Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:45, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде сарбаз қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.

Оглавление

1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік - психологиялық бейімделу ұғымының теориялық негізі
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы
ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы

Файлы: 1 файл

диплом Саркытбеков.doc

— 679.50 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

С.Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік  Университеті

 

 

 

Қызметте қолдау үшін (қажет кезінде)

 

«Қорғауға жіберілді»

___________

Кафедра

меңгерушісі ___________ Р.Ж. Тюлюпергенова

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: «Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық  бейімделуін зерттеу»

 

 

 

050503- мамандығы бойынша  – «Психология»

 

 

 

 

       Орындаған                                          Сарқытбеков Ж 

 

       Ғылыми жетекшісі                          

       аға оқытушы                                      Тоқтарбекова Қ.Т 

 

      Норма бақылаушы                             Кайсинова Р.О

 

 

 

Өскемен, 2013 жыл


 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

 

С. Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

Сарқытбеков Ж

 

 

 

Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін  зерттеу

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

050503- мамандығы  – «Психология»

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен, 2013

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН  МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Әлеуметтік - психологиялық  бейімделу ұғымының теориялық  негізі   
1.2  Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік

2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ  ЖҰМЫСТАРЫ

2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы

2.2 Зерттеу нәтижелерін  өңдеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы

ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

                Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінде қызмет ету  - оның әр азаматының  міндеті.  Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы  ретінде сарбаз қызметшілерге  халықтың білдірген сенімі. Ұлттық  қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.

«Ұлттық қауіпсіздік  дегеніміз - аумақтың тұтастығын толық  сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету» (Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы) Әрбір әскердің кәсіби іс-әрекеті біздің Қарулы Күштер болашағына жауапты. Сондықтан Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік дайындығы біздің мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сенімді қорғау қабілеті, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады. Ел басымыздың 28 ақпандағы 2007 жылғы соңғы халыққа берген «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстан Қарулы Күшіне зор үлесін қосатындығын айқын көрсетіп айтып кетті.[1,б 7].

Ал 20 мамыр 2007 жылы Қазақстан  Қарулы Күшіміздің министірі Ахметов. Д. К өз сөзінде Қарулы Күштерімізді нығайтатынын, әскерлердің жалақысын, баспанасымен қамтамассыз ететіндігі туралы сөз қозғады. Қарулы Күштеріміздің санын көбейтумен, сапасын да арттыратынын айтты.[2,б.10].

Соңғы уақытта Қарулы Күштер қатарына психологтардың жұмысына деген қажеттілік туған. 2007 жылдан бастап психологтарға  штаттар ашылып, өз жұмыстарын жүргізу  үстінде. Осыған орай, әрбір әскердің кәсіби іс-әрекеті біздің Қарулы Күштер болашағына жауапты. Сондықтан Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлік дайындығы біздің мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сенімді қорғау қабілеті, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады. Сондықтанда Қазақстан Республикасына, өзіміздің Отанымызды психолог ретінде әскерлердің кәсіби іс- әрекетінің жемісті болуына өз үлесімізді қосуға мінддеттіміз деп санаймыз. [2,б.14].

Жоғарыда айтылған аталмыш сала төңірегінде зерттеу жұмыстарының негізгі аспектілерін психологияның бір саласы - әскери психология зерттейді. Әскери психология — әскери қызмет жағдайындағы адам психикасының зандылықтарын (түйсік, қабылдау, ойлау, сезім және т.б.) зерттейтін психология саласы. Әскери психология - әскери қызметшілердің психологиялық қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын (қызығушылық, дағды, қабілет, мінез, темперамент және т.б.), сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен эмоциясын зерттейді. Бұл зерттеулердің нәтижелері қарулы күштердің жеке құрамы бойында кажетті ерік сапаларын тәрбиелеу кезінде тәжірибелік тұрғыдан қолданылады.

Әскери психология — әртүрлі әскери іс-әрекеттердің психологиялық мәселелерін, оның әлеуметтік тарихи жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін, жауынтерлердің жеке басының даярлығын, әскери ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, саяси қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология ғылымының арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұсында әскери психология Кеңестік армия құрылуымен қатар пайда болып, мемлекеттің қарулы күилерін және Отан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді. Әскери психологияның ғылыми астары оның теориясы мсн практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді оқыту, тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, сарбаздардың жауынгерлік рухын көтерудің психологиялық аспектілерін зерттеуге арналады. Әскери психологияның негізгі мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және педагогикалық психологиямен байланысты. Әскери психология: әскери-әлеуметтік, әскери-авиациялық, әскери-теңіз психологиясы салаларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы (экстремалдық) әскери құрамалардың тыныс-тіршілігінде туындап отыратын құбылыстар мен зандылықтарды зерттейді. Әскери психология дербес ғылым ретінде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүниеге келді. Онда ірі әскери құрамаларға басшылық ету, ұрыс даласында жеңісті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан жағдайында әскери қызметтің сан саласында әскери психологияның іргесін қалаушы Бауыржан Момышұлы болды. Ол қазақ, орыс тілдерінде "Соғыс психологиясы" еңбегін жазды. Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.

Қазір енді Отан қорғаушылар  қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді. 

