Кенесары хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа

Краткое описание

Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Оглавление

Кіріспе

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип. Кенесары.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

1840 жылы орынбор  генерал-губернаторы граф А.В.Перовский Кенесарымен уақытша келісімге келді. Ол бойынша Кенесары шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылады. Дегенмен де бұл кезде Батыс Сібір отрядтарымен қарулы қақтығытар тоқтаған жоқ.

1841 жылы қыркүйекте  қазақтың үш жүзінің өкілдері жиналып Кенесарыны ата-бабамыздың салты бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлайды. Сөйтіп, оның билігі заңдылық сипат алады.

Кенесары әскери  істі тыңғылықты жолға қоюға тырысты. Көшпенді халықтарда кезінен сақталған дәстүр бойынша жасақтар ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Бұл әдіс соғыс тарихында өзін-өзі ақтаған, далалық соғысқа икемді еді.

Орынбор әкімшілігімен  уақытша бітімге келген кезде, 1841-1842 жылдары Кенесары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін қайтару үшін күрес  жүргізеді. Табан тірескен соғыс нәтижесінде Созақ, Сауран қалалары азат етіледі. Түркістанды қоршайды. Қоқан хандығы келіссөз жүргізуге мәжбүр болады.

1842 жылы В.А.Первоский  Петербургке қызметке кетіп, орнына  генерал-губернатор болып Обручев келеді. Соны пайдаланып, Горчаков сол жылы Сотников басқарған отрядты Кенесарының ауылын шабуға жебереді. Кенесары аң аулауға кеткенде олар ауылды талқандап, бірнеше адамды оққа ұшырып, мал-мүлкін тонап, зайыбы Күнімжанды тұтқындап әкетеді. Бұдан кейін Горчаковтың отряды Кенесарының қаннен-қаперсіз көшіп жүрген ауылдарын шапты. Ақсақал төбеде 100-ден астам адамды өлтіріп, 1000 түйе, 3000 жылқы, 10 000 қой және 25 адамды тұтқындап әкетеді. Сөйтіп, патша әкімшілігімен жасалған уақытша бітім Горчаков тарапынан бұзылды. Кенесары күресін қайта бастауға мәжбүр болады. 1843 жылы 27 маусымда Николай I қазақ даласына көтерілісті басу үшін әскер жіберу туралы үкім шығарады. Кенесарының басын әкелген адамға 3000 теңге сыйлық жариялайды.

1843 жылдың тамызында полковник Бизановтың басшылығымен А.Жантөрин, БаймұхаммедАйшуақовтардың қатысуымен 4 зеңбірек, 5000 адамнан тұратын қарулы отряд Сахарный қамалынан Кенесары бастаған көтерілісшілерді құрту мақсатымен жорыққа көтерілді.

Мұнымен қатар  Кенесарыға қарсы Омбыдан, Петропавлдан және Қарқаралыдан да отрядтар шықты. Екі жақ та ауыр шығындарға ұшырап, кері шегінді. Кенесары жазалаушылардың күшін әлсірету үшін енді ашық шайқасқа бармай, жылжып орын ауыстыра соғысу тәсіліне көшіп, тұтқиылдан тиіп, жау әскерінің берекесін кетірді. Ұзаққа созылған ауыр жорықтардан шаршаған, күздің қарлы-жаңбырлы қара суығына түскен патша отрядына кері кетуге тура келеді де, қайтарында олар жолдарындағы ауылдардың мал-мүліктерін тонап әкетеді.

1843 жылдың аяғында  Кенесары патша укіметінің сойылын соққан сұлтан А.Жантөриннің Ойыл өзені бойында орналасқан ауылын шауып, нәтижесінде сұлтанның 5500 жылқысын, 3500 түйесін, 970 сиырын және 7000 қойын олжалады.

Патша әкімшілігі, американың тарихшысы М.Олкотт атап көрсеткендей, көтерілісшілерді жекелеген отрядтармен жеңе алмайтындығын түсінгеннен кейін, 1844 жылдың көктемінде қатарынан үш отрядты жіберуді ұйғарды. Олар Ор бекінісінен, Ұлытаудан және Тобыл өзенінен бір мезгілде аттанып, кенесары жасақтарын жан жақтан қоршап, оларға шешуші соққы беру қатаң тапсырылады.

Бұған қоса Батыс-Сібір  генерал-губернаторлығынан Лебедев  пен Фомичев басқарған екі  отряд көмекке келуі керек  болды.

Сонымен бірге  патша үкіметіне берілген сұлтандардың басшылығымен қазақтардан қосымша  отрядтар жасақталады. Барлық соғыс операциясын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Ал Кенесары сапында 20 мыңдай әскер болды.

Кенесары патша  отрядтары мен оған жақтас басқа  жасақтардың бастары қосылса  жағдайының қиын болатындығын түсінді  де, олардың бастарын біріктірмей, жеке-жеке соққы беруді шешті. Жауынгерлерінің бір бөлігін Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді, олар Ұлытауға қарай қаша соғысып, отрядтың бетін басқа жаққа бұрып жіберді.

Отарлауға қарсы  күреске Үш жүз қазақтарының да белсенді қатысуы патша үкіметін қатты алаңдата түседі.

Көтеріліске күреске  Үш жүз қазақтарының да белсенді қатысуы  патша үкіметін қатты алаңдап, оларға қарсы ірі күрес жүргізу керек  деп шешеді. Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауға тиістігін білдіретін қарарға қол қойып, Николай I  1843 жылы 27-маусымда Кенесарыға қарсы ірі көлемді соғыс жүргізуге рұқсат етеді.

Алғашқы жіберілген Лебедевтің отрядынан кейін көтерілісті  басып-жаншу үшін орынбор жақтан полковник Дуниковскийдің отряды жіберіледі, ал Сібірлік тобын генерал Жемчужников басқарады. Ұзаққа созылған соғыс үкіметтің күш-қаражатын шығындатады, оған қоса Орынбор губернаторы В.А.Перовский мен Сібір губернаторы В.Д.горчаковтың арасында Кенесарымен қалай күресу туралы алауыздық туады.

Первоский дауды  келіссөздер жүргізу жолымен  шешуді ұстанса, ал Горчаков мәселені шешудің соғыстық түрін жақтады. Орынбор бастықтары Кенесарыға Долгов пен Герн басқарған елшіліктер жіберу қажет деп шешеді. Олар Кенесарының алдына қабылдауға болмайтын шарт қояды. Бұл шарт бойынша көтерілісшілерге белгілеген шектеулі аймақтарда ғана көшіп-қонуға рұқсат етеді. Бірақ патша елшілерінің алға қойған мақсаты орындалмады. Кенесары патша үкіметіне өз талабын қойды. Онда егер орыстардың бар бекіністері жойылса, басылып алынған жерлер қазақтарға қайтарылса, далада тонаушылық пен зорлық-зомбылық жасаушылық тоқтатылса ғана Ресейдің протекторатын (мемлекет ішіндегі кіші мемлекет) қабылдауға келісім беретінін білдірді.

Кенесары өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісін шабады, 1844 жылы  21-шілдеде  А.Жантөриннің отрядын толығымен қиратады.

Сондай-ақ 1844 жылы 14-тамызда Екатеринск станциясын басып  алады. Сонымен бірге олар көтеріліске  қатысқылары келмеген Төртқара, Жағалбайлы және т.б. рулардың бай-шонжарларының  ауылдарын шауып, көптеген малдарын айдап әкетеді.

      1845 жылы Кенесары Троицкі мен Жаманқала арасындағы Адырлы бекінісін шауып, өртейді. Орынбордағы орыс отрядтары келісімге келуге мәжбүр болады да, бекіністегі қолға түскен адамдар да босатылады.

1845 жылы патша  үкіметі Торғай мен Ырғыз өзендерінің  жағасына бекіністер салғызады да, Кенесарыға қыстайтын жер болмағандықтан ол Қарақұмға кетеді. Бірақ онда ұзақ тұра алмай,Сырдария маңына қоныс аударады. Ондағы шеті бұл маңдағы Қоқан хандығының басып алған қазақ жерлерін босату еді. Бұл жолда оған шекті руының батыры Жанқожа Нұрмұхамедов  өз қол астындағы жасақтарымен қосылады. Олар Жаңақорған, Жүлек, Созақ қамалдарын босатады.

1846 жылы Балқаш  көлінің маңайына қоныс аударады. Патша үкіметі Кенесары басқарған  көтерілісшілерді генерал-майор  Вишневский бастаған әскерлерді жібереді. Кенесары көтерілісті жалғастыру үшін Ұлы жүз қазақтарымен қатар Алатау қырғыздарын да тартқысы келді. Олар ол кезде Қоқан хандығына бағынышты еді.

Кенесары ортақ  жауға қарсы қазақ-қырғыздың күшін  біріктіріп, Қоқанның қол астындағы  қазақ руларының дербестік алуына көмек көрсетіп, өзіне тірек етпек болады. Балқаш көлі мен Іле бойына бет алған Кенесарының әскерлерін Жетісу қазақтары бәрі бірдей жақсы қарсы алмады. Үйсін, дулат, жалайыр руларының көбі көтерілісшілерді жақтаса, сұлтан Сүйрік, старшындар құнанбай, Барақ сияқтылар оған қарсы тұрды.

Сонымен қатар  ресей патшалығы қырғыздарды  да қазақтарға қарсы айдап салып, олардың арасындағы жер дауын  және т.б. алауыздықтарды өршіту саясатын жүргізіп жатты.

Екіншіден, осы  кезде Орман, Жантай, Жанғаралы сияқты қырғыз манаптары батыс Сібір губернаторына өздерін Ресей үкіметінің құрамына алуды сұраған анайы хат жіберді.

Үшіншіден, қырғыздың  кейбір манаптары Қоқан хандығынан қол үзгісі келмеді.

Осы себептерге байланысты олар Кенесарыны қолдамады.

Сондықтан Кенесары 1846 жылы Қоқанға қарсы күресетін одақтарсыз өзіне қосылған Ұлы жүз қазақтарымен жүогізді. Ол Әулиеата, Мерке қалаларын алды.

Орынбор шекара комиссиясының есебінде көрсетілгендей «қырғыз манаптары Кенесарыға қарсы  күресте не өздері өлуге, не жауды – Кенесарыны жоюға шешім қабылдады».

Ж.Көпеев Кенесарының  Ұлы жүз аймағына ауысқанын және оны жасауыл Нюхалов отряды соңына түсіп өкшелеп отырғанын егжей-тегжейлі баяндайды.

Осы уақытта  қырғыздардың Орман, Кәрібоз, Жантай деген  манаптары Кенесарыға қарсы үгіт жүргізіп, топтар құрып, жұрттың малын айдап ала бастайды. Оларға қарсы Кенесары бірнеше батырларын жібереді, нәтижесінде қазақ жасақтары жеңіліс табады.

Қазақ пен қырғыздың  арасын шиеленістірген тағы бір оқиға 1846 жылы Кенесарыны қолдаушы Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздың Жаманқара деген батырын өлтіреді, қырғыздар жауап ретінде Саурық батырдың ауылын шауып, адамдарын өлтіріп, тонап кетеді. Осының нәтижесінде 1847 жылы Кенесары 10 мың сарбазымен қырғыздар жеріне басып кіреді.

Кенесарының соңғы шайқасы Кекілік сеңгірінде өтеді. Қырғыз манаптары, Вишневскийдің отряды және Қоқан әскерлері «Алмалы сай» шатқалында үш жақтан Кенесары әскерін қоршады. Бірнеше күн қиян-кескі соғыс болып Кенесарының інісі Наурызбай соңғы ұрыс алдында қоршауды бұзып шығып құтылуды ұсынады. Бірақ Кенесары оған көнбейді, себебі мұндай жағдайда аттары жақсы басшылар құтылады да, жәй әскер қырылады. Сарбаздарымды тастап кетсем ертең жұрттың бетіне қалай қараймын, қалай хан боламын, маңдайыма жазғанды солармен бірге көрейін деп шешеді.

Күштері әлденеше рет көп жау әскерімен қаһармандық  күресте Кенесары 32 қазақ сұлтандарымен  бірге қаза табады.

Кейбір зерттеушілер Кенесарының Жетісуға аттануын Шығыс  Түркістанға өтпек болуынан дейді.

Онда Қытай  үкіметіне арқа сүйеп, күш жинап, қайтадан әрекет жасамақ ниетін білдіреді.

Белгілі ғалым-этнограф Смирновтың еңбегінде Кенесарының  баласы Ахмет Кенесарин бұл жөнінде  былай дейді: «Сөйтіп, елдің өрісі  тарыла бастаған соң Кенесары енді Қытай патшасымен жақындасқысы келді… Қытайға жақынырақ – Ілеге қарай көшті».

Е.Бекмаханов өз зерттеуінде 1847 жылғы шайқаста жеңілуінің үш себебін ашып көрсетеді:

    1. Орыс-қырғыз одағы. Нюхаловтың манаптарға жіберген хаттарында Кенесарыны қолға түсіргені үшін патша үкіметі шен-шекпен беретінін мәлімдеді.
    2. Қазақ-қырғыз одағы. Орман, Жантаймен одақтасқан Сыпатай мен Рүстемнің әскердің көп бөлігін ұрыс алдында алып кеткені.
    3. Қоқан-қырғыз одағы. Қоқан бектерінің өз әскерлерін Орман манаптың қарамағына бергені.

Бұған қоса 1845 жылы Нюхалов отрядына қосылған төрелер  жасақтарының Қызылағашта бекініп, Кенесарының Ұлы жүз жерінде қазақтарды көтеріліске тартуына кедергі келтіргенін айтуға болады, сондай-ақ қырғызға жорық жасауына қарсы болған жақтастарының бір тобының бөлініп кетіп қалуы да әсер еткен.

Кенесары, Наурызбайдың 1847 жылы өлтірілуі туралы да әртүрлі болжамдар сақталған. Ж.Қасымбаев кітабында хан өлімі егжей-тегжейлі баяндалады. Мәшһүр Жүсіп жазбасында Кенесары мен Наурызбай ер өлімімен өледі. «Бас терісін сойдырып, орыс жұртына, патшаға жіберген. Бұл үшін Шабдан, Жантай Қарабековтер патшаға құрметті кісі болып саналды». Ал Халел Досмұхамедұлы зерттеуінде Кенесарының қолға түсуі де басқаша. Мықанға тап болған қазақтардың жалғыз-жарымы қашып құтылады. Кенесары мен Наурызбай да қашқан. Оның айтуынша Кенесарының аты тұрып қалған, Алмалы сай немесе Сауалмен деген жерде ұсталды деген бекер дейді.

Кенесары мен  Наурызбайдың қалай өлтірілгенін баяндау  барысында өзгешелік бар. Ж.Қасымбаев: «Үш жүздің ардақтаған жаны қырғыз жерінде кескілескен шайқаста қаза болды, жатқан моласы да белгісіз» деген.

Кенесары өлімінің нақты қалай болғанын Е.Бекмаханов та, «Хан Кене» пьесасын жазған М.Әуезов та, жорықта бірге болған Нысанбай ақын да айтпайды.

Кенесары көтерілісі жеңіліске ұшырады.Алайда ол қазақ  халқының ұлт-азаттық қозғалысында көрнекті орын алады. Бұл Үш жүздің қазақтарын тапшылық отарлауға қарсы жұмылдырған, XIX ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

Кенесары хандығының саяси құрылысын  қарастыратын болсақ, Кенесарының Қазақ мемлекетін нығайтуға арнап қолданған шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланыста болды. Ел арасындағы өзара қырқысты тоқтатпаса сыртқы жаулармен күресте жеңіліске ұшырайтынын Кенесары түсінді. Сондықтан ол бар күшін орталықтандырылған хандық құруға жұмсады.

Кенесарының қайта  құрушылық қызметі ел билеуді  ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды. Әуелі мемлекеттік аппаратты  құру ісіне тоқталсақ.

Қазақ мемлекеттілігінің  басында Кенесарының өзі тұрды. Оның жанында ең жақын серіктерінен: батырлар, билер және ханның кейбір туыстарынан құрылған Кеңес жұмыс істеді. Хан Кеңесі кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтты. Хан қолында мемлекеттік маңызы бар барлық істер (сот, қаржы, салық, әскер, елшілік) шоғырланды. Оларды хан арнаулы адамдар арқылы бақылап отырды.

Кенесары әскери іске жүйелі түрде үйретуді алғаш рет жолға  қойды. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. Орынбор шекаралық комиссиясына берген жауабында би Шоқпар Бақтыбаев: «200 адам қару қолдануды және жаяу соғыс жүргізуді үйренуде» деп атап көрсетті. Көтерілісшілерді әскери іске көтеріліске қосылған қашқын орыс солдаттары мен башқұрттар үйретті. Құсмұрын приказы Уақ болысының қазағы Бегалиннің көрсетуінде былай делінген: «Кенесары ауылындағы орыстар мен башқұрттар оның жақтастарын зеңбіректен атуға, сап түзеуге және солдат әдістеріне үйретуде». Қырғыз манаптарының өкілі Қалғұл: «Мыңға жуық мергендікке үйреніп жатты. Жігіттердің жеке топтары қылыштасу, ал бір тобы найзаласудан жаттығу өткізді» деп жазды.

Информация о работе Кенесары хан