Кенесары хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа

Краткое описание

Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Оглавление

Кіріспе

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип. Кенесары.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалыстың мақсатына жету жолында дипломатиялық айла-амалдарын шебер пайдаланғандығын айқындайтын оның хаттары.

Архив қорларында, жарияланған деректемелік жинақтарда қазақ халқының мақсаты мен ниетінің мазмұнын ашатын көптеген құжаттар сақталған. Бір мән беретіні Кенесары елшілері Жүсіп Жанкүшікұлы, Мамберді ҚонысбайұлыТайтоқ Дөненұлының 1838 жылы Сібір губернаторы князь В.Д.Горчаковпен Николай I-ші патшаға арналған арнайы хаттары. Хан Ресейдің, Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хаттарын жазып, сөз салып отырды.

Дипломатиялық қызметтің ұйымдастырылуына ол мейлінше маңыз берді. Оның хаттары, үндеулері  дәлме-дәл нақты мазмұнымен, талаптарының дәлелділігімен ерекшеленді. Орыс дипломаттары Гернді, Долговты, барон Урды, әйгілі көпестерді қабылдағанда дипломатиялық әдептілік танытты.

Хандықтағы  билікті орталықтандыру жақтаушысы болғандықтан Кенесары ықпалды феодалдардың арасында талас-тартыстың орын алуын  тыюға тырысты, барымтаны айыптады, руаралық қақтығыстардың шығуына кінәлілерді  қатаң жазалады. Кенесары хаттарының негізгі талаптары Абылай заманындағы және онан кейінгі ахуалмен шеберлікпен байланыстырып, көрсете білуі Кенесары ханның терең ойлы саясатшылық қасиеттеріне көңіл аударады.

Сөйтіп, басты  тілек тыныш өмірдің шырқын бұздырмау.

Кенесары Қасымұлының қойған талаптары:

округтарды  жою, алым-салық жинауды тоқтату, яғни дербес қазақ елінің ішкі істеріне қол сұғуға Ресей үкіметінің құқысының  жоқтығы.

     Бұл  жағдай Кенесарының әр жылдарда  саяси ахуалдың өзгеруіне сай  Орынбор және Сібір губернаторына бағыттаған хаттарында білдірілген. Хаттың желісінде дөрекілік, қоқан-лоқылық, ой шұбалаңдығы, т.б. дипломатияға жат көріністер жоқ.

     Нағыз  шығыстық саясатшыға сай сұлатнның  көздегені – бал тамған тілмен  баданадай жолдаған хатында, қазақ  сұлтанының талабының айбарлылығы да байқалады: «Сіздің есіңізге салайын дегенім, екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз ету. Өзіңіз Ресейге бағынышты жұртты мен өз жағыма қаратып алды деп реніш білдіресіз. Мәселе тіпті басқаша. Менің атам Абылайдың негізінде жөнсіз бірнеше дуандарды ұйымдастырып, салық жинаттырып отырған сіздер емес пе? Бізге қысым көрсетудесіз, оған наразылық білдіреміз, бұдан былай алым-салығыңызға көне алмаймыз. Ойлаңызшы, егер Ресейді басқа бір мемлекет билеп-төмтеп отырса, қалай шыдар едіңіз? Біздің де пайымымызды еске салсаңыз…».

     Губернаторға  хат төмендегідей төрт талаптың  орындалуын өтінумен аяқталады:  Ақтау бекінісін жермен-жексен  ету, Ақмола округын тарату, далалық  өңірдегі үкіметтің басқа да  қоныстарын жою, қапаста отырған  көтерілісшілерді босату. Осы айтылған талаптарға пікірін хат тапсырған елшілер арқылы хабарлауын өтінген.

     XIX ғасырдың бірінші жартысында  әлі де дербестігін сақтаған  Орта Азия халықтары мен Кенесары  арасында тығыз байланыс орнауынан  үрейленген патша үкіметінің  саясаты осы елдерді өз қол астына ұстау екендігін көреген саясатшы мейлінше түсінеді.

     Азаттық  күрес жолында Жетісуға, Қырғыз  еліне шегінгенге дейінгі Кенесарының  дипломатиясында нық орын алған  әскери қимылдардың барысында  жазалаушылардың қолына түсіп,  тұтқын болған сарбаздарын қалай да босаттырып алу. Кенесары көп жағдайда өз қарамағындағы тұтқын орыс солдаттарын өзінің жақындары ғана емес, қарапайым жасақшыларын айырбастап аулына қайтаруға дипломатиясын да, саясатшыл қасиетін де аямаған.

     Әлі  де толық зерттеліп, айқындала қоймаған күрделі мәселелердің бірі ханның жеке басына тән қасиеттері. Қазан төңкерісінен кейінгі тарихнамада Кенесарының жеке басы бұрмаланып, ол «сұрқия қарақшы», «зұлым бүлікші» деген лайықсыз ұғымдармен бағаланып келді.

     Аймақтардың, ондағы халықтардың ұлттық батырларына, дарынды қайраткерлеріне дұрыс баға беру жаттанды «ұлтшылдық» деген ұғыммен тең болғаны көпке мәлім.

     Кенесарының  қолбасшылық өнері туралы сипаттамаларды  орыс тарихнамасынан да байқаймыз.  В.Потто көтерілістің көсеміне «Жеңімпаз хан, қырғыздың Шәмілі» деп баға берген. Далалық аудандарда Ресейдің үстемдегі орнаған кезде қазақ халқының мүддесін мейлінше өзіне сіңірген «бір ғана жан» Кенесарының маңайына топтасатындығын Л.Мейер  демойындаған. Көптеген шайқастарда көтерілісшілердің жеңісін ұйымдастыруда басты себеп ханның жолынан қайтпайтын, ойлағанын іске асыруда мақсатынан таймайтын қайсар қасиеті, жауларына қарсы күресте қатыгездік те көрсетсе де Кенесары әрі қолбасшы, әрі ұйымдастырушы ретінде өзінің табандылығымен тіпті көптеген ұрыстардың куәсі болған патша генералдарын да таңқалдырған.

     Кенесарының  жеке басы туралы шынай мәлімет  пен әділ бағалауды әсіресе  Н.А.Середаның еңбегінен көреміз.  «Жауларын кешірмейтін табанды,  жасынан қиыншылыққа мойымауға  дағдыланған, шыдамдылығы «түйеге» тең» - деп бір жазса, екінші бір ойында «кедергілерге ешқандай шайлықпай, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмеуші еді» - деп қорытындылайды.

     Қазақ  ханының көптеген қасиеттері, әсіресе  саясатшылдығы мен қолбасшылық  дарыны, тәуелсіздік жолындағы ауыр күресте шыңдалды. Бірде айлакер дипломат, бірде көрші мемлекеттермен тіл де табысқан, күш те көрсетуден тайынбаған саясаты, әсіресе оның қолбасшылық дарыны басқа да табиғи, кейіннен өмір шындығында шыңдалған қолбасшылық өмірі мейлінше айшықтанып тұр.

     Кенесары  өз мемлекетін нығайту мақсатында  прогрессивті маңызы бар реформалар  жүргізген. Осы реформалар қазақ  халқы күштерінің бірігуіне, қазақ  мемлекетінің күшеюінеәсер етеді.  Мемлекеттік аппаратта мемлекет  басында Кенесарының өзі тұрған. Ең жақын серіктерінен: батырлар, хан туыстарынан Хан кеңесі құрылады. Хан Кеңесі кеңесуші, ақылдасушы орын болды. Кенесары мемлекетті сот, елшілік, қаржы-қаражат, әскери іспен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарды. Оның тұсында елді басқару билігі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әрі атқарушы белгілі бір мемлекеттік функцияға ие болды.

     Сот  – құқықтық реформаның мақсаты  өзара талас пен ру араздығын  тоқтату еді. 

     Кенесары  жас сарбаздарды әскери іске жүйелі түрде баулуды қолға алған. Әскерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. Көтерілісшілерді әскери іске қашқын орыс солдаттары мен башқұрттар үйреткен. Қатаң әскери тәртіпке ерекше көңіл бөлінеді. Тәртіп бұзғандар жазаланады, опасыздық, сатқындық жасағандарға өлім жазасын қолданған.

