Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:45, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде сарбаз қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.

Оглавление

1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік - психологиялық бейімделу ұғымының теориялық негізі
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы
ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы

Файлы: 1 файл

диплом Саркытбеков.doc

— 679.50 Кб (Скачать)

 

Кесте 2.6 «Бейімделушілік» әдістемесі бойынша жас сарбаздардың нәтижелері

ШКАЛА

Жоғары көрсеткіштер

Орташа көрсеткіштер

Төмен көрсеткіштер

Зерттелін

ушілер саны

Пайыздар

Зерттелін

ушілер саны

Пайыздар 

Зерттелін

ушілер саны

Пайыздар 

Жүйке-психикалық тұрақтылық

70

93,3

3

4

2

2,7

Бейімделушілік қабілеттері

40

53,3

25

33,3

5

6,7

Коммуникативті қабілеттері

28

37

42

56

5

7


 

 

Енді осы әдістеме бойынша сапалық талдау беріп  көрелік. Талдау барысында біз әр шкала бойынша жалпы көрсеткіштерді көрсеттік. Тек төменгі нәтижелерде  ғана нақты респондеттің нақты қайсы  топқа жататындғын ғана жазып  өттік:

Жүйке-психикалық тұрақтылық шкаласы бойынша:

А) жүйке-психикалық тұрақтылықтың  жоғары көрсеткіштерін 65 сарбаз алды, яғни  93,3 %. Бұл топтағы респонденттерге ЖПТ және мінез-құлықтық реттелудің жоғары деңгейі тән. Бұл топтағы сарбаздарге адекватты өзін-өзі бағалау, болмысты адекватты түрде қабылдау тән, яғни, өзі тіралы тұжырымдары қоршаған орта пікірлерімен сәйкес келеді. Олардың кәсіби іс-әрекетінің сәттіліктері - ұжымда болатын кез-келген жағымсыз жағдайда да көрінеді. Бұл сарбаздармен өзара әрекеттегі теріс нәтиже ұжымдағы қоғамдық пікірдің қалыптасуында жағымсыз сипатта болуы ықтимал. Теріс нәтиже, ол: «жоғары тондағы» әңгіме, қоқан-лоққы, шектен тыс қысым жасау және оның жүйкелік-психикалық тұрақтылығын бұзатын басқа да әрекеттер. 

Б) ЖПТ орташа көрсеткішіне 3 сарбаз (Ә тобы) ие болып, сәйкесінше 4 % құрады. Бұл топтағы респонденттер ЖПТ және мінез-құлық реттелуінің орташа деңгейімен, аздаған жүйкелік – психикалық олқылықтарға бейімділігімен, адекватты өзін-өзі бағалауының, болмысты қабылдауының жоқ болуы, адамгершілік және іскерлік қасиеттерінің жеткіліксіздігімен, кейбір мәнсіз жағдайлардағы өзін - өзі жоғары сынауымен, өзін-өзі жоғары бағалауымен  сипатталады.   Олар әскери өмірдегі өзгермелі жағдайларына жылдам қабілеттене (приспособление) алады.

В) ЖПТ төменгі көрсеткішіне 2 (Ә тобы) адам ие болып,  2,7 % құрады. Бұл көрсеткіш жас сарбаздар сарбаздар үшін өте жоғары пайыз. Сондықтан, бұл көрсеткішке нақтырақ, толық тоқталатын боламыз. Себебі, осы көрсеткішке барлық бейімделу процесінің тиіміділігі мен қызметі тәуелді.   Бұл топтағы респонденттерге мінез-құлықтық реттелудің төмен деңгейі, аздаған жүйкелік – психикалық олқылықтарға бейімділігімен, адекватты өзін-өзі бағалауының, болмысты қабылдауының жоқ болуы,  ашуланшақтық, тітіркенгіштік, жабырқаулық, зейіннің әлсіздігі, мінез-құлық нормаларының бұзылуы, шешім қабылдаудағы қиыншылықтар, өзіне қанағаттанбаушылық тән. Қарым-қатынаста олармен үнемі бақылауда болу қажет, әсіресе олқылықтарға алып келетін жағдайлар болса. Ұжым бірлестігінің қызметін стимулдау үшін ұжымның барлық мүшелерінің қатысуын талап ететін күрделі міндеттерідің қойылуы ұсынылады. Әскери тәрбиедегі мұндай сарбаздардың қызметінің сәттілігі, егер оларға оқу, қоғамдық және басқа да тапсырмаларды, топтың ұжымдық тәрбиелік мүмкіншіліктерін қолдануды ұсынса көрінеді. Олармен жұмыста жіберілмеуі тиіс: дөрекілік, шыдамсыздық, авторитарлық, ұжымның басқа мүшелеріне қарағанда, жұмыстың көп көлемін беру, т.с.с.

