Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа
Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.
Кіріспе
I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға
ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты
ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кенесарының жеңілісі жалғыз қазақ халқының жеңілісі ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтарының да жеңілісі болды. Сондықтан да ол жалғыз қазақ халқының емес, бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресті деуге болады.
Кенесары
көтерілісінде қарама-қайшылықт
Қазақ
халқының мемлекеттілігін қалпы
Кенесары
Қасымұлы басқарған ұлт-
Тіпті
Абылай ханның ұрпақтарының
Бұл
қозғалыс қазақ халқының
Бұл
жолда ру аралық алауыздық,
жауласу, феодалдық
ІІ. тарау.
Кенесары Қасымұлы бастаған
«Алашта талай-талай ерлер өткен,
Ерлерде Кенекеме кім бар жеткен?!
Мағжан Жұмабаев
Қазақстанның Ресейге тәуелді болуы XVIII ғасырдың 30-жылдары басталғанымен ол жүз жылға жуық, XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін созылды. Сонымен бірге қазақ хандары Ресейдің қарамағына кірмек болғанда отар емес, дербес ел ретінде кірмек болған. Ресей қазақ жеріне тимеуге, солдат алмауға уәде беріп шарт жасасқан.
Бірақ, кейін ол уәдесінен тайып, алғашында өздерінің шекараларына жақын қазақ жерінің шет жағынан – Орынбор, Троицк; Адырлы, Орск, Петропавловск, Семей бекіністерін салса, келе-келе орталыққа бойлай кіріп, қамал, бекіністер сала бастаған. Ол желілердің айналасына әскери және Ресейден клген адамдардан тұратын қоныстар, көбінесе казак станциялары ұйымдастырылды.
Бұл шаралар қазақ халқының саяси дербестігін түпкілікті жоюға бағытталған еді.
Екіншіден, патша өкіметі қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, халықты шөл далалы немесе тіршілікке қолайсыз өңірлерге ығыстырды. Мұндай жағдайда көшпелі мал өсіріп, тірлік құру өте қиынға түсті. Соның салдарынан қазақтар жер дағдарысына ұшырады. Казак-орыстар қазақ ауылдарын жиі-жиі тонады.
XIX ғасырдың бірінші ширегі Ресей империясының Еуропаның жандармы ретінде ұлт-азаттық қозғалыстарды аяусыз жаншып, саяси қысым жасаумен, күш қолданудың нәтижесінде ірі орталық мемлекетке айналған кезі болды.
Кіші және Орта жүздердің басты аймақтарын отарлап алғаннан кейін патша үкіметі Ұлы жүзді басып алуды, оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы әлі де дербестіктерін сақтаған Орта Азияға шығуға, сөйтіп стратегиялық аймақта үстемдігін орнатуды ойластырды. Осы мақсатқа жетуге кедергі Орта жүздің басты өңірінің әлі де болса тәуелсіздіктерін сақтағаны еді.
Шын мәнінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі, XIX ғасырдың басында Ресейдің саяси билігі тек қана Жайық, Еділ, Ертіс өзендері бойында салынған отарлаудың тірегі – бекіністердің төңірегінде 100-150 шақырым қашықтықта ғана жүрді.
Елдің түкпірінде көшіп-қонған ауылдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-дәстүрін сақтап, ру-руға жіктелген иеліктерін көшпенді мал шаруашылық мүддесіне пайдаланды.
Американ тарихшысы Марк Раевтың «Қазақ даласы сол кезде Ресейдің мемлекеттік шекарасы болмаған» деп қорытындылауын айта кетуге болады.
Патша өкіметінің Қазақстанды жаулап алу жоспары - әсіресе мүдделендірген саудадан түсетін, мемлекеттік қазыналық үнемді көзі – баж салығы еді. XIX ғасырдың басында Ресейден Орта Азияға, Шыңжаңға, т.б. Орталық Азия елдеріне баратын дәнекерлік керуен жолдары қазақ даласын басып өтетін. Тіпті алыста жатқан Константинопольден (Стамбулдан) Орталық Азияға бет алған керуендер де осы аймақпен жылжыды. Баж салығын төлеуден қашқақтаған көптеген керуендер талауға түсті.
Орыс үкіметі осы керуендерден жиналатын баж салығын өз қазынасына ғана жинаттыру үшін Ресейдің билігін әлі де мойындамаған сұлтан, билердің ауылдарына қарулы қол жіберіп, қыр көрсетіп отырған.
Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бойында немесе оған жақын аймақта қоныстанушы орыс шаруаларының санының ұлғаюы, жайылымдық жердердің тарылуы қазақтардың наразылығының ашық көрінісіне әсерін тигізбей қоймады. Жазғы көш кезінде жүздеген шақырым, тіпті онан да аумақты жерді малымен, жанұяларымен көшіп өтетін ауылдардың жағдайы тіпті ауырлады.
Қайда барса да орыс бекіністері алдан шығып отырды,бұрынғы емін-еркін жайлайтын жерлер тарылып, патшаның отаршылдық шеңгелі барған сайын алқымнан сығымдап бара жатты.
А.Гейнс, қазақтардың тұрмысы «біздің өмір сүру жөнімізге тіпті ұқсамайтындығын», еуропалықтарға әртүрлі ой салатындығын ашып жазады. Сол кездің өзінде Тынық мұхитқа дейін алып жатқан Сібірдің үшінші бөлігін қамтыған, қазақ жеріне үкіметтің соншама көңіл аударғандағы мәні, әрине, бір жағынан отарлық империяның оңтүстік өңірінде Британия империясымен бақталастығы еді. Орта Азия бағытында қазақ даласы Ресей үшін тіпті Амур және Уссури өлкесінен де маңызды деп жазады И. Заваликин. Батысында Каспий теңізінен Телеут көліне дейін, оңтүстігінде Қоқаннан Омбы шебіне дейін, солтүстігінде Орындорға, оңтүстік-шығысында Қытай жоңғариясымен шектелетін қазақ елінің кеңдігіне таң қалғанИ.Завалишин «Англия мен Францияда осындай отарлық аймақтар бар ма екен?» – деп сауал қояды.
Отарлық империяның экономикалық мүдделері, патша үкіметінің Орта және Орталық Азиядағы стратегиялық саясаты, қазақ даласының Ресейге іргелес орналасқандығы - өлкені жаулап алуды біршама тездетті.
Ресей Қазақстанды,
Е.Бекмахановтың сөзімен
Бұған қоса 1822 жылғы М.М.Сперанский жасаған «Сібір қырғыздары туралы» Жарғысы шықты. Қазақ жеріне орыстың қоныс аударушылары көптеп келе бастайды, бір сөзбен айтқанда Ресей тарапынан қазақ елін отарлау саясаты қызу жүріп жатты.
Қазақстанның оңтүстігінде бұл кезде Хиуа хандығы Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізі алқабын, Үстірт пен Маңғыстау аудандарындағы қазақ жерін жаулап алған. Ал Қоқан хандығы болса Ұлы жүздің бір бөлігін жаулап алып, одан Орта жүздің жеріне көз аларта бастады.
Осындай екі жақтан агрессиялық қысым туғанда қазақ халқына өзінің саяси тәуелсіздігін біржолата жоғалту қаупі туды. Сондықтан оның негізгімақсаты - өзінің мемлекеттілігін сақтап қалу үшін күресу еді. Оның өзін екі майданда, патшалы Ресей үкіметіне және Орта Азиялық Хиуа, Қақан хандықтарына қарсы жүргізуге мәжбүр болды. Бұл азаттық күресті қазақтың ұлы перзенттерінің бірі Абылай ханның ұрпағы сұлтан Кенесары Қасымұлы (1802-1847ж.ж.) басқарды.
Алғашында Кенесары патша әкімшілігіне бірнеше рет хат жазып, оларға жағдайды түсіндіруге, істі бейбіт жолмен шешуге тырысты.
Онда ол екі-ақ талап қойды: халыққа қиянат жасап, мал-мүлкін тонау, қысым көрсетілуіне тыйым салынып, екінші, қазақ жеріне шеп құрып, бекіністер салу, оларға казак-орыстарды орналастырып, қазақтың шұрайлы жерлерін алу тоқтатылсын деген талаптар еді.
Кенесары жолдаған хаттарында Ресейдің қол астына кірмек те болды. Бірақ мұндай жағдайда қазақ елінің тәуелсіздігін сақтауды және жеріне тиіспеуді шарт етіп қойды.
Ол үшін Кенесары Ресейдің бар талабын орындап,салығын уақытында төлеп тұруға уәде берді. Кенесары патша үкіметі қазақтарды өзіне билетер, Абылай ханмен жасасқан шарт сияқты шартты өзімен де жасасар деген ойда болды.
Кейін сол кезде қоқандықтардың қол астында болған Ұлы жүздің біраз жерін кері қайтарып, қазақтардың басын қосып, бөлек ел етпек те болды, бірақ Кенесарының хаттарына патшаәкімшілігі тарапынан ешқандай жауап болмады.
1937 жылы Ақмола
округінің алты болысының (
Кейінірек оларға керей мен қыпшақ руларының көпшілігі қосылды.
Көтерілісшілер
разъездер мен бекеттерге қарулы
шабуыл жасап, чиновниктер мен саудагерлерді
тұтқынға алып отырды. Оларға қарсы
Чириков бастаған қарулы орыс отряды
жіберілді. Арада болған шайқастарда
бірталай аудандары мен қару-
Кенесары өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Оның сарбаздарының саны 20 мың адамға дейін жетті. Арасында орта жүз өкілдері басым болған қазақ сұлтандарының үлкен бөлігі көтеріліске қосылды. Омск облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар, билер қолдаған. Кенесары Сырдария сағасы қазақтарын ығыстыра қыспаққа алған Қоқанд Күшбегімен келіссөз жүргізуден бас тартты. Сөйте тұра кейде өзін оқ-дәрімен, қару-жарақпен жабдықтаған Бұхар әмірімен достық қарым-қатынаста болды. Қазақтардың бұл көтерілісі бастапқы кезінен-ақ кең құлаш жайған қарқын алды. Бұл XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдағы азаттық жолындағы қозғалыстар тарихындағы орта жүздің ру-тайпалық бірлестігінен басқа қазақ руларына тараған, барлық негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс еді.
Оған Кіші жүзден шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас және басқа, Ұлы жүзден үйсін, дулат, және басқа рулар қатысты.
Көтерілістің
қоғаушы күші қазақ шаруалары
болды. Қазақ жерін әскери отарлауға,
Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы
жалпыхалықтық күрес бұл
Кенесарыны қолдауда билердің, сұлтандар, ағамандардың бәрі бірдей бір мақсатта болған жоқ: орын ауыстыруға, негізгі күштердің өзге аудандарға өтуіне байланысты руластық белгілері бойынша құралған кейбір жасақтар көтерілісшілерден бөлініп қалып отырды.
Жасақтардың жетекшілері Ағыбай, Иман (Аманкелді Имановтардың отбасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Сұраншы, Бәйсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және басқа да әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар және басқа ұлт өкілдері кездесті. Кенесарының қол астына басқа округтерден де адамдар ағылып келе бастады. Мысалы, 1837 жылдың соңына қарай Аманқарағай округінен 2 мыңнан астам адам келіп қосылды.
Баянауыл округіндегі Төрткөл облысынан Таймас Бектасов бастаған көтерілісшілер келді.
1837-1838 жылдары
орта жүзде орын алған патша
үкіметінің отарлау саясатына
қарсы бытыраңқы көтерілістер
біртіндеп бір арнаға түсіп,
біртұтас қозғалысқа біріге
1838 жылы Ақтау мен Ақмола арасындағы разъезге Кенесары әскері шабуыл жасап, Симоновтың отрядын талқандап, қару-жарақтарын қолға түсіреді.
1838 жылдың күзінде
Кенесары сарбаздары патша
Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресеймен тікелей жанасып жатқан 1836-1838 жылдары Исатай Таймановтың басшылығымен көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат тұтты.
Жоламан Тіленшиев бастаған рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Кенесары патша үкіметінің бекіністеріне, дуалдарына, разъездеріне, оған қызмет еткен бай-шонжарлардың ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, талқандап отырды. Кенесарының аты, айбыны қазақ елінің түкпір-түкпіріне жетіп, жәбір көргендер көптеп келе бастады. Әсіресе бекініс салынған Ақтау, Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы жерлерінде атамекендерінен, жаз жайлау, қыс қыстауынан айырылғандар Кенесарының сабына келіп қосылып жатты.