Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:45, дипломная работа
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде сарбаз қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.
1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік - психологиялық бейімделу ұғымының теориялық негізі
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы
ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы
Кесте 2.2 «Бейімделушілік» әдістемесінің негізгі шкалаларының интерпретациясы
(1-3 қатар) Орташадан төмен |
(7-10 қатар) Орташадан жоғары | |
ЖПТ* |
Мінез-құлықтық реттелудің ең төменгі деңгейі, жүйкелік-психикалық бұзылыстарға бейімділік, өзін-өзі бағалау адекваттылығының мен болмысты шынайы қабылдаудың болмауы. |
Жүйкелік-психикалық тұрақтылықтың және мінез-құлықтық реттелудің жоғары деңгейі, жоғары адекватты өзін-өзі бағалау және болмыстың шынайы қабылдануы. |
КҚ* |
Коммуникативті қабілеттер дамуының төмен деңгейі, қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатудағы қиыншылықтар, агрессивтіліктің көрінуі, қақтығысқа бейімділік. |
Коммуникативті қабілеттер
дамуының жоғары деңгейі, қоршаған ортамен
қарым-қатынас орнатуы жақсы |
МН* |
Өз орынын және ұжымдағы рөлін адеватты түрде бағалай алмайды, жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауға құлшынсыз. |
Ұжымдағы өз орынын шынайы
бағалай алады, мінез-құлықтың жалпы
қабылданған нормаларына |
Ескерту: «*» - ЖПТ (Жүйкелік – психикалық тұрақтылық), КҚ (Коммуникативті қабілеттер), МН (Моралды нормативтілік). |
«Тұлғалық бейімделу потенциалы» бойынша қорытынды бағаны қалған үш шкаланың ұпайларын қосу арқылы алуға болады: ТПБ = «Жүйкелік-психикалық тұрақтылық» + «Коммуникативті қабілеттер» + «Моральды нормативтілік».
Кесте 2.3 «Бейімделушілік»
әдістемесі бойынша «ТБП» шкаласы
бойынша бейімделу
Бейімделу қабілеттеріңің деңгейі (қатарлар) |
Интерпретация |
5-10 |
Жоғары және қалыпты бейімделу топтары. Бұл топ тұлғалары қызметтің жаңа жағдайларына тез бейімделеді, жаңа ұжымға тез үйреніп, әр түрлі жағдайларда жеңіл және адекватты түрде бағдарлана алады, өз мінез-құлқының стратегиясын тез қалыптастырады. Қақтығысқа жуық емес, жоғары эмоционалды тұрақтылыққа ие. |
3-4 |
Қанағаттанарлық бейімделу топтары. Бұл топтағы тұлғаларды көпшілігі әр түрлі акцентуация белгілеріне ие, бұл өте жиі компенсацияланады және қызмет түрі ауысқан сәтте көрініп отырады. Сондықтан бейімделу сәттілігі сыртқы орта жағдайларына тәуелді болып келеді. Мұндай тұлғаларға эмоционалды тұрақтылық тән емес. Бейәлеуметтік олқылықтар (срывы), агрессия, қақтығыстар болуы ықтимал. Бұл топтағы тұлғалар индивидуалды тұрғыны, тұрақты бақылауды, коррекциялық шараларды талап етеді. |
1-2 |
Төмен бейімделушілік топтары. Бұл топтағы тұлғалар анық көрінетін акцентуация белгілеріне ие және психопатияның кейбір белгілері де көрінуі мүмкін. Ал, психикалық күйлерін шектеулі деп сипаттауға да болады. Жүйкелік-психикалық олқылықтар да тән. Бұл топтың тұлғаларының жүйкелік-психикалық тұрақтылықтары төмен, қақтығысқа бейім, бейәлеуметтік әрекеттерге барады. Дәрігер мен психологтың бақылауын талап етеді. |
Аталмыш әдістемені таңдауымыз зерттеу жұмысымыздың күрделігін айғақтайды. Әскери өмірдегі әр түрлі кәсіби қиыншылықтар кандай болмасын кері әсерлерін де ала келетіні белгілі. Сол уақытта тұлғаға тән психикалық тұрақтылық, бейімделушілік қасиеттер толық көрініп, оз нәтижелерін береді. Сондықтан жас сарбаздарға бұл тұлғалық сауалнаманы жүргізу олардың жан-жақты әлеуметтік-психологиялық бейімделулері туралы ғана емес, қосымша шкалалары бойынша анықтап, толық ақпарат береді деген сенімдеміз.
Зерттеу жұмысымызда
респонденттерге қолданылған
Зерттеуде қолданылған бұл әдістемені А.К. Осницкий жасаған. Сауалнамада тұлғаның өзі, өмір образы туралы тұжырымдары беріледі: уайымдары, ойлары, дағдылары, мінез-құлық стилдері. Осылардың барлығын өзіндік өмір образдарымен қатынастыруға болады.
