Теміржода пайдалану техникалық ережесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:53, курс лекций

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері темір жолдардың және темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс тәртібінің аса маңызды құрылыстарының, құрылғыларының және жыл-жымалы құрамының негізгі ережелерін, негізгі өлшемдерін және оларға қойылатын талаптарды, поездар қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және сигнал беру принциптерін белгілейді.

Файлы: 1 файл

Копия ПТЭ.doc

— 717.00 Кб (Скачать)

Автоматты локомотивтік сигнал беруімен жабдықталған телімдерде, жетекші локомотивтің, моторвагондық  поездың, арнайы өздігінен жүретін  жылжымалы қүрамның машинисі станциядан шығар алдында осы қүрылғыларды іске қосуы тиіс, ал радиобайланыспен жабдықталған телімдерде, радиостанциясының іске қосулы түрғанына көз жеткізуі және байланысқа шақыра отырып жолаушы поезының бастығымен (механик-бригадирімен) арадағы және тиісінше шаруашылық поезындағы жұмыстар. басқарушысымен радиобайланысты тексеруі тиіс.

16.38. Поезды жүргізуі  кезінде машинист және оның  көмекшісі: жолдың бостығын, сигналдарды,  сигналдық нұсқауғыштарды және  белгілерді қадағалауға, олардың  талаптарын орындауға және бағдаршамдардың берген барлық сигналдарын, жолдан және поездан берілетін тоқтау және жылдамдықты азайту сигналдарын бір-біріне қайталап отыруға;

поездың күйі мен бүтіндігін, ал электрлендірілген телімдерде сонымен  қатар, түйіспелі тораптың да күйін қадағалауға;

локомотив, арнайы өздігінен  жүретін жылжымалы құрам жұмысының  ақаусыздығын және қауіпсіздігін бақылайтын аспаптардың көрсетулерін қадағалауға;

электр энергиясы мен  отынды үнемдеп шығындай отырып локомотив қуатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

станцияға кіреберісте  және станциялық жолдармен жүріп  өткенде белгі-ленген сигналдарды  беруге, стрелкал ық нұсқағыштар бойынша  маршруттың дұрыстығын, жолдың бостығын және станциялар қызметкерлері беретін  сигналдарды, сондай-ақ іргелес жолдардағы поездар қозғалысы мен маневр-лік қозғалыстарды қадағалауға, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төнгенде дереу тоқтау шараларын жүзеге асыруға міндетті.

Поезды станцияда тоқтатқаннан кейін, егер оның әлдеқандай ақаулылықтары  анықталса, машинист дереу бұл жөнінде станция кезекшісіне

108

хабарлауға, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті.

Станцияда тоқтау қажет  болғанда машинист поезды қабылдау жолының  шығу бағдаршамынан (ал ол жоқ кезде  — шектік бағаншадан) өтпей тоқтатуға міндетті.

Бұл ретте, жүк поезының локомотиві шығу сигналының, (оның жоқ  кезінде — шектік бағаншаның) алдында  тоқтатылуы тиіс. Машинист, оларға дейін  жетпей-ақ, егер ол станция кезекшісінен поездық радиобайланысы арқылы бүкіл  құрамның қабылдау жолының пайдалы ұзындығының шегін-де орналастырылғанына көз жеткізсе, поезды тоқтата алады.

Жолда келе жатқанда автоблоктау  бағдаршамдарының ақаулылығын, жолдың, түйіспелік тораптың және басқа қүрылыстар мен құрылғылардың зақымданғанын, іргелес жолдармен жүріп бара жатқан поездардың ақаулылықтарын анықтаған жағдайда машинист бұл жөнінде ең жақын орналасқан станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті.

Поездық радиобайланыс  бар кезінде осы ақаулылықтар жөніндегі ха-барламаны машинист радио арқылы ең жақын станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне, ал қажет болғанда, іргелес жолмен келе жатқан поездың машинисіне жіберуі тиіс.

