Психология ғылымының салалары мен тармақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 22:21, реферат

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Оглавление

Кіріспе
І. Психология ғылымы туралы жалпы түсінік және психология мәселелері
ІІ. Психологияның даму тарихы
ІІІ. Психология ғылымының салалары мен тармақтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 37.11 Кб (Скачать)

Жас ерекшелік  психологиясы. Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін.зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді, Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатьш алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.

  

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін  зерттейтін ғылым. Психология алдында  тұрған теориялық және тәжірибелік  міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің  даму барысындағы оның заңдылықтарын  оқытып - үйрету психологияның негізгі  міндеті болып табылады. Соңғы  онжылдық көлемінде психологиялық  зерттеулер шеңбері айтарлықтай  кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің  басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін  қаншалықты шамада қолдануға құзырлы  екені, психологияның ғылымдар жүйесінде  алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің  даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің  жалпы философиялық бағытын айқын  көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы  білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі  орнын, психология сияқты өзгерткен  емес.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі  негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста  талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы  бойынша зерттеуінің объектісі  адам болатын, барлық ғылыми пәндердің  интеграторы болып саналады. Белгілі  психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім  деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен  өңдеді.

Қандай күрделі  болса да барлық психикалық құбылыстардың  материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша  байланыстар жүйесі атқарады. Осы  байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына  ықпалын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.
  2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
  3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.
  4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996.
  5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.
  6. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995.
  7. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.

 

 

 

 

 


Информация о работе Психология ғылымының салалары мен тармақтары