Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа
Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.
Кіріспе
I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға
ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты
ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсіндіруге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық, т.б. тәрбие алады.
Тарих маңызды қоғамдық – гуманитарлық пәндер қатарына жататындықтан, оны білім беретін оқу орындарында қазіргі талаптарға сай оқыту үшін алдымен оқытудың әдіснамалық проблемаларын дұрыс шешу қажет. Өйткені 90-жылдарға дейін еліміз мектептерінде қоғамдық пәндерді, әсіресе тарихты оқытуда өрескел әдіснамалық қателіктерге жол берілгені мәлім.
Демек, тәуелсіз Қазақстан Республикасы мектептерінде тарихты оқытудың әдіснамалық мәселелерін шешу кешіктіруге болмайтын, әрі күрделі мәселе. Бірақта мектепте тарихты оқытуда әсіресе, ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқытуда мұғалімдерге нақты көмек, басшылық болатын әдіснамалық ұстанымдар жеткіліксіз. Бұл маңызды проблеманы тек тарихшы ғалым немесе әдіскер ғалым түбегейлі шеше алмайды. Оны дұрыс шешіп беруге оқу орындарында қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың негізгі әдіснамалық бағыттарын анықтауға аталған мамандармен қатар философтар да, саясаттанушылар да басқа да ғылым салаларының өкілдері де қатысқанын дұрыс деп есептейміз.
Соңғы уақытта ұлттық тарих туралы мәліметтерді халыққа жеткізуде біраз жұмыстар атқарылды. Кейінгі бір-екі жылда «Қазақстан тарихы: зерттеулер, құжаттар», «Қазақстан тарихы: әдеби хроника», «Қазақстан этностары» атты сериялы кітаптар, 6 томдық Қазақстан ұлттық энциклопедиясының алғашқы томдары сияқты көлемді кітаптар жарық көрді. Мұның сыртында Алашорда, Бөкей хандығы, жер аудару саясатының зардаптары, қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерілістер сынды тыйым салынып келген тақырыптардағы тарихи деректердің жинақтары баспадан шықты.
Қазіргі кезеңде мектептерде тарих пәнін оқытуға бірқатар ғылыми-әдістемелік талаптар қойылды және де тарихшы мұғалімдер соларды мүмкіндегенше жүзеге асырып отырғанда ғана еңбектері жеміс беруі мүмкін.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, ойлау қызметінің даму дәрежесін, тәрбиелелегін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан, оны үлкен дайындықпен және жауапкершілікпен жоспарлы түрде жүргізіп отыру қажет. Оқушы сұрақтағы негізгі нысанаға қатысты барлық білімді меңгерген болса, білім толық деп есептелінеді, осы білімнің басқа біліммен байланысын білсе, білім терең деп есептелінеді, ұқсас тарихи оқиғалардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін өзі ашып көрсетсе, мұндай білім берік меңгерілген деп есептелінеді. Сондай-ақ білімнің саналықпен меңгерілуіне, жүйелілігіне, кез келген жағдайды шапшаң пайдалана білуге де бірқатар талаптар қойылады.
а) оқушы өзінің жауабында кездесетін тарихи оқиғаларды бұрын болып өткен осындай 2-3 тарихи оқиғамен (7-8с) салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп бере алса, ал жоғары сынып оқушылары ол ұқсас белгілер арасындағы байланыстарды ашып көрсетсе және олардың белгілері арасындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндіріп бере алса, мұның өзі оқушылардың ойлау қызметінің дамығандығын көрсетеді.
ә) оқыту нәтижесін тексерудің басқа да нұсқалары бар. Соның бірі – оқушылардың білім дәрежесін деңгейлерге бөлу. Олар міндетті және мүмкін деңгейлер. Оқушы берілген сұрақтың ең негізгі білім элементтерін білсе, мәселен, көтерілістің негізгі себебін, басталуын, негізгі оқиғаларын, басшыларын, салдарын айтып бере алса, онда ол осы сұрақтың жауабын міндетті деңгей көлемінде білгені. Ал оқушы көтерілістің себебеін, оның ішінде негізгі себептерін айырып көрсете алса, сылтауын, қозғаушы күштерін білсе, басшыларын түгел атап, олардың батырлығы мен ерліктеріне нақты мысал келтірсе, халық алдындағы басқа да қайраткерлік қызметін, көтеріліс оқиғасын басынан аяғына дейін түгел біліп, картадан көрсетіп берсе, жеңілу себептерін, тарихи маңызын ашып айта алса, осы мәселеге байланысты тарихи көркем әдебиетті білсе, онда ол жауап мүмкін деңгейге жеткен деп бағаланады.
б) оқыту нәтижесін
тексеруді ұйымдастыру
Сабақ үстінде оқушылар білімін жазбаша тексерудің басқа да түрлерін: тақырыптың жай(5-6 сынып), толық (жоғарғы сыныптар), жоспарларын, тезисін жасау, тақырыпты сұрақтарға бөлу және жауап жазу, графикалық тапсырмалар орындату, карталармен жұмыс, диаграммалар, схемалар, кестелер, хронологиялық, синхрондық таблицалар, т.б. сыздырту. Жазба жұмыстардың барлығы да мұқият тексеріліп, баға қойылады. Оқушылардың тарих дәптерлерін де тексеріп, баға қойған дұрыс.
Білім тексеруде қайталау сабақтарының маңызы зор. Сондай-ақ тірек білімдерді жүйеге келтіруге арналған жинақтап-қорыту сабақтарының пайдасы зор. Кейінгі уақытта тестік тәсіл жиі қолданылуда. Тарих пәнінен тест бойынша тексерудің артықшылығы аз уақытта көп оқушының білімі тексеріледі, бүкіл курс бойынша оқушылардың білім деңгейін шамалауға болады, барлық оқушылар баға алады, оқушылар тестік сұрақтарға жауап беруге жаттығады.
Тарих пәнін оқытуға қойылатын басты үш міндет – білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттердің орындалуын шамалауға болады.
Білім қандай формада тексерілсе де: күнделікті. Қайталау, қорытып – қайталау сабақтары болсын, ауызша, жазбаша болсын баға қойылуы керек.
3.2. «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбының сабақ үлгілері
Сабақтың мақсаты: Оқушылар тарихтағы ұлт-азаттық қозғалыстар ішінде XIX ғ. 1837-1847 жылдардағы қозғалыстың ерекше орын алатындығын оқып біледі және оларға басқа қозғалыстардан өзінің қарқынымен, Ресей саясатының әсерімен, жаңашылдығымен, ұзақтығымен, табандылығымен ерекшеленетінін түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, дамыта оқыту.
Тапсырмалары:
Антифеодалдық, феодалдық-монархиялық, антиколониалдық, ұлт-азаттық, прогрессивті және реакциялық деген сөздерге анықтама беру.
Сабақтың соңында берілген қозғалысқа сипаттама беріп, өз қорытындыларын жасайды.
Қозғалыстың себептері мен мақсатын түсіндіреді.
Қозғалыстың негізгі кезеңдерін көрсетеді.
К.Қасымовтың реформаларының негізгі бағытын көрсетіп және оның мағынасын бағалайды.
Үй тапсырмасын орындау барысында 1836-1838 жылдардағы қозғалыстармен салыстыра отырып, 1837-1847ж. қозғалыстың ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Стратегиялары: оқушыларды ынталандыру кезеңіне арналған сұрақтар құрастыру, зейінмен оқыту, қысқаша лекция.
Ынталандыру: топпен ойласа отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс тақырыбына сұрақтар құрастыру. Спикерлерді тыңдап, әлеуметтік қозғалысты алгоритмдік оқытумен салыстыру. Қызықты сұрақтарды белгілеп отыру.
Реализация (жоспарды жүзеге асыру жолдары):
Оқушылар Кенесарымен жеке тұлға ретінде жан-жақты танысады.
Олар несімен ерекшеленеді?
Біз әлеуметтік
қозғалыстың сипатын қалай
Толықтырма терминдер кіргіземін.
Мына терминдердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Топпен жұмыс істейді. Бір топқа бір терминнен келеді. Спикерлерді тыңдаймыз. Кестелермен салыстырамыз.
Кенесары бастаған
қозғалыстың анықтамасын
Ермұхан Бекмаханов туралы қысқаша лекция.
Оқушыларға тапсырма:
Сабақ соңында қозғалыс туралы өз көзқарастарын айту және оны дәлелдеу. Қозғалыстың себептері мен мақсатын анықтаймыз.
Топпен жұмыс. 1-топ тексті оқымай-ақ себептерін анықтауға тырысады. 2-топ текст бойынша себептерін анықтайды. Екі топ текст бойынша себептерін, мақсатын анықтайды. Тыңдаймыз және салыстырамыз.
Қосымша қысқа лекция (себептері үшін).
Текстпен қозғалыстың барысы туралы фронтальды жұмыс істейміз.