Сигналдардың, сигналдық  нұсқағыштар мен белгілердің  нашар көрінімділігі (тұман, нөсер, қарлы боран және т.б.) жағдайында келе жатқанда машиниске, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында поездың белгіленген жылдамдығын төмендетуге рұқсат беріледі,

16.39. Поезды жүргізуі  кезінде машинист:

тежегіш құрылғыларын үнемі  іске қосуға әзір ұстауы, оларды жолда келе жатқанда тексеруі, басты және магистральдік резервуарда қысымның белгіленген нормалардан төмен түсуіне жол бермеуі тиіс;

тұрақты сигналдардың тыйым  салушы көрсетулерінде, жылдамдықты  азайту сигналдарының көрсетулерінде және жылдамдықты төмендетуді талап ететін басқа да сигналдардың көрсетулері кезінде қызметтік тежеуді қолдана отырып поезды тоқтату сигналынан өтпей тоқтатуы, ал жылдамдықты азайту сигналынан, осы сигнал үшін белгіленген мөлшерден аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс;

бейтарап ендірмені  қоршайтын сигналдық белгіден (оның үстінде локомотивтің тоқтап қалуына  жол бермеу үшін) кем дегенде 20 км/сағ  жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс;

кенеттен берілген тоқтау сигналы кезінде немесе кенеттен кедергі пайда болғанда поезды тоқтату  үшін дереу шұғыл тежеу құралдарын қолдануы тиіс;

кенеттен берілген тоқтау сигналы кезінде немесе кенеттен кедергі пайда болғанда поезды тоқтату  үшін дереу шұғыл тежеу құраладарын  қолдануы тиіс.

16.40. Жолда келе жатқанда  машиниске:

«ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының бұйрығымен, осы Ережелерде белгілен-

109

ген, сондай-ақ сигаалдардың берілген ескертпелері және нүсқауларымен  белгіленген жылдамдықтарды асыруға;

локомотивті, моторвагондық  поезды, арнайы өздігінен журетін  жыл-жымалы құрамды басқарудан, оған қызмет көрсетуден және сигналдар мен жол жағдайын бақылаудан басқаға көңіл бөлуге;

әрекеті түзу қауіпсіздік  қүралдарын істен ажыратуға немесе олардың ісіне килігуге;

локомотивтегі, арнайы өздігінен  жүретін жылжымалы қүрамдағы  поездың жүргізілуін қамтамасыз ететін тартымдық қүрал-жабдықтың істен шығуы кезінде және оның себебін анықтап жоюдың мүмкіндігі болмаған жағдайда аралыққа шығуға тыйым салынады.

16.41. Поездың қозғалысын жетекші локомотивтің машинисі басқарады. Басқа локомотивтердің, соның ішінде итермелеуші локомотивтердің машинистері жетекші локомотив машинисінің нүсқаулары мен сигналдарына бағынуға және оларды қайталауға міндетті.

Итермелеуші локомотивтер жүмысының тәртібі «ҚТЖ» ¥К»  АҚ басшылығы бекіткен нүсқаулықтармен  белгіленеді.

16.42. Кондукторларды (қүрастырушы бригаданы), сондай-ақ «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілеген тәртіпке сәйкес берілетін рүқсаты бар бірақ та бірмезгілде екі адамнан артық емес лауазымды түлғалардан басқа адамдарға локомотивтің жұмыстық кабинасында болуына тыйым салынады.

Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезіндегі әрекеттер тәртібі

16.43. Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезінде машинист:

егер шүғыл тоқтау қажет болмаса поезды мүмкіндігінше  алаңшада және жолдың түзу телімінде  тоқтатуға;

поездың автотежегіштерін және локомотивтің қосалқы тежегішін, ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда автотежегіштерді, ал басқару аспаптары бар болған жағдайда қосымша тежегішті іске қосуға;

дереу радиобайланыс  арқылы тоқтағаны туралы аралықта келе жатқан локомотивтер мен моторвагонды поездардың машинистеріне және аралықты шектейтін станциялар бойынша кезекшілерге хабарлауға міндетті, ал олар бұл жөнінде дереу поезд диспетчеріне хабарлауы тиіс, сондай-ақ жолаушы поезының бастығына (механик-бригадиріне) радиобайланыс арқылы хабарлауға міндетті, ал арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисі шаруашылықтық поездағы жұмыстарды басқарушыға хабарлауға міндетті;

