Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа
Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.
Кіріспе
I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға
ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты
ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Жері құнарлы Жайық бойы атты казактардың қонысына айналады. Арқаның Көкшетау, Қарқаралы, Есіл, Нұра, Ақмола жерінен қазақ ауылдары қуылып, бекініс сала бастайды.
1824 жылы Кенесарының әкесі Қасым
арғын, найман, керей, уақ сынды
рулардан қол жинап,
Көтерілістің басты мақсаты – Қоқан мен Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген қазақ өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан – жақты отарлауды тоқтату еді.
Көтерілістің қозғаушы күші – қазақ шаруалары. Бұл оған халықтық сипат береді. Сондай – ақ көтеріліске ірі ақсүйек өкілдері сұлтандар Шеген, Қамқожа Уәлиұлы, Тани Төртайұлы, Ағаным ханым, Ақмола округінен Күшік, Жадай, Кіші жүзден Жоламан би Тіленшіұлы және халық ордасында беделдері аңызға айналған батырлар Ағыбай, Аманкелді Имановтың атасы Иман, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Сұраншы, т.б. қатысады. Тек қазақ шаруалары ғана емес, Қоқан мен Хиуа бектерінен, қырғыз манаптарынан, орыс помещиктерінен озбырлық көрген, пана іздеген, әділеттік, бостандықты көксеген айла амалдарын қолданғаны мәлім. Қазақ сұлтандары мен төрелеріне кейінгі мұраға қалдыратын құнарлы жерлер, аға сұлтан, болыс, би сияқты әкімшілік қызметтерге тағайындау, алтын, күміспен ақы төлеу, алым – салықтан босату, адал қызметтері үшін шекпен, алтындатқан қылыш, зерлі ту, грамота қағаздар беру сияқты құйытыртқы әрекет жасайды. Ал қарсы болғандары қарақшы, ел бұзар, тонаушы атанады.
Осынау азаттық қозғалысы
Кенесары – мемлекет қайраткері. Ол өз мемлекетін нығайту мақсатында прогрессивті маңызы бар реформалар жүргізген. Осы реформалар қазақ халқының бірігуіне , қазақ мемлекетінің күшеюіне әсер етеді. Мемлекеттік аппаратта мемлекеттің басында Кенесарының өзі тұрған.
Ең жақын серіктерінен – батырлар, билер, хан туыстарынан – Хан кеңесі құрылады. Хан кеңесі кеңесуші, ақылдасушы орын болады. Кенесары мемлекеті сот, елшілік, қаржы – қаражат, әскери іспен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарады. Оның тұсында елді басқару белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінеді, әрі атқарушы белгілі бір мемлекеттік функцияға ие болады.
Сот – құқықтық реформаның мақсаты барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді.
Кенесары жас сарбаздарды
Ол жаңаша әскери айырым белгісін де еңгізеді.
Кенесары талантты қолбасшы ретінде әр түрлі соғыс тактикасын шебер қолдана білген.
Кенесары шаруашылыққа ерекше көңіл қойған. Ол қазақтарды егіншілікке тартқан. Орынбор генерал – губернаторы Обручевке жазған хатында Кенесарының: «Қайырымды генерал маған патшаның шапағатын алуға көмектессе, онда мен тыныш өмір сүріп, өз қырғыздарымды егіншілікпен, аң аулау және басқа бейбіт істермен айналысуға мәжбүр ететін едім» дегн сөзі дәлел.
Кенесары құрған қазақ мемлекеті туралы Ресейдің «Голос» газеті: «Абылай ханның тікелей ұрпағы, оның немересі Кенесары өзінің ерекше ерлігі мен аты шыққан батыр және қырғыздар расында ерекше беделді адам болатын» деп жазады.
Кенесарының өзі жазғанындай, Қазақстанға патшалық Ресей мен Орта Азия хандықтары қауіп төндіріп тұрғандықтан Кенесары өзі құрған мемлекетті сақтай алмады.
1847 жылы Кенесары Қырғыз жеріне
басып кіреді. Бұл күресте алға
қойған мақсаты қазақтар мен
қырғыздардың жауы Қоқанға
Кенесарының қырғыздармен шайқасының тағдыры қырғыздардың жеңісімен аяқталады.
Алайда ол қазақ халқының ұлт – азаттық қозғалысында көрнекті орын алады. Бұл – үш жүз қазақтарын патшалық отарлауға қарсы жұмылдырған, 19 ғ. ең ірі көтеріліс болды.
Сабақ барысында ел аузындағы Наурызбай, Ағыбай батырлар, жоңғар шапқыншылығында ерлік көрсеткен батыр бабаларымыз туралы айтып өтемін, ал Кенесары қозғалысында ерлік көрсеткен батырлар туралы мәлімет аз. Кенесары өзі айтқандай: «Кімнен таяқ жегендей, біздің қазақ баласы, Алдырып жүрген дұшпанға, ауызының аласы!» болмай, біртұтас Алаш елі болайық деп сабағымды аяқтаймын.
Қорытынды
Тарих тәуелсіздік жолы – қиын жол екендігін дәлелдейді. Тек санасы жоғары; бірлігі бір, тірлігі бар, өнері де өнегелі болған елде ғана тәуелсіздік баянды болады. Хан Кененің өмірі, оның өсиеті осының көрінісі.
Хан Кененің халқымыздың қаһарман перзенті болу жолы ерекше. Ол – елім деп еңіреген, халқым деп қайысқан, қан жұтқан, запыран құсқан ұл еді. Кенесары көрінер көзге басын өлімге байлаған, халық басына күн туғанда елдің тірлігін, елдігін, бірлігін, оның еркіндік туын ұстады. Бұл - хан Кененің батырлығы еді.
Нақ осы күрестің әсерімен 19 ғасырдың 50 – 60 жылдары көтерілістер кең өріс алды.
Кенесары көтерілісі қазақ халқының өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жан қиюға әзірлігін, жауға тойтарыс беретін күші бар екенін дәлелдеді. Қозғалыстың жаңашылдығын Кенесары алға тартқан саяси талаптардан – ақ көруге болады. Мәселен, оның руаралық қырқыстар мен феодалдық бытыраңқылықтарды жою мақсаты мен біртұтас орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылуы осыған дәлел.
Кенесары қозғалысының ілгерішіл маңызы – Патшалық Ресейдің қазақ даласына төніп келе жатқан құлдық бұғауына соққы берді және (оның) бұқараның болашақтағы ұлт – азаттық күресіне жауынгерлік дайындық болды.
Қазақ халқының
мемлекеттілігін қалпына
Кенсарының 10 жылдық арпалысы қазақ даласының шалқыған жерін, таулы тасын, құмшөлейтті өңірін ата – бабалардан қалған иелігін отаршылдардың қол сұғуынан, Романовтар әулетінің қанды шеңгелінен аман сақтау еді.
Кенесарының айбарлы да, үздіксіз күресі мен азапты өлімінің қыр – сырын, қазірде бағалап, түсіне алмай келеміз.
Хан Кене 1822 – 1824 ж.ж. хандық билік біржола жойылған кезде қазақ хандығы үшін күресті. Ол хандық билікті қалпына келтіремін деп күрес бастағанда, атасы Абылай, әкесі Қасымның жолын қуды. Ол қазақ елін Абылай хан тұсындағыдай империяның көлеңкесінде өз еркімен ішкі бостандығын, халықтың болмысын, хандық құрылысты сақтаған ел қылуды армандады. Ол – қазақ елінің егемендік, біртұтастық жолы болатын. Ол өзін Абылай ханның мирасқоры ретінде барша қазақ жерін өзінің меншігі санады. Ал көтеріліске қатысқан халық болса, жерді, суды, нуды өз ата – бабасынан қалған дәулет санады.
Кене хан ескі хандық жүйеге жаңалық енгізген - реформатор болды. Ол халықтың «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» деген мақалына сәйкес жүргізуді реформасын. Басты мақсат – елді берік мемлекетке біріктіру. Бас – басына би болған сұлтан, би, старшындарын ауыздықтап, хан билігін нығайту. Ол үшін қаржы, сот, тәртіп мәселесінде көптеген жаңалықтар енгізді. Жылына бір – ақ рет алынатын, белгілі – бір салық жүйе енгізіп, оны жинайтын белгілі – бір адамдар болды. Бұл малын халықты «зекет», «ұшыр», «Хан соғымы» деп қойдай қырыққан шонжарлардың қолына тұсау болды. Сот ісіндегі жүргізген шаралардың нәтижесіне Кене хан сотына әділдік іздегендер ғана келетін. Парақор билерге бұнда «жылы» орын табылмады. Соның нәтижесінде Кене хандығындағы рулардың арасындағы барымта, ұрлық, өзара араздық тыйылды.
Хандықтың мемлекет ретіндегі өмірі келте болды. Бұл соңғы қазақ хандығы еді. Халықтың соңғы үміті болды. Бірақ өте кеш туған хандық көп өмір сүре алмады.
Отарлау саясатын ұстаған Ресей оны тұншықтырды. Бірақ бұл хандық қазақтардың өз алдына тәуелсіз мемлекет бола алатынын дәлелдеді.
Орыс дипломатиясының өкілдері Кенесары, Сырым, Исатай батырлар сияқты «қарақшы», «бүлікші» деп сипаттаса да, екіншіден, Абылайдың немересін айлакер, парасатты саясатшыл, қайраткер ретінде де жоғары бағалайды.
Кеңестік тарихшылардан
Н. Н: Середа: «Кенесары өз жасақтарының
мәртебелі әміршісі бола білді. Оның
рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық
әскер қолбасшыларының өзі
Ал ағылшындық Томас Аткинсон: «Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады,» - деп жазды.
Белгілі тарихшы Е. Бекмаханов – Кенесарының әлі де терең зерттелмеген дипломатиялық өнері, саясатшылдығы, қолбасшылық қасиетіне ой жүгіртіп, көмескі жақтарын айқындап берді.
Ал Ж. Қасымбаев «Кенесары хан» еңбегінде: «Кенесары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады» – деп көрсетеді.
Бұл көзқарастардан Кенесарының қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі жолында күрескен шебер дипломат, саясатшыл, ірі қайраткер екендігін аңғаруға болады.
Сол ұлттық мүдденің орындалып, еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланып өтті.
Ал шынайы тәуелсіздікке жету үшін атқарылатын іс ұлан – ғайыр деуге болады. Соның бірі – жас ұрпақтарды ана тілінде оқытып, оларға қазақ халқының төл тарихын, өнерін, әдебиетін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін жан – жақты насихаттау.
Осы тұрғыдан алғанда жас ұрпақты отаншылдыққа, өз халқына, басқа да халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа сияқты, т.б. тамаша қасиеттер мен шынайы патриотизмге тәрбиелеуде Кенесары бабамыздың алатын орны ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кенесары ханның сүйегін іздестіру жөніндегі мәселе.
Қасымбаев Ж. Қ. Восстании К. Касымова. // Каз. Правда. – 1992. – 13март.
Сүлейменов Р.