Сауалнамада берілген кезекті тұжырымдарды оқи отырып, оны өз дағдыларыңызға, өмір образдарына ұқсатып, бағалау керек: бұл бекітім қаншалықты сізге қатысты. өз жауабыңызды белірген жауап беру парағына белгілеу үшін, өзіңізге жақын берілген «0» және «6» дейінгі нұсқаны таңдаңыз:
«0» — бұл маған мүлде қатысты емес;
«2» — маған қатысты дегенге күмәнім бар;
«3» — өзіме қатыстыруға батылым жетпейді;
«4» — бұл маған ұқсайды, бірақ сенімді емеспін;
«5» — бұл маған ұқсайды;
«6» — бұл нақты мен туралы.
Өз таңдаған жауабыңызды жауаптарға арналған парақтағы ұяшыққа жазыңыз, әрине тұжырымдардың сәйкес нөмірлеріне сай болуы шарт.
Кесте 2.4 Әдістеме кілті:
№ |
Көрсеткіштер |
Бекітімдер нөмірлері |
Нормалар | |
1 |
А |
Бейімделушілік |
4, 5, 9, 12, 15, 19, 22, 23, 26, 27, 29, 33, 35, 37, 41, 44, 47, 51, 53, 55,61,63,67,72,74,75,78,80, 88,91, 94, 96,97,98 2, 6, 7, 13, 16, 18, 25, 28, 32, 36, 38, 40, 42, 43, 49, 50, 54, 56, 59, 60, 62, 64, 69, 71, 73, 76, 77, 83, 84, 86, 90, 95, 99, 100 |
(68-170) 68-136 |
2 |
А |
Жалғандық |
34, 45, 48, 81, 89
8, 82, 92, 101 |
(18-45) |
3 |
А |
Өзін қабылдау
Өзін қабылдамау |
33, 35, 55, 67, 72, 74, 75, 80, 88, 94,96 |
(22-52) 22-42 |
4 |
А |
Басқаларды қабылдау |
9, 14, 22, 26, 53, 97
2, 10, 21, 28, 40, 60, 76 |
(12-30) 12-24 |
5 |
А |
Эмоционалды комфорт |
23, 29, 30, 41, 44, 47, 78
6, 42, 43, 49, 50, 83, 85 |
(14-35) 14-28 |
6 |
А |
Ішкі бақылау |
4,5, 11, 12, 13, 19,27,37,51,63, 68, 79, 91,
98 |
(26-65) 26-52 |
7 |
А |
Доминанттылық |
58, 61, 66 |
(6-15) 6-12 |
8 |
Эскапизм (мәселеден қашу) |
17, 18, 54, 64, 86 |
(10-25) 10-20 |
Әр бір шкала бойынша
нәтижелерді
Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістеріне тоқталатын болсақ, топтың психологиялық белгілерін салыстырмалы зерттеуде критерийді қолдандық.
Критерий дегеніміз
– статистикалық болжамдар
- Стьюдент
критерий
Критерий қосындысының арифметикалық ортасын төмендегі формула арқылы табуға болады.
Мұндағы ( ), ( ) – орта мән болып табылады. mх және mу – орта қажеттілігінің сәйкестігі.
Сонымен бұл критерий екі орта жақындық деңгейін бағалау ғана емес, сондай-ақ мәнділігін анықтайды.
Көріп отырғанымыздай, өте күрделі әдістемелер тағайындалды. Аталмыш психодиагностикалық әдістемелерді кәсіби тұрғыда қолданып, нәтижелеріне нақты талдау мен интерпретация жасалынса – әлеуметтік – психологиялық бейімделуге байланысты психологиялық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Келесі бөлімімізде біз аталмыш әдістемелер бойынша толық талдау жұмыстарымызды сипаттаймыз.
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
Зерттеу жұмысымызда
тағайындалған әдістемелер
Қазіргі Қазақстандағы соңғы уақыттағы әлеуметтік, саяси жағдайларға байланысты және жалпы мұндай мекемелерге еркін кіріп-шығу өте қиын.
Сонымен, зерттеу жұмысымызға барлық қатысқан респонденттер саны 70. Барлық респонденттер жас сарбаздар.
Зерттеу жұмысымыз анкета
сұрақтарынан басталды. Біз барлық
эксперименталды зерттеу
Сонымен анкета сұрақтарының негізгі әлеуметтік, психологиялық, рухани сипаттағы сұрақтарына келетін болсақ, екі топта да біршама айырмашылықтар болды. «Сіздің әскери қызметке деген қатынасыңыз» деген сұраққа екі топта да әскери борыштарын шын ниеттерімен өтеп жүргендерін көрсетілген. «Әскердегі қызметті сіз қалай бағалайсыз» деген сұрақта екі топтада басым көпшілігі азаматтық борыш екендіктерін белгілеген.
Өзімізге белгілі әлеуметтік-
Кесте 2.5 Жас сарбаздардың анкеталық жауаптары (10 сұрақ):
Кімдердің тарапынан? | ||||||||
офицерлер |
прапорщиктер |
сержанттар |
сарбаздар | |||||
А |
Ә |
А |
Ә |
А |
Ә |
А |
Ә | |
Қамқорлық пен назар |
15 |
10 |
15 |
7 |
1 |
8 |
1 |
10 |
Барлығына көмектесуге дайын |
15 |
15 |
15 |
10 |
1 |
7 |
1 |
3 |
Мейірімділік пен тәртіптілік |
15 |
15 |
15 |
10 |
1 |
7 |
1 |
3 |
Сіздің еңбегіңізді бағалаудағы әділеттілік |
15 |
10 |
15 |
7 |
1 |
8 |
1 |
10 |
Бәлденушілк пен менмендік |
19 |
13 |
13 |
11 |
0 |
5 |
0 |
6 |
Сіздің қызығушылықтарыңызды ескермеу |
15 |
15 |
15 |
10 |
1 |
7 |
1 |
3 |
Әскери қызметтен тыс барлығына толық елемеу |
3 |
8 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Кестеден көріп отырғанымыздай, жас сарбаздардың жауаптарында бірқатар айырмашалықтар бар. А топтарында жауаптар аса үлкен жауапкершілікпен, талаппен қойылған деп есептейміз. Бұл топтағы сарбаздарда қанша дегенмен де, артта қалдырған өмірлік тәжірибелері бар деген сияқты. Сондықтан, кейбір тәртіпке, қызығушылықтардың ескерілуі олар үшін әрине маңызды. ал, Ә топтарында бұл нұсқалар жауаптарында сарбаздар тарапынан да қамқорлық пен назарға, әділеттілік сияқты ойлар, сезімдер көрінген сияқты. Бұл сарбаздар арасындағы өзара қатынастардың күрделілігімен байланысты деп ойлаймыз. Сол сияқты соңғы нұсқа бойынша екі топтан бойынша 3 сарбаз ғана жауап берген, қалған сарбаздар жауап бергеннен бас тартты. Себебін, бақылау, әңгімелесу барысында психолог анықтауға тырысты. Бұл жағдай ішкі әскер тәртібімен ұштасып жатқандығы анықталды. «Егер сіздің әскери бөліміңізде сенім телефоны болатын болса, сіз оны қолданасыз ба?» деген сұраққа екі топ респонденттері «қолданбайтындықтарын көрсеткен». 12 сұрақ бойынша А тобындағы респонденттер басым көпшілігі а – нұсқаларын көрсеткен, ал Ә тобында b, d нұсқалары кездеседі. 13) сұраққа екі топта да басым көпшілігі жауап беруге қиналамын деген нұсқаны таңдаған. Сұрақта ұжымда қаншалықты достық қатынастар дамығандығын анықтау мақсатында қойылған еді. Респонденттердің кейбіреуі ғана қысымды атмосфера бар деп көрсеткен. «Бөлімшедегі әскери қызметке қанағаттанбасаңыз, себебін көрсетіңіз» деген сұраққа А тобында физикалық жүктемелерді көрсетсе, Ә тобындағы респонденттер жауынгерлік техникаларды меңгерудегі қиыншылықтар нұсқасын көрсеткен. Екі топта да өз ұжымыңыздағы рухани-әлеуметтік климатты бағалаңыз деген сұраққа жауаптарында айырмашалықтар болды: біріншісі b – нұсқасын таңдаса, Ә тобындағы зерттелінушілер d нұсқасын таңдаған.
Сонымен, анкеталық сұрақтарға талдау жасадық, бірқатар айырмашалықтар болғанын көрсеттік. А тобындағы респонденттер жас ерекшеліктері жоғары болғандықтан да, талаптары, көзқарастары, құндылықтырында өзгешіліктер байқалды. Екі топтың негізгі сұрақтарға қатынастары тұлғаның, нақтырақ айтсақ, жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялыөқ бейімделуіне әсер етеді деп санаймыз. Бұл алынған мәліметтерді негіздеу, дәлелдеу мақсатында негізгі әдістемелерімізге көшейік.
Келесі жүргізілген әдістеме «А.Г. Маклаков, И.В. Червянин «Бейімделушілік» көпдеңгейлі тұлғалық сауалнамасы» болды.
«Бейімделушілік» көптұлғалық сауалнамасы көмегімен 70 жас сарбаздар зерттелінді. «Бейімделушілік» сауалнамасы әлеуметтік-психологиялық және кейбір психофизиологиялық сипттарды ескере отырып тұлғаның бейімделу ерекшеліктерін бағалауға арналған. Сонымен қатар, жүйке-психикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін бейнелейді. Әдістеменің негізінде бейімделу туралы төмендегідей тұжырым жатыр: бейімделу – ол үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайлары мен кәсіби іс-әрекетке адамның белсенді қабілеттенуінің үздіксіз процесі. Бұл әдістеме бойынша нәтижелер 2.6 кестеде көрсетілген.
Информация о работе Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу