Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:53, курс лекций
1. Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері темір жолдардың және темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс тәртібінің аса маңызды құрылыстарының, құрылғыларының және жыл-жымалы құрамының негізгі ережелерін, негізгі өлшемдерін және оларға қойылатын талаптарды, поездар қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және сигнал беру принциптерін белгілейді.
Созылмалы еңіс. Тіктігінің және ұзындығының төмендегі мәндерін ие-ленетін еңіс:
Тіктігі
0,008-ден 0,010-ға дейін
0,010-нан 0,014-ке дейін
0,014-тен0,17-гедейін
0,017-ден 0, 020-ға дейін
0,20-дан астам және одан да тік 2 км және одан астам
Жетекші еңіс. Тіктігі бойынша (қисықтардың кедергі жасауын ескере отырып) тежегіштік жолдан ұзындығы кем емес барынша тік еңіс.
119
Жылжымалы құрамның техникалық күйін поездың жүрісі кезінде автоматтық бақылау құралдары. Поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар болуы және ақаулылықтың түрі жөнінде ақпаратты автоматты режимде анықтауға және алдағы станция бойынша кезекшіге, поезд диспетчеріне, машиниске жіберуге мүмкіндік беретін аппаратура.
Станция. Поездары қабылдау, жөнелту, айқастыру және басып озу, жүктерді қабылдау, беру және жолаушыларға қызмет көрсету операция-ларын жүргізуге мүмкіндік беретін жолдық дамуы бар, ал дамыған жол құрылғылары бар кезінде - поездарды тарқату және қалыптастыру бойын-ша маневрлік жұмыстарды жұмыстарды және поездармен техникалық опе-рациялар жүргізуге мүмкіндік беретін бөлім бекеті.
Ескерту. Ережелер мәтінінде, жолдық дамуы бар немесе кезекші қызметкерлер қызмет көрсететін (станция, айырық, басып озу пункті, жол посты) бөлім бекеттері туралы айтылатын барлық жағдайда, талаптардың сипаттарына қарай қайсы бөлім бекеттері туралы дәл көрсетіп айтуды қажет ететін жерлерінен басқа жағдайда, «Станция» немесе «Станция бойынша кезекші» жалпы терминдері қолданылған.
Станциялық орталықтандыру посты. Орталықтандырылған стрелка-лармен сигналдар тобының басқаруын жүргізетін станциядағы пост.
Станциялық жолдар. Станция шегіндегі жолдар - басты, қабылдау-жөнелту, сұрыптау, тиеу-түсіру, әкету, деполық (локомотив және вагон шаруашылықтарының) қосатын, (станцияның жекелеген парктерін қосатын, контейнерлік пункттерге, отын қоймаларына, базарларға, сұрыптау плат-формаларына, вагондарды тазарту, жуу, зарарсыздандыру пункттеріне, жылжымалы құрамды жөндеу орындарына апаратын және басқа операци-яларды жүргізуге арналған), сондай-ақ арналымы оларда жүргізілетін опе-рациялармен анықталатын басқа да жолдар.
Стрелка. Рамалық рельстерден, үшкірлер мен ауыстырып бұру механизмінен тұратын стрелкалық бұрманың бөлігі. Жылжымалы өзекшелі айқастырмасы бар болғанда стрелка ұғымына айқастырма да жатады.
Орталықтандырылмаған стрелка. Үшкірлері стрелканың тікелей өзінде ауыстыру механизмінің көмегімен қолмен ауыстырылатын стрелка.
Орталықтандырылған стрелка. Үшкірлері (ал жылжымалы өзекшелі айқастырмалары бар болса, өзекшесі де) бір орталық пункттен басқарылатын арнайы құрылғылармен ауыстырылатын стрелкалар.
Бағыттамалы бұрма. Жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға қызмет ететін құрылғы. Бағыттамалы бұрмалар стрелкалардан, айқастырмалардан және олардың арасындағы қосатын жолдардан тұрады. Айқастырмалар жылжымайтын немесе жылжымалы өзекшелі болуы мүмкин.
120
Стрелкалық қосын. Стрелкалық қосынның бір кезекшісі қызмет көрсететін орталықтандырусыз басқарудағы бір немесе бірнеше бағыттамалы бұрмалар.
Стрелкалық аудан. Стрелкалық қосынның бір аға кезекшісінің бақылауындағы іргелес стрелкалық қосындар тобы.
Алынбалы жылжымалы бірліктер. Өздеріне қызмет көрсететін қызметкерлер қолмен ағытып жолдан ала алатын алынбалы дрезиналар, жөндеу мұнаралары, электрлендірілген телімдерде жол вагоншалары, жолөлшегіш, ақаутапқыш және басқа арбашалар мен жылжымалы бірлік-тер.
Қызметтік тежеу. Жылдамдықты жатық төмендетуге немесе поезды алдын ала қарастырылған орында тоқтату үшін кез келген мәндегі деңгейдегі тежеу.
Шұғыл тежеу. Магистральді шұғыл толық қосу және барынша жоғары тежегіштік күшті іске асыру жолымен поезды дереу тоқтату үшін қолданылатын тежеу.
Тежегіштік жол. Машинист кранының немесе шұғыл тежеу кранының тұтқасын тежегіштік қалпына дейін бұру сәтінен бастап толық тоқтағанға дейін поезд өтетін қашықтық. Тежегіштік жолдар тежеу түріне қарай бөлінеді (қызметтік, толық қызметтік және шұғыл).
Еңіс. Горизонтальді сызықдеңгейге қатысты еңістігі бар темір жол желісінің бойлық пішінінің элементі.
Ұстағыш тұйық. Басқарудан айырылған поезды немесе поездың бөлігін созылмалы еңіспен қозғалуы кезінде тоқтатуға арналатын тұйықтық жол.
Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі жөніндегі кеңесі - темір жол көлігінің жұмысын мемлекетаралық деңгейде үйлестіретін орган.
Достастық мүше-мемлекеттерінің темір жол көлігі бойынша Кеңесінің Дирекциясы Кеңестің темір жол көлігі бойынша тұрақты қызмет ететін атқарушы органы.
ККМ - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі көлік пен байланыстың республика бойынша қызметін басқару және ұйымдастыру қызметінде біртұтас саясаттың жүргізілуін көздейді.
Магистральді жолдар - Қазақстан Республикасының аймақтарымен және басқа мемлекеттермен қатынасты қамтамасыз ететін темір жол желілері.