Кенесары хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа

Краткое описание

Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Оглавление

Кіріспе

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип. Кенесары.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

Жаз – көтерілісшілердің жеккөрінішті сұлтандардың ауылдарына шабуылдары.

Күз – Кенесары отрядтарының көбеюі

Көтерілістің  орталығының Орта жүзден Кіші жүзге  ауысуы.

1840 жыл –  Ұлы жүздің қазақтарын босатып,  өзіне қосып алу мақсатымен  Кенесары Қоқан хандығына басып  кірді. Қоқандықтардың Кенесарының әкесін өлтіруі.

1841 жыл –  Көтеріліс орталығының Торғай  даласына ауысуы. Кенесарыны (патша  жарлықтарына керісінше) хан етіп  сайлау. Кенесарының әлеуметтік-экономикалық  реформалар жүргізуге, Ресеймен  тепе-теңдік жағдайда қарым-қатынастар жүргізуге талпыныстар жасады.

1843 жыл –  Батыс шекара бөліктеріне және  Қоқан иеліктеріне шабуылдар  жасау. Кенесарыға қарсы патшаның  жазалау отрядын ұйымдастыру.

1844-1845 жылдар  – көтеріліс Қазақстанның барлық  негізгі аудандарын қамтыды.

Көтерілісшілердің Константиновск бекінісіне шабуыл жасауы. Кенесары сарбаздарының көтеріліске қолдау көрсетпеген ауылдарды қырып-жойып қатыгездік жасауы.

1845 жыл –  Дала төсінде тағы да патшаның  екі әскери бекінісін салуы.  Көтерілісшілердің оңтүстікке қарай  шегінуі. Қоқандықтармен жаңа қақтығыстар.

1846 жыл –  Кенесары отрядтарының қырғыз  руларының территориясына кіруі.  Кенесарының қырғыз манаптарымен (феодалдарымен) ұрыс-керістері.

1847 жыл –  Кенесары отрядтарының қырғыз  ауылдарына шабуыл жасауы. Кенесары  және оның серіктерінің өлімі. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы.

Маңызы:

Алдыңғыларға  қарағанда территорияларды қамту  мен халықтың көп қатысуы жөнінде  ең көлемді ұлт-азаттық қозғалыс болды. Тәуелсіздік жолында халық  қарсылығының, біркелкі орталықтандырылған мемлекет құруға тырысушылықтың күшін көрсетті.

Ұлы қолбасшы, көреген  саясаткер Кенесары Ресейдей алып империямен жалғыз күресудің қиындығын жақсы  түсінді, сондықтан да тілі мен діні ортақ, жақын Орта Азия халықтарымен одақ құруға талай рет әрекет жасады. Бірақ ол қолдау таппады.

Қазақ халқының мемлекеттілігін қалпына келтіру  мақсатындағы XIX ғ. аса ірі халық-азаттық көтеріліс бұл жолы да жеңіліспен аяқталды.

Бұл қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырды және тарихи маңызы зор болды.

Қазақ халқы  өз елінің азаттығы мен тәуелсіздігін бар күш-жігерін біріктіргенде ғана қорғай алатындығына көз жеткізді.

 

«Кім айтқан» деген мағынадағы сұрақтар

  1. Мына өлең жолдарын кім айтқан?

Көлде жүзген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ,

Су қадірін не білсін!

Ауылдағы жамандар,

Ел қадірін не білсін!..

 

  1. Мына тұжырымды кім айтқан?

«Кенесары өз жасақтарының мәртебелі  өміршісі бола білді. Оның рухы дем  берген жауынгерлерге еуропалық  әскер қолбасшыларының өзі қызығар  еді…»

 

  1. Мына тұжырымды кім айтқан?

«Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады, найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін Кенесары жігіттері өзінен күші басым жаудың күшінен басым түсіп, қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар»

 

 

«… жылы не болды?» деген сұрақтар

 

  1. 1802 жылы не болды?
  2. 1836 жылы не болды?
  3. 1834 жылы не болды?
  4. 1839 жылы не болды?
  5. 1840 жылы не болды?
  6. 1841 жылы не болды?
  7. 1843 жылы не болды?
  8. 1844-45 жылдары не болды?
  9. 1845 жылы не болды?
  10. 1846 жылы не болды?
  11. 1847 жылы не болды?

 

 

 

Сөзжұмбақ сұрақтары

 

  1. 1837 – 1847 жылдардағы ұлт – азаттық қозғалысты басқарған кім?
  2. 19 ғ. 20 – жылдарына қарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі кімнің бөлігінде болды?
  3. Қай жерден Орта Азияға және Шығыс Түркістанға тауар апаратын көпестердің байланыстарына нұқсан келтірілді?
  4. 1841 ж. Кенесары қолы қайда аттанды?
  5. Кенесары әскерлерінің жеке отрядтарын басқарған батыр.
  6. Көтеріліске қатысқан белгілі Шыңғыс ұрпақтарының ішіндегі Көкшетау өңірінің сұлтаны.
  7. Ұлы жүздің батыры.
  8. Генерал – майор Вишневский Кенесарымен күреске қай жердің қазақтарын тартады?
  9. Отаршылдық қанауға қарсы бағытталған қазақтардың күресін басқарған сұлтан
  10. Қай жерде бекіністердің салынуына Кенесарының білдірген қарсылығын патша өкіметітыңдағысы келмеді?
  11. Көкшетау өңірінің сұлтаны
  12. 1847 ж. Кенесары қай жерде жеңіліс тапты?

 

«СӨЗЖҰМБАҚ»

 

                             
                             
                             
                             
                             
                                 
                             
                             
                             
                             
                             
                             
                             
                             
                             
                             
                             

 

 

Тест сұрақтары

  1. Кенесары Қасымұлы қай жылы дүниеге келген?

А  1803 ж.

Б  1802 ж.

В  1801 ж.

Г  1805 ж.

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды?

А  1836 – 1846 ж.ж.

Б  1833 – 1839 ж.ж.

В  1931 – 1941 ж.ж.

Г  1837 – 1847 ж.ж.

  1. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші.

А  Қазақ шаруалары

Б  Қазақ хандары

В  Қазақ батырлары

Г  Қазақ ақсүйектері

  1. 1838 жылы көтеріліске қай жердің шаруалары зор ынтамен қосылды?

А  Көкшетау

Б  Омбы және Қарқаралы

В  Ырғыз және Торғай

Г  Петропавл

  1. 1841 жылы тамыз айында Кенесары қолы қайда аттанды?

А  Ресейге

Б  Ташкентке

В  Жетісуға

Г  Омбыға

  1. Сотниковтың қазақ даласына Сібір әскери шебімен жіберілген тобы Кенесары топтарына қай жылы шабуыл жасады?

А

Б

В

Г

  1. Кенесарыға қарсы тұрған қазақ феодалдарынан неше сұлтан ұрыс даласында мерт болды?

А  44

Б  35

В  52

Г  43

  1. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына кімнің елшілігі келді?

А  Перовскийдің

Б  Долговтың

В  Карбышевтің

Г  Горчаковтың

  1. Көтерілісшілер қай жылы Созақ, Жаңа түнек, Қорған бекіністерін алды?

А  1845 ж. желтоқсан

Б  1845 ж. қазан

В  1843 ж. ақпан

Г  1846 ж. қазан

  1. 1847 жылы Кенесары қай жерді басып алды?

А  Жетісу

Б  Ресей

В  Алатау

Г  Қырғыз

  1. Қай жылы Кенесары Қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста жеңіліс тапты?

А  1847 ж.

Б  1848 ж.

В  1846 ж.

Г  1849 ж.

  1. Қай жылы Кенесары Петропавлдан шыққан Ақтау бекінісі казактарына шабуыл жасады?

А  1836 ж. наурыз

Б  1837 ж. қараша

В  1837 ж. тамыз

Г  1834 ж. қараша

  1. Қай жылы I Николай патша старшина Лебедев бастаған отрядты көтерілісті жаншуға жіберуге келісім берді?

А  1843 ж. маусым

Б  1843 ж. қазан

В  1844 ж. маусым

Г  1845 ж. қараша

  1. Кенесары Қасымұлы көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды?

А  тек қана Орта жүзді

Б  тек қана Кіші жүзді

В  Кіші жүз бен Ұлы жүзді

Г  бүкіл Қазақстанды

  1. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі.

А  патша өкіметін құлату

Б  патша өкіметінің Қазақстанды отарлауын тежеу

В  хан тұқымдарына жеңілдік әперу

  1. Орта Азия және Түркістанға тауар апаратын көпестердің байланыстарына қай жерлерде нұқсан келтірілді?

А  Петропавл, Семей

Б Торғай, Жетісу

В  Омбы, Торғай

Г  Ақмола, Павлодар

  1. Қоқан билеушісінің иелігіне жақындаған Саржанды Қоқан ханы қай жылы өлтірді?

А  1836 ж.

Б  1837 ж.

В  1833 ж.

Г  1839 ж.

Тест жауаптары

1 Б

2 Г

3 А

4 В

5 Б

6 Г

7 А

8 Б

9 В

10 Г

11 А

12 Б

13 А

14 Г

15 В

16 А

17 А

 

Сөзжұмбақтың жауаптары:

 

1 Кенесары

2 Қоқан

3 Семей

4 Ташкент

5 Бұхарбай

6 Шеген

7 Тайшыбек

8 Жетісу

9 Саржан

10 Торғай

11 Қапқожа

  1. Майтөбе

 

Анықтамалық сөздік:

Антифеодалдық – халықтың үстемдік етуші топқа қарсы күресі.

 

Антиколониалды – отаршылдық езгіге қарсы бағытталған қозғалыс.

 

Прогрессивті – алға басу, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көтерілу.

 

Патриотизм (грекше patriotes – отандас, patris – Отан, туған жер) – Отанға  деген сүйіспеншілік, бар күш – жігері мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау.

 

Реакциялық – қоғамның дамуына қарсылық көрсету және ескі тәртіптерді бекіту.

 

Отар – ірі елдердің әлсіз елдерді күшпен басып алуы немесе дербестігінен айырылып, кіріптар болып қаналуға душар болған елдер, территориялар.

 

Отан – адамның туып өскен жері, елі мемлекеті Отан болып табылады.

 

Отаншылдық - өзінің туған халқын, ұлтын сүюшілік, Отанын құрметтеу, қорғау, оның гүлденуі жолында қызмет көрсетушілік, Отанға деген сүйіспеншілік.

 

Мемлекет – жеке меншіктің пайда болуына, еңбек бөлінісі мен топтың шығуына байланысты қалыптасады. Мемлекет өкімет билігінің саяси ұйымы.

 

Тарих – араб-парсы сөзі, мағынасызерттеу және оқиғалар туралы әңгіме.

 

Тәуелсіздік – мемлекеттің ішіндегі және сыртқы істерін өзі шешіп, өзі басқарып іс жүргізуі, өз билігінің өзінде болуы. Оған басқа өкіметтің араласуына жол бермейтіндігі, яғни саяси толық тәуелсіздігімен дербестігі.

Қанау – бай, алпауыт адамдардың өздеріне кіріптар болып жұмыс істейтіндерге жұмыс істетіп, еңбегін пайдалануы және еңбектен тапқан табысының бір бөлігін иемденуі.

 

Хан – көне түркі сөзі – хаған, қаған, қаһан дегеннен шыққан. Монарх, тайпа көсемі, әмірші. Қазақ жерінде елді хан билеген. Көрші елдермен қатынас жасау, соғыс жариялау, бітім шартын жасау хан еркіне жатқан. Ол соғыс жағдайында жасақтардың қолбасшысы болған.

 

 

Хан Кене бастаған ұлт – азаттық көтеріліс

Аталған сабақты кең көлемде  өткізген себебім – туған жерімнің азаттығы мен бостандығы үшін жанын  берген Кенесарыдай батырдың ерлігін  оқушыларға таныту және өз Отанын шексіз сүйетін жастар тәрбиелеу.

Сабақ, негізінен, әңгімелесу түрінде  өткізілді. Көрнекілік ретінде 1837– 47 ж.ж. арнайы дайындалған картаны, ғылыми және көркем шығармаларды, баспа материалын қолдандым. Алдымен мынадай жоспар құрдым:

  1. Ұлт – азаттық қозғалыстың себептері.
  2. Көтерілістің қазақ даласындағы орындары.
  3. Кенесары – ұлт-азаттық көтерілістің көсемі.
  4. Жеңілу себептері. Тарихи маңызы.

 

Сабақ барысында ел аузындағы Наурызбай, Ағыбай, Нысамбай батырлар, жоңғар шапқыншылығында  ерлік көрсеткен батыр бабаларымыз туралы айттым. Осы тұста Кенесары қозғалысында ерлік көрсеткен батырлар туралы мәліметтің мүлдем аздығын айта кету керек.

Кеңес Одағы тұсында Кенесары қозғалысы  реакциялық, феодалдық – монархиялық  бас көтеруболды – деп сипатталды.

Биыл Кенесары Касымұлы бастаған қазақтардың  ұлт – азаттық қозғалысының басталғанына 165жыл, аяқталғанына 155 жыл толады.

Кеңестік империя тұсында өшуге  айналған төл тарихымыз қайта  жазылып, ата – баба мұрасына ұрпақтары  табысуда. Оқушылардың ұлттық санасын оятар тақырыптар тарихымызда жеткілікті. Соның бірі – 9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихында «1837-47 ж.ж. хан Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс» деген тақырып.

Енді оқушыларға тақырып түсінікті  болу үшін сол кезең туралы қысқаша  баяндаймын.

Абылайдан соң қазақтың аруағын көтерген, «үш жүздің ханы болған» Кенесары болды.

19 ғ. 20 ж. бір орталыққа бірікпей, әлсіреген қазақ елінің алауыздығын  пайдаланып, Қоқан мен Хиуа хандар  Ұлы жүздің бір бөлігін, Кіші  жүздің оңтүстік өңірі мен  Сырдария бойын өздеріне бағындырып, бірнеше бекіністер салып, қазақ ауылдарын ауыр алым – салықпен, бейбіт ауылдарға тонаушылық шабуылдарымен үлкен ауыртпалық әкеледі. Қоқан бектері Орта жүзге де өздерінің билігін орнатуға тырысады.

1822 жылы «Сібір қазақтарының  жарғысы» бойынша қазақтарда хан билігін жою, қазақ елін бөлшектеу саясаты жүргізіліп, қазақтарды тәуелсіздіктен, бостандықтан біржола айыру көзделді.

Информация о работе Кенесары хан