ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

В работе исследуется история возникновения исламской религии на Аравийском полуострове в первой половине 7-го века6 рассматривается история распространения религии в ближайшие страны, определяются основные предпосылки экспорта ислама, причины исламизации близлежащих стран, изучаются основные направления и секты в исламской религии

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15



І-тарау. VII ғасырдың басындағы Арабстан және ислам дінінің пайда

болуының алғышарттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33



ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық соғыстары және ислам дінінің
әлемдік дінге айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49


ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64



Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67

Сілтемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші . . . . . . . . . . . . . 72-74

Файлы: 1 файл

ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать)

      630-631 жылдары Батыс Арабстан облыстарындагы тайпалар мен аудандардың діни саяси бірлестігі ең алдымен Мұхаммедтің жеке басымен және бірлестікке емес, жеке оған берілген анттар арқылы бекі-тілді. Жаңа дінді қабылдау оның жолына түсушілердің басшысы басқа көсемдерде жоқ ерекше құдіретті күш иесі болып табылатын жаңа саяси одаққа кіру формасы болды.

      Мұхаммедті мойындау оған жаңа бірлестік құруды жеңілдетті, бірақ бұл ерекшелікті мойындаудың әлсіз жері – бұл құдіретті күш иесі өмірден кеткен соң – бұрынғы байланыстар мен міндеттер жойылды. Мұхаммедтің мирасқоры діни рух және саяси әдіспен құрылған бұл бірлестікті сақтап қалуы тиіс болды.37 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-ТАРАУ. АРАБТАРДЫҢ БАСҚЫНШЫЛЫК СОҒЫСТАРЫ ЖӘНЕ ИСЛАМНЫҢ ӘЛЕМДІК ДІНГЕ АЙНАЛУЫ

      Пайғамбар өлімі туралы хабарды естіген ансарлар, оларға күрейштермен тең құқық және бірдей билік берілсін деген талап қояды. Олар қауым басында бірі ансалардан, бірі күрейштерден екі әмір тұруын жақтады. Ансарларды тәуелділік жағдайда қалдырғысы келген мұхаджирлер, оларға өз ортасынан уәзір, яғни кауым басшылары сайлайтын әмірге көмекші тағайындауды қалады. Бірак, ансарлардың арасында ескі қауымаралык бәсеке басталған кезде, мұхаджирлер бұл келісімнен бірден бас тартты.

      Қауым басына Мұхаммедтің жактастарының бірі Әбу Бакр келді. Ол «мұрагер», «орынбасар» дегенді білдіретің халиф лауазымын алды. Арабстандағы жағдай осы кезде саяси дүрбелең мен аласапыранға толы болды. Біркатар аудандарда, Мединаның жоғарылауын мойында-ғысы келмеген жекелеген тайпалардың сепаратизмін білдірген жергілікті пайғамбарлар шықты.

      Кейінгі мұсылман жазушылары, тайпалардың бұл қозғалысын ис-ламнан «бөліну», «діннен безгендік» деп ерекше мән беріп «ар-рида» деп атады. Шын мәнінде, олардың ішінде ислам жолын ұстайтын тайпа-лар аз болды, басқа тайпалар саяси билігін мойындады немесе Медина кауымының ыкпалында болғанымен өз ескі діни сенімдерін сактап калып отырды (көп құдайға табынушылық, ханифизм, христиан діні).

      Біркатар тайпаларда Медина ықпалына бағынып, исламды қа-былдауга ниетті топтар пайда болды. Медина қауымының ықпалын сезінбегендіктен ислам туралы түсінігі жоқ тайпалар да кездесті.

     Л. Каэтани діншілдер қауымына қатыстылығына байланысты Арабстан тайпаларын төрт категорияға бөледі. Бірінші категорияға Медина-Мекке діни қауымына тікелей бағынатын, ислам жолын ұс-танғандар кіреді. Бұлар Медина мен Мекке және бұл қалалардың ара-лығын мекендейтін джухейна, музейна, бали, асджа, аслам, хуза, хузейл және тағы да басқа ұсақ тайпалар. Екінші категория құрамына Орталық Арабстанның – хавазин, амир, ибнсасаа, тай, сулейм тайпалары кірді. Бұл тайпалар діни қауымның күшті саяси ықпалында болғанымен, Мединаға бағынуга қарсы едәуір топтар белсенділік көрсетіп отырды. Үшінші категорияға діни қауымның ықпалы жаңадан орнап келе жатқан тайпаларды жатқызуға болады; онда мұсылмандардың (мусли-мун) мөлшері аз ғана болды. Бұлар асад, гатафан, тамим. Төртінші категорияға өзінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтаған тайпалар жатады. Бұлар Йемендегі ханифалар, абд-ал-кайс, азд және Йемендегі, Хадрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Сонымен қатар діни қауым, христиандық кең көлем жайған араб тайпаларына еш ықпал етпеді. Олар келб, кудаа, бахра, гассан, бенр ибн-ваил, танух, тағлиб, сонымен қатар Махра, Хадрамаут және Йемендегі бір-қатар саяси партиялар.39

      Осылайша, Арабстан халқының көпшілігі Мұхаммедтің тірі кезін-де де жаңа дін жолына түспестен бұрын, мединалық діни қауымының саяси билігін мойындамағандықтан ар-рида діни «жаңылу» дегенді біл-діреді. «Ал-рида» араб тайпаларын бағындырып, оларды басқыншылық соғыста пайдалануды білдірді. Барлық Арабстан тайпаларын бағынды-ру немесе «біріктіру» екінші «әділ» халиф – Омар ибн ал-Хаттабаның (634-644) кезінде аяқталды.40

      Арабстанды біржолата бағындырмастан бұрын Медина-Мекке қауымының әскери күші және оған қосылған бедуин тайпалары көрші-лес жатқан өркениетті елдерге басып кірулерін бастады. Осы басқын-шылық соғыстардың нәтижесінде VII-VIII ғасырларда Азия, Африка, Еуропаның ауқымды жерлсріне араб үстемдігі орнады.

      633 жылдың күзінде (немесе 634 ж. көктемде) үш араб отряды (әрқайсысында 7500 жауынгер) Сирия шөлі арқылы (Бадийат аш-шам) Палестина мен Сирияға басып кіреді. Византиямен алғашқы қақты-ғыстар, Өлі теңіздің оңтүстігінде, Газза ауданында, Вадил-Арабта болды. 634 жылы жаз кезінде арабтар Бусраны алды, Византия әскер-лерін Аджкаданде және Фихлде женді. Қоршауда қалғанда пайдала-натын техникасы немесе арнайы шабуыл техникасы жоқ, Палестина мен Сирияның мықты қорғалған қалаларының тұрғындары араб отряд-тарына қарсы қорғанысқа жауықсыздықпен қатынасты. «Олар оз өмір-лерін, мүлкін және өз балаларын аман сақтап, жаппай салық төлеу шартымен», араб әскербасыларымен келісімге келуді артық көрді.41

      Арабтардың Хираның шекаралас ауданы оңтүстік Иракқа басып кіруі Йемендегі соғыстан бұрын басталды және шапқыншылық ұрыс-тар түрінде болды. Ислам ханифтерінің қарсылығын басқаннан кейін, қол астында 500 мединалық және меккеліктер болған Халид ибн ал-Уалид, Бакр ибн ваил тайпасын өз жағына шығарып, соның көмегімен Хираны алды.

      634 жылдың наурызында, 500-800 аттыдан тұратын атты әскер Мединадан келген бұйрық бойынша, шөлден өтіп, Дамаск түбіне апа-рылды. Араб әскерлері Дамаск түбіндегі бақты аудан Гутуды алып, техникалық құралдарының және бекінген қалаларды алу тәжірибесінің жоқтығынан, олар қала қабырғасының түбінде дәрменсіздік танытты. Алты ай қоршаудан кейін комендант және жергілікті епископ, қаланың төменгі таптарының қысымымен 635 жылы қыркүйекте қаланы арабтар-ға берді. Араб жорықтарының ірі жаулаушылыққа айналғанын түсінген император Ираклий бастаған византия әскери басқарушысы ірі армия-ны солтүстік Сирияға шоғырландырды. Гректерден (румдар) басқа, оның құрамына ал-Джазира мен Арменияның тұрғындары сирия отряд-тары да кірді. Араб тарихшыларының айқын ұлғайтылған есебі бойын-ша, византия әскерінің саны 200 мың болған. Ал араб әскерлеріндегі жалпы жауынгерлердің саны, сол тарихшылардың айқын азайтылған мәліметтері бойынша 24 мың болды. Византиялықтар жақындағанда арабтар Дамаск пен басқа қалаларды тастап, Иордан өзенінің шығыс тармағы Йормук (Ярлук) өзеніне кейін шегінді. Осы жерде 636 жылдың 20 тамызында, шешуші ұрыс болып, византиялықтар 70 мың жауын-герінен айырылды. Византия әскерінің соғыс қабілеттілігіне, оның ішіндегі грек және армян бөлімдерінің араздығы әсер етті. Сириялық арабтар болса, гассанид патшасы Джебел ибн ал-Айханның бастауымен арабтар жағына шығып кетті.

      Иранда, Хираны алғаннан кейін арабтар сасанид өскерлерімен ұрыстарда бірнеше рет жеңіліске ұшырап, ол қаладан және оның ауда-нынан кетуге мәжбүр болды, ал 637 жылы 31 мамыр және 1 маусымда иран әскерлерімен Кадисте болған ұрыста жеңіске жетті. Бұл жеңістен кейін екі-үш аптадан соң, арабтарда Мадаин деген атпен белгілі, Саса-нидтер астанасы Ктесифанды алды.42

      Сирияда араб қаруының табысы анықталғаннан кейін, олар Афри-каны жаулап алу жорықтарын бастады. 639 жылдың желтоксан айында Амра ибн аль-Аса бастаған шағын отряд, Мысырға алғаш рет басып кірді. Бұл жорық құнарлы Мысырдан, Хиджазға астық және азық-түлік-тің басқа да түрлерін жеткізу кажеттілігінің тығыздығынан туындады. Арабстан бірігуінен кейін, қажылыққа келуші мұсылмандардың саны тез өскен сайын, Меккенің тұтыну сұранысы да өсті.

      640 жылдың қаңтарында Амра Фараманы (Пелуссий) алды, одан кейін Нілден соғыспен өтіп, Фаюмге жорық жасады. Қосымша күш келген маусым айында арабтар Гелиопели түбінде византиялықтарды жеңіліскс ұшыратты. 640 жылдың қыркүйек айында олар Вавилонды қоршап алды, бұл бекініс 641 жылдың сәуір айында мойынсұнды. Бұдан кейін арабтар Нілмен төмен жылжи отырып, Александрияны қоршауға кірісті. 641 жылдың қараша айында жергілікті патриарх Кир (ал-Мукавкис), арабтар үшін бұл берік қамалдың берілуі туралы келі-сімге қол қояды.

      Мысырдан араб әскерлері көршілес жатқан Ливияға жорықтар жасады. Жергілікті бербер тайпаларының қарсылығын кездестірмей және византия гарнизондарын жеңіліске ұшырата отырып, олар 642 жылдың күзінде Киренайна ауданын бағындырып, Барка қаласын алды. Бұл ауданнан олар, оңтүстікке Феззанаға дейін, батысқа 643 жылы алған Триполь қаласына дейін ішкерілей енді. 647 жылы, Мысыр наместнигі Абдаллах ибн Саданың басқаруымен Ифрикияга (қазіргі Тунис) басып кіріп, Ебейтлой бекінісі түбінде византиялықтарды талқандады.43

      Осылайша, екі онжылдықтың ішінде арабтар, Азия және Афри-када Византия империясының құрамына кіретін ауқымды территория-ны және осыдан бұрын мықты державаның саяси дсрбестігін жойып, бүкіл Иран патшалығын жаулап алды. Араб басқыншылыгының тез, әрі жеңіл болуының себептерін араб елднрінің тарихын зерттейтін немесе оның оқиғаларын жолай қарастыратын еуропалық тарихшылар айна-лысты.

     Арабтардың әскери жеңісінің негізгі себептері ретінде Византия мен Иранның экономикалық әлсіреуін, ең бастысы бұл мемлекеттер-дегі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісінің тереңдеуін айта кету керек. Қанау мен қысымның күшейіп отырған жағдайында араб бас-қыншылары пайда болған елдер мен аудандардың еңбекші халқы, оларды өз билеушілерінің ауыр қысымынан құтқарушы ретінде қабыл-дады. Осының нәтижесінде арабтар жаулап алған елдердің халқының көпшілігі оларға қарсылық көрсетпегенімен қатар, одақтас ретінде қимыл көрсетті.

      Материалдық ресурстардың азаны, олардың қарулы күштерінің саны аздығынан, әскери қабілеттілігінің төмендігінен, қорғаныс құрылыстарының қараусыз қалғандығынан көрінген әскери әлсіздікті туғызды. Арабтардың әскери табыстарын, басқыншылардың бойын билеген діни фанатизммен түсіндіретін ескі пікір, қазір мүлде қана-ғаттсыз ретінде мойындалмайды, араб әскерінің негізгі бөлігін құраған бедуиндер жаңа діни ілімді білмеді және білуі мүмкін емес еді. Өйткені мұсылман діни әдебиетінің алғашқы шығармасы, Құранның құрастыры-луы араб басқыншылығының бірінші кезеңі аяқталған кезде, дәлірек айтқанда VII ғасырда жазыла бастады. Билеуші тап бұқара халықтың арасында тиісті идеологияның үстемдік ету шартымен, олардан өзіне керек редакцияға қол жеткізді.

      Ислам жасақтары мүшелерінің көпшілігінің, әсіресе бедуиндер-дің Құран және оның мазмұны, сонымен қатар исламның негізгі қағи-далары туралы түсініктері мардымсыз болатын. Басқыншыларды бірік-тірген діни фанатизм болмады. Дегенмен, мұнда басқыншыларды, өзде-рін жаулап алынған елдерге қарсы қоюға мүмкіндік беретін, Мұхаммед-тің жолын қуушылардың бір діни бірлестікке қатыстылығын сезіну үлкен рөл атқарды.

      Исламды қару күшімен тарату діни парыз болды. Халықты шы-найы дін жолына салу мақсатымен болған соғыс, әділетті деп есеп-телді. Киелі соғыс – жыхад – мұсылман жолын ұстанған әрбір адам-ның негізгі міндеті болды десек қателеспейміз. Егер Құран бір жағы-нан адамдарды құдай жолына «сабыр сақтап, иландыру арқылы» 46 алып келу керек деп ақыл айтса, екінші жағынан «сенбегенді қырып-жоюға»46 қатысты нұсқауларды кездестіреміз. Мұхаммед киелі соғыс-тың барлық нәтижелерін болжамаса керек. Сонда да басшылыққа ала-тын концепция (мұсылман еместермен, олар исламға бағынғанша үздіксіз соғыс жүргізу) оның өлімінен кейін көп ұзамай қалыптасты. Теория тұрғысынан киелі соғыс ерікті, денсаулығы және рухы мықты, жорыққа қажеттерінің бәрі бар, мұсылман ер адамдардың барлығына түгел міндетті парыз. Алайда  әрбір діншіл адамның, бұл соғысқа жеке қатысуы  міндетті емес: егер оған мұсылмандардың белгілі мөлшері қатысатын болса, барлығының парызы орындалды деп есептеуіне жеткілікті болған.47

      Киелі соғыстың ережелері қандай болды? Оны міндетті түрде исламмен көршілес жатқан жерлерді мекендейтін халыққа қарсы жүр-гізу керек. Әскери іс қимылды бастамас бұрын дінсіздерге шынайы дін жолына түсуді ұсыну керек. Егер олар келісім берсе, бірден қауымға (умма) қабылданып, мұсылмандармен тендей құқыққа ие болады, бірақ дінді бұзатын болса, өліммен жазаланатын болады. Олар бас тартқан жағдайда екі жол болуы ықтимал: талас, екі жақтың қарулы қақтығы-сымен (күш қолдану арқылы басып алу – анна) шешімді мүмкін немесе олар мұсылмандардың қорғауында болатындары үшін салық төлейді (тізе бүктіру жолымен жаулау – сульх).

      Қамқорлыққа алынғандар «келісім, міндет адамдары» болды (зимми). Зимми бірқатар міндеттер орындауға тиіс болды және оларға біршама шектеулер қойылды.48 Олар мұсылман әскерлерін қамтамасыз ету үшін контрибуция төлеуге, өзгеше киім киіп оған ерекше белгі (шияр) тағып жүруге міндетті болды, оларға атқа мініп қару ұстауға және діни ғибадатханалық ғимараттар салуға, тыйым салынды; мұсыл-ман сотында олардың куәгерлік жауаптары есептелінбеді, өлтірілген жағдайда оларға канды кек заңы таралмады, тек ақшалай есесі қайта-рылды. Оның орнына зиммидің жеке басы мен мүлкі, мұсылмандікі сияқты заң қорғауында болды.

      Басқыншылардың қол астына түскен жер шаруалары мен қала халқы жан басына және жерге – джизья және харадж салықтарын  төле-ді. Барлық жаулап алынған елдерде салық төлеуден әйелдер, кәмелетке толмағандар, кедейлер, ауылынан адасқандар, сал болғандар, өз қол еңбегімен күн көретін сопылар.

      Әскери істі, әскер құрамындағы қызметті арабтар өздерінің ерек-ше құқығы мен міндеті деп есептеді. «Араб әскер» араб тайпаларының жасақтарынан тұрды. Арабтар өз қарулы күштерінің құралына бағын-дырылған халықтың арасынан шыққандарды, сонымен қатар исламды қабылдағандарды да жібермеді. Бірақ исламға дейінгі уақытта, Араб-стан шекарасынан көшіп кетіп, өздерінің жаңа көршілерінің ықпалы-мен христиандықты қабылдаған араб тайпалары, Арабстаннан келген басқыншылардың әскери әрекеттеріне бірден қосылып кетті. Әсіресе Сирия мен Иорданияның христиан араб тайпаларының әскери саяси маңызы, мұсылман дәуірінің алғашқы ғасырында маңызды болды.

      Араб басқыншылығы және араб үстемдігінің өздерімен салыс-тырғанда анағұрлым дамыған елдерде орнауы, араб қоғамындағы эко-номикалық және әлеуметтік процесті тездетті және күрделендірді. Қатардағы жауынгерлер қиындықтар мен жорықтағы мұқтаждықтарды басынан өткізіп жатқанда, бұл қоғамның әскери және саяси билігі бар жоғарғы табы, олжа мен салықтың тең емес көп бөлігін иеленді. Халиф Омардың кезінде-ақ арабтың бір ақыны: «Біз жорықтарга қаты-самыз, одан қайтып ораламыз, олар молшылықта өмір сүріп жатыр, біз неге кедей болып қала береміз?», – деп жырлаған.49

      VII ғасырдың ортасында исламда үш ағым пайда болды: а) ресми сунниттік исламның жақтастары қатарында Омейядтар да болды; ә) шииттер; б) хариджиттер. Омейядтар әулетінің тоқсан жылдың (660-750) үстемдігін жеке тарихи кезең деп бөліп қарастыруға болады. Омейялықтар ауқымды халифат құрған, жаулап алынған елдерде араб үстемдігін бсйнеледі, бұл династияның құлауымен Азияда, Африкада және Еуропада әртүрлі бағындырылған халықтарда араб гегемониясы тоқтатылды.

Информация о работе ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