Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:45, дипломная работа
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде сарбаз қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.
1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік - психологиялық бейімделу ұғымының теориялық негізі
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы
ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы
Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу құралының және осы бейімделу процесінің арасындағы өзара қарым–қатынасты зерттеу және индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға мүмкіндік береді.
Бейімделу өзгеріспен болуы мүмкін, яғни индивид ойы оның психо физиологиялық жүйесінде тепе-теңдік өзгерістер болады. Бұл жерде Фрейдтің аллопластикалық және аутолпластикалық өзгеріс жайлы концепциясы орынды болып табылады.
Жануарлар белсенді және мақсатқа бағытталған түрде өзінің қоршаған ортасын өзгертеді (ұя, ін салуда). Бірақта аллопластикалық бейімделу кең түрде тек адамға ғана тән. Бұл жерде екі процесс мәнді болып табылады: адам іс-әрекеті қоршаған ортада адамды функциялауға бейімдейді; ал одан кейін (екіншілік) ол құруға көмектескен қоршаған ортаға адам бейімделеді. Ал үшіншіі бір түрі ол аллопластикалық және аутопластикалық түр пішінге байланыссыз және онымен толығымен бірегейлі емес, ол ағзаның функциялануы үшін қолайлы болып табылады. Парр өзінің «адаптациогенез» теориясында осы түр пішінге «шешуші ролді» екіргізеді [3].
Адам ағзасындағы бейімделудің сыртқы құрылымы қандай? Деген сұрақта, әлеуметтік концепциядан биологиялық концепцияны бөлектей алмаймыз. Баланың алғашқы әлеуметтік қарым – қатынасы оның биологиылық тепе – теңдігін сақтау үшінде маңызды, сондықтан адамның бейімделу міндеті адамға туғаннан бастап тән. Сонымен қатар адам қоршаған ортаға адамдармен және өзі мен құралған бөлікпен бейімделеді. Адам қоғамға тек бейімделіп қана қоймайды, ол өзі бейімделетін жағдайды құруға белсенді қатысады. Жаңа әлеуметтік жағдай бейімделушінің жеке басына көптеген талаптар қояды – яғни ортаға сәтті, жекелеген түрде сәтті, сәтсіз енуіне байланысты.
Ф.Е. Эмери және Акофаның «мақсатты әрекеттер жүйесі» мақаласында индивидті қоршаған ортасына байланысты екі қатынаста қарастырады, яғни ортаға бейімделу денгейіне байланысты сол және басқа денгейді тудыруы.
Жағымсыз әсерлерге ағзаның бейімделу реакциясының қарқындылығы бірқатар жалпы арнайы емес сипатқа ие және ол бейімделу синдромы деп аталады. «Бейімделу синдромы» - стрессордың – яғни жағымсыз әсерлердің созылуы мен күшіне жауап беретін және жалпы қорғаныс сипатына ие жануарлар мен адамдар ағзасының бейімделу реакциясының жиынтығы. Стрессор әсерінен дамитын функционалды жағдай – стресс деп аталады. 1936 жылы Канадалық физиолог Г. Селье «бейімделу синдромының» негізгі симптомдары болып бүйрек үсті қыртысының өсуі, айырша бездің кішіреюі, зат алмасудың бұзылысы жатады. Адамның бейімделу мәселесін қарастырғанда психикалық денгейін ескермеи кете алмаймыз. Адамның психикалық бейімделуі күрделі икемделу процесі болып табылады. Осы бейімделу түрі жағымсыз жағдайлар нәтижесінде ең бірінші өзгеріске ұшырап, басқада бейімделу денгейлерінің бұзылысына әкеледі.
Психологиядағы зерттеу
«Бейімделу» термині (латын тілінен аударғанда adapto- бейімдеймін) XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Бұл сөздің ғылымға кіруі неміс физиологы Г.Ф.Ауберттің есімімен байланысты, ол бұл терминді есту және көру мүшелерінің сезімталдығының бейімделуін, қандай да бір тітіркендіргішке жауап ретіндегі сезімталдықтың жоғарылау немесе төмендеуінің құбылысын сипаттау үшін пайдаланған. [13, c.68].
Осы ғылыми импульс бейімделу мәселесінің зерттелуіне жол ашты, ол ары қарай эволюциялық теория мен жалпы биологияның шегінен шығып, медицина, әлеуметтану, әлеуметтік психология сынды ғылымдарға тарала бастады.
Әлеуметтік-педогогикада «бейімделу» термині адамның әлеуметтік орта шарттарына, әр түрлі әлеуметтік жағдайларға, өзі кіретін қоғамдарға икемделуін айтады. [31, c.16] Әлеуметтік бейімделу бұл адамның осы орта шарттарына, оның этикалық, психологиялық талаптарына сай тіршілігін сақтап қалуы. Әлеуметтік бейімделу - индивидтің әлеуметтік типтік, стандарттық процесі және нәтижесі [3, c.6].
Бейімделу кез-келген тірі организмнің қасиеті боп табылады. Бірақ адам тек тірі организм иесі емес, ол ең алдымен күрделі биоәлеуметтік жүйе.
Сол себепті адамның бейімделу мәселесін қарастырған кезде мақсатқа сәйкестігі бойынша 3 функционалды деңгейін ажыратады: физиологиялық, психикалық және әлеуметтік [13, c.72]. «Индивидуум- қоршаған орта» жүйесіндегі қалыпты қатынастарды сақтаудағы негізгі рольді психакалық бейімделу ойнайды, оның өтуі барысында кейбір параметрлер өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Психикалық бейімделуді оның жүйелік ұйымдасуын негізге ала отырып, құрылымды, өзін-өзі басқара алатын жүйенің («оперативті» (жедел) тыныштық деңгейінде) нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Мұндай ой қорытысынан толық картина шықпайды. Қажеттіліктер түсінігін енгізу қажеттігі туады. Сонымен бейімделу процесінің өнімділігінің маңызды критерийі өзекті мүмкін болар қажеттіліктердің барынша қанағаттандырылуы. Психикалық бейімделуді тұлға мен қоршаған орта арасындағы адамға тән іс-әрекетті жүзеге асыру барысында индивид өзінің өзекті қажеттіліктерін қанағаттандырып және сонымен байланысты мақсаттарын жүзеге асырып, адамның іс-әрекетіне, қоршаған ортаның талаптарына барынша сәйкестілігін қамтамасыз ете алатын, үйлесімді қатынас қалыптастыратын процесс ретінде анықтауға болады.
Бейімделудің психологиялық
Психикалық бейімделудің өнімділігі
микроәлеуметтік өзара
Әлеуметтік бейімделу деп адамның өзі үшін жаңа өмір сүру шарттарына белсенді түрде икемделу процесін айтады [26, c.98]. Бейімделу процесі – әлеуметтану механизмдері арқылы әлеуметтік құңдылықтарды меңгеруінің мүмкіншіліктері (полифониясы)зор [26, c.99]. Адам белсенді субьект ретінде өзінің өмірінде адам өркениетінің өнімдерін меңгереді және пайдаланады, оларға басқару, экономикалық, психологиялық, педогогиалық технологиялар мен әлеуметтік кеңістікті меңгерудің әдістері жатады [28, c.255]. Адамның мәдениетінің барлық дерлік элементтері бейімделу механизмі арқылы тұлғаның қалыптасуына қатысады, ол әлеуметтік дамудың басым құрамдас бөлігі болып табылады. Әлеуметтік - адамның маңызды жағы, оның сапалы сипаттамасы. Психикалық дерті бар және балалық шағында әлеуметтену процесінен өтпегендер ғана бұл қатарға жатпайды («Маугли эффекті») [29, c.156].
Қандай шарттарда және қандай механизмдердің негізінде икемделу жүзеге асуына байланысты бейімделудің әр түрлерін ажыратуға болады [6, c.144]:
Физиологиялық (ағзаның
әр түрлі жүйесінің өзара әрекеті)
Психологиялық (психикалық
процестердің, қасиеттердің, күйлердің
деңгейінде адамның жағдайлар
мен шарттарға икемделуі,
Әлеуметтік-психологиялық (жаңа ұжымның өзара қарым қатынасына үйренуі);
Бейімделудің бұл түрлері
өзара әрекеттесіп және бір уақытта
көрінуі мүмкін. Жаңа жағдайларға
бейімделу процесі жылдамдауы
мүмкін, егер адам алдын-ала болатын
іс-әрекеттің жағдайларымен
Тұлғаның ұжымға кіру деңгейлерін қарастыра отырып, әдетте алғашқы және екінші реттік бейімделуді ажыратады [7, c.58]. Алғашқы бейімделу бастапқы тұлғаның (өмірінде алғашқы рет) ұжымның іс-әрекетіне кіру кезенің қамтиды, ал екінші реттік бейімделу – қызмет атқарудағы кейінгі өзгерістер (жаңа қызметке тұру, басқа қалаға бару, т.б.)
Тұлғаның бейімделушілігі
негізінде екі деңгейден
1) Бейімделушіліктің
сыртқы қабатының деңгейі-
2) Терең бейімделу деңгейі- тұлғаның жеке ережесімен немесе ұжымның талаптарының теңбе-тең болуы әсерінің нәтижесінде ұжымның ережелері мен қағидаларын іштей қабылдауы, кейде қайта құрылуы немесе ішкі ережелердің бұзылуы. Бірге шешілетін тапсырмалардың мазмұнымен берік және көптеген қызметтік және жекелеген байланыстар орнатылады. Тұлғаның осы қатынастар мен және ұжымдағы орнымен қанағаттануы.
Адам тек әлеуметтік міндеттерді орындап үйрену арқылы қоғамда сәтті бейімделе алады. Бұл әлеуметтік рольдерді меңгеру процесінде жүзеге асады. Әлеуметтік роль - бұл қандай да бір әлеуметтік іс-әрекетті орындай білу қабілетінің қалыптасуы. [20, c.103].
Әлеуметтік роль меңгерілетін әлеуметтенудің бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Олардың негізгілеріне: жыныстық рольдік, жанұялық-тұрмыстық, кәсіби-еңбектік, субмәдени-топтық, микроәлеуметтік- статустық, жас ерекшелігі бойынша. [3, c.36].
Жыныстық рольдік әлеуметтену бұл адамның өзінің жыныстық сәйкестігіне қарай әлеуметтік мінез-құлықтық тәжірибелерді меңгеруі. Күнделікті өмірде бұл рольдардың көрінуі жас ерекшелігі мен жанұяның жағдайына қарай өзгеріске ұшырауы мүмкін (әлеуметтік рольдер- ұл немесе қыз, қалыңдық немесе күйеу жігіт, әйел немесе ер адам, ана немесе әке, ата немесе әже).
Жанұялық-тұрмыстық роль жанұялық тұрмыстық әлеуметтену кезінде, яғни адамның жанұядағы әлеуметтік жағдайына сай әлеуметтік рольді атқаруы. Ол жанұялық өмірдің тәжірибесінде, жанұялық қатынастардың нығаюымен, үй тұрмысын жүргізуімен, балаларды тәрбиелеуді меңгеруінде көрінеді (әлеуметтік рольдер- күйеуі, ұлы, әкесі, атасы).
Кәсіби-еңбектік роль- кәсіби-еңбектік әлеуметтенудің нәтижесі. Бұл роль адамның белгілі кәсіби іс-әрекетті орындауында көрінеді (әлеуметтік роль- әскери қызметкер, бағдарламашы (программист), мұғалім).
Субмәдени-топтық роль - (субмәдени- топтық әлеуметтену)- адамның тұлғасының белгілі көрінулерін бейнелейді, ол белгілі бір мәдени, ұлттық, діни ортаның тәрбиесімен негізделген. Тіпті бір мемлекеттің әрбір аймағының мінез-құлқында, қарым-қатынас жасау тәсілінде, сөздік қоры мен ерекшелігінде әлеуметтік мәдени айырмашылықтар бар, бұл қоғамның бір ерекшелігін қалыптастыруға себеп болады (Ресейде- казак, вологжандық, сібірлік). Субмәдени-топтық роль адамдарды ұлттық, діни, аймақтық ерекшеліктері бойынша бір-бірінен ажыратады (әлеуметтік рольдер- интеллигент, кәсіпкер, чиновник (төре)).
Микроәлеуметтік-статустық роль - (микроәеуметтік-статустық әлеуметтену)- адамның микро ортадағы (кіші топтағы) статустық мәнез-құлқын анықтайды, оның басқара алу, ұйымдастыру, бағындыру, араласуы, топтағы әлеуметтік өзара әрекетке әсер ете алу қабілеттері. Бұл көсбасшылардың, орындаушылардың, ойлардың генераторларының, қалжыңбастың, шеттетілгендердің рольдері.
Жас ерекшелігі бойынша роль – (жастық әлеуметтену)- адамның өмір сүруінің әр түрлі кезеңдеріндегі қоғаммен өзара әрекеттесу ерекшелігін бейнелейді (статустар мен рольдер- бала, жасөспірім, ересек, егде адам).
Әлеуметтік рольдерді меңгерген адам әлеуметтік ортада өзіне сенімді түрде әрекет жасай алады.
Бейімделудің психологиялық
және әлеуметтік-психологиялық
Импритинг (түсіріп алу, сақтап қалу)- адамның өмірлік маңызды обьектілеріне әсер етушілердің ерекшелігін рецепторлық және бейсаналық деңгейлерде сақталып қалуы. Импритинг тек балалық шақта ғана байқалады. Бірақ кейінгі жас кезеңдерінде де қандай да бір бейне, түйсік және т.б. сақталып қалуы мүмкін.
Информация о работе Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу