ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:54, дипломная работа

Краткое описание

В работе исследуется история возникновения исламской религии на Аравийском полуострове в первой половине 7-го века6 рассматривается история распространения религии в ближайшие страны, определяются основные предпосылки экспорта ислама, причины исламизации близлежащих стран, изучаются основные направления и секты в исламской религии

Оглавление

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15



І-тарау. VII ғасырдың басындағы Арабстан және ислам дінінің пайда

болуының алғышарттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33



ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық соғыстары және ислам дінінің
әлемдік дінге айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49


ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64



Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67

Сілтемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші . . . . . . . . . . . . . 72-74

Файлы: 1 файл

ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ.doc

— 374.00 Кб (Скачать)

      Арабстан аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуы бір-келкі болған жоқ. Мол су рссурсының болуына байланысты, Йеменде б.э.д. I мыңжылдықтың өзінде-ақ дамыған жер шаруашылығы қалып-тасты. Б.э.д. II ғасырда пайда болған Йемендегі соңғы құл иеленушілік мемлекет Химьярит патшалығы өмір сүруін тек VI ғасырдың бірінші ширегінде ғана тоқтатты.

     Парсы және грек деректерінде, VI ғасыр мен VII ғасырдың басын-да Йеменде болған бірнеше әлеуметтік топ аталынды: игіліктілер (ақсүйектер), көпестер, ерікті жер шаруалары, ерікті қолонершілер, құлдар. Ерікті жер шаруалары қауымдарға бірігіп, каналдар мен басқа да суландыру жүйелерін бірігіп пайдаланды.21 Ақсүйектер көбіне қала-ларда тұрды, бірақ ауылды жерлерде егіндік жерлері, жүзімдіктері және құрма ағашының шоқ тоғайлары болды. Ақсүйектерге тиісті егіндіктер мен бақтарды өндеу, малдарын қарау құлдардың жұмысы болды. Құл-дар суландыру жұмыстарында және қолөнершілер қатарында да болды.

      Йемен таптарының арасында кабирлер болды, олардың міндетте-ріне: су құбырлары мен плотиналарды жөндеу жұмыстары, суландыру каналдарынан су болу, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру кірді.

      Көпестер жергілікті, сыртқы және транзитті саудаға кең түрде араласты. Йеменде – Мариб, Сана, Недхран, Масин және тағы басқа ежелгі сауда қалалары болды. Бұл қалаларда VII ғасырдан көп бұрын қалыптасқан ережелер, көбіне классикалық Греция дәуіріндегі қола мемлекеттер (полис) құрылысына ұқсас болды.22 Қалалық ақсақалдар кеңесі ақсүйектерден тұрды.

      Йеменнің Арабстанның басқа бөліктерімен салыстырғанда ерте дамуына, оның Мысыр, Палестина және Сириямен саудадағы делдал-дық рөлі дем берді.

     Дербес еркін өмір сүруіне байланысты. бедуиндер Арабстанның отырықшы өмірімен байланысы аз болды, олар іс жүзінде жаңа дәуірге дейін таптар мен мемлекеттік билік пайда болған, оңтүстіктің жер шаруашылығы және қола өркениетіне тәуелсіз болды. Бедуин-дерде әлеуметтік жіктелу әлсіз көрінген, көшпенді қоғамға сай, патриархалды қатынастар мен ру-тайпалық дәстүрлер сақталды.

      Арабстандағы отырықшы өмірге келетін болсақ, жоғарыда ата-лып өткендей жер шаруашылығы оңтүстікте дамыды. Ежелгі кезде мұнда күрделі суғару жүйелері құрылган. Олардың қалдықтары осы күнге дейін сақталған. Алайда VI ғасырдың өзіндс бұл суландыру жүйелері қирады. Белгілі мөлшерде оған табиғи апаттар – жауын көп түскен маусымдардағы селдер мен тасқындар, жер сілкіністері әсер етті.23 Осылайша, VI ғасырдың ортасында су өте үлкен Мариб плоти-насын бұзып өтті, бұл егістік жерлердің көлемін бірдсн азайтты. Алайда суландыру жүйесіне көп тигізген зардап әкелген басқыншы-лық соғыстар болды. Арабстанның жер шаруашылығымен айналы-сатын аудандары, эфиоптар мен ирландықтардың басқыншылық жорық жасау аландарына айналды. VII ғасырдың басында Арабстан қалалары орнында қираған үйінділер ғана қалды.

      Суландыру жүйелерінің істен шығуы, басқа елдердің басқын-шылық жорықтары, Оңтүстік Арабстанның отырықшы өркениетіне зиян келтірді. Бұл жердегі мемлекеттік құрылым – Химьярит кінәздігі Иранға қосылып, Сасанид державасының әкімшілік бөлінісіне айнал-ды. Бұдан өзге де үш араб мемлекеттік құрылымдары болды, олар: Кинда тайпалар князьдігі, Лахи немесс Хира тайпалары князьдігі және Гассанидтср кінәздігі. Олар Арабстанның солтүстігінде орналасты, халқы жартылай көшпелі, жартылай отырықшы болды. Бұлардың барлығы сол кездегі қуатты державалар Иран және Византиямен шектесетіндіктсн, олардың саяси және әскери қысымын үздіксіз сезіп отырды. VI ғасырдың аяғында бұлар өз өмір сүруін тоқтатып, ыдыра-ды немесе Иран және Византияның әкімшілік аудандарына айналды.

      А.Г. Лундиннің зерттеулері көрсеткендей араб князьдіктері ерте-таптық мемлекеттер болды. «Әлеуметтік сипаты бойынша олар жас Киев Русіне ұқсас болды. Мұнда кінәз тұқымының кіші мүшелері басқарған үлес жер жүйесі жұмыс істеді, қол астындағы тайпалардан салық жиналуы, кісі өлтірген үшін айып, өлген кісінің әлеуметтік жағдайына байланысты болды».24

      Кінәздіктер құлағаннан кейін Арабстанда саяси жаьық кеңістік пайда болды. Жалпы араб мемлекетінің күшті билігімен бірге, соны-мен қатар бір мемлекетке бірігуде ұйымдастыру орталығы болатын қандай да бір айтарлықтай аймақтық билік те болған жоқ. Осындай жағдайларда көшпелі бедуиндер Солтүстік және Орталық Арабстанда әсіресе ішкі аудандарда шексіз билікке ие болды. Біраз бұрын әжеп-теуір дамыған мемлекеттік құрылымдар өмір сүрген, солтүстік көшпе-лілер орналасады. Мемлекеттік билікті әскери табысқа жеткен тайпалар қолына алуға тырысады.

     Тайпа аралық алауыздық онжылдықтарға созылған қиян-кескі ұрыстарға айналды. Бұл өз кезегінде жалпы арабтық саяси және мемлекеттік биліктің қалыптасуына кедергі келтірді.

      Тайпа аралық соғыстар араб қоғамындағы дағдарыстың тағы бір ерекшелігін тудырды. Басып алушылық пен тонаушылық бір тайпа-ларды ойсыратып, қайыршылыққа ұшыратса, керісінше келесі біреу-лері олжа түсіріп, күшейіп келе жатты. Ал тайпа ішінде әдетте оны басқаратын көсемдер мен ақсақалдар байып көтеріліп келе жатты. Бұл күшейген тайпалардың арасындағы әлеуметтік қайшылықтардың күшеюіне әкелді, ол ру-тайпалық байланыстардың, дәстүрлердің дағ-дарысынан көрінді.

      Шындығына келсек, VII ғасыр басында бедуиндер арасында әлеуметтік дағдарыс күшейді. Бірқатар тайпаларда патриархалды құрылыстың ыдырап, тайпалық демократизм дәстүрінің жойылуы тсреңдеді. Күшті ру өкілдерінен тандаулылар (элита) қалыптасты. Олардың қолында малдың көп мөлшері болды, және олар жайылым-дарды, су көздерін құдық суаттарды басып алды, бұларсыз Арабстанда өмір сүру мүмкін емес.25 Әлсіз рулар кедейленіп, ауқатты және күшті-лерінен зәбір көрді. Тайпа бірлігіне қалыптасып келе жатқан тайпа ақсүйектері мен кедейленген руластары арасындағы дау кедергі жаса-ды. Араб рулық қауымының мекені (хайи) шатырлардан (бейіт) тұрды; әр бейіт жеке отбасының үйі болды, кейде оның саны 500-ге дейін де жетті. Отырықшы арабтар, ауылдар немесе қала кварталдарын құратын балшық үйлерден тұрды. Тайпалар рулардан немесе қауымдардан тұрды, олардың мүшелерінің саны тайпаның күш қуаты мен ықпал ету дәрежесін білдірді. Әр тайпаның басында оның басшысы сейід (қо-жайын дегенді білдіреді) тұрды, бізге жақын уақыттан бастап шейх деп атай бастады.

      VI-VII ғасыр аралығында Арабстанда әлеуметтік және саяси дағдарыс шегінс жетіп, тайпа аралық күрес кемеліне келген кезде, түбектің батысындағы Хиджазда, Меккеде қоныс тепкен күрейш тай-палары күшейді. Аңыз бойынша олар, осы қаланың маңында көшіп қонып жүрген он бытыраңқы рудан құралған. Бастапқы кезде бұлар кәдімгі бедуиндер болды: түйе асырады, оларды саудагерлерге жалға берді, керуендерді алып жүрді, шапқыншылық жасады. Оларды   Мек-кеге келіп  орналасқан Құсай біріктірді. Сондықтан оны кейбір тарих-шылар арабтардың Тесейі немесс Ромулы деп атайды. Бұған қоса күрейш шежіресі келіп шығатын, кинан бірлестігіндегі бакр тайпасы-ның да Йасриб маңында көшіп қонып жүретіні белгілі. Мекке ежелгі «хош иіс жолы» керуенінің, Зәмзәм бұлағының басында кідіру пункті ретінде пайда болған деп жорамалдауға болады. Бұл жерге дәл қай кезден бастап отырықшы тұрғындардың орналасқаны белгіссіз. Кейбір тарихшылар Геродот атаған (б.э.д. V ғ.) Макарабаны Меккемен тендес-тіру мүмкіндігін айтады.26

      Араб өлшемі бойынша, үлкен қалаға айналған бұл пункт ежелгі кездің өзіндс-ақ күннен күнге өсіп отырған діни маңызга ие болған. Асқазанға іс жүргізу әсерінің нәтижесінде зәмзәмнің суы киелі деп есептеле бастады. Ерте кезден бұл бұлақтың басындагы Қааба, хиджаз-дағы бедуин тайпаларының қажылық объектісі болды; ерте кезден-ақ қажылық маусымда меккеліктер мен бедуиндер арасында сауда айна-лымы болса керек. Мұсылман аңызы бойынша (әрине, мұның ешқандай тарихи маңызы жоқ) Каабаны библиядағы Ыбрайым және оның ұлы, солтүстік арабтардың аңызға орай негізін салушы Исмаил тұрғызған.

      Мекке «дәнді дақыл өспейтін алқаптың шұңқырында орналасқан; ол, меккеліктер таулар (дошбал) деп атайтын жалаңаш төбелермен қоршалған, ал олардың арасындағы өткелдерді «шатқал» (ишаб) деп атайды. Жауын жауған жағдайда шұңқыр төңірегінде екпінді ағын жүрді. Бірнеше рет мұндай қатты тасқын, жергілікті қатқыл тастан жасалған Кааба іргетасы мен қабырғасын шайып өтті.

      Қала осы ежелгі ғибадатхананың айналасында орналасты, оны   ислам   пайда болғанга  дейін-ақ «Алла үйі» деп, ал меккеліктер өздерін мақтанышпен «Алланың көршілеріміз» деп атады. Қааба қабырғалары-ның біріне аңыз бойынша аспаннан түскен (метеорит болуы мүмкін) қара тас (аль-хаджаруль-асуад). Бұл ғибадатханаға ерекше киелі қасиет берді. Каабаны құрметтеу белгісі ретінде, көптеген тайпалар оның айналасына өздерінің тайпалық және рулық құдайларының мүсін бейнесін қойды. Олардың жалпы саны 360 болды. Жылдың қатаң белгі-ленген бір уақытында арабтар Қара тасқа және өздерінің тайпалық құдайларына құлдық ету үшін Меккеге қажылыққа барды. Бұл кезенде ескі дәстүр бойынша, барлық тайпа аралық соғыстар, ру аралық араз-дықтар және қанды кек әдет ғұрпының барлық әрекеттері тоқтатылды.27

      Меккенің, Хиджаз бен батыс Недждтің пұтқа табынатын тайпа-ларының діни орталығы ретіндегі маңызы, оның ірі сауда пункті ретін-дегі жағдайымен үйлесіп отырды. Меккеліктер халықаралық транзит саудасына белсене қатысып, Хиджаз бндуиндерімен де сауда айналым-дарын жүргізді. Мекке, Йеменнен – Сирияға, Палестинаға, Иракқа және Мысырға өтетін керуен жолында тиімді орналасты, Қызыл теңіз арқы-лы ол Шығыс Африкамен байланыста болды. Йеменнен жергілікті жерде өндірілетін тауарлар ғана емес, сауда жолымен Үндістаннан, Қытайдан және Африкадан келген, сауда айналым заттары да шығарыл-ды. Үнді мұхиты мен Қызыл теңіз арқылы сауда жолдары эллинизм дәуірінде едәуір жанданды. Теңізде жүзушілер жазда оңтүстік батыстан қуалай соққан муссонды пайдаланып, Үндістанға аттанды, қыста бұл желдер солтүтік-шығыс бағытында соққан кезде қайтып оралды. Алай-да Үндістан мен Мысырдың Қызыл теңіз шығанақтары арасында тіке-лей теңіз қарым-қатынасы орнағанмен, Мекке орналасқан ежелгі «хош иістер жолы» арқылы керуендер легі толастаған емес. Мекке керуен саудасының ірі мөлшері туралы, сенімді араб деректеріндегі, мардым-сыз бірақ айқын мәліметтерден көруге болады. Мысалы, ат-Табари 2500 түйедсн тұратын керуен туралы хабарлайды.28 624 жылы Бедрдегі ұрыстың себебі болған керуен мың түйеден тұрған.

      Құранның 106-шы сүресі бойынша, меккеліктер жылына екі рет, қыста және жазда екі үлкен сауда сапарын (рихла) жабдықтаған деп жорамалдауға болады. Басқа деректерден белгілі болғандай, оның бірінішісі Йеменге, екіншісі солтүстікке, яғни Палестинаға, Сирияға, Мысырға, ксйде Иракқа аттандырылды. Бұл экспедицияны күрейш тайпасының Меккеде тұратын ауқытты тобы ұйымдастырды, оған кез келген тіпті қаражаты аз меккелік те мүше бола алды. Үлкен Мекке керуендерінің жол көрсетушілері және қарулы күзеті болды. Түйе-лерді, мал айдаушыларды, жүкшілерді төңіректегі бедуиндер арасы-нан алды. Тәжірибслі жол көрсетушілср жолдар мен жол қиылыстарын ғана емес, түйелер үшін суаттар мен жайылымдардың орналасуын да жақсы білді. Керуен басы Меккемен байланыс ұстап, уақыт өткен сайын оған жүйрік түйемен хабаршы жіберіп отырды.

      Сауда Мекке тұрғындарының негізгі кәсібі болды. Бұл қалада «саудагер болмаған адамның ештеңесі жоқ» деді арабтар. Исламға дейінгі Меккеде монета сарайы болмады. Айналымда византиялық алтын, сасанидтердің күміс ақшалары және йемен (химьяр) ақшалары болды. Сонымен қатар есеп айырысу, Африкадан және Йеменнен әкелі-ніп, өзен арналарынан алынатын алтын құммен жүрді. Күміс құймалар-дың да айырбас құны болды. Бірақ бұл құймалар, алтын құм және қажалған тозған монеталар өлшсніп берілді.

      Саудамен бірге Меккеде өсімқорлық та кең қанат жайды. Ауқат-тылығы орташа және кедей меккеліктердің, табысты керуен саудасына қатысуға деген тілегі, оларды өсімқорлардан қарыз алуға итермеледі. Қарыз берушілер әдетте қарызды 100 %-ға берді. Меккенің ірі керуен саудасына Таиф қаласының тұрғындары, бәрі болмаса да сакиф тайпа-сының ауқатты тобы тұрақты қатысып отырды. Мекке мен Таифтің экономикалық байланыстары тығыз болғаны соншалық оларды «Макка-тани», яғни екі Мекке деп атады.29 Таиф тұрғындары мен оның маңын-дағылар бақтары және бақшалары жоқ меккеліктерді жеміс, көкеніспен қамтамасыз етті.

      Ауқатты және ықпалды меккеліктер Каабаның айналысында орна-ласқан үйлерде, қала орталығында тұрды, сондықтан оларды «орталық күрейштер» деп атады.

      Бұлардың қол астындағы қатардағы күрейш тайпасының мүше-лерімен бірге, тағы ахлаф – «одақтастар» тұрды. Олар сауда жұмысына араласты. Ірі көпестер, өсімқорлар, құл иеленушілер «мола» (ақсүйек) деп аталатын ерекше топты құрды. Құлдардан полиция құрылды, ол «ахабши» деп аталды, ақсақалдар кеңесінің «жиналыс үйі» қызмет етті. Аңыз бойынша «жиналыс үйінің» (дар ан-надиа) негізін қалаушы аты аңызға айналған Кусайя ибн Килаба.

      Күрейш ақсүйектері өз міндеттері мен артықшылықтарын сол Кусайя мұраға қалдырған деп есептеді. «Кусайяның қолында бүкіл тайпа бағынған билік болған, олар: хиджаба, сикая, рифада, надва  және лива» Хиджаба-а Кааба кілтін сақтау, сикая қажылыққа келгендерді, бұл ғибадатханада діни рәсімдерін орындау үшін сумен қамтамасыз ету міндетіне: Рифада – қажылыққа келген кедейлерге азық үшін күрейш-тердің беретінде қаражатын жинау кірді. Лива – бұл қандай да бір тайпамен соғыс бола қалған жағдайда, әскербасына берілетін (ту) ақ мата тілімі.

      Біз қарастыратын кезеңде бүның бәрі Омейя халифтерінің артық-шылықтары болды. Бұл артықшылықтарды олар қажылыққа келген-дерге ықпал ету мүмкіндігі ретінде пайдаланды.

      Бұл мәселенің бір жағы ғана. Екінші жағында меккеліктсрдің өте үлкен әлеуметтік және мүліктік жіктелуі тұрды. Байлық бір полюсте жинақталды. Ол керуендер, өсімқорлар, көпестер. Күрейш тайпасында билеуші орынға шыққан омейялықтар ерекше байыды.

      Келесі полюсте қайыршылық орын алды. Мұнда кедейленген хашим руын, жолы болмаған саудагерлерді, малынан айырылған бедуиндерді және тарида тайпасынан аластатылғандарды да айтуға болады. Әлеуметтік теңсіздік, қарама-қайшылық ең алдымен кедей-ленген қалың бұқара топтарының наразылығын туғызды.30

Информация о работе ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