егер тоқтау поездың  тыйым салушы көрсетуі бар бағдаршамының  алдында кідіруімен байланысты болмаса, оның себебін анықтауға және ары қарай қозғалыстың мүмкіндігін анықтауға;

егер поездың қозғалысы 20 және одан астам минут ішінде жалғастырыла алмайтын болса және поезды орнында  автотежегіштермен ұстап тұру мүмкіндігі болмаса, локомотивтің, арнайы өздігінен  жүретін жылжымалы құрамның қол  тежегішін іске қосуға және құрамдағы бар қол тежегіштерін

110

(жолаушы вагондарының  жолсеріктері, кондукторлары, шаруашылықтық  поезында жұмыстардың басқарушысы)  іске қосу үшін сигнал беруге  міндетті. Мұндай қызметкерлері  жоқ поездарда машинистің көмекшісі  вагондардың доңғалақтарының астына локомотивтегі бар тежегіш табандықтарды салуға, ал олар жеткіліксіз болғанда, сонымен қатар вагондардың қол тежегіштерін «ҚТЖ» ¥К» АҚ нүсқаулығымен белгіленген санына және тәртібіне сәйкес іске қосуға міндетті;

қосымша, поездық радиобайланыс  арқылы станция бойынша кезекші-ге немесе поезд диспетчеріне тоқтау себебін және қозғалыс үшін кедергі болған жағдайды жою жөніндегі қажетгі шаралар туралы хабарлауға мін-детті. Поездық радиобайланыс бұзылған жағдайда станция бойынша кезек-шіге немесе поезд диспетчеріне телефон байланысы бар ең жақын пункт-тен (машинист көмекшісі, кондукторы, жолаушы вагонының жолсерігі, шаруашылықтық поездағы жұмыстар басқарушысы арқылы) хабарлауға;

поезға қызмет көрсететін барлық қызметкерлермен бірлесе  отырып қозғалысқа кедергі болған жагдайды жою жөнінде шаралар қолдануға, ал қажет болған -жағдайларда поездың және іргелес жолдың қоршалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Жолаушы поездарының  локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткенде поезды бекіту және қоршау операцияларының орындалуын жолаушы поезының бастығы (механик-бригадирі) және вагондардың жол серіктері радиобайланыс арқылы берілетін машинистің нұсқауы бойынша жүргізеді.

16.44. Аралықта тоқтаған поездың қоршауын:

жолаушы поезды - қалпына  келтіру немесе өртсөндіргіш поезды шақырған кезде, сондай-ақ қосалқы локомотивтің - дереу шақыра салысы-мен жүргізеді;

егер поезд барлық сигнал беру және байланыс құрылғылары  қызметінің әрекеті тоқтаған кезде  жөнелтілген болса - поезд тоқтағаннан  кейін дереу жүргізіледі.

Поездар қозғалысы үшін кедергі жасайтын орын барлық жағдайда қосжолды немесе кепжолды аралықтың іргелес жолында ең бірінші кезекте келіп жетуі күтілетін поезд жағынан дереу қоршалуы тиіс.

Қоршау тәртібі Темір  жолдарда сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен, ал қызметкерлердің іс-әрекеттерінің тәртібі - Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

16.45. Автоблоктаумен жабдықталған телімдерде жолаушы поезы аралықта тоқтаған кезде соңғы жолаушы вагонының жолсерігі поездық сигналдардың көрінімділігін тексеруге, аралықты мүқият бақылауға және ізімен келе жатқан поезд көрінгенде оны тоқтату шараларын қабылдауға міндетті.

16.46. Егер поезд ерге көтерілу кезінде тоқтаса және оның соңында итермелеуші локомотиві жоқ болса, машинист қажет болғанда поезды сол аралықтың едәуір жеңілдеу пішініне қарай шегіндіріп тоқтата алады.

111

Бұл жағдайда шегіндірілетін поездың алдында локомотив бригадасының қызметкері, бас кондуктор немес  шаруашылық поезының жұмыстарды басқарушысы  болуы тиіс. Поезды шегіндіру жылдамдығы 5 км/сағ жоғары болмауы тиіс.

Шегіндіруді жүргізуге:

жолаушы поездарын барлық жағдайда;

автоблоктаумен немесе автоматты локомотивтік сигнал беруімен жабдықталған аралықтарда;

тұман, қарлы боран  және басқа да сигналдар нашар  көрінетін қиын жағдайларда;

егер тоқтаған поезд барлық сигнал беру және байланыс құралдарының әрекеті тоқтаған кезде жөнелтілген болса, тыйым салынады.

Салмағы орнынан қозғалу  нормаларынан осы өрге көтерілу бойын-ша асып кететін поезд өрге көтерілу кезінде тоқтағанда және оны шегінді-руге жол берілмеуі тиіс болғанда, машинист дереу қосалқы локомотивті шақыртып алуы тиіс.

Мұндай жерлердің және салмақтық нормалардың тізімі «ҚТЖ»  ¥К» АҚ басшылығының бұйрығымен белгіленеді.

16.47. Поезд аралықтан кері қарай жөнелту станциясына тек осы станция бойынша кезекшінің өкімімен Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен қайтарылуы мүмкін.

16.48. Егер поезд тоқтағаннан соң өз бетімен жүре алмаса, ол аралықтан қосалқы локомотивтің күшімен Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен шығарылады. Бұл Нұсқаулықта поезд ажыраған кездегі локомотив бригадалары әрекетінің тәртібі де белгіленеді.

Автоблоктаумен және поездық радиобайланыспен жабдықталған телімдерде, аралықта тоқтап қалған поезға көмек көрсету үшін ізімен келе жатқан жүк поезының локомотиві пайдаланылуы мүмкін және айрықша жағдайларда'салмағы мен ұзындығы қалыпты ізімен келе жатқан поезбен итермелеуге рұқсат етіледі.

Моторвагондық поездың  аралықта амалсыз тоқтаған кезінде  және одан әрі оның өз күшімен қозғалысты жалғастыруға мүмкіндігі болмаса, оған қосақталған құраммен станцияға алып кету үшін ізімен келе жатқан моторвагондық поезды тіркеуге рұқсат беріледі.

16.49. Егер қалпына келтіру немесе өртсөндіргіш поезд, сондай-ақ қосалқы локомотив шақырылса, тоқтаған поезд көмек келіп жеткенше немесе қозғалуға тиісті рұқсат берілмейінше қозғалысты бастай алмайды.

Қалпына келтіру немесе өртсөндіргіш поездарды қосалқы  локомо-тивтерді шақыру, тағайындау және олардың қозғалыс тәртібі, сондай-ақ аралықта екі моторвагондық поездарды біріктіру және олардың ары қарай жүріп өтуінің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

112

Алынбалы жылжымалы  бірліктердің қозғалысы

16.50. Алынбалы жылжымалы  бірліктердің қозғалысы аралықтан орын алу құқығын беретін поездық құжаттарсыз жүргізіледі. Тоннельдері және үлкен көпірлері бар, сондай-ақ жоспар-жобасы мен пішінінің жағдайы күрделі аралықтарда алынбалы жылжымалы бірліктер қозғалысының тәртібш «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы белгілейді. Алынбалы жылжыма-лы бірліктердің қозғалысы поездардың кесте бойынша жүріп өтуінде бұзушылықтар тудырмауы тиіс.

Барлық алынбалы жылжымалы  бірліктердің осьтерінің электірлі  оқшаулағышы болуы тиіс.

Алынбалы жылжымалы  бірліктер қозғалысының тәртібі Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықпен белгіленеді.

113

 

5-БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ТЕМІР ЖОЛДАРЫН

ТЕХНИКАЛЫҚ  ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРШДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

Информация о работе Теміржода пайдалану техникалық ережесі