     Кенесары  әскерді бұрынғы соғыс жүргізудің  азиялық тәсілімен жүздерге, мыңдарға  бөлу,сарбаздардың басына ержүректілігімен, азаттық күрес ісіне берілгендігімен  көзге түскен батырларды тағайындау, олардың жан аямай күресі – Кенесарының қолбасшылық, ұйымдастырушылық қызметінің шыңдалғандығының бір көрінісі.

     Кенесарының  туының астында топтасқан қарулы  серіктерінің арасында азаттық  соғыстың мүддесіне аяғына дейін  берілген, қанды шайқастарда ерлігімен  көзге түскен үш жүздің де батырлары болды. Солардың қатарында Ағыбай, Аңғал, Байсейіт, Таймас, Бұқарбай, Жоламан, Сұраншы, Иман, Наурызбай және т.б. болды.

     Хан  Кене өзінің киімін де әскери  қолбасшыларға сай таңдады: жылтыраған  эполеттері бар барқыттан тігілген шекпен киген Кенесарының артында ту ұстаған жауынгерлері тұрды.

     Төрт  ай Кенесарының тұтқынында болған  барон Услардың ханның сырт  пішініне берген сипаттамасы  кейіннен оның портретін жасауға  басты дерек болды. «Бойы сонша  сұңғақ та емес, Кенесары арықша келген, бет пішіні қалмаққа ұқсайды, оның тегін байқатады. Сөйтсе де Кенесарының қиғаш көздері ақылдылықты көрсетеді. Былай қарағанда қатыгездіктің еш нышаны көрінбейді…».

     Кенесарының  ұлылық қасиеттері, қолбасшылық  даңқы бүкіл қазақ даласына  сол көтеріліс жылдарында да кең таралып кетті. Ақын жыраулар ханның ел үшін арпалысқан күресін бүкіл қазақ даласына ән-жырмен жайды.

     Үш  жүздің әр аудандарында шоғарланған  Кенесары ең алдымен патша  әскерлерінің қателіктерін әрдайым  шебер пайдаланады.

    Мылтық жетіспеген, зеңбіректері тым аз Кенесарының сардарлары күтпеген жерден шабуыл жасау тактикасын жиі қолданады.

     Тиіп-қашты  әдісімен қимылдаған ауыл жауынгерлері, туған жердің қыртысын жетік  біліп, жазалаушы топтарды адастырып,  қуғындаудан құтылып кетіп отырды.

     Қазақ  халқының тарихы жөнінде көптеген  еңбектердің авторы, полковник И.Венюков  «қазақтар мен қырғыздар ұрыс  даласына барлық күштерін салмайды. Өздеріне қолайсыз жағдай қалыптасса,олар  түкпірлі далалық өңірге шегініп  кетеді» деп жазды.

     40-жылдардағы  Кенесарының жазалаушы әскермен  соғысы осындай айлаға негізделген.  «Біздің әскерлеріміз жан-жақты  қысымға алып, құр далаға қуып  тықса да, өзінің қоршаудан құтылатынына  сенімі мол Кенесары шегінуге  әрдайым жол табатын» - дейді.

     Негізінде хан Кенесарының дарынды қолбасшылық қасиеті, орыс әскерлерінің ашық ұрыстағы соғысу әдісімен таныстығы, қазақ жасақтарының күшін ептілікпен пайдалануы азаттық күрестің тегеурінді болуына әсерін тигізді.

     Кенесарының  дарынды ұйымдастырушы және талантты қолбасшылығы қазақ ғалымдары ғана емес, басқалар да жоғары бағалаған. Біреуі «Бұл сұлтан жігерлі, жедел шешімді адам болды, соған қоса қыруар ақыл иесі еді» – десе, екіншісі: «Кенесары өз жауынгерлерінің лайықты жетекшісі болды. Оның рухани қуат бере алу қабілетіне Еуропа әскерінің кез-келген қолбасшысы қызыға алғандай еді» – дейді.

     Ал  қазақ даласында жеті жыл ғұмырын  өткізген ағылшын Томас Аткинсон: «… Одан тек қырғыздар ғана  емес, тіпті өздерінің қоныстарының  шебінде отырған орыстар да  Кенесарының батыл шапқыншылығынан қатты сескенетін. Кенесары қазақтардан тамаша жауынгерлер даярлайтын. Найза мен айбалтаны ғажайып игерген, шапшаңдықтары көз ілестірмейтін кенесары жігіттері өздерінен көп жаудың күштерімен жеңісті соғыста беретінін мен талайлардан естідім. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскерлерін құрар еді. Оларға тарихта даңққа бөленген Шыңғысхан жиһангерлерінің барлық тамаша қасиеттері тән болатын» – деп жазды.

     Орыстың  әскери тарихшысы Н.Н.Середа өзінің  қырғыз сұлтаны «Кенесары Қасымовтың дау-дамайы» деген еңбегінде Кене хан бейнесін былай суреттейді: «кенесары өз жасағының мәртебелі әміршісі бола білді. Оның рухына бөленген жасаққа еуропалық әскердің қандай да болсын қолбасшысы таңданар еді…» - дейді.

     Ресейдің әскери тарихшысы Г.А.Потоның Кенесарыны «Қырғыздардың Шәмілі» деуі де содан болар.

     Ханның  қолбасшылық қасиеті, соңынан  ерген халықтың басын біріктіріп, күреске баулудағы нәтижелері  орыс әскерлерімен ұзақ жылдардағы  күресте мейлінше айқын көрінді.

     Хан  Кене қазақ хандығының заңды  мұрагері еді, сондықтан да  ол бастаған қозғалыс империямен  ашық, бүкпесі жоқ, бетпе-бет кездесу  еді. Көтерілістің басталуына  қазақ даласына патша үкіметінің  қарулы топтар жіберу, олардың  бейбіт ауылдарға қысым көрсетуі тікелей әсер еткен еді. Қазақ даласында қамалдар мен бекіністердің көптеп салынуы нәтижесінде халықтың ғасырлық қонып-көшіп жүрген жерлері шектелді. Тарихтың осы кезеңінде көшпелі ел тарихының өркениетінің тамырына балта шабылды.

     Ендеше  хан Кене тек жер үшін ғана емес, бүкіл бір өркениетті қорғаушы санатында танылуы керек.

     Орыс  мемлекеті мұсылман проблемасын  шұғыл қолға алды. Ұлттық сана-сезім  осы сәтте өз дәрменсіздігін  сезді, ұлттардың жойылып кету  қаупі туды, ел тағдырын, жер тағдырын  ойландырды.

     Сондықтан  да хан Кене қозғалысы қазақ  қоғамының болашағын түп қазық  еткен халықтық қозғалыс болды.

     Қазақ  мемлекеттілігі туралы мәселені  хан Кене нақты қоя білді.  Ол Ресейден біржолата азат  бола алмайтынын түсінді, сондықтан  да қазақ елін Абылай хан тұсындағыдай империяның көлеңкесінде өз еркімен ішкі бостандығын, халықтық болмысын, хандық құрылысты сақтаған ел қылуды армандады.

     Қазақ  елінде халықтың біртұтастығы, оның  ата заңының, өмір салтының  бұзылуы, жер мәселесі, халық санатында  жойылып кету қаупі қатты толғандырды.

     Хан  Кене қозғалысының бір ерекшелігі  – оның көсемінің заңды ел  билеушісі болып танылуында.

     Қазақ  елі – отар ел, Ресей империясы-  метрополия бетпе-бет кездесті. Бірі  күшпен билік жүргізгісі келсе,  екіншісі күшке күшті қарсы қойды.

     Патша  үкіметі Кенесары ханмен қайраткер,  мәмілегер, қолбасшы ретінде санасуға  мәжбүр болды. Хан Кене қозғалысының  тағы бір ерекшелігі ол қозғалыс  туралы Еуропа жұртшылығының  хабардар болуы.

     Ұлы  қолбасшы, көреген саясаткер Кенесары Ресейдей алып империямен жалғыз жұлысудың қиындығын жақсы түсінді. Сондықтан да ол тілі мен діні жақын, тағдыры ортақ Орта Азия хандықтарымен одақ құруға талай рет әрекет жасады. Бірақ, өкінішке орай ол қолдау таппады.

Информация о работе Кенесары хан