Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:45, дипломная работа
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде сарбаз қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету әрбір егемен елдің, соның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп көрсетеді.
1 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтік - психологиялық бейімделу ұғымының теориялық негізі
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Зерттеу әдіснамасы: әдістер, әдістемелер, процедурасы
2.2 Зерттеу нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕ А «Бейімделушілік» әдістемесі сұрақнамасы
ТІРКЕМЕ Ә «Әлеуметтік-психологиялық бейімделу» әдістемесі сұрақнамасы
Экзистенциальды қысым (нажим)
– әлеуметтік мінез-құлықтың ережелері
мен тілін меңгеру, ол маңызды
тұлғалармен қарым-қатынас
Еліктеу- қандай да бір үлгігіні сақтау, үлгі бойынша әрекет жасау. Мына жағдайда адамның әлеуметтік тәжірибені ырықты, көбіне ырықсыз түрде меңгерудің бір жолы.
Идентификация (отождествление) – адамның өзін басқа топпен, басқа адаммен, үлгімен саналанбаған түрде сәйкестендіру процесі. процесс неосознаваемого отождествления человеком себя с другим человеком, группой, образцом.
Рефлексия - ішкі диалог, адам қоғамдағы әр түрлі институттардың, жанұя, құрбы-құрдас қоғамына және т.б. тән қандай да бір құңдылықтарды қарастырады, бағалайды, қабылдайды немесе бас тартады. Рефлексия ішкі диалогтың бірнеше түрлерін ажыратады: адамның әр түрлі Мен түсінігінің арасында, шынайы немесе ойдан құрастырылған тұлғаларп арасында, т.б. Рефлексияның көмегімен өзі өмір сүріп отырған шынайылықты түсінуі әсерінен адам қалыптасып және өзгере алады.
Әлеуметтік рольдерді меңгеру тұлғалық, орта жағдайына және тәрбиелік факторлардың әрекеті негізінде жүзеге асады. Тұлғалық факторлар адамның жеке қабілеттері мен мүмкіншіліктерімен сипатталады. Олар ақыл ойдың, ерік-жігердің, күшінің шамасымен және адамның жалпы жағдайымен анықталады. Жоғары деңгейдегі дамыған интелект, күшті ерік, тұарқты психика әлеуметтік рольдер мен әлеуметтік функцияларды жылдам және сапалы түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Қоршаған ортаның факторына бұқаралық ақпарат көздері, ұжым, топ және жеке тұлға жағынан стимуляция жатады. Кез-келген орта адамға қандай да болмасын әлеуметтік сапаларды қабылдауға стимулдарды қалыптастырады, осы ортаның ережелерінің талаптарынының сақталуына және құңдылық стереотиптеріне сай болуға, өзгеруге мәжбүрлейді. Тәрбиелік факторлар (тәрбиешілердің, ата-ананың әсері) жанұядағы, білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің мазмұнын бейнелейді.
Әрбір адамға әлеуметтік тұрғыдан қалыптасу кезінде жекелеген және қоғамдық сипаттағы көптеген факторлар әсер етеді. Бұл мыналарды негіздейді:
Тұлғаның әлеуметтенуіне әр түрлі әсерлердің нәтижесінде адамның әлеуметтік потенциалының мақсатқа бағытталған дамуының ерекше қызметінің қалыптастыру қажеттілігі туды. Тұлғаға әсер ететін әр түрлі басқарылуы қиын әсерлердің салдарынан адамның әлеуметтік шамасын (потенциалын) мақсатты түрде дамытуда ерекше әрекеттердің жүзеге асуына қажеттілік туды.
З.Фрейд келесідей психологиялық қорғаныс механизмдерін жіктеді, тұлға бұл механизмдерді бейімделу кезеңінде жаңа мінез-құлықтық типтерді меңгеру кезінде қиыншылықтар пайда болған жағдайда қолдана алады:
1. Кету - бұл жағымсыз
жағдайлардан қашу түрінде
2. Қиялдану-бұл психологиялық
қорғаныс механизмінің
3. Регрессия- бұл мінез-құлық пен ойлаудың ертеректегі формаларына қайта бару түрінде көрінеді.
4. Рационализация- бұл қабылданбаған жағдайды ақтау үшін шындық бұрмалануы мүмкін.
5. Проекция- бұл психологиялық
қорғаныстың механизмі, ол
6. Тасымал (перенос)- тасымал
кезінде адам жиналып қалған
сезімдерін еш кінәсі жоқ
7. Орын толтыру (компенсация)
бір облыста жіберілген
8. Сублимация - психологиялық қорғаныс механизмдері ішінде кең таралғаны, қабылданған ойларды жағымды жаңа облысқа бағыттау, қабылданбаған ережелерді жағымды облысқа бағыттау
9. Теріске шығару (отрицание)
–шынайы өмірдегі барлық
Бейімделу процесіндегі сәтсіздіктер әсерінен бейімделе алмаушылық (дезадаптация) пайда болуы мүмкін.
Дезадаптация – индивидтің кәсіби қызметтің шарттарына белсенді бейімделу процесінің бұзылысы, өзінің қызметінің мақсатын жүзеге асыру мүмкін болмайды. Бұл анықтамада табиғи қабілеттеріне сәйкес нақты әскери кәсіби оқытудың мүмкін еместігі айтылады, сонымен қатар ол өзі қатысатын микроәлеуметтік ортаның индивидуалды шарттарында әскери қызметтегі адамның теңбе-тең өзара әрекеті.
Әскер бейімделе алмаушылықтың негізінде әлеуметтік, медициналық, психологиялық және педогикалық сипаттағы факторлар жатыр. Экологиялық, экономикалық, демографиялық және басқа да жағымсыз әлеуметтік факторлар соңғы жылдары өсіп келе жатқан ұрпақтың мінез-құлқының өзгерістеріне, денсаулығының нашарлауына, психикалық тұрақтылыққа айтарлықтай әсерін тигізуде. Әлеуметтік бейімделудегі жоғарыда аталған қиыншылықтармен балалар мен жасөспірімдердің саны артуда. Кейінгі өмірлерінде осы балалар әскери қызметті атқаруға келеді. Бейімделе алмаушылық құбылысы өзінңіздің бөліміңізге тән болмасын десеңіз бөлім командирі бейімделу процесін дұрыс ұйымдастыра алу қажет. Бірақ бейімделу процесі басқа да процестер сияқты қиыншылықтары бар және олардың себептері де әр түрлі.
1.2 Әскери қызметке келген жас сарбаздар тұлғасына жалпы түсінік
Әскери-кәсіби іс-әрекет - бұл Отан қорғау іс-әрекеті. Бұдан көптеген компоненттерді бөліп көрсетуге болады. Ең бастысы екі келесі түрден тұрады :соғыс кезіндегі іс-әрекет және бейбітшілік кезіндегі іс-әрекет.[4,б.93].
Ұрыс кезіндегі іс-әрекет-әскер
Келесі әскери кәсіби іс-әрекеті ол бейбітшілік кезіндегі іс-әрекет. Бұл іс-әрекеттің басқалардан ерекшелігінің бірі саналы түрде өзінің ерігімен, ерік қалауымен басқа бір адамға бағыну және өзіндік бостандығы көп болмайды. Қатаң тәртіпке көп бағынады. Келесі ерекшелік қандай уақыт болмасын және қандай жағдай болмасын кәсіби жұмысқа дайын болу керек. Тіпті өз басына қатер төніп тұрсада, ол өз тарапынан психологиялық қысымды тудырады. Шынына келсе, бейбітшілік кезіндегі әскер-кәсіби іс-әрекет-ұрыс кезіндегі іс-әрекетке дайындық болып табылады. Оның өзі ұрыс техникасын игеру, жаңа ұрыс тәсілдерімен танысу, алған білімдерді ұрыс кезінде қолдану. Психологиялық қысым бейімделу кезінде тууы мүмкін. Ол жас сарбаз әскер қатарына енген кезде, жас курсант болып табылады. Сарбаз институтқа түскен кезде, жаңа ортаға түскен кезде, күн тәртібі өзгереді, тамақтануы физикалық күштер қысымы көбейді. Жалпы энергетикалық және алмасу үрдісі өзгеріп, жаңа жүйе қалыптасады.[8,б. 145].