«Бейімделушілік қабілеттер» шкаласы бойынша:

а. Жоғары көрсеткішке 40 адам ие болып, 53,3 % пайызды құрады. Бұл топтағы респонденттер қызметтің жаңа жағдайларына жеткілікті түрде тез бейімделіп, жаңа ұжымға жылдам ене алады. Әр түрлі жағдайларда жылдам және адекватты түрде бағдарланады, өз мінез-құлқының стратегиясын жылдам өңдейді. Олар қақтығысқа бейім емес, жоғары эмоционалды тұрақтылыққа ие.

б. Орташа көрсеткішке 25 адам ие болып, 33,3 % құрады. Бұл тоқа жататын сарбаздардың басым көпшілігіне мінез-акцентуациясының әр түрлі белгілері тән. Бұл әдеттегі жағдайларда компенсацияланып, қызмет түрін ауыстырған сәтте көрінуі мүмкін. Сондықтан іс-әрекеттің және бейімделудің сәттілігі көп жағдайда ортаның сыртқы шарттарына тәуелді. Бұл тұлғаларға эмоционалды тұрақсыздық тән. Асоциалды олқылықтар, агрессивтілік, қақтықыстық сипаттарға ие. Бұл топқа жататын тұлғалар үнемі бақылауды қажет етеді.

в.Төмен көрсеткішке 5 (Ә тобы) адам ие болып, 6,7 % құрады. Бұл  топқа жататындар психопатия белгілеріне  ие. Жүйкелік-психикалық олқылықтардың  да көрінуі ықтимал.

«Коммуникативті қабілеттер» шкаласы:

а. Жоғары көрсеткішке 28 адам ие болып, 37 % құрады. Бұл топтағы респонденттерге коммуникативтіліктің жоғары деңгейі тән. Қоршаған ортамен тез тіл табысып, қақтығысқа түсе бермейді. Ұжымдағы қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлкен әсер еуге қабілетті. Әр түрлі мәдени іс-шараларға қатыстыруға ұсыныс жасалады.

б. Орташа көрсеткішке  37 адам ие болып, 52,8% құрады. Бұл топтағы  сарбаздарге қарым-қатынасқа талпыныс тән, адамдармен жеңіл қарым-қатынасқа  түсе алады, қақтығысқа түсе бермейді, кейде олқылықтарға бой алдыруы  ықтимал. Аса назар аударуды қажет етпесе де, сирек бақылау жасалу керек.

в. Төмен көрсеткішке 5 (Ә  тобы) адам ие болып,  7% құрады. Бұл топтағы респонденттерге  тән: қоршаған ортамен қатынасты  орнату қиынға соғады, агрессивтілік  байқалады, қақтығыстық сипаттар өте  жиі кездеседі. Қарым-қатынасқа түсу қиынышылқ себептері физикалық, психикалық, ақыл-ой дамуының төменгі деңгейлері үшін абыройлықтың жеткіліксіздігі.

Сонымен, бұл аталмыш  әдістеме бойынша нәтижелер бейімделу  тиімділігі адамның өзінің шынайы болмысын, әлеуметтік байланыстарын көрсететіндігіне, мүмкіншіліктеріне байланысты өз қажеттіліктерін өлшеуіне, өз мінез-құлқының мотивтерін саналауға тәуелді екенін көрсетті. Өзі туралы тұжырымдардың бұрмалануы немесе жеткіліксіздігі бейімделудің бұзылуына алып келеді, сәйкесінше, жоғары қақтығыстық пайда болады, өзара қатынастар бұзылады, жұмысқа қабілеттілік төмендейді.

Моральды –  нормативтілік шкаласы:

а. Жоғары көрсеткішке 50 адам ие болып, 71,4%  құрады.

б. Орташа көрсеткішке 20 адам ие болып 26,7 % құрады.

Алынған нәтижелерді салыстырмалы түрде 2.1 суретінде бейнелейік.

СУРЕТ 2.1 «Бейімделушілік» әдістемесі бойынша респонденттердің пайыздық көрсеткіштері

 

ОХ - Әдістеме бойынша  шкала түрлері: ЖПТ – «жүйкелік-психикалық тұрақтылық»; БҚ – бейімделушілік қабілеттер; «КҚ» - коммуникативті қабілеттер; «МН» - моральді-нормативтілік»

ОУ – пайыздық қатынас.

СУРЕТ 2.1 «Бейімделушілік» әдістемесі бойынша респонденттердің пайыздық көрсеткіштері

           Келесі әдістеме К. Роджерс пен Р. Даймонд ұсынған «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу сауалнамасы». Аталмыш сауалнама бойынша төмендегідей көрсеткіштерді алдық:

К.Роджерс –  Р.Даймондтың «Әлеуметтік – психологиялық  бейімделу» сұрақтамасының бірінші  шкаласы бейімделу шкаласы. Бұл  шкала бойынща респонденттердің 42,9 % - яғни, 30 сарбаздың бейімделу денгейі жоғары. Ал респонденттердің 42,9 % - яғни, 30 респонденттің бейімделу денгейі орташа көрсеткішті көрсетеді. Ал, жас сарбаздардың 14,2% - яғни, 10 төмен бейімделушілікті көрсетті. Бұл көрсеткішті көрсеткен жас сарбаздар Ә тобына жатады. Ол көрсеткіштерді төмендегі суреттен көре аласыздар.

 

 

ОХ - Бейімделу шкаласы  бойынша параметрлік көрсеткіштері

ОУ – пайыздық қатынас.

СУРЕТ 2.2 «Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу» әдістемесі бойынша респонденттердің пайыздық көрсеткіштері

К.Роджерс –  Р.Даймондтың «Әлеуметтік – психологиялық  бейімделу» сұрақтамасының екінші шкаласы - өзін-өзі қабылдау. Өзін - өзі қабылдау шкаласы бойынша жас сарбаздардың 30 жоғары ұпай алып, 42,9 % құрады. Респонденттердің 25 орташа деңгейде, яғни 35,7 % құрады. Өзін - өзі қабылдауы орташа болды. Ал, респонденттердің 15 өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейін көрсетіп, 21,4 % құрады. Осы көрсеткіштерді төмендегі суреттен көре аласыздар.

 

 

ОХ - Өзін-өзі қабылдау шкаласы бойынша параметрлік  көрсеткіштері

ОУ – пайыздық қатынас.

            СУРЕТ 2.3 «Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу» әдістемесінің өзін-өзі  қабылдау шкаласы бойынша респонденттердің  пайыздық көрсеткіштері

           Әдістеменің келесі шкаласы – өзгелерді қабылдау. Басқаларды қабылдау шкаласы бойынша 40 респондент жоғары деңгейге ие болып, 57,2 % көрсетті. Респонденттердің 20 орта деңгейге ие болып, 28,5 % көрсетті. Ал, 10 респондент төмен көрсеткішті көрсетіп, 14,3 % құрады. Бұл көрсеткіштерді төмендегі суреттен көруге болады.

 

ОХ - Басқаларды қабылдау шкаласы бойынша параметрлік  көрсеткіштері

ОУ – пайыздық қатынас.

