Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:54, дипломная работа
В работе исследуется история возникновения исламской религии на Аравийском полуострове в первой половине 7-го века6 рассматривается история распространения религии в ближайшие страны, определяются основные предпосылки экспорта ислама, причины исламизации близлежащих стран, изучаются основные направления и секты в исламской религии
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15
І-тарау. VII ғасырдың басындағы Арабстан және ислам дінінің пайда
болуының алғышарттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33
ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық соғыстары және ислам дінінің
әлемдік дінге айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49
ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67
Сілтемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші . . . . . . . . . . . . . 72-74
Әлемдік ақыл-парасат өмірдің бөлінбес бөлшегі болып табы-латын әлемдік жанды жаратады. Құдай да, әлемдік ақыл-парасат та болуы қажет, ол материалдық заттар болуы мүмкін нәрсе. Исмаи-лизмнің діни-философиялық жүйесінде материя мен форманың, жан мен дененің кеңістік пен уақыттың және тағы басқа қатысы туралы мәселелер маңызды орын алады. «Адам-құдай» қатынасын қарас-тыратын сопылармен салыстырғанда исмайлиттер «құдай-табиғат» қатынасы мәселелерін қарастыруымен ерекшеленеді. Түптеп келгенде исмайлиттердің зерттеу объектісі табиғаттың өзі болады. Исмайлиттер материяны форма қабылдауга қабілетті қарапайым субстанция ретінде анықтады, яғни материя әр түрлі формалар, сапалар мен мөлшерлер қабылдауға қабілетті нақтылы абстрактілі болмыс ретінде қабыл-данды. Сөйтіп мүмкін болмыс ретінде материя тек формаға айналған кезінде ғана шын бар нәрсе бола алады. Исмайлиттердің ойынша, материалдық заттар дүниесі үздіксіз өзгеру, қозғалу процесі үстінде болады. Әрбір ай астылық дүниедегі денелік субстанцияға қозғалыс тән. Исмайлиттер қозғалысты дененің жағдайы, бұл жағдай оларды өзгертуге қабілетті ретінде қарастырды. Алайда, деп есептеді олар, қозғалыс дененің атрибуты емес, ол қайсыбір рухани мән-жанның атрибуты. Исмайлиттердің материя және оның формасы, сол сияқты қозғалыс туралы ілімі де діни идеализм шеңберінде қалып қойды.75
Исмайлизм философиясының ең маңызды мәселелеріңің бірі - таным мәселесі. Бұл мәселе мистикалық түр алуына қарамастан сти-хиялы материализм позициясы тұрғысынан шешілген. Исмайлит-тердың таным теориясының негізіне материалдық заттар дүниесін ақыл-парасат арқылы ғана тануға және алған біліміне сай әрекет етуге қабілетті адам алынған. Исмайлиттер өмірдің материалдық мәнін теріске шығаратындықтан, олардың ілімі бойынша, барлық тірі нәрсе-лердің өмір сүруі жалпыға ортақ ақыл-парасаттан шыға отырып, денеге өмір беруге қабілетті жан бітіреді.
Исмаилизм арабтар жаулап алған елдерде, әсіресе Мысырда, Иранда және Орта Азияда кеңінен тарады. Исмаилиттердің мүліктік тендік туралы идеясы, бұл қозғалыстың антифеодалдық сипаты халық-тың көпшілік бөлігінің назарын аударды. Халифаттың жоғарғы билігі мен оның ресми идеологиясы – ортодоксальді исламға қарсы күресуші бұл оппозициялық ағымдардан басқа ислам шеңберінде әрекет еткен, мұсылман дін басыларымен айтысқа түскен көптеген секталар мен ағымдар да дами түсті. Араб халифатының қоғамдық өмірінің тари-хында мутазилиттік күпірліктің де зор маңызы болды. «Мутазилизм, – деп жазады С.Н. Григорян, – халықтың көпшілік бөлігінің өмірдің одан әрі феодалдандырылуы процесінен және халифат пен исламға қарсы күрестің одан әрі өрши түсуінен пайда болды».76
Өндіргіш күштердің дамуы, езілген халықтармен экономикалық және мәдени байланыстың күшеюі, олардың ғылыми және мәдени өмі-рінің жаулаушылардың мәдениетінен едәуір жоғары болуы мутазилизм-нің қалыптасуына мүмкіндік берді. Табиғи ғылыми ойдың дамуының және халықтық қозғалыстың ықпалының арқасында орто-доксальді исламға оппозиция ретінде рационалистік ойлау пайда болды. Ол өмір сүріп отырған дәстүрлі догматизмге, Суннаны шындық деп қабылдау талабына қанағаттанбады. Әр түрлі ағымдар арасында қызу айтыс туғызған мәселелер – құдайдың барлығы, Құранның табиғаты, ождан бостандығы, табиғаттың мәні, тағы басқалар болды. Мутазилиттер ождан бостандығын, Құранның табиғаты, күнәһарлық дәрежесі және басқаларын өзінше негіздеуге көне грек философиясының әдістерін қолданды. Олар халифат тарихында тұңғыш рет ақыл-парасатқа жүгі-ніп, оны таным көзі деп жариялады. «Олардың сіңірген еңбегі сол, – деп жазды И.Гольдцлер, – сезімдік тәжірибе және дәстүрлі біліммен қатар, олар үшінші критерий ретінде – ақыл-парасатқа негізделген білімді қойды».78
Мутазилиттер исламды жақтаушылар бола отырып, мистикалық аян беруге қарсы шықты және материалдық дүниені тану туралы ілімде ақыл-парасатты жоғары бағалады. Алайда субстанцияны, бол-мысты танудың көзі ретінде ақыл-парасатты нанымға, ғылымды – дінге батыл қарсы қоюға тырыспады. Құдай, мутазилиттердің ілімі бойынша, ол адам түсінігімен білдіруге болмайтын, кез-келген атрибуттардан ада абстрактілі рухани бастау. Құдайдың мәнін дейді олар бақылау арқылы да, сезу арқылы да ұғу мүмкін емес. Олар ортодоксальді исламның құдай туралы антропоморфтік түсінігіне қарсы тұрып, оның барлық атрибуттарын, әсіресе сөйлеу қасиетін жоққа шығарды. Мутазилиттср сөйлеу құдайга тән қасиет емес, ол өз еркімен «ерекше жаратушылық қасиетімен материалдық субстраттан сөйлейтін зат жасайды»79 деп біледі. Міне, осы ережеден олардың ортодоксальді исламның құдай сөзінің жаратылмағаны және Құранның жаратылмағаны туралы догма-тына қарсы Құранның жасалғаны туралы тезисі шығады. Мутазилиттер Құранды жасалған деп есептеп, оны абсолют құдай мәнінің сөзі деп мойындамады, олардың ойынша, Құран да құдайдың сияқты мәңгілік болса, онда бұл екі мәңгілік бастау – Құдай мен Құран деп мойындауға әкеп соғар еді де, ол исламның жалғыз құдай (таухид) туралы негізгі тезисіне қайшы келген болар еді. Құранды діни шындықтың көзі дей отырып, мутазилиттер сонымен бірге оны өзінің мүдделерінің көзқа-расы тұрғысынан еркін түсіндіруге жол берді. Сонымен бірге Мутази-литтер аристотельдік дүниені бірінші қозғалысқа түсіруші ретіндегі құдай идеясын, әлемнің және оның зандарының мәңгілігі идеясын теріске шығарды. Мутазилиттердің құдайы – жасампаз, мәңгі өмір сүретін және құдіретті бастау.80 Бұл жерде мутазилиттерге стоизм философиясының әсері байқалады. Мутазилиттер үшін құдайлық әді-леттілік пен жалғыз құдай проблемасы негізгі мәселе болды. Құдайлық жазмыш туралы ислам догматы адамның еркін жоққа шығаруға әкеледі, яғни адам өзі ешнәрсе істемейді, барлығы да Алланың еркімен жаса-лады. Демек, жақсы болсын, жаман болсын, іс-әрекеттер құдайдың еркімен жасалады. Жазмыш туралы тезис, мутазилиттердің ойынша құдайлық әділеттілік туралы тсзиспен сиыспақ емес.
Құдай қажеттілігіне қарай әділетті болуға тиіс, – деп есептейді мутазилиттер, құдайлық, әділеттілік туралы түсінікке қажеттілік элементін қосады. Құдай әділетті болып табылады, сондықтан ол адамдар жасайтын жамандық пен әділетсіздіктің көзі болуы мүмкін емес дейтін құдайлық әділеттілік туралы ілімнен логикалық жолмен ождан бостандығы туралы ілім келіп шығады. Мутазилиттер адам-ның ождан бостандығын мойындайды, бірақ олардың түсінігі бойын-ша, адамның жақсы және жаман істерінің жалғыз өлшемі оның ақыл-парасаты болып табылады. Бірақ ождан бостандығын, – дейді мутази-литтер, адамға құдайдың өзі бсрген. Сөйтіп, кейбір рационалистік идеяларына қарамастан, мутазилиттер құдайды ең бірінші себеп ретінде құрмст тұта отырып, теизм негізінде қалып қойды. Халиф аль-Мамун (813-853) кезінде мутазилизм ресми идеология айналып, бұл жағдай еркін ойдың дамуына үлкен мүмкіндік берді. Осы кезеңде халифаттың ғылыми орталығы оз жұмысын бастап, антикалық философтардың шығармалары аударылып, зерттелді.81 Бұл уақытқа дейін өмір сүріп отырған ислам догматтарының жүйесі халифат халқының білімді бөлігінің мәдени сұранымына жауап бсрмсді. Сондықтан да мутазилит-тер халифатта едәуір кең тараған философиялық ойдың рухындағы дін ілімдік жүйе жасады. Мутазилиттердің табигат туралы ілімінде антика-лық философияның әсері өте қатты білінді. Мутазилиттер өзінің табиғат туралы ілімінде атомдық теорияны пайдаланды, олардың ойынша, кез келген дене жекелеген бөлшектерге бөлінеді және әрбір бөлшектер өз кезегінде кеңістікте қозғалуға және тыныштық күйде бола алатын белгілі бір атомдар санына бөлінеді. Материя, мутазилит-тердің ілімі бойынша, барлық атрибуттарға потенциалды түрде ие. Ал бұл материяға қатысты құдайдың қызметі оның бұл материяға акциден-циялық болмыстың қасиетін беретіндігінде болып отыр. Материалдық дүниедегі барлық құбылыстар мен заттар себептік байланыста. Сондық-тан да материалдық дүниені адамдық ақып-парасатпен тануға болаты-нына сенімді мутазилиттер құдайдың аян беруі арқылы шындыққа жетуге болатынын теріске шығарады.
Құдайдың аян беруі арқылы тануға күдікпен қарауы оларды материалдық дүниені ақыл-парасат арқылы тануға ұмтылуға итерме-леді. Халифат өмір сүріп турған кезеңдерде мұсылман әлемі мистика-лық-күпірлік қозғалыстың көптеген формаларынан білді. Бұлар – хариджизм, исмаилизм, мутазилизм, суфизм және т.б.
Ислам мен оның догматына қатысты оппозициялық ағымдардың арасындағы ең күштілерінің бірі – мутазилиттер қозғалысы болды. Олар дүниенің жаратылуы, қажеттілік, ождан бостандығы принцип-тері мәселслеріне қатысты көзқарастар жүйесін дамытты. Исламдағы анти-ортодоксальді жүйенің алғашқы кездегі демократиялық бағдары уақыт өте келе жалпы діни жүйенің бір бөлігіне айналып кетті, өйткені олар діни ойлау шегінен шықпай, тек іштей қайшылыққа ұрынды. Мұсылман идеологиясының ілгері дамуы догматтық дін ілімі – Қаламда көрінді.82
Қалам догматтардың ортодоксальді жүйесін нығайту, феодал табының ерекше артықшылығын негіздеу қажеттілігінің салдарынан пайда болды. Қаламның теориялық мазмұны абсолюттік анаға сенуді қалпына келтіруге, жазмыш теориясын қорғауға бағытталды. Мутака-лималар, мутазилиттер сияқты өз ілімінің негізгі ережелерін нығайту үшін философия мен логиканы пайдаланды. Бұл туралы Әбу Халид аль-Газали былай деген еді: «Мутакалималар заттың шын табиғатын зерт-теуге жүгіне отырып, Суннаны қорғауға тырысып бақты, сөйтіп, олар субстанция, акциденция және олардың анықтамаларын түсіндіруге ұмтылды... Бірақ оның нәтижесі шамалы болды...»83 Мутакалималар мутазилиттердің дүниенің мәңгілігі, табиғат құбылыстарының заңды-лығы және олардың себепті байланыстылығы туралы іліміне қарсы шықты. Олар дүниенің ешнәрседен жаратылмағаны, материалдық дүниедегі барлық процестер мен құбылыстардың құдайдың еркіне тәуелділігі идеясын дәлелдеуге тырысып, мутазилиттер сияқты атом концепциясын пайдаланды. Мутакалималар барлық дене көрінетін және көрінбейтін атомдардан тұрады, олардың не массасы, не көлемі бол-майды деп есептеді. Олар атомның мәңгіліктігін теріске шығарады, өйткені, – дейді, атомдар құдайдың тұрақты араласуынан пайда болады және құдайдың еркімен өмір сүруі немесе өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Мутазилиттер бұған керісінше ойлады: атомдар өзі қозғалуға, бір-біріне өтуге қабілетті, құдайдың оларға қатысты бірінші қозғаудан, оларды акциденциялық болмыстан құралады. Атомдық түсінік кеңістік, уақыт және қозғалыс түсініктермен байланыстырыла қарастырылады. Мутакалималар атомдар өзара кеңістікпен бөлінген деп шамаланады. Олар бос кеңістіктің болуын мойындай отырып, кеңістіктің шексіздігін теріске шығарады. Осыдан мутакалималар атомдар кеңістік пен уақыт жағынан шектеулі және алдын-ала белгіленіп қойылган дегенді айта келе дүниенің жаратылғаны туралы тезисті алға тартты. Олар табиғат-тағы себепті зандылықтарды қайсы бір құдайлық «дағдымен» алмас-тырды. Олар табиғаттағы зандылықтың орнына дағды түсінігін қояды. Бұл заң емес, құдайдың табиғатқа белгілеген дағдысы, бұл белгілі құбылыстардан соң басқаларға жалғасады, бірақ бұл сабақтастық міндетті емес.84
Мутазилиттердің дүниенің мәңгілігі туралы іліміне қарсы шыға отырып, мутакалималар табиғатта барлық өтетін процестердің объек-тивтік себептілігі мен зандылығын теріске шығарып, себептік байла-ныстылықты жаратудың бір ғана актісімен шектеліп калмастан, бұл құбылыстарды тұрақты түрде болмыстан тыс жерден туғызып оты-рады. Сөйтіп, дейді мутакаллималар, адам ешқандай ерік бостанды-ғына ие емес, ол жаратушының құлақкесті құлы ғана.
Атомдардың идеалистік концспциясы мутазилиттердің материа-листік сипаты бар атомдар концепциясына қарсы бағытталды. Сөйтіп, мұсылман қоғамының дамуы оның идеологиясымен бірге ілгері басты. Дін бұл қоғамның әлеуметтік саяси жағынан реттеуші ретінде маңыз-ды орын алды. Қоғамдағы барлық процестер мұсылман идеологиясы және оны дамыту арқылы жүрді. Әрине, процестердің өзі дінге тәуелді болған жоқ, бірақ оның есесіне олар исламның қарапайым формасынан белгілі бір мақсаттық жүйеге айналып, дамуын анықтап отырды. Мұндай даму исламда мынадай жолмен жүрді: бастапқы Құран Суннада дамытылды, ал Сунна өз кезегінде діни теологиялық ілім – Каламға ұласты. Әрине, Құран да, Сунна да, тіпті Калам да, мұсылман қоғамында орын алған проблемаларды әлеуметтік-саяси қарама-қайшылықтарды ушықтырып, мұсылман қоғамын тығырыққа апарып тіреді, экономикалық және мәдени өмірді тоқырауға ұшыратты.
Осылай
әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік
теңдікті іздеу барысында әр түрлі исламдық
ағымдарда белгілі бір мөлшерде әлеумсттік
утопиялар дүниеге келді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әртүрлі бағыттағы ағымдар, топтар, секталары болса да ислам – біркелкі тұтас жүйе. Шығыс пен Еуропа мәдениетінің өркендеген кезінде өзіне христиан және иудей, грек философиясының, римдік құқық, ескі парсы империясының және индуизм мен буддизмнің мис-тикалық-метафизикалық саудасының әкімшілік құрылысынан тәжірибе жиған бұл жүйе көп салалы синтезден өткен күрделі қорытынды. Бұл синтездің негізі араб мәдениеті, араб этносы, араб мемлекеті.
Шығыстың ұлаң-ғайыр территориясында кіші-гірім мәдени тұр-мысы жағынан артта қалған семиттер әулетінен күшті саяси жүйесімен өрбіген өркениетімен, көп санды, өзіндік этномәдениетімен әйгілі ірі қауым пайда болғандығы белгілі. Араб ислам-діни мәдениетінің әдет-ғұрпы тез арада төңірегіндсгі және одан кейін басып алған мемлекеттер мен халықтарға, оның ішінде ерте дүниеде әлемдік өркениет шыңына жеткен мемлекеттерге тарап кетті. Қысқаша айтқанда араби ислам екпіні қысқа мерзімнің ішінде Арабстанға жақын және қашық елдерді, ондағы көп тайпалы, өзінің ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары бар халықтар да өз ішінде ерітіп, бойына сіңіріп жіберді. Бұл күшті асси-миляция толқыны өзіне сай екпінді қарсы күшті тудырды. Нәтижесінде, Мысыр, Месопотамия, Испания, Үндістан, Иран, Орта Азия, Африка тағы басқа елдердің мәдениетін жинақтаған, халықтарының рухани әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі пайда болды. Бұл әдет-ғұрып, өсіп-өрбіп келе жатқан ислам мәдениетіне алып күш беріп, әрі қарай дамуына ықпалын тигізді. Мұның өзі орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің аз уақыттың ішінде әлемдік өркениеттің басында болуына алып келді. Бұған әсерін тигізген тағы бір елеулі жағдай, VIII ғасырдан бастап Еуропа мәдениеті құлдырау жолына түсіп көне және жаңа кезеңге бөліне бастаған еді. Орталық Еуропада христиан мәдениеті Батыс Еуропада католик, Византияда православие өрбіп тұрған кез бола тұра олардың жағдайы ислам өрксниетімен салыстырғанда құлдырай бастады. Ислам мәде-ниетінің араб тілінің орнына араб тілінің терминологияларына өте бай түркі тілімен парсы тіліне кең етек жая бастады.