Бейімделу - организмнің ғылыми зерттеу ұғымының ең бастысы болып табылады. Себебі бейімделу механизмі эволюция процесінде құралған. Бейімделу процесі адам мен орта арасындағы балансты орнатып отырады. Әскери–кәсіби іс-әрекетте бейімделу үрдісі өте қажет. Бейімделу потенциялы өте жоғары болса, әскери адам қатаң жағдайда да өмір сүріп кетеді және кәсіби іс-әрекетін жемісті орындай алады. Бейімделу жүйке жүйесінің генетикалық құрылымына тәрбиеге байланнысты. Әскери адамның тез бейімделуіне қоршаған ортаның көмегі өте көп. Ортаның жағымды қарым-қатынасына тез бейімделуге әкеледі, ал жағымсыз бейімделу үрдісін тежейді. Субъектілі түрде бұл деңгей қоршаған ортаның демеуінде болса, өзін біреуге керек екендігін түсінеді. Келесі әскери кәсіби іс-әрекетке бейімделу процесін анықтайтын жағдай, ол тұлғаның коммуникативті сапасы. Яғни адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы тұлға ретінде әр адам әртүрлі. Біреуі агрессивті түрде болса, екіншісі салмақты. Бәрімен тіл табыса алатын, жаңа жерге тез бейімделе алады. Әлеуметтік рөлді дұрыс түрде қабылдау. Келісім шарт бойынша әскер қатарына енген кезде адамның әлеуметтік рольдері өзгере бастайды. Ол Отан қорғаушы, әлеуметтік рольді орындаушы болып табылады.Сонымен тұлғаның бейімделу ерекшелігі кәсіби іс-әрекетіне бейімделу зор ықпалын тигізеді. Әскерлердің тез бейімделінуіне өзіндік тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан тұлғаның ерекшеліктерін дамытып, қандай жағдай болмасын тығырықтан шыға алатындай деңгейге жеткізу керек. Сонымен қатар, бейімделу процесінің жолында стрессте болады. Және ол екі түрге бөлінеді:
- физиологиялық (жүйелік);
- психикалық (эмоцианалды);
Адам әлеуметтік
пенде болғандықтан ең бастысы
психикалық сфера, яғни
Әскерлердің кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктері. Офицерлердің кәсіби іс-әрекетінің басты бағыттарын көрсетуге болады: әскери ұжымның іс-әрекетін басқару, жеке құрам бөлігіне тәрбиелік және оқу процесін жүргізу:және кәсіби дағды және білімін арттыру.
Әскери басқару - командирлердің әскер тұлғасына бағытталған ықпалы. Әскери ұжымға жаңа сапаларды енгізу, мақсатқа жетуіне итермелейді.Тәжірибеде офицердің ұжымды басқара алу көрсеткішін, мәселелерді шешуде көре аламыз. Ұрысты жеңу үшін ұжым топ болып қана жеңе алады. Әскери ұжымды басқара алу деген ол, жеке құрамды мобильдеу, әскерлердің мақсатқа жете алу қабілеті, өз уақытында дұрыс шешім таба алу, ұрыс кезінде жеңіске жете алу. Офицер басқару дағдысын қалыптастырып, содан кейін ұжыммен басқару жұмысын жүргізе алады. Ол үшін ол өзімен жұмыс істеу керек, кәсіби өте жоғарғы білімді болу керек, ойлау қабілеті жақсы дамыған болу керек және жоспар құра білу керек. Зерттеушілер бойынша офицерлердің шығармашылық ойлау қабілеті келесі көрсеткіштерден тұрады [10, б.335].
- жағдайдың басты белгісін таңдайды;
- таңдап алған белгінің
- болжамдық жағдай арқылы
- шешімнің оптималды
Әскери басқаруда тек ойлау ғана емес, интуицияның да көмегі бар. Ол ауыр жағдайда адекватты шешім табуға көмектеседі. Сондықтан Әскери кәсіби іс-әрекетте басты фигура , ол офицер. Сондықтан әрбір офицерлердің міндеті үнемі әскери кәсіби дайындығында болып, өзін-өзі дамытып отыру керек. Офицердің әскери кәсіби іс-әрекетіне өіндік тұлғалық құрамға тәрбие беріп және оқыту керек. Әскер қатарына жаңа түскен сарбаз жаңа жағдайға емес, өзіне таныс емес көп информация алады. Сол информацияның сапалы түрде қабылдауына офицер жауап береді. Сонымен қатар офицер тұлғалық құрамды оқытып қана қоймай, өзінің қол астындағы адамдарғада қарап, Отан үшін қандай жағдай болмасын қорғауға дайын екендігін көрсету керек. Сондықтан әскери кәсіби іс-әрекеті көп қырлы және көп аспектілі, және тұлғалық сапаларға қатаң тәртіп қояды.[10,б.356].
Психологиялық ғылымда «Тұлға» категориясы ең бастысы болып табылады. Бірақта тұлға ұғымы, тек психологиялық болып табылмайды. Ол философияда, әлеуметтануда, педагогикада да қолданады. Енді тұлға түсінігіне тоқталып кетсек. [11,б.256].
Тұлға - әлеуметтік және психологиялық міндеттемелері шартталған және олар қоғамдық қарым- қатынас адамдардың бір- бірімен байланысының нәтижесінде көрінетін белгілі қылықтарын анықтайтын нақты адамды айтамыз. Тағы бір қарастыратыны, психологиялық ғылымда тұлға биологиялық және әлеуметтік жолмен дамима деген пікірталастар бар. Яғни, тұлғаның дамуына биологиялық бастау етеме, әлде қоғам тұлғаның дамуына әсер етеме деген.Сондықтан әскерлердің іс- әрекетін қарастырғанда, оның тұлғалық және индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін қарастырған жөн болады.[11,б.253].
Тұлғаның басты қасиеті - бағыттылық, қабілет, темпераментке, мінезге жалпы түсінік.
Бағыттылық - тұлғаның
ең күрделі қасиеті. Ол өзіне
адамдардың белсенділігін, іс-
Мысалы, Әскери міндетті саналау, коллектив сезімі қиындық жағдайда көмектесу сезімін тудырады, жолдасыңа көмектесу, Әскери хұмысыңды танып. Қызығушылықтарын орындаудың өзі әскери кәсіби іс-әрекетін жетілдіру болып табылады. Қызмет барысында әскерлер алдарына әртүрлі мақсат қояды, қоршаған ортаға және оның әлеуметтік бағасына (білімге, қоғамдық іс- әрекетке, тәртіпке деген талап, коллективті міндеттерге).[11,б.250].
Сана және міндет сезімі, қажеттілік және сендіру, ұстанымдар және дағды, мақсат және перспектива - бұлардың бәрі тұлға бағыттылығының элементі болып саналады.[12,б.105].
Қандай сферада
Ғылыми әдебиеттерде бағыттылықты көбінде тұрақты мотив, тұлғаның іс- әрекетін реттеуші деп түсіндіреді. Бағыттылық тәрбие барысында қалыптасады. Бағыттылық - бұл ұстанымдар, ол тұлғаның қасиеті және ол иерархиялық форма түрінде болады. Яғни, құмарлық, тілек, талпыныс, қызығушылық, ұқсастық, идеал, көзқарас, сендіру. Бұл тұлға бағыттылық формасы мотив іс-әрекетінің арқасында құралады.[12,б.107].
Құмарлық - бұл ең төменгі биологиялық бағыттылық. Психологиялық көзқарас бойынша – саналанбаған және жете түрде саналанбаған қажеттілік, психикалық күй. Бұл өтпелі көрініс. Қажеттілік не сөнеді немесе бір анық тілекке айналады.[12,б.106].
Тілек - бұл саналы, анық бір нәрсеге деген қажеттілік. Бұл енді тек қажеттілігіңді саналап қана қоймай, енді оны өтеуді саналау болып табылды [11;б.231]
Талпыныс - тұлға құрылымында ерікті компонентті қосқанда талпыныс бағыттылығы туады. Оны көбінесе іс- әрекетті тудырушы деп атайды [12,б.103].
Информация о работе Жас сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу