Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:54, дипломная работа
В работе исследуется история возникновения исламской религии на Аравийском полуострове в первой половине 7-го века6 рассматривается история распространения религии в ближайшие страны, определяются основные предпосылки экспорта ислама, причины исламизации близлежащих стран, изучаются основные направления и секты в исламской религии
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15
І-тарау. VII ғасырдың басындағы Арабстан және ислам дінінің пайда
болуының алғышарттары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33
ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық соғыстары және ислам дінінің
әлемдік дінге айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49
ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67
Сілтемелер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші . . . . . . . . . . . . . 72-74
Басқыншылық жорықтар жалғаса берді, ал-Валид I кезінде бел-сенді қимылдар жасалды. Енді араб отрядтарының алыс таулы аудан-дарда, ауыр климаттық жағдайларда ұрысуына тура келеді, олжа да басқыншылықтың бастапқы кезеңіндей оңай келмеді.30 Суджанидтер кезінде-ақ араб басқыншылары Туниске (оның әлі ескі римдік «Афри-ка» атауы сақталып, арабтарда «Ифрикия» формасына ие болды) кіріп, 670 жылы Найруан бекіністі лагерін тұрғызды. 685 жылы берберлер арабтарда ығыстырып, бұл маңызды тірек пунктті қиратты.
Солтүстік Африканы нақты жаулау VII ғасырдың аяғы мен VIII ғасырдың басында, Дамаск халифінің сириялық әскері Ибн аз-Зубей-раның жақтастарын жеңіп, Омейя үстемдігін Иракта қалпына келтір-геннен кейін іске асты.51 Берберлер басқыншыларға табанды қарсылық көрсетті. Нәтижесінде ол бербер жетекші әйел Кахинамен байланыс-тырылды. Рулық ақсүйектердің бұл әйел өкілі (арабтар «Кахина» – абыз деп атаған, сәуегей болуы мүмкін) көшпенді берберлердің қарсы-лығын басқарды. Оның бұйрығы бойынша бұл кошпенділер, араб басқыншы-лығынан қорғаныс ретінде шөлді зона жасау үшін егістік жерлерді таптады, ағаштарды қиды, құдықтарды көміп тастады. Бұл Солтүстік Сирияда осы амалды пайдалану әрекеті сәтсіз аяқталған византиялық-тардың ақылы бойынша істелсе керек. Бұл шара кең шөл кеңістіктеріне үйренген араб бедуиндерін тоқтата алмады. Бірақ ол отырықшы берберлерді, өздерінің көшпенді отандастарына қарсы қойды және біржолата басқыншылардың одақтастарына айналдырды. VII ғасырдың ең аяғында, араб әскерлері Ифрикияга (Тунискс) келіп Карфагенді алды және Кайруанды бекінісін қалпына келтіруге кірісті.
Мұсылман қауымының осу қарқынына байланысты қазіргі кезде тропикалық Африка әлемнің басқа аймақтарын көп артта қалдырады. Африка материгінде исламның кең таралуын немен түсіндіруге бола-ды? Батыс ғалымдары дағдылы түрде, мәселені исламның Африка діні мен мәдениетіне ерекше жақындық тұрғысынан қарады. Мысалы, дәс-түрлі Африка мен ислам қоғамындағы көп әйел алушылыққа, ислам-дағы (христиан дінімен салыстырғанда) құдайға құлшылық етудің қарапайымдылығына; неофиттің мұсылман қауымына кіру оңайлығы-на (катехизис жаттау керек емес, тәубеге келіп, кешірім сұрау және тіпті бұрынгы полидемонитті діндерінен бас тарту да қажет емес, әрі көп құдайлық Африканың тек кейбір аудандарында ғана белгілі); ас-пандагы және жердегі діни иерархияның салыстырмалы қарапайымды-лыгы, өйткені, католик дін басылары мен дәстүрлі діндердің абыздары сияқты исламда дінге сенушілер мен құдайдың арасында дін басылары жоқтығына және тағы сол сияқты мәселелерге баса көңіл аударылды.
Ислам өркениетімен салыстыра отырып, олардың даму дәрежесін кемітуге (отарлық кезеңдегідей) не артық бағалауға болмайды. Дәстүр-лі Африка діндері негізінен, таптық қоғамға дейінгі кезге тән, полиде-монитті категорияға жатады. Бұл діндерде табиғаттан тыс күштер, құдайлар емес, әртүрлі рухтар (оған ата баба рухы, жерлердің рухы, апат рухтары және т.б.). Полидемонитті діндер өркениет дәрежесіне жетпеген қоғамдарға тән.52
Ислам дін және өркениет ретінде, алғашқы формациядан таптық қоғамға өткен кезде, оған тиісті діни идеологияны және өркениеттің жетіспейтін элементтерін қажет еткен тайпалармен алып пайдаланыл-ды. Әдетте дәстүрлі африкалық діндерде, өлгеннен кейін іс-қылығына байланысты жазалау немесе бағалау, тозақ, жұмақ және сонымен қатар діннің бұлдыр сағымдық қызметінің құрамдас бөліктері идеялары әлсіз дамыған. Сондықтан ислам дін таратушылары, өз діндерінің бұл маңызды артықшылықтарын ескеруге тырысты.
Исламның Еуропаға ықпал етуі негізінен арабтардың Испания мен Сицилияны басып алуының нәтижесі болды. Әскери әрекеттердің басталуын 710 жылдың шілде айы деп есептеуге болады, 400 адамнан тұратын мұсылман отряды бұғазды кесіп өтіп, Солтүстік Африкадан Испанияның оңтүстігіне өтті. Бұл тек ұрыспен барлау болатын, бірақ оның мәліметтертері жеңіске үміттендірерлік болғандықтан, келесі 711 жылы басып алу әрекеті табысқа жетті. Басып алу армиясы жеті мыңнан тұрды көп ұзамай он бес мыңға көбейтті, осының өзінде оның батыл әрекетті болғаны соншалық 711 жылдың шілде айында вестгот королі Родерикті шешуші жеңіліске ұшыратып, оның корольдігіндегі орталық билікті жойды. Бұдан кейін мұсылмандарға айтарлықтай қарсылық көрсетілген жоқ. Шамамен 715 жылға дейін олар кейбір қалалардың ғана билеушілерімен келісімге келіп, Испанияның барлық негізгі қалаларын басып алды.53 Бұл қалалар қатарында Францияның оңтүстігіндс орналасқан Нарбонн да болды, өйткені бұл қаланы қор-шап жатқан аудан Вестгот корольдігінің бөлігі болды. Әрбір жорық сайын Арабстанга (Дамаскіге) қайтып оралу алыс болғандықтан, арабтар Найруан сияқты қала-лагерьлер құрды. Мұндай пункттер жиі, халық көп орналасқан әкімшілік орталықтарға айналды. Бұл жерлерден жаңа әскери экспедициялар жіберілді, жаңа базалар ішкерілей еніп алдыға жылжыды.
Вестготтық Испанияны жаулау аяқталмастан көп бұрын кейбір араб әскербасылары Нарбонн мен Памплондағы өз базаларынан Рона алқабы мен Францияның оңтүстік батыс бөлігіне жорықтар жүргізе бастады. 732 жылы мұндай әскери жорықтар Пуатье мен Тур ауданы-ның аралығына дейін жылжыды, бірақ Мұнда арабтар Карл Мартелл-дсн жеңіліс тапты. Әлем тарихында бұл маңызды шайқастардың бірі болып табылады; өйткені бұл бағыттағы мұсылмандық шекарасының шегін белгілеп берді. Мұсылмандық Испания көп ғасырлар бойы өзінің күш жігерін жоғалтқан жоқ, ол тіпті күшейді де.Испанияда мұсылман-дық мемлекет Кардоза халифаты (756-1031) құрылды.
Батыс Еуропада христиандық араб басқыншылығына Сицилияда да ұшырады. Сицилияға алғашқы жорықты Сиракуздср тоналған 692 жылға жатқызады. Бұл жорық арабтардың низантия флотына қарсы тұра алатын флот жабдықталғаннан кейін болды. Алайда, IX ғасырға дейін мұсылмандардың күш қуаты, басқа жерлерге бағытталды.54
Батыстағы ауқымды жорықтарымен бірге, арабтар Орта Азия мен Орта Шығыста да белсенді әскери іс қимылдар жасады. 644 жылы жаулап алынған Хорасан, Әмудария мен Сырдарияның аралығында орналасқан сжелгі мәдениеттің бай елі Мәуереннахрды жаулап алу үшін ыңғайлы плацдарм болды. VII ғасырдың аяғында арабтардың Мәуереннахрға жүргізген әскери әрекеттері олжа, атап айтқанда құл-дыққа айналдырылған тұтқындарды басып алу мақсатымен болған жорықтар түрінде болды. 673-674 жылдары Ирактың араб наместнигі, Убейдуллах ибн Зийда бастаған қол Әмудариядан соғыспен өтіп, Ротиман және Бұқара маңын басып алып, талқандады.55 Түріктер мен бұқаралықтардың біріккен күшіне қарсы қиян кескі ұрыстан кейін, бұл араб әскербасы бұқар патша-регентімен келісімге келді. Бұл жорықтан арабтар Хорасанға көптеген алтын және күміс теңгелер, ыдыстар, шебер жасалған қару-жарақтар және жоғары сапалы жібек маталарын, сонымен қатар төрт мыңдай тұрғынды құлдыққа алып кетті.
Мәуереннахрды жаулау VIII ғасырдың басында Велид I билік ету кезінде іске асты. Бұл аса бай және мәдениетті елдің басқыншысы араб әскербасы Кутейба ибн Муслим болды. Оның әскері 706 жылы Мәуереннахрға келіп, он жыл ішінде бұл елді бағындырды. Жергілікті халықтың табанды қарсылығы, арабтарды шығынға ұшыратқандықтан, жыл сайын Мервтен, Хорасаннан әскери лагерьлерден әскери іс қимыл сахнасына жаңа күштер қосылып отырды.
Мәуереннахр мен басқа аудандарды басып алудың негізгі се-бептсрінің бірі басып алынған жерлердегі бір-бірімен жауласқан көптеген ұсақ мемлекеттердің саяси бытыраңқылыгынан көруіміз керек. Мысалы, Орта Азияда араб басқыншылығы кезінде он бестей феодалдық мемлекет болды, мұны арабтар ұтымды пайдаланды.56 Басқыншылар сонымен қатар түрік көшпенділері мен Орта Азияның отырықшы халык арасындағы қайшылықтарды да пайдаланды. Сол кезге дейін Халифатқа қосылған көптеген елдердің адамдық және материалдық қорын пайдаланғандықтан әскери басымдығы болғанын ескеруіміз керек.
Сонымен ислам діні Орта Азияга сырттан, араб шапқыншылығы нәтижесінде әкелінді. Ауқымды территорияларды, әр тілді көптеген тайпаларды басып алумен байланысты, жаулаушылық соғыстар ис-ламның таралуына үлкен рөл атқарды; бірқатар жағдайларда олар туралы шешуші фактор ретінде айтуға болады, өйткені ислам «бас-тапқы кезде дара миссионерлікті білмеді, тек басқыншылық арқылы ғана тарады; мұсылман иеліктерінің шекарасы, исламның таралу шекарасымен сәйкес келдГ.57
Басып алынған жерлерде исламды тарата отырып, араб халифаты діни билік қана емес, саяси билік те орнатты. Арабтардың саяси быты-раңқы, әлеуметтік қайшылығы шиеленіскен елдерді алдын ала ойласты-рылған жеңісі – исламның қару күшімен ғана емес, басқыншылық жорықтардың туғызатын психологиялық күшті әсердің көмегімен бекуіне мүмкіндік туғызды. Бағындырылған халық арабтардың жеңісіне оңай жетуінің себебін, оларға табиғаттан тыс күштердің қолдау көрсе-туінен деп түсінді. Бұған қоса арабтар басып алынған жерлерде пұтқа табынушы тайпалар шіркеуінің мүлкін басып алып, шіркеуді мешітке айналдырды. Мұндай «қасиетті нәрсені масқаралаушылықтан кейін ешқандай жазаның болмауы да, жергілікті халықтың ескі құдай күшіне сенімін әлсіретіп, жаңа дін ықпалын күшейтпей қоймады».58
Олжа (тұтқындарды қосқанда) мен салық түсіру үшін Хаджнади Ауғанстанда, Шығыс Иранда, және Үндістанда басқыншылық саясат ұстады. Жазық Ауғанстанды басып алғаннан кейін арабтар Кабулды алды. 708 жылы Нерман билеушісі Мұхаммед ибн Касым бастаған әскер Синдке, яғни Төменгі Инд ауданына жылжыды. Бұл әскердің саны алты мыңнан асты, бірақ ол бекіністі алатын және шабуыл жасай-тын техникамен жабдықталды, тас ататын және қабырға бұзатын қару-құралдар бөлшектенген күйінде, түйелермен тасыды. Бұл техниканың тиімді әрекетіне байланысты арабтар Дейбулды алып, сұлтан қорғау-шыларының қарсылығын тойтарды. Көп олжа түсірілген Синд Халифат құрамына кірді.
Ислам Үндістанға VII ғасырдың екінші жартысынан-ақ кіре бас-тады.59 Мұнда оны мұсылман саудагерлері мен Таяу және Орта Шығыс-тан келген уағыздаушылар әкелді. Сауданың дамуына мүдделі үнді кінәздерінің мадақтап, қолдауымен Ираннан, Ирактан, Орта Азиядан келген саудагерлер Кашмирде, Мультанда, атақты гуджарт астанасы Анхиль-арда қоныстап қалып отырды. Осының нәтижесінде Үндістан-да, бірқатар облыстарында мұсылман билеушілерінің үстемдігі орна-ғанға дейін, басқа елден шыққандардан және мұсылмандықты қабыл-даған үндістерден тұратын мұсылман елді мекендері пайда болды.60
Мұсылмандықты қабылдағаннан кейін, барлық жолын қуушы-ларды діни қауымның тең құқылы мүшесі деп мәлімдеуін үнділік төмен каста өкілдері теңдік армандарымен байланыстырды. Мысалы, Бен-галияда төменгі тап өкілдері көп болғандықтан, оның жақтастарының да қатары тез өсті. Пенджабта көптеген кесапаттылар мұсылмандықты қабылдады. Алайда, ислам қаралған төменгі таптың үмітін ақтамады, оларга әлеуметтік теңдік әкелмеді, касталық шырмаудан босата алмады.
Жаулап алынған елдерде арабтар өздеріне әлі белгісіз және түсініксіз әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен жекеменшік формаларын кездестірді. Ерте феодалдық қатынастар үстемдік еткен жерде, жерлерде арабтар жерге өндіріс құралы ретінде қызығушылық білдірмеді. Қол астына түскен барлық өнделген жерлерді, олар мұсыл-ман діни қауымының жеке меншігі ретінде қарастырды. Жаулап алу-шылар олжа, басып алу мен салық және контрибуция жинауға көп көңіл бөлді. Сондықтан олар өз бағындырылған халықтың қоғамдық өндірісі-не араласа алмады, араласпады да, қалыптасқан құрылысты өзгертуге тырысқан жоқ. Жер жергілікті феодалдардың, дін басыларының және басқа да жер иеленушілердің иелігінде болды және де бұрынғы қанау-шылар, бұл жерді өңдеген шаруаларға қатысты барлық құқықтары мен артықшылықтарын сақтады.61
Қоғамдық даму дәрежесі бойынша бағындырылған өркениетті халықтардан төмен тұрған арабтар басқару және қанаудың күрделі аппаратын бірден игеріп кетуге мүмкіндігі болмады. Өз мүдделерін олжа басып алу және салық жинаумен қанағаттандырган арабтар, оны қажет деп те таппады. Басқыншылар жаулап алынған елдерде әлеумет-тік-экономикалық қатынастарды және әкімшілік аппаратты өзгертусіз қалдырып, жергілікті феодалдык қоғамның үстінен қарайтын жоғарғы үстемдік жағдайына ие болды.
Омейядтар әулетінің алтыншы халифі Валид I (705-715) билік еткен уақыты Араб мемлекетінің өркендеген кезі болды. Омейядтар иеліктерінің батысындағы шекарасы Испания, шығысында Орта Азия мен Ауғанстан; бұл иеліктердің негізгі алабын Солтүстік Африка мен Мысыр, Арабстан, Сирия, Палестина, Кавказ, Иранның да едәуір бөлігі құрды. Дамаск халифатының қол астындағы халықтарға: Испанияның иберлік халықтары, Африканың коптері мен берберлері, гректер, арабтар, парсылықтар, армяндар, арамейлер кірді. Бір-бірінен өзгеше-ленетін бұл иеліктерді басқару үшін халифат наместниктік жүйе құрды. Алғашқы кезде мұндай наместниктіктің саны 9-ға дейін жетті: 1. Сирия мен Палестина; 2. Орталығы Куфе болған Иран (бұл қала Сасанид Қосөзенінің батыс шекарасындағы араб лагерінен пайда болған; 3. Басрадағы орталығымен, Фарс, Систан, Хорасан, Бахрейн, Оман және Йемендегі Неджд бір наместниктікті құрады; 4. Армения; 5. Хиджаз; 6. Нерман және Үндістамен шекаралас иеліктер; 7. Мысыр; 8. Африка; 9. Йемен және қалған оңтүстік Арабстан. 62 Кейінірек наместниктер саны беске дейін азайтылған болатын: 1. Иранның көп бөлігін және Шығыс Арабстанның бағынуымен Ирак; бұл наместниктік астанасы Мерв болып табылатын Орта Азия мен Хорасан үшін жекс билеуші тагайын-дайды; 2. Йёмен және Орталық Арабстанмен бірге Йемен; 3. Армения, Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігі; 4. Мысыр, 5. Испания және Сицилияны қосқан Африка.
Қасиетті соғысты және басып алынған территорияларды басқару оның лауазымына байланысты халифтің міндеті болды. Халифтің жоғары дәрежесі, оны өзінің қол астындағыларынан ғана емес, соны-мен қатар әкімшілік аппараттан да алыстатты, бұл оған дербес әрекет етіп, дамуға мүмкіндік туғызды. Диуандар бас кезінде грек (Сирия және Мысырда) немесс пехиви тілінде (Иранда) тапсырылатын салық тізімі болды. Абд аль-Маликтің билік құрған жылдарынан бастап олар тек араб тілінде құрастырылды және бұлай қаржы мәселесін, халиф жер иеліктерінің мемлекеттік кеңсені және тағы басқа басқару орган-дары атала бастады.63 Бұл әртүрлі мекемелер мен билеушіні байланыс-тыратын делдал қажет болды. Бұл уәзірлер институты әлсіреу тенден-циясы байқалды. Барлық жағдайда оз уәзірлеріне сенген халиф, билік машығын жоғалта бастайды.