Қазіргі әскер жауынгердің  ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета кешендері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады». Отан қорғаушы, әлеуметтік рольді орындаушы болып табылады. Сонымен тұлғаның бейімделу ерекшелігі кәсіби іс-әрекетіне бейімделу зор ықпалын тигізеді. Жас сарбаздардың кәсіби іс-әрекеті ұғымы астарында – Отан алдындағы борыштарын өтеу жатыр. Сарбаздардың тез бейімделінуі өзіндік тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты. [2,б. 11].

Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік-психологиялық бейімделуді  Л.П. Буева, JI.C. Выготский, И.П. Волков,  А.Г. Здравомыслов, Е.С. Кузьмин, А.Н. Леонтьев, Б.Д. Парыгин, В.А. Петровский, Л.С. Рубинштейн, А.А. Реан, А.Л. Свенцицкий, В.А. Ядов және басқалары қараған. Бейімделудің жалпы теорияларын, адамның биологиялық табиғаты ескерілетін қоғамның әр түрлі аймағындағы бейімделу мәселелерін Ю.А. Александровский, О.Ф. Алексеев, Г.А. Балл, А.В. Георгиевский, JI.B. Горелов, А.Н. Жмыриков, В.П. Казначеев, С.В. Кинелев, И.К. Кряжева, В.И. Лебедев, В.Г. Леонтьев, Т.И, Ронгинский, В.Н. Судаков, Г.И. Царегородцев, Г.А. Юг және басқалар еңбектерінен көруге болады.

Сарбаздардың бейімделу мәселелерін әскер саласындағы ғалымдар да зерттеген: Е.Д. Богатырев, М.И. Бородин, А.Д. Глоточкин, М.И. Дьяченко, Ю.П. Зуев, В.П. Каширин, В.Н. Ковалев, Н.И. Конюхов, В.В. Кузьменко, Ю.М. Мамонтов, В.В. Собольников, С.И. Съедин, Н.Ф. Феденко, сонымен қатар А.В. Барабанщиков, В.И. Вдовюк, А.Т. Иваницкий, В.Я. Слепов, В.И. Хальозов сияқты әскер саласындағы педагогтар еңбектерінен көруге болады. 

Жас сарбаздардың әлеуметтік психологиялық бейімделуінің төмен болуы көптеген психологиялық тұрғыдағы мәселелерді ашып береді. Солардың қатарында, өзіне деген сенімділіктің жоғалуы, Жоғарыда айтылған зерттеу өзектілігін негіздей келе, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін эксперименталды зерттеу» деп алдық.

Зерттеу мақсаты: жас  сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық  бейімделуін зерттеу.                        

Зерттеу объектісі: сарбаз қызметтің алғашқы кезеңіндегі  жас сарбаздар.

Зерттеу пәні: жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі.

Зерттеу болжамы: жас  сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық  бейімделуі жас ерекшеліктеріне  байланысты болады. 

Зерттеу міндеттері: 

  1. Ғылыми теориялардағы бейімделу, психологиялық бейімделу ұғымдарының мәнін ашу;
  2. Әскер қатарындағы жас сарбаздардың тұлғалық ерекшеліктерін сипаттау;
  3. Эксперименталды зерттеу процедурасын тағайындау;
  4. Эксперименталды зерттеу нәтижелерін талдап, қорытынды жасау.

Зерттеу әдістері:  аналитикалық, статистикалық және матемиткалық әдістер (Спирменнің рангтік коррлеяциясы, Стюдент формуласы), анкета әдістері қолданылды. Сонымен қатар төмендегі  әдістемелерді қолдандық:

  1. Анкета;
  2. А.Г. Маклаков, И.В. Червянин «Бейімделушілік» көпдеңгейлі тұлғалық сауалнамасы;
  3. К. Роджерс және Р. Даймонд «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу сауалнамасы»;

Зерттеу базасы: Өскемен  қаласы, ҚР ІІМ «55/18 Әскери бөлімі.

Зерттеу құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі, тіркемелерден тұрады.

 

 

 

 

1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Әлеуметтік - психологиялық  бейімделу ұғымының теориялық  негізі   

Бейімделу (лат. adaptare — бейімделу)— ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі — гомеостазды сақтауға бағытталады. Биологиялық бейімделу ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: молекулярлықтан бастап, іс-әрекетті психикалық реттеуте дейін. Экстремалды жағдайларға бейімделу сәттілігінде жаттығу процестері, индивидтің функционалдық, психикалық және моральдық күйі маңызды рөл атқарады. Бейімделу сондай-ақ теориялық ұғым ретінде гештальтпсихология, швейцар психологі Ж. Пиаже шығарған интеллект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-теңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыштар сезгіштігінің тітіркендіргіштердің әсеріне икемделуі. Заттардың бейнесін қабылдау кезінде көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды көре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жағымсыз естілетін дыбыстарға да бейімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейімделуі де әр қилы болуы мүмкін. Бейімделу мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. Бейімделу орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметтері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және психологиялық деп екіге бөлінеді: біріншісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік индивид ретінде, белгілі талаптарға, жағдайларға, принциптерге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жекелік қасиеттерін ескере бейімделу үрдісі болып танылады. Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үрдісі психологияда әлеуметтік бейімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабылдаудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктемеден сақтау мақсатымен сезім мүшелерінің әртүрлі стимулдар ерекшеліктсріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік — индивидтің өзін қызықтыратын белгілі бір іске тандамалы бағыттылығы.

Информация о работе Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу