѓынан айрылып.  
Ќу т‰бір болѓан к‰н болѓан.  
Алќалаѓан жер болса,  
Азамат басы ќ±ралса,  
Мєшурат кењес с±ралса  
Мєшурат берер едік;  
Исатайдан айрылып  
Алќалай келген кењесте  
Дем ќ±рыѓан к‰н болѓан.  
 
Б±л тєрізді элегиялыќ µлењдердегі кµркем образдардыњ ќайсысын алсаќ та, аќынныњ айтайын деген негізгі идеясына баѓыныњќы. Исатай µлгеннен кейін, к‰рес арќылы жетеміз деген маќсат орындалмай, кµтеріліс жењілгесін, хан, с±лтан, феодалдар халыќты б±рынѓыдан бетер езіп, ел басына ауырмалыќты к‰шейте т‰сті. Б±л жаѓдай аќынныњ поэзиясынан орын алмауы м‰мкін емес еді. Аќынныњ бірќатар µлењдеріндегі ќайѓыныњ элементі жоѓарѓы халмен байланысты болды десек, Махамбеттегі элегиялыќ µлењдердіњ негізгі сол жаѓдайлар деуге болады. Біраќ б±л сарындаѓы аќын µлењдерінде, жауына деген µшпенділік бар, сµнбес кек бар, жолдас-жорасына дем беріп, µмірден т‰њілмеуге шаќырып болашаќќа сенушіліктер бар. Міне осылардыњ жиынтыѓы келіп, Махамбет µлењдерін сары уайымнан аулаќ етеді.  
Мазм±нына т‰рі сай т‰рін отты жырларды суырып салып шыѓаруда да аќынныњ шеберлігі тым жоѓары, оныњ мєдени-тарихи тамыры терењде екенінде дау жоќ.  
 
Проф. Ќ. Ж±малиевтыњ зерттеулері пайдаланылды. 

 
 

Для того, чтобы выделить эту тему и переместить ее наверх в списке тем отправьте SMS: 
из России SMS на номер 4446 с текстом KTE116221, из Казахстана SMS на номер 3348 с текстом KTE116221 
 
Используйте только латинские буквы. Стоимость СМС: Для Казахстана – 75 тенге. Для России – 0,92 доллар США. Отправляя SMS-сообщение на номер 3348 для Казахстана и номер для 4446 для России, вы принимаете условия предоставления услуг.

 

 

Аты

Жауап

 

Elaman  
El-a 
11-02-13 16:00

 

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық  құдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы  ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің  өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл  классик ақынымыздың шығармашылығына  берілген әділ баға деп білуіміз керек. 
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі, қазақ поэзиясының классигі Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сәйкес 2003 жылы Атырау мемлекеттік университетінде халықаралық деңгейде өткізілуінің тәлімдік және тағылымдық мәні орасан зор. 
Қазақтың Махамбеттей біртуар ұлының 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете түседі. 
Махамбет – қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері, қайтпас қайсарлығы, яғни, Махамбет – қазақ халқының кегі мен ызасынан, намысы мен жігерінен жаралған наркескен рухани қару. 
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Жалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. 
Махамбеттің жырлары – ерліктің, өрліктің гимні, қайсарлықтың символы. 
Ерегескен дұшпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет – жақсыларға еп, жамандарға көп, лапылдап тұрған өрт. Аңдамаған жалынана шарпылады. Жауырынан етін алса да жалынып, жалтақтауды білмес, қыңқ етпес табандылық ердің еріне бітеді. Халық қайғысын айтуға хан ұлынан қаймықпау да, «бас кесермін, жасырман» деп, қасқая қарап тұру кез келгеннің қолынан келе қояр ма екен? 
Махамбет ел, халық жүрегінен мәңгілікке орын тапты. Оның жырлары елдің рухын көтеретін, ерлікке, елдікке бастайтын ұран іспетті. Сондықтан да болар халқымыз Махамбеттің есімін де, отты жырларын да қатты қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа рухани қазына ретінде аманаттап жеткізіп отырды. 
Махамбеттің қай өлеңін алсақ та, оның негізгі лейтмотиві – жас ұрпақты ерлікке патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Демек, оның шығармаларындағы айтылған қағидалар көтерілген мәселелер бүгінгі педагогиканың уақыт талабына қойып отырған мәселелерімен үндесіп жатыр. Ескі идеология, тарихнама, әдіснама бойынша тарихтағы жеке тұлғалардың ролі дұрыс бағаланбады, бұрмаланып біржақты түсіндірілді. Әсіресе, тарихи тұлғалардың алатын орнын, еңбектерін бағалауда ескі идеологияға негізделген көзқарасқа, әдіснамаға сүйенілді. Ел билеген хандар мен билерді, қолына қару алып елін қорғаған батырларды еліне білім мен ғылымның нәрін себуде ерекше еңбек сіңірген ойшылдарды, атап айтқанда, Махамбет, Исатай, Жәңгір Ханның тарихтағы орны, еңбектері біржақты бұрм аланып бағаланды. 
Тек ғана соңғы жылдары тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан егемендігіміздің нәтижесінде Махамбет сынды алыптарымыздың еңбектерін жаңаша зерделеуге мүмкіншілік туды. Бабамыздың мұрасы көп жылдар ескерусіз келді. 
Махамбет өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәрбиенің сан-алуан салалары атап айтқанда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, ел жандылық, экологиялық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады. Махамбет шығармаларының жастардың бойында жағымды адами қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыруда алатын орны ерекше. 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше. 
Өлең-тәрбие құралы. Көне заманнан бері халықымыз тәрбие құралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен терме, баталарды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді, ырым-тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып отырды. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды. 
Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады. Амал не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын соңына ермеді. Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ аспады. Жалғыздықтан күйінген ақын, өз сырын өлеңмен айта берді. Ақын: «Мен едім» деген өлеңінде: 
Бөз ағаштан биік мен едім, 
Бұлтқа жетпей шарт сынбан, 
Ел құтқарар, ер едім 
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп өршілдігін жырлап көрсетеді. Ақын өлеңінің тәрбиелік мәні ерекше халық санасын оята түседі. 
Ақын өлеңдерінің тәлімдік-тағылымдық негіздері тереңде жатыр. Ақынның «Күн қайда?» деген өлеңінде: 
Қарт бұғыдай билерден 
Ақыл сұрар күн қайда? 
Бізді тапқан ананың 
Асыраған ананың, 
Ризалықпен жайласып 
Қолын алар күн қайда? – халықымыздың халықтық педагогика негіздерін алдымызға тартады. 
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді. 
Махамбеттің: 
Толарсақтан саз кешіп, 
Тоқтамай тартып шығуға 
Қас үлектен туған катепті 
Қара нар керек біздің бұл іске. 
Қабырғасын қаусатып, 
Біздің бүйткен бұл іске, - деп аталатын өлең жолдарында жастарды қандай ма болмасын қиындықты жеңе білуге туып өскен Отанын елін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге жас ұрпақты үндеді: 
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде де ақынның еліне деген сүйіспеншілігі тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық параллелизмді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз дағдырын салыстырады. Махамбет көл қорыға қызғыштай елі үшін отқа түседі: 
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, 
Қанатың қатты, мойның бос. 
Исатайдан айырылып, 
Жалғыздықпен болдым дос. 
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, 
Ел қорыған мен едім 
Мен де айырылдым елімнен 
Көл қорыған сен едің, 
Сен де айырылдың көліңнен. 
Махамбет өз туған халқының перзенті ретінде өз елінің болашағынан үлкен үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады: 
Еділдің бойы ен тоғай, 
Ел қондырсам деп едім. 
Жағалай жатқан сол елге, 
Мал толтырсам деп едім… 
Махамбеттің бұл арманы бүгінде орындалды, іске асты. Бүгінде Қазақстан Республикасы – егеменді ел. Тәуелсіздік алған мерзімнің ішінде Президентіміздің басшылығымен біршама жетістіктерге қол жетті. Қазақ тілінің мың оралымдығы, қасиетін ұғындыруда ақын жырлары – ұрпақ тәрбиесінде баға жетпес байлық. Махамбеттің Исатай бейнесін көркем сомдауы, халық кегінің жолында көтеріліске шақыру болашаққа, келер ұрпаққа деген нық сенімі жыр жолдарында өте көркем берілген. Ұрпақ бойында ұлттық рухты, өзіне деген сенімділікті, халқына деген құрметті қалыптастыруда Махамбет өлеңдерін түсіне отырып оқыту қажет. 
Біздің парызымыз – осы тұлғаны ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей мәңгілікке сіңіру Махамбет өлеңдері барша елдік, ерлік қуатымен, көркемдік құнарымен шетел тілдеріне аударылса, әлем халықтары сүйіп оқитын қымбат шығарма, қазақтың тілін, ерлігін танытатын асыл қазына болары анық. Осы баға жетпес асылымызды оқыта отырып, жас ұрпақтың өзін тани білу үн қосу. Жыр жолдарын ұрпақ тәрбиесінде орынды қолдану – ұстаз міндеті. Махамбет жырлары миллиондаған жас жүректерге ерлік рухын дарытып, үміт отын жағып, күш-қуат берері сөзсіз. 
Махамбет бабамыздың есімін кеңінен насихаттау мақсатында ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдық мерей тойын өткізу барысында республика мектептері мен жоғары оқу орындарында «Махамбеттану» бағытында біршама танымдық-тәрбиелік шаралар іске асты. 
26-27 ақпанда 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, көршілес Астрахань облысының білім басқармасымен бірігіп, «Оқушыларды тәрбиелеудің этнопедагогикалық негіздері» атты халықаралық конференция өткізілді. 
Махамбет поэзиясында оқушыларды жақсы өнеге, адамгершілікке үндеген терең философиялық түйін, парасатты ой, қайсарлық пен нәзіктік аз емес. 
Оқыту үрдісінде оларды тәрбиелік мақсаттарға ұтымды пайдалана білу, өскелең ұрпаққа дәйектілікпен жеткізе білу – парызымыз.




Информация о работе Маханбет Өтемісұлы