Кенесары хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа

Краткое описание

Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Оглавление

Кіріспе

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип. Кенесары.doc

— 530.00 Кб (Скачать)
  1. ааааааааааааааааааааамппппппппппмммпппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппииииииииииииипппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссвакаааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааМазмұны

Кіріспе

 

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың

 теориялық мәселелері

    1. Кенесары  бастаған қозғалыстың  зерттелу дәрежесі
    2. Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

 

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы

2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,

сипатына, шешуші кезеңдер

2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты 

 

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын

мектепте оқыту әдістемесі

    1. Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту

 мәселелері 

    1. «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»

тақырыбының сабақ үлгілері

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

 

 

Кіріспе.

 

    Өзектілігі. Қазақстан дербестікке көп ғасырға созылған күрес және отарлық тәуелділікті басынан кешіре отырып қол жеткізгені мәлім. XIX ғ II жартысында қазақ жері Ресейге толық қосылғаннан кейін мемлекеттілік толығымен жойылады.

Үш ғасырға жуық Ресей  империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Ресей мемлекетінің қазақ  даласындағы дөрекі отаршылдық саясатына  қарсы қазақ халқының тәуелсіздік  үшін жүргізген ұлт- азаттық қозғалыстары, соның ішінде Кенесары көтерілісі толық  зерттеліп, өз бағасын алды деу әлі ертеректеу. Өйткені, бұл көтерілістерді де жалпы ел тарихынан бөліп қарауға болмайды.

Ұлт – азаттық көтерілісі дегеніміз не? Ұлт – азаттық  қозғалыстың негізгі мақсаты  ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүдессін қорғайтын мемлекеттілігін, дербестігін қалпына келтіру. Ұлт – азаттық қозғалысы жалғыз ғана ұлттың азаттығы үшін емес, шаруалардың жер үшін күресі, халықтың демократиялық бағыттадаму үшін күресі. Олай болса ұлт – азаттық қозғалысы көп сарынды бір түпкі мақсатқа қазақ мемлекеттілігі, ұлт бостандығы үшін бағындырылып отырғанын көру қиын емес.

Ұлт – азаттық қозғалысы  ұлттық , әлеуметтік, экономикалық, саяси  діни, мәдени – тұрмыс дәстүрлері қайшылықтарының  түйіні. Ұлттық проблеманың бір өзі  – тіл, дәстүр, салт – сана, дін, өмір сүру қаракеті – менталитет – осының бәрін қамтыды. Отаршылдық осымен ата заңын (әдет – заңы),  ғұрыптарды, мемлекеттік басқару жүйесін бұзды. Ресейлік әкімшілік – саяси жүйе қазақ елінің дәстүрлі әлеуметтік байланысын үзді,  көшпенді елдің әлеуметтік тұтас организмі дағдарысқа ұшырады.

Орыс мемлекеті мұсылман проблемасын шұғыл қолға алды. Ұлттық сана -  сезім осы сәтте  өз дәрменсіздігін сезді, ұлттардың  жойылып кету қаупі туды, ел тағдыры, жер тағдыры ойландырды. Сондықтан  да Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар қазақ қоғамының болашағын түп қазық еткен халықтық көтерілістер еді.

Орта Азия мен Қазақстан  халықтарының күресі ұрпақтар зердесінде мәңгіге сақталған. Еліміз басынан  өткеріп отырған бетбұрыс кезеңінде  біз оған назарымызды аударып  отырмыз. Ұлттық сана  сезім өсіп келе жатқан тұста, іс жүзіндегі ұлттық егемендік үшін және риясыз ұлтаралық татулық үшін күрес жағдайында ұлт – азаттық қозғалысының қарама – қайшы әрі күрделі тарихын тереңдете және айғақты зерттеу қажеттігі туындайды.

Бітіру жұмысының  мақсаты- Ресейдің отарлау саясатына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық көтерілістің дүние жүзі, оның ішінде қазақ тарихында алатын орнын, ерекшеліктерін ашып көрсету және осы ұлт – азаттық көтеріліс тақырыбын мектепте оқыту әдістемесінің мәселелерін айқындау.

Міндеттер:

  1. Отаршылдыққа қарсы Кенесары көтерілісінің зерттелу дәрежесін көрсету;
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің шығу себебін ашу;
  3. Көтерілістің сипаты мен кезеңдеріне тоқталу;
  4. Кенесары Қасымұлын тарихи тұлға ретінде талдау;
  5. Мектепте ұлт – азаттық көтерілістер тақырыбын оқытудың тиімділігін айқындау;
  6. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс тақырыбы оқушылардың санасын көтеруде, азаматтық, отансүйгіштік тәрбие беруде алатын орнын көрсету.

Зертеу жұмысының  методологиялық негізіне қазіргі кездегі өркениеттілік көзқарас алынды.

Хронологиялық шегі: ХІХ ғасырдың екінші ширегі.

Зерттеу әдістері: талдау, саралау, салыстырмалы.

Зерттеу объектісі: 9 сынып. Қазақстан тарихы. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

Зерттеу пәні: Тақырыптың теориялық мәселелері және оны мектепте оқытудың әдіс – тәсілдері.

Тарихнамасы. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалысы бұрын – соңды зерттелмей келді десек, қателесер болған едік. Мәселе ерте кезден зерттеліп, талай талқыдан өткенді. Ресей империясының құрамды бөлшегі болған қазақ елінің тарихы сол метрополия мүддесі биігінен ғана таразыланып келді. Бөлшектенбейтін, біртұтас Ресей империясы, провославие және монархия сияқты идеологиялық мұраттар негізіне сүйенді. Большевизм дәуірінде бұл идеологиялық мұраттар тек түрін ғана өзгертті. Біртұтас империя орнына, мызғымас Одақ, монархия орнына тоталитарлық социализм келді. Ал тарих болса бұл мұраттарды нысанаға алып, объективтілік, тарихи диалектикалық байланыс принциптер негізінен шыға алмады.

Бүгінгі күні социализм жүйесі өз тұғырынан түсті, күн тәртібінде егемендік пен тәуелсіздікті баянды ету жолдары сияқты проблемалар қойылды. Осының бәрі тарихи көзқарасты жаңа биік тұғырынан таразылауды талап етеді.

 Қазақстан халқының Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы Кенесары ұлт- азаттық күресін зерттелуінің үлкен ғылыми- саяси маңызы бар. XIX ғ  қазақ халқының ұлт- азаттық қозғалыстарының жекелеген мәселелерін сипаттаған М.И. Вернюков, М. А. Терентьев, А. И. Левшин, Н. А. Середа, А. К. Гейнс  сияқты тарихшылардың еңбегі пайда болды.

Батыс елдерінің шығыстанушы  ғалымдарының да бірден – бір көтерген тақырыбы – ұлт – азаттық көтерілістер еді. Мәселен XIX ғасырдағы АҚШ дипломаты  Ю. Скайлердің Сырым, Арынғазы және Кенесары көтерілістері туралы, ал американ тарихшысы С. Кэреу Кенесеры басқарған көтеріліс туралы пікірлерін айтуға болады.

Ең алдымен , Кенесары көтерілісі жөнінде  құнды және жүйелі зерттеулер 20 жылдары пайда болып, олар 1943 жылы А. М. Панкратованың басшылығымен шыққан тұңғыш ұжымдық еңбек «Қазақстан тарихында» сол кездегі уақыт талабына сай ресми бекітіліп, көрініс тапқан. 40 жылдардың соңына қарай, Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстарының мәселелеріне арналған бірқатар еңбектер пайда болды.  Е. Б. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген Казахстан в 20-40 годы XIX века» монографиясы Отан тарихының шын достарын сүйінтті, жалған идеологияның жетегінде жүргендерді күйінтті. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін «XIX ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан» монаграфиясы қазақ тілінде жарияланды.  Е. Б. Бекмахановты, оның еңбегін қуғындау тек ғалымның жеке басына ғана емес, сонымен қатар ұлт – азаттық қозғалыстарының тарихының зерттелуіне де тиген ауыр соққы болды.

А. Ф. Рязанов «Сорок лет  борьбы за национальную независимость  казахского народа», «Батыр Сырым Датов» атты еңбектерінде тұңғыш рет осы көтерілісті баяндап шығады. Дегенмен де автор оның әлеуметтік табиғатын ашып бермей, көтеріліс қозғалысына, ұрыс қимылдарына баса назар аударады.

А. И. Чулошников өзінің «К истории феодальных отношений в  Казахстане в XVII – XVIIIв.в.» атты еңбегінде ұлт - азаттық көтеріліске тоқтала отырып, бірқатар маңызды пікірлер айтса да көтеріліске ол әр түрлі топтардың арасындағы билік үшін күрес деген баға берді.

Кеңес дәуірі тұсында 1941 жылы жазылған М. Вяткиннің зерттеулерінен қазақ халқының тарихындағы ұлт – азаттық көтерілістердің орны жайында орынды пікірлер кездестіруге болады. Ол 1735-1869 жылдар аралығындағы орыс – қазақ қатынастарының тарихын қазақ халқының Ресейдің үстемдігіне қарсы үзіліссіз күрес үстінде  суреттейді. Сол кездегі Сырым батырдың (Кіші Орда 1780-1790), Исатай Тайманұлы (Ішкі Орда,1830-1860), Кенесары мен Сыздық Қасымовтардың ( Орта Орда, 1840-1860) ірі – ірі көтерілістері ұлт – азаттық сипатта Ресей империясының отарлық езгісіне қарсылық нәтижесінде болды деп көрсетеді.

Осы тақырыпта  XVIII – XIXғасырдағы  жүріп өткен жолымызды зерттеуші  мамандар В. Басин, А. Сабырханов, Ж. Қасымбаев, С. Мәшімбаев, М. Әбдіровтар, бірнеше  жазушы, тілші, философ, саясаткерлер қалам  тартты.

Ағылшындық Томас Аткинсон (1799 – 1861) қазақ елінде жеті жыл өмірін өткізіп еліне оралған соң «Орта Азия мен Батыс Сібір»(1857ж), «Амур бойына саяхат» деген еңбектер жазған. Өз еңбектерінде Аткинсон Кенесары туралы әңгімелейді.

Қазақ халқының тарихындағы  отарлауға қарсы болған Кенесары ұлт – азаттық көтерілістің тағдырын тарихта үлесін қосқан, осы мәселенің сан қырлы жақтарын зерттей отыра, артына салмақты еңбектер қалдырған Бекежан Сүлейменовтың еңбегі зор.

 Егерде қарайтын  болсақ Г. Ф. Дахшлейгер, А. Сабырханов, В. Басин, Т. Шойынбаев, Ж. Қасымбаев сияқты тарихшы ғалымдар пікірлері ұлт – азаттық қозғалысын прогресшіл, отаршылдыққа қарсы сипатта болды деген тұжырымға келеді. Кенесары бастаған көтерілісін тәуелсіздік алғаннан кейін ғылыми тұрғыдан зерттеген отан тарихшылары А. Н. Нүсіпбеков, Х. Тұрсынов, М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев зерттеулері құнды болып табылады.

Құрылымы. Кіріспе, үш тарау және қорытынды бөлімдерден тұрады. I  тарауда ..............................Қорытындыланды.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың теориялық мәселелері

 

1.1. Кенесары  бастаған көтерілісінің зерттелу дәрежесі

 Қазақстан  тарихының айрықша көңіл аударарлық  кезеңдерінің бірі – XIX ғасырдың 20-40-жылдары толығымен дерлік  зерттелмеген. Тәуелсіздік жылдарында азаттық қозғалысы және Кенесары туралы шыққан «Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова» деген тұңғыш жинаққа архивтік деректер топтастырылған. Патша әкімдерінің  бұйрықтары, хабарламалары, үндеулері, хаттары, тыңшылардың мәліметтері, тұтқындардан алынған жауаптар, Кенесарының хаттары, т.б. құжаттар, яғни көтеріліске қатысты барлық деректер бір кітапта жинақталған хронологиялық тәртіппен берілген.

     Хандықтың  саяси құрылысын зерттеу үшін  Қазақ даласында ұзақ уақыт болған соғыс тұтқындары урядник Лобановтың, солдат Губиннің, Ивановтың егжей-тегжейлі жауаптары бағалы деректер болып табылады.

     Олардың  мәліметтерінде басқару тәртібі,  алым-салық рәсімі жайында т.б.  бағалы деректер бар. Қажетті  материал жинау үшін арнайы түрде Кенесары ордасына жіберілген сұлтан Саналы Мырзағалиевтің мағлұмдама хаты Орынбор Шекара комиссиясының қорларында сақтаулы. Саналы сұлтан көтеріліс бастаған сұлтанмен көзбе-көз жолығып сөйлескен, сондықтан ол Кенесары хандығының ішкі құрылымы жайлы егжей-тегжейлі хабарлайды.

Информация о работе Кенесары хан