Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:45, дипломная работа
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде сарбаз қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.
1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік - психологиялық бейімделу ұғымының теориялық негізі
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы
ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы
Басында қандай болмасын мінез қыры психикалық күй ретінде болса, содан ол жиілеп, тұрақтанып мінез қыры болып қалыптасады. Уақытша болған психикалық күйдегі қорқақтық, шешімсіздік бірте- бірте батылдыққа, шешімділікке айналады. Сондықтан мінезді тәрбиелеу үрдісі сол сияқты көптеген жүйелік жағдайды тудырып, әскерлердің психикалық күйін тудырту болып табылады.[8,б.143].
Жас сарбаз Қарулы Күш қатарына ене отырып, оның өзінің өмірлік дағдысы, әдеті, тұлғалық қыры болды. Ол қоғамдық іс- әрекетті, адамгершілік құндылықтарды игерген. Ал олар Әскери өмірінде негативті түрде әсер етеді. Яғни ол оның бейімделуіне көп кері әсерін тигізеді.
Әскери қызметтің басталуы жас сарбаздың қайтадан мінезінің қалыптасуына әкеледі. Әскери тәртіп оның алдына қатаң тәртіпке бағынуға, міндетке, қойылған жарғыны, басшылардың бұйрығын қатаң тәртіпте орындау болып табылады. Жалпы уставты орындау, әскери қызметтегі тәртіпті орындау сарбаз бойына мынандай тұлға қырларын қалыптастырады: тәртіптілікті, мақсаттылықты, жауапкершілікті, тұрақтылықты, жинақылықты, ұжымдылықты қалыртастырады.[4,б.93].
Іс- әрекетті қайта- қайта қайталау барысында тәжірибе жинақталады. Ол саналы түрде қалыптасып, әдетке айналады. Осы Әскери ұстанымдарды ұстанып, саналап оны әдетке айналдырса, әскер ұрыс кезінде де және бейбітшілік кезінде де дұрыс іс- әрекет ете алады.
Әскердің мінез қырының
Ең бірінші рет әскер қатарына кірген жас сарбаз өз еркімен жоспар құрып, ұжыммен жұмыс істей алмайды. Ол оны бара – бара тәжірибе, саналау арқылы, әртүрлі жаттығуларды орындау арқылы, тәжірбиелі әскерлердің жұмыстарын игеру арқылы үйренеді.
Әскердің мінезін
Келесі Әскери мінезді қалыптастырудың бірі, ол физикалық тәртіп болып табылады. Физикалық жағынан дайындалған,мықты немесе Әскери жоғары ерік- жігер сапаларын көрсете алады: шыдамдылық, тұрақтылық, шешім тапқыш, өзін- өзі ұстай алу, Әскери қиыншылықтарды еркін бастан кешіру, және өз- өзіне сенімді болады.[3,б.145].
Ең соңғысы әскердің өзін- өзі мінезін тәрбиелеу болып табылады.Ең негізгісі жауапкершілікті саналай алу, сезіне алу. Әскери басшы осындай қасиетті әрбір Әскери бойына қалыптастыру керек. Осындай әскердің мінезін қалыптастыру тәсілі: өзін-өзі сендіру, өзін- өзі иландыру, өзіндік критика, жағымды мысалдар келтіру, жоғары рухани идеал, жаттығулар, өзін- өзі кешірту және өзін- өзі қиналтырту.
Ерік - жігер - адамның мақсаты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз қылық әрекеттерін жеңумен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдауы. Ерік, яғни ырықты әрекеттер- ырықсыз қимыл қозғалыстар негізінде пайда болды. Қарапайым ырықсыз қимылға көз қарашығының кішірейуі, жыпылықтау, жұтыну, түшкіру тағы басқалар жатады. Ыстық нарседен қолды тартып алу, шуға бас бұру. Біздің сезімдік көңіл- күй таныту әрекетімізде ырықсыз сипатқа ие. Мысалы: біз таңдана қасымызды кереміз, әрекеттің жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген импульстік қозғалыстар осы ырықсыз қимылға кіреді. Шуға мойын бұру, затқа бір көргеннен әуестену тағы басқа. Еріктік қылықтың ерекшелігі, мен қойлығын емес, мен өз міндетпен жетегінде болу. Кей ерекшелік әрекеттер күрделі орындалуы ұзақ мерзімді. Мысалы : тау шыңын ерттеп мінем деген альпинист, көрмеге дайындалған оқушы, өз ойларын ақтауы үшін талай жұмыстарды, ерік күшін сарп ету керек.[32,б.147].
Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылыстарын түсініп білмеген де. Жеке адам қасиеті сипатында ерік орта ғасырларда таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамға орнын берген. Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе тіршілік философиясы пайда болады. Экзистенциализм ( М. Хандегтер, К. Ясперс, Ж. П. Сартр, А. Камю ). Ерік тәуелсіз, тыс әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ деген. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистентенцианалистер адам болмысының жалпы негізгі жөніндегі ойларын дәл ацта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершіліктерін ацыратын, қоғамдық тарихи, мәдениетке қайшы келетінкездейсоқ, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір- ақ түсірді.[10,б.334].
И. П. Павлов ерікті - белсендігіне байлау болған кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшілдік- еркіндік инстинкті деді.
З. Фрейд пен Э. Фромның психоналитикалық зерттеулердің нәтижесінде, ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат деген. Бұл ғалымдардың болжамынша адам қылықтарының көзі- психикалық формаларын келтіретін жанды ағзаның қандайда биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З. Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ «либидо»- жыныстық құмарлық психосексуалды энергиясы З. Фрейд адам қылығын тіршілік жалғастырушы, яғни, либидалық мәдениеттендірілген алғашқы көрінісі деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге ұмтылыстардың белгісі «танатос» деді.[10,б.335].
К. Лоренс ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиеті қоғамдық рұқсат еткен белсенділер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшылық әрекеттері болуы мүмкін.[10,С350].
Белсенділік - енжарлық іс- әрекеттің өмірдің барлық сферада көрінун сипаттайды.[20,б.185].
Эмоционалдық - эмоционалсыздық
болып жатқан оқиғаларға деген
жауап ретінде эмоционалды
Біріншілер - екіншілер
адамның темпералды-
Екіншілер бірінші әлсіз реакция көрсетеді, содан соң тітіркендіргіштерге жетіп, күші артып, эффект ұзақ сақталады. Олар мардымсыз жағдайдың әсерінен көпке қуат алады, табанды
Ұзақ уақытқа жоспар құрып орындауға қабілетті.
Эмоционалды белсенділіік, бірінші екіншіліктің сапасын әртүрлі комбинациялар арқылы 8 мінез типтерін құрауға болады.
Сонымен, мінез тұлғаның әртүрлі жағдайлардағы тұрақсыздық, теңсіздігінің мөлшерін анықтайды.[20,б.187].
Кез - келген адам мазасыздық жағдайын сезінеді.
Мазасыздық- бұл реалды және қауіптілікті бастан кешіре алу. Егер қауіптілік реалды болса, мазасыздық күшті жұмылдырып, шоғырландыруға болады. Егер мұндай жағдай жағдайда жиі болса, онда психика жұқарады , ал өнімділік төмендейді. Мазасыздық бұл жерде ішкі тынышсыздықта, дүрлігуге, қамдануға, қозғыштыққа өтеді. Сондықтан да мінез-бұл тұлғаның фрустрациялық жағдайларға қарсы тұруы, мазасыздықтың шешілуінің индивидуалды тәсілі. Фрустрация-бұл қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. Бірақ белгілі болғандай жағдай қиындығы - бұл субъектілік құбылыс: сондықтан бір адамға танысу қиын (бұл астеникалық тұлғаларда болады), басқаларға айырылысу қиын, біреулерге монотонды еңбек қиын, басқаларға экстремалды жағдайларда әрекет жасау мүмкіндігі қиын. Қалған тапсырмалар жеңіл шешіледі және де адамның өмір сүру жолы жалпы өнімді болып табылады.[22,б.179].
Бейімделу кезеңі 3-5 ай көлемінде созылады. Бақылауларға сүйенсек, Әскери сарбаздар жүйке-психикалық тұрақсыздықтары көрінбесе, белгілеріне қарамай, достық қатынастарын 3-4 аптадан соң тұрақтайтын көрінеді. Ал 1,5 – 2 айда әскери ұжымда өздерін толық қанағаттанарлықтай сезінеді. Ал, егер жас сарбаздарда жүйке-психикалық тұрақсыздық белгілері бар болатын болса, тіпті 5 ай уақыт өткен болса да, әскери ұжымда өз орындарын таба алмай, қатынастарын құра алмай, қызмет міндеттерін өтеуде қиыншылық туындайды. Бейімделуді қиындататын факторлар төмендегідей: [26, c.45]:
а) объективті (сыртқы).
- әскери қызметтің қиыншылықтары: жаңа өмір рғақтары, қатал күн тәртібі, жеке еркіндіктің азаюы, бағынуға мәжбүрлік;
- отбасымен, дағдыланған жағдайдан қол үзу;
- қызметтегі сәтсіздіктер,
басқа улкен сарбаздармен
- дөрекі, сыйламсыз қатынастар;
- шектен тыс қаталдық, талаптар, әділетсіздік;
- б) субъективті (Әскери сарбаздың өзіне тән):
- жоғары білімнің
- ұлттық ерекшеліктер
(ұлттық сезімдердің, мінез-
- өз жанұясы мен балаларының болуы;
- қарт және науқас ата-аналарының болуы;
- жасы ұлғайған сарбаз;
- қолайсыз отбасында, жетімдер үйінде тәрбиеленуі;
- моральды азғындық;
- физикалық әлсіз болуы;
- мықтың денсаулықтың жеткіліксіздігі;
- жүйкелік-психикалық тұрақсыздығы.
Сонымен қатар әлуметтік-психологиялық бейімделу процесіне оның жүру барысы да әсер етеді. [26, c.57]. Бұл жерде Әскери бөлімнің іс-әрекетінің де ерекшеліктерін (мысалы әуе-десанттық Әскери қызмет өте жоғары физикалық жүктемемен сипатталады, арнайы Әскери қызметтер – орындалатын тапсырмалары), тұрмыстық жағдайларды, әскери ұжымдағы өзарақатынастарды да ескерген жөн. Ерекше назар, сержанттардың жас сарбаздарға қатынастарын аударылуы тиіс. Себебі, тек гана солар келген жас сарбаздармен өте көп уақыт өткізеді.
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы:
әдістер, әдістемелер,
Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық
бейімделуін эксперименталды
Эксперименталды жұмыстарды жоспарлаудағы ең алғышқы қадамымыз – зерттеу бағыттарын анықтап, диагностикалық бағдарлама құрудан басталды [Тіркеме А].
Жалпы
эксперименталдық зерттеу
Ең алдымен зерттеу
жұмысымызға сипаттама беретін
болсақ, бұл зерттеу – жас сарбаздардың
әлеуметтік-психологиялық
Аталған топты таңдап алуымыз зерттеу жұмысымызда көрсетілген міндеттердің орындалуынан байқалады. Бұл міндетті орындауда келесі әдістемелер қолданылды.
Келесі кезекте біз қолданылған әр - бір психодиагностикалық әдістемелерге тоқталып өтейік. Анкеталық жұмысқа келетін болсақ, біз мекеме психологымен бірлесе отырып, зерттеу жұмысымыздың бағытан орай анкеталық сұрақтарды құрастырдық. Анкета – қалаулары, мотивтері, ойлары, бағалары туралы сұрақтар бірлестігі. Олар ереже бойынша 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, демографиялық.
Кіріспе бөлім: сұраушыларға үндеу тастау. Онда көрсетіледі: а) сауалнама жүргізілетін мекеме атауы; б) зерттеу міндеттері; іс-тәжірибелік және теориялық мәнділігі; в) көрсетілген міндеттерді шешуде әр респонденттің орны; г) сауалнама жауаптарын анонимді болуын куәландыру; д) анкета толтыруға арналған нұсқау; е) респонденттің тілегі бойынша сауалнама нәтижелерімен таныстыруға дайындығы туралы куәландыру; ж) анкетаны диагностқа қайтару тәсілі.
Негізгі бөлім: диагностикалық міндеттерді шешуге арналған сұрақтар. Негізгі бөлімнің 3 деңгейлі формасы болады:
Информация о работе Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу