Кенесары хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа

Краткое описание

Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Оглавление

Кіріспе

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип. Кенесары.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

 

 

Кенесары реформалары

1841 жылдың қыркүйек  айында Қазақ руларының өкілдері  ата дәстүр салтынан Кенесарыны  ақ киізге көтеріп, хан сайлады.  Кенесары талантты мемлекет қайраткері  болды. Жоғарғы хан кеңесін  құрды.  Оған танымал сұлтандар,  билер, старшындар, батырлар кірді.  Хан Кеңесі – кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтты. Хан қолында мемлекеттік маңызы бар барлық істер (сот, қаржы, салық, әскер, елшілік) шоғырланды. Оларды хан арнаулы адамдар арқылы бақылап отырды. Кенесары әскери іске жүйелі түрде үйретуді алғаш рет жолға қойды. Оның әскерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өмірге үйретілді. Қатаң әскери тәртіп орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Сатқындық үшін өлім жазасы қолданылды. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған, ондай жаза Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды. Хан Кеңесіне бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал – шонжарлар кіргізілмеді.

Кенесары елді басқаруды белгілі бір жүйеге келтірді, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі  бір мемлекеттік қызметке (сот, әскери, елшілік, т.б.) ие болды және жауап берді. Кене хан кеңесінде дала демократиясы сақталды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салғын алумен айналысты. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Мемлекет қазынасына түсетін қаржының негізгі көздері салық және саудадан алынатын баж болды. Қосымша бағынбаған ауылдардың мүліктерінт тартып алу мен соғыстар болып тұрды. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс – жекелеген феодалдардан жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстырылуы. Бұл феодалдық алымды мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Зекет салығын жинаған кезде Кенесары белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан салық мүлдем алынбады, 40 бастан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан әрі әрбір 40 бастан 1 бас алынып отырды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару-жарақ, ертұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеуге жұмсалды. Ұшырды  тек егіншілікпен айналысатын рулар ғана төледі. Олар салық жинауға қырмандағы астықтың 1/10 бөлігін беріп отырды. Бұл кезде Кенесарының үгітімен көптеген рулар суармалы егіншілікпен айналысатын еді.

Кенесарының салық  саясаты өзі құрған мемлекеттің  нығаюына көмектесті және қазақ мемлекеттігінің  беріктігін күшейтті. Кенесары керуендерге шабуыл жасаудың орнына баж салығын салды.

Салық пен баж  салығын жинауда тәртіптің болуын Кенесарының арнайы адамдары – «эмиссарлар» мен төлеңгіттер қадағалап отырған.

Кенесарының сот  – құқықтық реформасының мақсаты  сот істерін қарауды жақсарту және барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді. Кенесары сот реформасын жасағанда «Тәуке ханның жеті жарғысына» (1680-1718ж.ж.) және Арғынғазы сұлтанның сот тәртібіне (шариғат бойынша) сүйенді.

Сот – құқықтық реформаны Кенесары біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына барынша қарсы болған ру билерімен аяусыз күресе отырып жүргізді. Өзінің заң шығарушылық қызметін ол әдеттегі құқықтарға өзгеріс енгізуден бастады, ол ру билерінің сотын таратып, сот ісін өзі тағайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді.

Хан Кене сот  ісіне мемлекеттік мән берді  және өзгерістер енгізді, ұнамаған билерді  аластатып отырды, халық пікірімен  санасып, ең ірі істерді қарастырды, жазаның көбіне материалдық жағын  қолданды. Кене хан мемлекеттің сот  реформасын нығайтып, оның абыройын арттыра түсті. Кене ханның әр сөзі заң болды.

Кенесары маңына 20 000 жігіттен тұратын армия жиналды. Әскер басында Кенесарының өзі  тұрды. Әскери кеңес құрылып, онда соғыс  жоспарлары жасалып, үлкен соғыстар алдындағы жауапты шешімдер қаралды. Кенесары әскері жүздікке және мыңдыққа бөлінді. Кенесары алғаш рет әскери айырым белгі енгізді. Оның әскерлерінің кеуделері мен иықтарында қызыл және көк маталардан жапсырмалары болған.

Кенесары армиясында әскери-далалық және агентуралық  барлау жақсы жолға қойылды. Сенімді адамдардан арнайы барлаушылар тағайындаған. Кенесары қосынында әскери құпия өте қатаң сақталған.

Кенесары талантты қолбасшы ретінде соғыс кезінде  әртүрлі соғыс тактикасын шебер  пайдалана білген.

Кенесары өзінің реформаларымен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеген патриархалдық-рулық институттардың ескі формасын жойып, шаруашылықтың егіншілік сауда сияқты неғұрлым алдыңғы қатарлы формаларын құруға алғы шарт жасады.

Кенесары Тәуке  ханнан кейінгі феодалдық негізде  қоғамдық құрылыстың оң формаларына негіз қалаған аса ірі мемлекет қайраткері болды.

 

Әлеуметтік  қозғалыс

  1. Өлкедегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай
  2. Қашан және ол қайда болды
  3. Қозғалыстың себептері
  4. Түрткі болған оқиға
  5. Қозғалысқа қатысушылардың мақсаты
  6. Қозғалыстың сипаты
  7. Қозғалысқа қатысушылар
  8. Қозғалыстың басшысы
  9. Қозғалыстың барысы
  10. Жеңілу себептері
  11. Зардаптары
  12. Тарихи маңызы

 

Кенесары Қасымовқа  мінездеме

     «Ақылды, ержүрек, Орта жүз ханы Абылайдың ұрпағы, Сібір әскерлеріне қарсы басқыншылықтар жасап, қарсы тұра білді, себебі өзін даңқты басшы ретінде көрсетті, сондықтан оның қоластына, сол жерлердегі қаңғыған қарақшылар ағылып келіп жатты».

Ресей басштабының  подполковнигі М.Красовский.

     «Ол барлық жағынан әйгілі, басқа көсемдерден жоғарырақ тұратын, қырғыздарды дүр сілкіндірген адам».

Тарихшы Н.Я.Коншин. 1903

Қосымша құжаттар
Орынбор әскери губернаторының кеңесінен 

Орынбор шекаралық  комиссиясына 2.02.1840ж.

Осы жылдың қаңтар айының 21-де сыртқы округтардың (1822 жылғы  уставқа сай Ресей билігін  мойындаған немесе күшпен басып алынған Орта жүздің өңірі сыртқы және ішкі округтық жүйеге бөлінеді) құрамына қосылмаған, Аманқарағай округына іргелес орналасқан, Кенесары Қасымов бастаған бүлікшілерді қолдайтын Жоғары, Шекті, Адын болыстарының қырғыздары қайда әкететіні тіпті белгісіз 650 түйеге артылған 2000 пұт астықты Орынбор шебінің қоныстарында сатып алған. Тарап кеткен қауесет – сыбыстарға қарағанда, астық алу үшін тағы да бірнеше керуендер осы аймаққа келетіні сияқты. Жергілікті приказ (Кіші жүздегі 1824 жылы патша үкіметі кіргізген басқарудың төменгі буыны) қырғыздар сатып алған астықтың молдығынан сескеніп, сол керуеннің қай жолмен қайда баратынын бақылауға алу жөнінде жергілікті билеушілерге тапсырма береді. Егер астық тиелген керуен бүлікшілердің ауылына бағыт алса жедел шаралар қолданып, оны ұстап қалу жөнінде нақты ұсыныс жасалынады. Бұл жағдайда қырғыздардың астығын үкімет пайдасына тартып алу, керуенге күзет қою дұрыс деп табады.

 

Тапсырма беру: Жоғарыдағы құжаттың мазмұнын түсіндіріңіз

 

Орынбор әскери генерал – губернаторы

генерал – адъютант Перовскийге

 Сұлтан Кенесары Қасымовтан 

Өтініш

Ұлы император және Шахим шахқа (патшалардың патшасы) мен жүрегіммен және жаныммен қызмет етемін. Құрметті мырзам, маған өзіме сай шен  және грамота алып беруді сұрасаңыз. Менің жауларым аз емес. Сібір басқармасының маған жаулығынан басқа рахымын көрмедім. Менің інім Әбілғазы сұлтан Ресей заңдарымен, әдет-ғұрпымен таныс. Сізден өтіне сұрайтыным оны да бір шен мен  грамотамен наградтасаңыз, екеуіміз де патшаға қызмет етеміз, сардарларыңыз боламыз.

 

Тапсырма беру: Жоғарыдағы өтініштің мазмұнынан сіз  не түсіндіңіз, Кенесары бұнда қандай мақсат көздеп отыр? Соны түсіндіріңіз.

«Кенесарының  жолын қуған тобырын қарақшылар шайкасымен ұқсастыруға болады. Кенесары шексіз әрекет жасайды, жеңіл қылмысы үшін өлім жазасын қолданады немесе басын алады, сондықтан да оған қорқынышқа деген шек жоқ. Ол аз сөйлейді және оның әрбір сөзін қалтқысыз орындайды… Ордалықтардың Кенесарыға деген жақындығы оның тек олжаға деген ашкөздігімен қолдау табады».

Бас штабтың офицері поручик  Герн

Лишь ушел от нас наш Кене –

День наш  горестный наступил,

Без хозяев –  ханов народ

В одиночестве  загрустил

Хан Кене өтті өмірден,

Қайғы бұлты  орнады

Жалғыздықтан  мұңайып,

Халқың қалды  иесіз.

Кенесары қазасына байланысты шыққан халық әндерінен

Тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы

Кенесары  Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық  қозғалыс

 

Жаңа сабақ

Сабақ мақсаты

Сабақ уақыты – 40 мин

Сабақ түрі: тірек  – конспект технологиясы

1837-1847ж. Кенесары  Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың маңызын ашып көрсету

Сабақтың әдістері

Білімдік мақсат

Тәрбиелік мақсат

Дамытушылық мақсат

1

2

3

 

 

4

 

 

 

 

5

 

6

 

 

7

 

8

Ұйымдастыру – 2 мин

Кіріспе әңгіме – 5 мин

Схема құру + оқулықпен  жұмыс істеу (өздік жұмыс) – 5 мин

«Турнир» + терминдермен жұмыс (тақтамен жұмыс, топаралық жарыс) – 10 мин

Тест сұрақтарымен жұмыс істеу – 5 мин

Кенесары туралы құжаттармен жұмыс жүргізу - 5 мин

Қорытынды шығару – 5 мин

Үйге тапсырма беру

Оқушыларға  Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың  басталу себептері, барысы, шешуші кезеңдері, қай аймақтарды қамтыды, қандай рулар қатысты және Кенесары тулғасы туралы мәліметтер беру

Оқушыларды  қазақ тарихында ерекше орын алатын осы ұлт-азаттық қозғалыс туралы білуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Оқулықпен жұмыс  істей отырып негізгі фактілер мен олардың логикалық байланысын анықтауға, оқиғалардың мәнін талдауға, тест сұрақтары, карточкалар тарату арқылы іскерлігін дамыту

Сабақ нәтижесі

Оқушылар Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың  себеп-салдары, маңызын КСРО (әлем тарихы) тарихымен байланыста қарастыра отырып, анализ жасайды, тарихи процесс заңдылықтарын түйіндейді

Дидактикалық  материалдар

  • Кенесарының портреті
  • Анықтиамалық сөздік
  • Хронокесте
  • Кенесары туралы құжаттар

 

Тақырып: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Сабақтың түрі: тірек – конспект технологиясы + дидактикалық ойын («турнир») қолданылған  сабақ

 

Түсініктеме:

«Тірек конспекті»

  1. Негізгі деген тарихи процестер мен оқиғалар, құбылыстардың әлдеқайда сипатты белгілері туралы едәуір айқын ұғым қалыптастыруға көмектеседі. Кейде жөн жауап ала алмайтын оқушыдан тірек – конспект арқылы сабақ сұрауда елеулі нәтижеге қол жеткізуге болады;
  2. конспект құрастыру процесі (тақтада, дәптерде) оқушылардың назарын жинақтауға әсер етеді.

«Турнир» топаралық жарыс ұйымдастыру тәсілі. Сынып қатар бойынша 3 топ құрады, сосын алдын-ала дәптерде және тақтада сызылған кесте үш графаға бөлінген:

  • ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себептері
  • сипаты
  • маңызы

таблицаны толтыруы керек. Әрбір топ келесі кезекте  не жазу керектігін, бұл ұсынысты негіздеуі керек. Мұғалім өзі тақтаға жазып тұрса уақыт үнемдейді. Осы барыста терминдердің беріліп отырады.

Бұл тәсіл балалардың бар мүмкіндігінше өздігімен  талдау, еске түсіру, жинақтау, қорытынды  жасауына сүйенеді.

Жоспар:

  1. Кенесары - азаттық қозғалыстың қолбасшысы
  2. Көтерілістің басталу себептері, барысы
  3. Көтерілістің шешуші кезеңі және жеңіліс табуы

 

Кенесары Қасымов  тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы ірі тұлға ретінде  қадам басты. 10 жылдан астам уақытқа  созылған бұл қозғалыс Үш жүздің басын бір қосып, Қазақстанның Абылай хан тұсындағы территориялық шептерінің тұтастығын қалпына келтіруге, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтауға құрылды.

Хан Кене қазақ  хандығының заңды мұрагері еді, сондықтанда  ол бастаған қозғалыс империямен ашық, бүкпесі жоқ, бетпе-бет кездесу еді. Көтерілістің басталуына қазақ даласына патша үкіметінің қарулы топтар жіберу, олардың бейбіт ауылдарға қысым көрсетуі тікелей әсер еткен еді.

Себептері:

Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайларының нашарлауы. Қазақтардың тәуелсіздігін мүлдем жоюға (әскери құрылыстар мен бекіністер салу, ең шұрайлы жайылымдық жерлерді жаппай тартып алу, шектен тыс салықтар салуды енгізу, әкімшілік басқаруға байланысты патша реформасын жүргізуі) бағытталған патша саясатына жалпылама наразылықтың өсуі.

Қозғалыстың барысы: 1837 жылдың күзі - көтерілісшілер отрядтарын ұйымдастыру.

1838 жылдың көктемі  – патша отрядтарымен қарулы  қақтығытсар. Кенесары отрядтарының  Ақмола бекінісін талқандауы.

Информация о работе Кенесары хан