Психология ғылымының салалары мен тармақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 22:21, реферат

Краткое описание

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Оглавление

Кіріспе
І. Психология ғылымы туралы жалпы түсінік және психология мәселелері
ІІ. Психологияның даму тарихы
ІІІ. Психология ғылымының салалары мен тармақтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Файлы: 1 файл

Жоспар.docx

— 37.11 Кб (Скачать)

Жоспар

 

Кіріспе

І. Психология ғылымы туралы жалпы түсінік және психология мәселелері

ІІ. Психологияның  даму тарихы

ІІІ. Психология ғылымының салалары мен тармақтары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Психология - психикалық құбылыстардың пайда  болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын  зерттейтін ғылым.

Психикалық  құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып  табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізде жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

Психология  ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың  бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте  аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр  сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың  көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамда  тәуелсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан  адамның барлық психикалык тіршілігінің (ойынын, сезімініқң, еркінін) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашкы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы   себеп болды. «Психикалык қүбылыстарды» төл тілімізде «жан қуаттары» деп алған макұл. Әл-Фараби, Абай еңбектерінде де осылай алынған. Әйтседе ретті жерінде «психика» терминін де қолданған артық болмайды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сикырлы куш бар, ал жан болатын болса, оның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уакытша шығып кетеді де, адам оянған кезде кайтып келеді, егер келмей калса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филлипины) тұрғындары тағалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді депті. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «локаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің,  ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап  ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге  бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Психология ғылымы туралы жалпы түсінік

 

Психология  ерте замандардан келе жаткан білім  салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректіқ екі сөзінен  тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сез, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген  ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика  туралы ғылым деп түсінген дұрыс.

Психология  — адамның жеке бірлік ретіндегі  психикасын, өзінің сан−алуан сезімін, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы субьективттік құрылыммен, сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

Психологияның зерттеу объектісі — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған  әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім  тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен  бірге немесе өзара көрші зерттеу  өрістері ретінде немесе бір зерттеу  өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр  соңында психология мен пәлсапа  арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас  өте жақын болды, ажыратылмас  десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны  зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен  де соқтығыстыруға болады.

Ең аяғында  психологияны теориялық немесе практикалық  жағынан анықтау — бүгінгі  күннің шешілген мәселесі емес.

 

Психология  мәселелері

 

Психология  оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп  өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген.

Психология  ғылым ба?

Әлі күнге  дейін де бұл сұрақ қойылып  отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым  деп, талқыға салады.

Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра  аламыз.

Психология  ғылым

Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға  сүйенген адамдарға психологиялық  ғылым расында бар нәрсе екендігін  тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

  • Гипотезаларды ұсыну
  • Тәжірибе немесе бақылау
  • Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау
  • Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.

Психология  ғылым емес

Грек, латынның кейбір сөздері өз ана тіліне айналып  кеткен Батыс елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, "психология" сөзі - "руханият" деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың "рух" сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, "псюхе" сөзі батыста "рух" деп ұғылады. Батыс елдері "Ағылшын руханияты", "Француз руханияты", "Грек руханияты" дегендей етіп өздерінің ұлттық руханиятын зерттеуге ден қойған. Яғни батыстағы "руханият жайлы ғылым" дегенің ақылға қонымды, пайдалы ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін "психология" дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, "псюхе" сөзін "рух" деп санамайды, "жан" дейді; ал "психология" дегенді "руханият" деу орнына "жантану" деп қателеседі. Батыс елдері "рухани даму", "рухани азық", "рухани кесел" дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олардың атауын ғана алып, "психикалық даму", "психикалық азық", "психикалық кесел" деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе алмай сандырақтап кетеді. Осы сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда "былықтар" бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы "психология" ғылымы - ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің "психологтар" жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер "Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін" енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен.

 

Психологияның даму тарихы

 

Ежелгі дамуы

Бұл "жан  туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс  идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Псyцһологіа емпіріца және Псyцһологіа ратіоналіс (1732-1734) атты еңбегі жарық  көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне  қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("Де Аніма Брұторұм") атты еңбектерінде көрінеді.

19шы ғасырға  дейін психология пәлсапаның  бір тармағы ретінде қарастырылды.

Ерте жаңа заман

1879 жылы "психологияның атасы" болып  танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде  психологиялық зерттеу зертханасын  ашты.

Вильям  Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын  қалады.

Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік  түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде  зерттеген Херманн Эбингауспен  бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.

Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның  жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.

Информация о работе Психология ғылымының салалары мен тармақтары