            СУРЕТ 2.4 «Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу» әдістемесінің басқаларды қабылдау шкаласы бойынша респонденттердің пайыздық көрсеткіштері

           К.Роджерс – Р.Даймондттың «әлеуметтік  – психологиялық бейімделу» сұрақтамасының  төртінші шкаласы – эмоционалды  комфорт. Осы эмоционалды комфорт  шкаласы бойынша – респонденттердің 57 жоғары деңгейге ие болып,  76% құрады. Жас сарбаздардың 10 – да эмоционалды комфорт орташа болды, яғни 13,4 пайызды құрады. Ал, 8 жас сарбазда бұл шкала бойынша төмен деңгейдегі нәтиже көрініп, олар 10,6 % құрады. Осы көрсеткіштерді төмендегі суреттен көре аласыздар

           

 

ОХ – Эмоционалды  комфорт шкаласы бойынша параметрлік  көрсеткіштері

ОУ – пайыздық қатынас.

            СУРЕТ 2.5 «Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу» әдістемесінің эмоционалды  комфорт шкаласы бойынша респонденттердің пайыздық көрсеткіштері.

  К.Роджерс – Р.Даймондттың «Әлеуметтік – психологиялық бейімделу» сұрақтамасының келесі шкаласы – ішкі бақылау шкаласы. Осы шкала бойынша респонденттердің – 47,6 %, яғни 35 Әскери қызметкер жоғары денгейдегі көрсеткішті көрсеткен. Яғни өздеріне іштей бақылау жасай алатындар. Ал 20 % тен, 40 жас сарбаз орташа және төмен деңгейлі көрсеткішті көрсеткен. Осы көрсеткіштерді төмендегі суреттен көре аласыздар.

      

ОХ – Ішкі бақылау  шкаласы бойынша параметрлік көрсеткіштері

ОУ – пайыздық қатынас.

            СУРЕТ 2.6 «Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу» әдістемесінің ішкі  бақылау шкаласы бойынша респонденттердің  пайыздық көрсеткіштері.

          К.Роджерс – Р.Даймондтың «Әлеуметтік – психологиялық бейімделу» әдістемесінің келесі шкаласына тоқталатын болсақ, ол – басымдылыққа ұмтылу шкаласы. Сонғы шкала бойынша 62,6 % , яғни 47 респонденттің басымдылықа ұмтылу денгейі жоғары. Ал 14,7%, 11 респонденттің басымдылыққа ұмтылу денгейі орташа көрсеткішті көрсетті. Ал, респонденттердің 17 төмен деңгейге ие болып, 22,7 % құрады. Осы көрсеткіштерді төмендегі суреттен көре аласыздар.

ОХ – Ішкі бақылау  шкаласы бойынша параметрлік  көрсеткіштері

ОУ – пайыздық қатынас.

            СУРЕТ 2.7 «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесінің ішкі бақылау шкаласы бойынша респонденттердің пайыздық көрсеткіштері.

Жүргізілген екі  әдістеменің сапалық талдауынан кейін, сандық талдау мақсатында біз  К.Роджерс – Р.Даймондт пен А.Г. Маклаков, И.В. Червянин әдістемесі нәтижелерінің өзара байланысын Стьдент t-критерий арқылы мәнділікті тексереміз.

Бейімделушілік  әдістемесі және К.Роджерс – Р.Даймондтың «Әлеуметтік – психологиялық  бейімделу» сұрақтамасындағы 6 – шкала  бойынша көрсеткіштердің байланысын анықтап, статистикалық мәнділігін дәлелдедік.

Респонденттердің  әрбір шкаладағы көрсеткіштері  бойынша орташа арифметикалық шамасын, яғни алынған мәндердің қосындысының арифметикалық ортасын төмендегі  формула арқылы табуға болады.

                                                            (1)

                                                                                   (2)

Мұндағы ( ), ( ) – орта мән болып табылады. Осы орта мән арқылы алынған нәтижелер көрсеткіші төмендегідей:

Кесте 2.7 Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу шкалалар

 

Шкалалар

A

S

Z

E

J

D

Х

82

71

69

66

70

65

У

60

52

52

56

50

54

Информация о работе Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу