ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

В работе исследуется история возникновения исламской религии на Аравийском полуострове в первой половине 7-го века6 рассматривается история распространения религии в ближайшие страны, определяются основные предпосылки экспорта ислама, причины исламизации близлежащих стран, изучаются основные направления и секты в исламской религии

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15



І-тарау. VII ғасырдың басындағы Арабстан және ислам дінінің пайда

болуының алғышарттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33



ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық соғыстары және ислам дінінің
әлемдік дінге айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49


ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64



Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67

Сілтемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші . . . . . . . . . . . . . 72-74

Файлы: 1 файл

ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 

ИСЛАМНЫҢ  ПАЙДА БОЛУЫ МЕН  ТАРАЛУЫ

(диплом  жұмысы)

                               

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Талдықорған – 2010 

ИСЛАМНЫҢ  ПАЙДА БОЛУЫ МЕН  ТАРАЛУЫ 
 

мазмұны: 

Кіріспе  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15

 

І-тарау. VII ғасырдың басындағы  Арабстан және ислам  дінінің пайда 

              болуының алғышарттары  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33

 

ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық  соғыстары және ислам дінінің

               әлемдік дінге  айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49

 

ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы  және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64

 

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67 

Сілтемелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші  . . . . . . . . . . . . . 72-74

  
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

      Ислам діні Араб түбегінде VII ғасырда өмірге келіп, одан кейінгі кезеңдерде Шығыстың көптеген аймақтарына таралу арқылы үздіксіз дамып отырды. Уақыта жағынан алғанда ең соңғы пайда болған ислам діні буддизм және христианствомен бірге әлемдегі үш ірі дін қатарына қосылып, ең жас дін атанды. Буддизм біздің заманымызға дейін пайда болып, толықтай қалыптасып үлгерген болса, мыңжылдықтардың тоғысында Таяу Шығыста Иса пайғамбардың белсенді діни-пайғам-барлық қызметінің нәтижесінде діни ағымнан біртіндеп күрделі дүние-танымдық және діни көзқарастардың жүйесіне айналып үлгерген христианство ІV ғасырда Рим империясының ішінде кең түрде тарай бастайды. Олармен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы сасанидтік Иранның билігі қол астында дамып келген араб халқы ерте орта ғасыр-ларда өз қоғамын іштен жарып шығаратын элементтерді өмірге алып келіп, жаңа идеология мен діни ұстанымды – исламды желеу қылып, салыстырмалы қысқа уақыт ішінде өз аймағында саяси гегемонға айна-лады. Жоғарыда аталған факторлар Батыстың бірқатар зерттеушілеріне ислам негізін қалаған Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен діни қызметін тарихи ғылымына нақты орын алып отырған факт ретінде мәлімдеуге негіз бергеніне қарамастан, қазіргі таңда ғылыми исламтанудың барлық бағыттары бұл көзқарастарды жоққа шығарып, исламға дейінгі кезеңнің және мұсылмандықтың дамуы мен қалыптасу кезеңдеріне тікелей және жанама қатысы бар деректердің сын мәселелерінің күрделілігін басқа қырынан ашуға мүмкіндік туғызып отыр. Тарих ілгері басқан сайын, уақыт талабы өзгеріп, осы мәселелер жаңаша көзқарас пен жаңа зерттеулерді талап етеді.

     Дін адам санасына әсер ететін үлкен құбылыс. Ислам діні VII ғасырда пайда болып, тарихи даму нәтижесінде біздің заманымызға дейін келіп жетіп, қазіргі жаһандану үрдісі орын алып, адамзат өз рухани дүниесіне қарай үңілу, оның қыр-сырын ашу уақытында мил-лиондаған адамдардың өмірлік мәні мен арқауына айналған ислам сынды дінінің пайда болуын, оны тудырған алғышарттардың, даму барысы мен эволюциясын, қазіргі қоғам талаптарына сай жаңаруы мен трансформациясын зерттеп тану, жан-жақты ашып көрсетудің үлкен саяси әрі қоғамдық маңызы бар екендігі еш талас тудырмайды.

      Біздің осы диплом жұмысын жазған барысында, алға қойған мақсатымыз ретінде ислам дінінің пайда болу себептері мен алғышарт-тарын, сол кездегі қоғамның даму ерекшеліктерін түсініп ұғыну болып белгіленді. Өйткені бір елде пайда болып, жарты әлемге таралған бұл діннің мәнін түсіну өте маңызды.

      Ислам діні Арабстанда пайда болғандықтан, ол осы елдің тарихы-мен тығыз байланысты екендігі өзінен өзі түснікті жайт. Халифат тарихын зерттеудің үлкен дәстүрі, еуропалық шығыстану ғылымымен бір уақытта өмірге келді. Қазіргі кездегі зерттеу кезеңінің басталуын, өткен ғасырдың ортасында бір уақытта дерлік бірқатар елдерде әр тілде исламның пайда болуы мен халифат тарихына арналған бірқатар үлкен еңбектердің шығу кезеңі деп айтуға болады. 1846 жылы Г.Вайльдің «Халифат тарихы» деп аталатын үш томдығының бірінші томы жарық көрді. 1848-1849 жылдары А.П. Кассен де Персевальдің үш томдық көлемді еңбегі баспадан шықса, 1854 жылы Л.Седийоның «Араб тари-хы» атты еңбегі жұртшылықтың назарына ұсынылды.

      Осымен қатар исламның негізін салушының өмірі мен қызметінс арналған монографиялық зерттеулер де жазылды. Г. Вайльдің шағын кітабынан кейін (1843), А. Шпренгердің он жылдан кейін үш томдық зерттеуге негіз болған, қысқаша «Мұхаммедтің өмірі» (1851) атты еңбегі жарыққа шықты. 1858 жылы У.Мьюрдың әртүрлі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген төрттен үш ғасыр бойы ағылшын тілді оқыр-мандарға бұл кезеңнің тарихы туралы негізгі дерек қызметін атқарған «Мұхаммедтің өмірі» жарыққа шықты.

      Барлық бұл еңбектер, сол кездегі ғылымның жағдайына бай-ланысты, белгілі мөлшерде орта ғасырлық араб тарихи шығармалары-ның мәліметтертерінің өнделгсн көшірмссі болды. Тек А.Шпренгердің еңбегі ғана бұл деректердің мәліметтеріне талдай қарап, исламның негізін салушының қызметіне алдын ала кесіп-пішілмеген, әділ баға беруге ұмтылушылығымен ерекшеленді.

      Осы жылдары Құран мәтінін ғылыми зерттеудің, исламның пайда болу жылдарын және оның қалыптасуының алғашқы кезеңдерін зерт-теудс прогресс мүмкін емес мәтіндік талдау негізіндс ең алдымен оның жекелеген бөлімдерінің мерзімін анықтаудың негізі қаланды. Кейінірек И.Гольдцлердің еңбектерімен ислам идеологиясының қалыптасуында маңыздылығы жағынан екінші орында тұрған дерек-хадистерді1 сыни көзқараспен зерттеу бастама алды. Осы негізде XIX аяғы мен XX ғасырдың басында исламның ерте кезең тарихы, Мұхаммед ілімінің құрамдас бөліктсрі және исламның қалыптасуына христиан, иудаизм діндерінің рөлі туралы күрделі зерттеулер жарияланды.

      А.Мюллердің «Ислам на Востоке и Западе» деп аталатын екі томдық фундаменталды еңбегінің бірінші томы Мұхаммедтің қызметі-нің басталған кезеңінен Аббасидтердің құлау кезеңін қамтиды. Бұл еңбек орыс шығыстануында ерекше орын алды, себебі 1895 жылы орыс тіліне аударылғаннан кейін, бірнеше онжылдықтар бойы Халифат және орта ғасырлық мұсылмандықтың тарихы бойынша кең қауымның қолы жеткен, студенттсрдің көптеген буыны қолданған терең еңбек болды.2

      XIX ғасырдың екінші жартысы, таза тарихи шығармалар, соны-мен қатар әртүрлі биографиялық сөздіктер, заң трактаттары және Еуропада, Шығыста басылған әртүрлі түсініктер сынды араб жазба ескерткіштерінің ғылыми айналымға енуімен ерекшеленді. Бұл бізді қызықтыратын кезеңді зерттеуді мүлде өзгеше мүмкіндіктермен қам-тамасыз етіп, деректерді өзгеше жолдармен қарастыруды, жоғарыда аталған тарихшылар айналып өткен, тарихи зерттеудің алдын алатын тиянақты мәтіндік және дерекнамалық зерттеулерді талап етті. Бұған қатысты ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында жаңа типті екі еңбекті атап өту айрықша маңызды, олар: Н.А. Медникованың крест жорығына дейінгі араб деректеріндегі Палестина туралы мәліметтерді талдауға арналған еңбегі және И.Ю. Вельхаузеннің Омейядтар халифаты туралы еңбегі.

      Араб тарихнамасының ақпараттық мұрасын игерудегі алға басу, XX ғасырдың басында Италия шығыстанушысы Каэтаниді, ислам мен Халифаттың ерте кездегі тарихы бойынша араб деректеріндегі мәлі-меттердің толық жинағын шығаруға итермеледі. Бірінші дүниежүзілік соғысына дейін тоғыз жылдың ішінде ол VI ғасырдың аяқ кезі мен 644 жылға дейінгі кезенді қамтыған. «Анналы ислама» деп аталатын еңбегінің алты томын шығару барысында сол кездегі тарих ғылымына белгілі болған тек араб тілді деректерді түгеінел дерлік қамтып кеңі-нен қолданды. Бұл жұмыстың ауқымдылығына көзі жеткен соң ол, сонымен қатар оқиғалардың қысқаша тізімі ретінде жазылған «Мусульманская хронография» еңбегін жарыққа шығарды. Соғыстан кейін де Каэтани «Анналы ислама» еңбегін жалғастырды, бірақ соңғы оныншы томының өзінде 661 жылға дейін ғана жетті. Тарихшы маман үшін таптырмайтын анықтамалық болып табылатын бұл еңбек тұтас оқуға жарамсыз және тиражының өте аздығы, оны библиографиялық сирек кездесетін кітаптардың қатарына қосты.

     Арықарайғы фактілердің жиналуы және жекелеген мәселелерді зерттеу исламның пайда болуы мен Буилар әулеті тұсындағы (X ғ.) Аббасидтердің саяси билігінен айырылған кезеңді болса да қамтитын зерттеулердің екінші ширегінде тарихшы-арабтанушылар өз күштерін жекелеген елдер мен кезеңдерді зерттеуге жұмылдырды. Бұл уақытта пайда болған еңбектердің сипаты шолу түрінде және құрастырылған болып келді, оған Ф.Хиттидің «История арабов» (1937 жылы жарыққа шығып, артынан бірнеше рет қайта басылды) және К. Брокельманның «История мусульманских народов и государств» еңбегі және тағы сол сияқты осы жылдары ислам мен арабтардың тарихына қатысты, қысқаша жазылған көптеген еңбектер жатады.3

      Мәліметтер мен жаңа ойлардың нәтижесі ретінде, жинақтап қоры-ту еңбектерінің жаңа толқыны XIX ғасыр мен XX ғасыр аралығына дәл келді. 1892-1895 жылдары жарыққа шыққан Г.Гримменің еңбегі бұл қатарда бірінші орынды алып тұр. Онда Мұхаммедтің өмірі мен қыз-меті қысқа баяндалғанымен, белгілі фактілерді жаңаша қарастырып, жаңа діннің қайнар көзін талдауға негізгі көңілін аударған. 1903 жылы дат тілінде жарық көрген «Жизнь Мухаммеда» деп аталатын Ф.Бульдің еңбегі басқаша сипатта болды, ол материалды толық игеріп және оны талдай қарастырып, Мұхаммедтің өмірі мен қызметін терең баяндайды. Алайда, кітаптың тілі ғылым әлеміне оның әсерін шектеді, тек 1930 жылы ол неміс тіліне аударылғаннан кейін кең түрде қолданыла бастады. 1906 жылы көрнекті ағылшын арабтанушысы Д. Марголиустің Мұхаммедтің өмірбаянына арналған еңбегі автордың араб деректерін жақсы білгендігіне қарамастан Мұхаммед дәуірін зерттеуге ықпал еткен жоқ.

      Орыс шығыстануы бұл кезеңде еуропа тілдерінде жарық көрген еңбектерді қанағат тұтты. Бұл саладағы жалғыз тәжірибе, шығыстану-дан тыс тұрған, көпшілік қолды кітапшалар сериясында жарық көрген В.Соловьевтің «Магомет» еңбегі, онда автор еуропалық зерттеушілер-дің мәліметтеріне сүйене отырып, теология тұрғысынан жаңа діннің өмірге келуін көрсетуге ұмтылды.

      Л. Каэтанидың «Анналы ислама» деп атлатын еңбегінің алғашқы екі томы, өз уақыты үшін, Мұхаммед уақыты туралы тарихи мәлімет-тертердің мейлінше толық жинағы, бұл дәуірді зерттеудің үлкен кезеңін аяқтады. Сондықтан XX ғасырдың 20-30 жылдары ислам тарихшылары ислам идеологиясының қалыптасыуна: Құран мәтінін және оның терми-нологиясын зерттеуге Мұхаммед ілімінің қалыптасуындағы христиан және иудаизм діндерінің ықпал етуіне көңіл бөлді.

      Бұл кезең өз бастауын 50-ші жылдардан алған болатын. 1952 жылы Р. Бляшер Мұхаммедтің өзінен келіп шығатын, бірден бір анық дерек Құранға негізделіп Мұхаммедтің өмірбаянын қайта қарауға талпынды. 1953 және 1956 жылдары жарық көрген «Мухаммед в Мекке» және «Мухаммед в Медине» деп аталатын еңбектерінде У.М. Уотт көптеген жекелеген айырмашылықтарды жаңаша дәлелдеуді ұсынумен қатар, Мұхаммед ілімінің пайда болуының нақты тарихи себептерін түсіндіруге тырысты. Бұл еңбектерде жекелеген негізгі мәселелер қаралса да оқиғалардың байланыс тапқан көрінісі болмады. Бұл кемшіліктің орнын 1957 жылы шыққан М.Годфруа-Демамбиканың еңбегі толтырды, сонымен қатар онда Мұхаммед ілімінің қазіргі кездегі зерттеу жағдайы толық баяндалған. 1961 жылы осымен қатар У.М. Уоттың алдыңғы екі монографиясының негізінде қорыта баян-далған Мұхаммедтің өмірі мен қызметі жайлы еңбегі жарық көрді.

      М.Хамидуллахтың діншіл мұсылман тұрғысынан жазған екі том-дық Мұхаммедтің өмірбаяны осы заманғы тарихнаманың жетістіктері-не негізделген. Бұл еңбек араб тілін игермеген адамдарға мұсылман оқымыстыларының еңбектерін көз алдына елестетуге мүмкіндік бере-ді. Соңгы жарты ғасырда араб тілінде жарық көрген Мұхаммедтің өмірбаяның есепке алудың өзі қиын. Алайда Мұхаммед Хайкалдың «Жизнь Мухаммеда» деген еңбегі он алты рет қайта басылып шық-қанын айтып өткен орынды.

      Кеңес Одағы кезінде, исламтанулық зерттеулер, өкінішке орай 20-шы жылдарда біраз жанданғанымен, тұрпайы-социалистік күйлерге тәуелді болып отыз жыл бойы жүргізілмеді, ғылымга қарсы, исламға қатысты «сындар» айтылып, Мұхаммедті өмірде болмаған миф кейіп-кері десе, осыған сәйкес Құран тарихи деректен ойдан шығарылған шығармаға айналды.5 Бұл теориялардың жаңғырығы 60-70 жылдарда жазылған еңбектерде де кездеседі.

      60-шы жылдары Құранды И.Ю. Крачковский орыс тіліне аудар-ғаннан кейін, исламтануға байыпты көзқарас қалыптаса бастады. И.П. Петрушевскийдің Ирандағы Ислам туралы дәріс курсы жарық көрді.6 Осы жылдары Е.А. Беляевтің да монографиясы жарыққа шықты. Бұл еңбекте ол өзінің тарихшы-арабтанушы ретінде жазған еңбектерін жинақтады. Бұл кеңес ғылыми әдебиетіндегі арабтардың V-ІХ ғасыр-лардағы тарихын, дүниетанымын, әлеуметтік-тұрмыстық әдет ғұрпын жарыққа шығарған тұңғыш еңбек. Е.А. Беляев исламның пайда болуы, ру тайпалық қатынастарды жою және «діни қауым» сияқты жаңа әлеу-меттік ұйым құру әрекетін білдіргеніне ерекше көңіл боледі, ол араб мемлекетінің ұйымдастыру негізі болғандығын атап көрсетті.7

      Еуропа ғылымы бір жарым ғасыр ішінде, Мұхаммедке шайтан –жын, пері үйреткен жалған ілімді таратушы, иудаизм және христиан дінімен салыстырғанда оның ілімі екінші орында тұратын эклектикалы деп оның іліміне сенімді жоғалту әрекеттері мен көзқарастарынан, исламды христианство мен иудаизмге тең дін екендігін мойындауға дейін үлкен жолдан өтті.

      Біздің қолымызда бар сол кездегі оқиғаларға синхронды дерек ол – Құран. Мұсылмандар үшін Құран – киелі кітап, діннің негізі. Салыс-тыра көрсетсек иудейлер үшін Библия (ескі өсиет) және христиандар үшін Евангелие сияқты маңызды. Діншіл мұсылмандар көзқарасы бойынша, Құран еуропа ғалымдары есептейтіндей Мұхаммед пайғам-бардың шығармасы емес, Құдайдың жіберген өсиеті. «Ислам: историо- графический очерк» кітабында былай делінеді: «Құранның формасын, ішкі құрылысын және исламға дейінгі ауызша шығармашылықтың барлық белгілі жанрларын алдын ала зерттеу, Құранның исламға дейінгі Арабстанда кездесетін мәтіндердің барлық түрін біріктіргенін көрсетті. Алайда ол тек қайталау болған жоқ, Мұхаммед негізгі белгі-лерін сақтай отырып, орын алған дәстүрді қайта ойластырып, өңдеді».8

Информация о работе ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