Психология ғылымының салалары мен тармақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 22:21, реферат

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Оглавление

Кіріспе
І. Психология ғылымы туралы жалпы түсінік және психология мәселелері
ІІ. Психологияның даму тарихы
ІІІ. Психология ғылымының салалары мен тармақтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 37.11 Кб (Скачать)

 

Жаңа заман

Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі  жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі  анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.

Өзінің  Туғызушы Грамматика теориясында Хомский  тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.

Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің  позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.

Бұл мектептің  негізін қалаған кей теоретиктер  — адам мұқтаждылығының иерархиясын  шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында  орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.

Компьютерлік  технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға  әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.

Ми мен  жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір  жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд  Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.

 

Психология  ғылымының салалары мен тармақтары

 

Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің  түрлі салаларымен байланысқан  ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін  білдіреді. Әдетте, психология салаларын  жіктеудің негізгі принципі деп  әрекеттегі психиканың даму принципін  айтады. Сондықтан психология салаларын  жіктеудің негізі ретінде адамның  іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның  төмендегідей салалары бөлініп шығады:

Еңбек психологиясының  мақсаты — әр түрлі еңбектегі  мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың  адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың  құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің  қажетті заттарын қарастыру.

Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті  ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық  аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын  бірнеше бөлімдерден тұрады: авиация  психологиясы, ғарыш психологиясы.

а) Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.

ә)Авиацшлық психология ұшқыштарды оқыту мен үшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы, адам психикасның әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп. жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару мақсаттарын көздейді.

б)Ғарышкерлік психология — адамның салмақсыздық пен әсем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларьш зерттейді.

Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын  зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы  мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара  қарым-қатынастарды реттеудің түйінді  мәселелерін қарастырады. Педагогикалық  психология келесі реттегі тармақтарға  бөлінеді:

а) оқыту  психологиясы - дидактиканың психологиялық  негіздерін, оқыту мен білім берудің  негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;

ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын  зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық  негіздеріне қатысты мәселелерді  қарастырады.

Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден  тұрады: психикалық құбылыстардың мидың  физиологиялық құрылымдарына қатынасын  зерттейтін нейропсихологиядан; адамның  психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға  арналған шараларды жүзеге асыру  жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын  психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.

Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді  реттеу және оларды тәжірибе жүзінде  қолданудың психологиялық мәселелерін  зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады.

а) Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады.

ә) Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады.

б) Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.

Әскери  психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі  адамның мінез-құлқын, басшылар мен  олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін  қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.

Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық  ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт  жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын  іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің  психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.

Психология  тармақтарын жіктеудің негізі ретінде  дамудың психологиялық аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму принципі пайдаланылады. Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз:

Даму  психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін  және әр түрлі психикалық үрдістердің  онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың  дамуын және олардың өзара байланысы  мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады.

Арнайы  психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына  шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады. Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.

Салыстырмалы  психология — психиканың филогенетикалық  түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен  хайуанаттар психикасын салыстыра  отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері  ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.

Әлеуметтік  психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір  негізде ұйымдасқан топтары мен  кездейсоқ топтары арасындағы өзара  қарым-қатынастағы психологиялық  құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы  бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа  жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен  дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық  астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін  психологиясының өзекті мәселелерін  зерттеу де жатады. Шағын топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми жэне бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың  бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.

Қоғамдағы адамның  қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық  орны. Азамат - әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.

Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде  ұйымдастыру, басшылық ету ретінде  қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі  бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен  қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық  мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің  және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін  дұрыс жолға қою мәселелерін  қарастырады.

Көркем, әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі,  өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады. Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру жэне т.б.); адамдардың күнделікті өміріндегі сауалдардан (тұлғалар арасындағы дау-дамайларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс, өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады.

Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Ол басқалармен бір  қатарда тұратын психология ғылымының  тармағы емес: бұл - психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде  қолданылатын ерекше атау. Психологияның  тарихы мен әдістемелерінің, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы заңдарын зерттейтін теориялары мен әдістерінің мәселелерін  шешу жалпы психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практикалық  әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нәтижесі - психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз  болады. Жалпы психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұстанымдары мен маңызды әдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер, психикалық күйлер және психикалық қасиеттер, немесе ерекшеліктер, тұлғалар.

Информация о работе Психология ғылымының салалары мен тармақтары