Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:45, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде сарбаз қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.

Оглавление

1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік - психологиялық бейімделу ұғымының теориялық негізі
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы
ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы

Файлы: 1 файл

диплом Саркытбеков.doc

— 679.50 Кб (Скачать)

         Қызығушылық - танымдық қажеттіліктің  көрінісі болып табылады. Яғни  тұлға өзінің іс- әрекетінің мақсатына  саналы түрде қарау, яғни қоршаған  ортаға бағыттау. Субьективті түрде  қызығушылық эмоцианалды күйде анықталады, яғни таным процесіне немесе бір объектіге деген зейінін тоқтатқанда. Қызығушылықтың ең бір ерекшелігі, қызығушылықты өтеген сайын, жаңа бір қызығушылық туып отырады. Әскери адамға тұлғалық қызығушылық ең басты орынды алады. Ол, Әскери адамның көзқарасын өзгертеді, Әскери және саяси білімді жинауға, танымдық белсенділігін көтеріп, Әскери шеберлігін тудырады, Әскери іс-әрекетіне шығармашылық қатынасын тудыртатын стимулды тудыртады. Әскерлердің қызығушылықтары әртүрлі. Мысалы: олардың қызығушылықтары  мазмұнына, объектісіне, пәніне  немесе  іс-әрекет  сферасына  қатысты: қоғамдық, Әскери- кәсіби және  тұрмыстық қызығушылық деп бөледі. Көлеміне қарай: кең немесе тар деп бөлінеді. Тұрақтылық дәрежесіне қарай: тұрақты немесе тұрақсыз деп бөлінеді. Тұрақты қызығушылығы бар әскерлерден жақсы мамандар, өз ісінің маманы дайындалып шығады. Және әскерлердің қызығушылық әрекеті де әртүрлі. Кейбіреуінде қызығушылық әлсіз және тез жоғалады, ал кейбіреуінде тұрақты, тудырушы күшпен болады. Сондықтан әскердің қызығушылығын басынан бастап анықтаған жөн [13,б.172].

Бейімделгіштік - бұл бағыттылық, адамды анық бір іс-әрекетпен айналысуға шақырады. Ол қызығушылыққа ерікті компонентті қосқанда туады. Бейімделгіштік адамның қандайда бір іс-әрекетке терең тұрақты қажеттілігі болғанда, яғни қандайда бір іс- әрекетке анық қызығушылық туғанда.[13,б.173].

Идеал - адамның бір  нәрсеге талпынуы. Яғни, адамның  өмірге деген объективті түрде қарауы, қоршаған ортаға және өзіне деген  қатынасы.[13,б.175].

Сендіру - бағыттылықтың ең жоғары түрі. Тұлға мотивінің жүйелігі, өз көзқарасы бойынша, принципі, өмірге деген көзқарасы  бойынша тудыру. Сендірудің бастысына, саналы қажеттілік, ол тұлғаны әрекетке итермелейді, мотивін, іс-әрекетке деген мотивациясын қалыптастырады. Ал енді мотивті қалыптастырайық. [13,б.178].

            Мотив - іс-әрекетті тудырушы, ол  субъектінің қажеттілігін өтеумен  байланысты. Мотив адамның іс  әрекетін тудырып, бағыттып қана  қоймай, әрекетке, субъективті қылыққа  тұлғалық мағына береді. Әскерлердің  мотиві өзінің құрлымына қарай өзгермелі болады. Әскери қызмет процесінде олар өзгеріп, қайтадан пайда болады. Және дамуына әртүрлі объективті жағдай, колбасшы әрекеті, басқа әскерлер өзіндік әрекетін және қылығын бағалау ықпал етеді. Кейде мотивтердің өзгеруі байқалады. Мысалы: әскер демалыс алу үшін спортпен айналысса, артынан қызығып, спортпен айналыса бастайды. Яғни өзінің кәсібіне жауапкершілікпен қарай бастайды. Яғни, мотивті және оның өзгеруін көре білген офицер, әскерлердің де іс-әрекетін көре білетін болады. Яғни, тиімді түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу болып табылады. [13,б.176].

          «Мотивация»  термині «мотив» терминіне қарағанда  кең мағынаға ие. Мотивация психологияда 2 мағынаға ие: іс-әрекетті детерминизациялау  (қажеттілік, мотив, мақсат, талпыныс). Іс- әрекеттің қандай болмасын формасы ішкі немесе сыртқы себептен туады. Бірінші жағдайда субъектінің психологиялық қасиет іс- әрекеті жатса, екінші жағдайда сыртқы жағдай және іс- әрекеттің анықтылығы жатады. Бірінші жағдайда – мотив, қажеттілік болса, екінші жағдайда - стимул, пайда болған жағдайдан шығатын стимул болып табылады. Мотив саналанған немесе саналанбаған жағдайда болады. Басты тұлғалық бағыттылығы саналанған мотивтерден тұрады. Мотив адам қажеттілігінен туады. Ал қажеттілік өмірлік жағдайда және іс- әрекетке деген сұраныс күйі. Қажеттілік үнемі соны өтеумен байланысты. Адамның қажеттілігі оның өміріне, ұжымдық деңгейіне байланысты. Адамның басты қажеттілігі – күш, қажеттіліктің пайда болуы және оның өтелуі. Ал қосымша жүретін, ол қажеттілік мазмұны болып табылады.[13,б.177].

              А.Маслоу пирамидасы. Ең төменгі  сатысы физиологиялық қажеттіліктерді  өтеу болса, ең жоғарғы сатысы  өзін- өзі өзектендіру болып табылады.[10,б. 334].

           Келесі іс- әрекетті тудырушы  ол - мақсат.

           Мақсат - іс-әрекетпен байланысты бағытталған, қажеттілікті өтеумен, саналы қорытынды алу. Зейіннің ең басты объектісі мақсат болып табылады. Ол ойлау процесін  және эмоцианалды күйзелістерімен байланысты. Соның өзінде іс- әрекет мақсаты және өмірлік мақсаттың айырмашылығын білген жөн. Іс-әрекет мақсаты бір бағытты көздесе, ал өмірлік мақсат жалпыланған  бағыттардан тұрады. Адамның мотивациялық сферасының қаншалықты дамығандығын: оның кеңдігіне, иілгіштігіне, иерархиясына қарай қарастыруға болады. Мотивациялық сфераның кеңдігіне қарай, оның мотивациясының әртүрлігіне, қажеттілігіне қарай қарастыруға болады. Адамның қаншалықты мотиві, қажеттілік, мақсаты әртүрлі болса, соншалықты оның мотивациялық сферасының дамығандығын көруге болады. Ал мотивациялық сфераның иілгіштігі деген, ол мотивациялық туулардың әртүрлігінде, жалпылай мінезделуінде. Егер адам қандай жағдайда болмасын мотивін өтегенде, оның жан-жақты, әртүрлі болуы болып табылады. Ал оның мотивациялық сферасының иілгіштігін көрсетеді. Мысалы: кейбір әскерлер өздерінің білімге деген қажеттілігін кино, радио, телевизор арқылы алса, ал  кейбіреуі білімді әртүрлі кітаптар, адамдармен қарым- қатынас барысында алады. Осының соңғысы оның мотивациялық сферасының иілгіштігін көрсетеді. Келесі мотивациялық сфера, ол оның иерархиялы болуы. Бұнда қажеттілік, мотив, мақсат бірдей емес және ол әртүрлі деңгейде көрінеді. Біреуі күштірек көрінсе, келесісі әлсіз түрде көрінеді. Осыдан шығатын нәрсе, барлық мотивтерді [14,б.743]. 2 топқа бөлсе: материалды және әлеуметтік. Онда әскерлердің тұлғалық иерархиялық мотиві оның жалпы бағыттылығын, Әскери қызметке деген қатынасын да көре аламыз. Әлеуметтік және психологиялық зерттеулер әскерлердің әскери кәсіби бағыттары оқу үрдісінде, дисциплинада, қоғамдық өмірге қатысу барысында көрінеді дейді. Сондықтан әскерлерді басты тәрбие бағыты, оның тұрақты  және әрекетті Әскери- кәсіби бағытын құру болып табылады. Әскер адамның тұлғалық бағыттылығын құру туралы айтқанда, бағыттылық- көпжоспарлы күрделі көрініс. Сондықтан материалдық және рухани  қажеттілікті ескермеген дұыс болмас еді. Материалдық қажеттілікті өтеу, ол тұлғалық жан-жақты дамуына қажет. Қолбасшылар және басшылар берілген материалдық ресурстарды тиімді жолмен пайдалану керек. Олар қоластынлағы әскерлердің материалдық жағдайына тыңғылықты қарап, оларға қажеттілігін үнемі қамтамассыз етіп отыру керек. Әйтпесе, нарықтық заманда Әскери қызмет жас әскерлердің алдында өзінің бағасын, маңызын жоғалтады. Әрине үйрету, ұрыс кезінде тұрмыстық жағдай тудыра алмайсың, сондықтан әскерлер өздерінің қажеттіліктерін бағдарлап, өздерін ұстай алу қажет. Ал ұрыс кезінде  ең бірінші рухани қажеттілік ең бірінші орыныды алады. Осы рухани қажеттілік әскерге Отанға деген сүйіспеншілігін, міндетті сезімдерін тудырушы болып табылады.[15,б.170].

             Мінез - белгілі өмір жағдайына  байланысты субъектінің іс- әрекетінің  тәсілі жеке дара тұрақты психикалық  ерекшеліктерінің үйлесімі. [25,С534].

Немесе мінез адамның әлеуметтік іс- әрекетінде бірінші орында мамандығына  басқа адамда өзіне деген қатынасында көрінетін психикалық ерекшеліктері. Мінез әлеуметтік қасиеттер жиынтығы. Мінездің ең бірінші ерекшелігі, психикалық феномен ретінде ол үнемі іс- әрекет барысында көрінеді. Яғни, қоршаған ортамен және адамдар арасындағы арақатынас. Мысалы: мінездің ең басты қырын іс- әрекет ерекшелігінен көруге болады, Яғни, адам қанжай іспен айналысқысы келетінінде. Кейбір адамдар күрделі әрі ауыр іс- әрекет түрлеріне жүгірсе және олар одан ляззат алса, онда олар қиындықтан шығу жолын іздеп, тығырықтан шыға алады. Ал кейбіреуі жеңіл жолға жүгіреді. Кейбір адамдар істеген  жұмысының іс- әрекетін қадағалап, басқалардан озып кететіндей қорытынды көрсете алдыма соған талпыеса, ал кейбіреуге бәрібір, артта қалып қоймасам болды деп ойлайды. Сондықтан адам мінезін анықтағанда, бұл адам өзінің шыншылдығын, ашықтығын, күштілігін көрсетті деп  айтпайды, былай айту керек: бұл адам шыншыл, батыл деп айту керек. Бірақ мінезді барлық ерекшеліктері бойынша айтпай, тек тұрақты және маңыздылығына қарай айтқан жөн.[26,б.6].

Мысалы: адам өзінің стресстік жағдайда өзін ұстай алмай, жаман жағынан көрсетсе, ол оның мінез қасиеті деуге болмайды. Тіпті өте көңілді адамның өзінің көңілі түсіп отырады, бірақ оны пессимист адам деп айта алмайсын ғой.

              Мінез туғаннан бастап қалыптаса бастайды. Ой, сезім, оятулармен мінез өте тығыз байланыста. Адамның мінезі қалай қалыптасса, оның мінезі де солай қалыптасады. Сонда адамның өмір жағдайы, қоғамдық жағдайлар адам мінезінің құрылуына маңызды роль атқарады.[27,б.269].

             Мінездің құрылуы ерекше бір даму ерекшеліктеріне байланысты ( Жанұя, топ, сынып, спорттық команда, еңбек ұжымы ). Топтың қандай болуына, яғни оның мәдениеті, қандай құндылықты ұстануына байланысты мінез қыры соған сай қалыптасады. Мінез қырына қарап, адамның күрделі индивидуалды ерекшеліктерін көруге болада. Нақты жағдайға байланысты болмасада, адам іс- әрекетін анықтайды. Мінез қырының көптеген классификациясын бөліп қарастырады. Отандық психологиялық әдебиеттерде екі бағыт кездеседі. Біріншісінде мінез қырын барлық психикалық үрдіспен байланыстырады, сондықтан көбінде қарастыратыны ерік, эмоцианалды және интеллектуалды қырлар.Сондықтан ерікті мінез қырына- шешімді, өз дегенде тұратын, өзін ұстай алатын, өзбеттілік, белсенділік, ұжымдық қасиеттерді айтады. Эмоцианалды мінез қырына- көрсе қызарлық, инерттілік,немқұрайлық, қызбалық жатады. Интеллектуалды қырға- терең ойлық, жинақылық, тапқырлық, танымдық және тағы басқалар жатады.[28,б.132].

            Келесі мінез қырының зерттелу  позициясын тұлғалық бағыттылығына қарай зерттейді. Тұлға бағыттылық мазмұны қоршаған ортада, іс - әрекетте, өзіне дегенде көрінеді. Мысалы: қоршаған ортаға деген адамның қатынасы өзінің анық сенімдерінде көрінеді. Бұл қыр категориясы тұлғаның өмірлік бағытына байланысты, яғни оның материалдық және рухани қажеттілігіне, қызығушылығына, сенімдеріне, идеалына байланысты. Тұлғалық бағыттылық мақсатты, адамның өмірлік жоспарын, өмірлік белсенділік дәрежесін анықтайды. Құрылып қойған мінездің ең бір басты компоненті сендіру жүйесі болып табылады. Сендіру адамның ұзақ уақыттық іс- әрекет бағыттылығын анықтайды, оның мақсатқа деген талпынысын және соған жету барысын анықтайды.[29,б.269].

                 Келесі мінез қырларына адамның  іс- әрекетке деген қатынасын  айтады. Бұл жерде адамның қандай да бір нақты іс- әрекетке деген қатынасы туралы емес, жалпы іс- әрекет деген қатынасы. Адам әрекетшіл немесе әрекетшіл болмауы мүмкін. Ол қоғамға маңызды іс- әрекетпен немесе өзінің қажеттілігін өтеу үшін әрекет етуі мүмкін. Жалпы мінезді түсіндіретін фактор, ол қоғамдық және тұлғалық маңыздылық болып табылады. Әрбір қоғамда маңызды міндеттер бар. Сол арқылы адам мінезі қалыптасып, тексеріледі. Яғни, мінез- талпыныс пен табандылықтың көрінісі ғана емес, ол қоғамдық маңызды іс- әрекетке деген бағыттылық. Іс- әрекеттегі тұлғалық бағыттылық бірлікте, біртұтастықта, мінез күшінде жатыр. Адамда өмірлік мақсаттың болуы- ол мінездің басты құрылу жағдайы болып табылады. Мінезсіз адамның мақсаты шашыраңқы және жоқ болады. Бірақ тұлғалық мінез және бағыттылық бірнәрсе емес. Тәртібі жақсы, жоғары адамгершілігі бар адамда және адамгершілігі жоқ, ниеті жаман адамда әрекетшіл бола алады.[29,б.269].

Мінез қыры іс- әрекетке деген қатынаспен және тұрақты қызығушылықпен байланысты. Қызығушылықтардың үстірттілігі және тұрақсыздығы еліктеушілікке келеді, ол адам тұлғасының өзбеттілік еместігін көрсетеді. Ал керісінше тұлғаның қызығушылығы терең болса, ол оның тұлғалық бағыттылығын, тұрақтылығын көрсетеді. Бірақ қызығушылықтардың сәйкес болуы мінезінің сәйкестігін көрсетпейді. Мысалы: қызығушылықтары ұқсас адамдардың біреуі көңілді немесе көңілсіз, ашық немесе тұйық юолуы мүмкін. Тағы айта кететін жайт, тұлғалық бағыттылығы ұқсас болғанмен өздерінің мақсатына жету үшін, өзіндік әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы мүмкін. Бұл өзгешілік тұлғалық мінез спецификасында және іс- әрекетте, мінез- құлық әдістерінде көрінеді. Бұл көзқарас арқылы адамның мотивациялық жетістігін, яғни сәттілікке жету қажеттілігін көруге болады. Осыған қарап адам іс- әрекетінің мінездемесін көруге болады. Біреулері сәттілікке ұмтылса (инициативаның көрінуі, тәуекелге бару, жарысу белсенділік), ал кейбіреулері сәтсіздіктен қашады ( жауапкершіліктен және тәуекелдіктен қашады, белсенділік танытпайды, өз тарапынан инициатива көрсетпейді ). [29,б.268].

Адам мінезіне сипаттама беретін ол, адамның бос уақытын қалай өткізетінінде. Ол адамның тұлғалық ерекшелігін анықтайды. Мысалы, Л. Н. Толстой шахматпен айналысқан, И. П. Павлов- қалашық салғанды ұнатқан, Д. И. Менделеев- романдарды қызығушылық танытып оқыған.[30,б.21].

Тағы адам мінезінің  көрінуі оның басқа адамарға деген  қатынасынан көруге болады: шыншылдық, әділеттілік, қарым- қатынасқа тез  түскіш,  сыпайылық, кішіпейілдік.

Келесі адам мінезі оның өзіне деген қатынасынан көруге болады. Көбінесе оны өзімшілдік немесе альтруистік қатынастан көруге болады. Өзімшіл адам ең  бірінші өзінің қызығушылығын бірінші орынға қояды. Ол ұжымның пікірімен санаспайды. Ал керісінше альтруист өзінің қызығушылығынан ұжымның пікірін ең бірінші орынға қояды.[30,б.22].

Осылардың бәрінен шығатын қағида, тұлға қырын мотивациялық және құралдық деп бөлуге болады. Мотивациялық қыр - іс- әрекетті тудырып және бағыттап отырады. Құралдық қыр- анық бір стильді береді. Мінезді құралдық тұлға қасиетіне жатқызуға болады. Ол мазмұнына тәуелді емес, ол іс- әрекеттің орындалу манерасына тәуелді. Және мінезді таңдалған мақсатына сәйкес, оны орындау тәсіліне қарай анықтауға болады. Мақсат анықталса, осы көзделген мақсатқа жету үшін құралдық рольді қолдануға болады.

Тұлғаның ең көрнекті түрінің бірі ол  – мінез. Сондықтан оны тұлға қыры деп айтуға болады. Бұндай тұлға қырына, адамның көздеген мақсатына жету іс- әрекетінен көруге болады. Осыдан анық мінез мінездемесін көруге болады, ол рационалдылық немесе оған қарама- қарсы көрсеткіштен. Екіншіден мінез қырына қойылған мақсатына қалай жетуіне байланысты: тұрақтылық, мақсаттылық, бірізділік. Осыдан шығатын яғни, мінез темпераментпен емес ерік- жігермен де байланысты. Үшіншіден мінез құрамына құралдық қырлар жатады, ол темпераментпен тығыз байланысты: экстраверсия және интроверсия, ұстамды және импульсивті, өзгермелі және ригидтілік.[31,б.130].

Мінез - бір жағынан тұрақты және қозғалмалы болып келеді. Тұрақтылық мінезді бөліп қарастыруға көмектеседі. Мінезді бөліп қарастыру бұрыннан, ежелгі кезден қарастырылған. Мысалы : Теофраст, б. з.д 4 ғасырда қарастырып, оның 31 түрін жіктеген. Ол мінезді қоғамның адамгершілік өмірі тұлғада өз таңбасын қалдыруы деп айтқан. Және мінезді басым тұлға қыры арқылы сипаттаған.

Ең бірінші әскердің мінез қыры оның қорщаған ортаға деген ерекшелігі: ұжымдылық, шыншылдық, өзімшілдік, дөрекілік.

Әскерді тәрбиелеу үрдісі оның мінезінің  әлеуметтік жағдайымен байланыстырады.  Ол жанама және тікелей түрде әсер етеді. Сондықтан мінез сапасы бір  жағынан қоғамдық- тарихи жағдайдың  өнімі болса, екінші жағынан индивидуалды қайталанбас өмірлік жол болып табылады.

Информация о работе Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу