Кенесары хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа

Краткое описание

Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Оглавление

Кіріспе

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип. Кенесары.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

 

Қосымша құжаттар

Орынбор таможнялық округының басқарушысы  міндетін атқарушыдан Орынбор әскери губернаторына

(15. VII. 1842. Троицк қаласы)

Шілде айының 15-інде сауда сарайына келген екі қырғыз (қазақ) – бірі сұлтан Жантөрин басқарған Шығыс ордадан (Кіші жүздің шығыс бөлігі), екіншісі сұлтан Кенесары Қасымов ауылынан – төмендегідей жайды хабарлады: көп кешікпей Троицк қаласының айырбас сауда сарайына сұлтан кенесары Қасымовтың қарамағындағы ауылдардан 200 түйеге артылған айырбасқа түсетін тауарларды жеткізу үшін 200 қырғыз келмек. Осы Таможняға Орынбор губернаторынан түскен Кенесары Қасымов бүлікшілерінен айырбасқа әкелінетін тауарларды мұқият тексеру қажеттігі туралы нұсқауды ескере отырып, егерде Троицк қаласына бағыт алған керуенде тауарлар арасында басқа да заттар болса, немесе өз тауарларына астықты айырбастау ниеті аңғарылса, ондай керуен шекарадан өткізілмесін. Орыс көпестеріне де Кенесары сұлтан ауылынан келетін саудагерлермен тауар айырбастасқанда астық сатуға тыйым салынсын.

Егер сұлтан Кенесары Қасымовтың қамқорлығындағы  қырғыздар Троицк таможнясына –  сауда-саттық ісімен келсе, жалпы ережелерге сай саудаласу құқығынан айырмай, астықты айырбастауына, не ақшаға сатып  алуына байқатпай кедергі жасау  дұрыс. Әскери шептің бойында немесе оған жақын көшіп-қонып жүрген қырғыздар әр жылы белгілі бір мөлшерде астықты сатып алып отырады. Ал бүлікші сұлтанның ауылдары үшін көпестер арнайы астық дайындады деген қауесет сөз болар, бұған күдігім бар. Солай бола тұрса да келген, ия кеткен керуендерді старшындар мен сұлтандар (үкіметке берілген) арқылы қадағалауға тырысамыз. (КРМОА, к. 4, т.   1990, п.19-20).

Орынбор әскери губернаторы, генерал  – адъютант Перовскийге

сұлтан  Кенесары Қасымовтан

 

Өтініш

1841 жылы сұлтан  Қарабай арқылы өзімнің Сібір шебінің басқарушыларымен қатынасымның суық екенін білдіргенмін. Сібір шебінің жөнсіз қимылдары туралы жазғанмын да. 1838 жылы Сібір шекара басқарушыларына сенбей Қуандық пен Сүйіндіктің, кейіннен Атығай-Қарауылдың (рулардың аты) балаларын өзіме ілестіріп әкеттім. Сонымен қатар Уәлиев Ғұбайдолла сұлтанды да (орыс үкіметінің қолына түсірмей) өзімізбен ала кеттік. Халықтың өтінішіне бас иіп, Ғұбайдолланы еліне қайтардық. Көкшетау приказының (округтың орталығы) чиновниктері Ғұбайдолланы менімен байланыста деп, оған жала жауып каторгалық қара жұмысқа (Березов қонысына) айдап жіберді. Ғұбайдолла Уәлиев – кінәсіз жан. Бізбен оның еш қарым-қатынасы болмады. Біз оның еркімен санаспай алып кеткенбіз. Осы оқиғадан кейін қоқандықтар маған бағынышты руларды өздеріне қаратып алды. Менің ағаларым – Саржан сұлтанды, Есенгелді сұлтанды, Алжан сұлтанды, кейіннен менің әкем Қасым сұлтанды да өлімге жықты. 1841 жылы осы жағдайларды ескеріп, біз Қоқанға қарсы қарулы күштер жібердік. Мақсатымыз – олардың билігіндегі қазақ руларын босату. Қайырымды, жарқын губернатор, сізден сұрайтыным, патшалардың патшасы император ағзамнан 35 жылға бізге тыныштық берсе, Ұлытау мен Кішітаудың өңіріне қарулы күштерін жіберу ниетінен бас тартса. Жағдай басқаша қалыптасса бала-шаға, әйелдеріміздің жанын қорқыныш билейді, біз патшаға қызмет ете алмаймыз. Бізге жеткен хабарға қарағанда Қоқаннан барған төр өкіл бізді қаралағанға ұқсайды, керуенді тонады деген негізсіз айып тағатын көрінеді. Егер шынында біз керуенді тонасақ, қоқандықтар дәлелдесін. Біз керуеннен ешқандай ақша алғанымыз жоқ. Өзіміздің руластарымызды азаптан босатып алғанымыз рас. Қыста Ұлытауда, жазда Кішітау өңірінде көшіп-қонып жүрміз. Патшаға қызмет атқарудан бас тартпаймыз. Сұлтан Ержан Тұрсынов бізді патшаның манифесімен таныстырды.

 

Аударған колеж-регистратор  Батыршин (КРМОА, к. I, т. I іс, 2009, п.18-19).

 

Қазақ  хандарының  шежіресі

ЖӘНІБЕК


ҮСЕК   ҚАСЫМ  АЙТБЕК  ЖӘДІК



ҚОЯН МАМАШ ХАҚ-НАЗАР   ТОҒЫМ СЫҒАЙ


БАТЫРХАН    ТАҚЫР БОЙДАС



АЙШУАҚ        ТӘУЕКЕЛ  ЕСІМ


ЫРЫМ


       ЖӘҢГІР  ҚҰДАЙМЕНДЕ


АЖУ


      ТӘУКЕ УӘЛИ  СЫРДАҚ


ӘБІЛҚАЙЫР      АБЫЛАЙ  ҚЫСРАУ



НҰРАЛЫ  ЕРАЛЫ  АЙШУАҚ   УӘЛИ  ҚАЙЫП



ЕСІМ  ЖАНТӨРЕ  СЕРҒАЗЫ     БАТЫР


ӘБІЛМАНСҰР

ҚАРАТАЙ       (АБЫЛАЙ)  ҚАЙЫП


БӨКЕЙ  БОЛАТ       ӘБІЛҒАЗЫ


 

ЖӘҢГІР    ШАХМҰХАМБЕТ  АРЫНҒАЗЫ


  ӘБІЛМӘМБЕТ  ЕСІМ


       УӘЛИ ҚАСЫМ


 

      ШЫҢҒЫС  КЕНЕСАРЫ


 

МҰХАММЕД-ҚАНАПИЯ  СЫЗДЫҚ

(ШОҚАН)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Кенесары хан