“Кенесары реформасы” тақырыбымен жұмыс істейміз.
Екі жазба күнделігі:
реформалардың негізгі
Рефлексия: Жеке-жеке ойлайды: бұл қозғалыс қандай сипатта болады және соған дәлелдер жазады. Фронтальды талқылаймыз.
Үйге тапсырма: § 9 Екі қозғалыс бойынша салыстырмалы кесте құрып келу.
Қазақтар мен казактар арасындағы алғашқы қақтығыстар 1837 жылы қараша айында Ақтау бекінісі маңайында болды. 1838 жылы көтерілісшілер Ақмола бекінісін қоршап өртеді. Одан әрі Кенесары өзінің әскерімен Торғай өзені бойында Кіші жүз территориясына аялдады. Ол халықтың қолдауына сүйенді.
Ойланыңдар, Кенесары неліктен Кіші жүз халқының қолдауына сүйенді?
Шындығында
қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Қозғалысқа
Жоламан Тіленшиев бастаған жасақшылар
келіп қосылды. Кенесары жасақтарының
қатары толығып, нығая түсті. 1838-1839 жылы
ол жазалаушы отрядтармен
Кенесарыға екі майданда ұрыс жүргізуге тура келді.
Ойланыңдар, бұл жерде қай екі майдан туралы айтылып тұр?
Солтүстікте патша
үкіметінің жазалаушы отрядымен, оңтүстікте
Қоқан хандығымен, сондай-ақ Кенесарының
үлкен ағасы Саржанның
1841 жылы Кенесары
Қоқандықтардың қоластында
1841 жылы қыркүйек айында өткен құрылтайда Үш жүз қазақтарының қолдауымен хан болып сайланды.
Ойланыңдар, Кенесарының хан тағына сайлануына қандай жағдайлар әсер етті, оның қандай маңызы болды?
Қазақ рулары арасынан кенесарыға қарсы шыққандар да болды.
Бұл Ақмола округінің бас сұлтаны Қ.Құдаймендин, Кіші жүз сұлтандары Ахмет пен Мұхамед Жантөриндер мен т.б. және олардың қатарында Кенесарының өз туысқандары да болды.
Ойланыңдар, неліктен олар қарсы шықты?
Кенесарының хан сайланып, қозғалыстың етек алуынан қорыққан I Николайдың үкіметі көтерілісшілердің талап-тілектерін орындамастан, 1843 жылы жазда көтерілісті басып-жаншу мақсатында ірі жарақтандырылған әскери экпедиция жіберді. Бұл старшина Лебедевтің құрамында 1900 адамы бар, сұлтан А.Жантөриннің, Б. Айшуақовтың, подполковник Бизановтың әскери жорықтары. Бұлар ешқандай нәтиже бермеді. Шілде айында көтерілісшілер сұлтан Жантөриннің отрядын талқандап, 14-тамызда Екатеринин станциясына шабуыл жасады, өртеді, тұтқынға түсірді. Көтерілісті жаншу үшін екі отряд құрылды: полковник Дуниковскийдің басшылығымен Оренбург отряды және генерал Жемчужниковтың басшылығымен Сібір отряды құрылды, бірақ Кенесары олардан құтылып, ізін жасырып кетеді. 7 жылдан кейін, 1845 жылы, оренбургтан Долгов пен Герннің елшілігі келеді. Келісімдер еш нәтиже бермеді.
Неліктен? Ойланыңдар.
Антифеодалдық (халықтың үстемдік етуші топқа қарсы күресі) |
Феодалдық – монархиялық (үкімет пен
үстемдік етуші топтардағы |
Ұлт-азаттық (отаршылдық езгіге қарсы бағытталған соғыс) |
Сипаты |
||
Антиколониалды (отаршылдық езгіге қарсы бағытталған) |
Прогрессивті (алға басу, төменгі сатыдан жоғары сатыға жылжу) |
Реакциялы (қоғамдық прогреске қарсылық көрсету және ескі тәртіптерді бекіту) |
«Кенесары Қасымов қозғалысы
– бұл қазақ аристократтарының
реакцияшылдық, феодалдық- Е.Бекмаханов, Н.Бекмаханов8-9 сыныпқа арналған Қазақ ССР тарихы. А. 1989. | ||
«Бұл патша үкіметінің отаршыл саясатына қарсы бағытталған қазақ халқының XIX ғ. аса ірі ұлт-азаттық қозғалысы болды». Қазақстан тарихыЕжелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. Очерк. А. 1993. |