Кенесары хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа

Краткое описание

Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.

Оглавление

Кіріспе

I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты

ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Дип. Кенесары.doc

— 530.00 Кб (Скачать)

     Кенесары  қозғалысы туралы көптеген тарихшылардың  еңбектері жарық көрді. Бұл  еңбектерінде авторлардың көбінің  көтеріліс туралы көзқарастары  біржақты, ал көтеріліс басшысы  Кенесары бүлікші, алаяқ деп  көрсетеді.

     Н.Середаның  «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың  бүлігі» деп аталатын кітабы  нақты деректерге бай, анағұрлым  толық және патша өкіметі кезіндегі  тарихшы үшін барынша объективті  жазылған еңбек болып табылады. Г.Смирновтың да шығармасы көпке  әйкілі, мұның өзі Кенесарының баласы Ахметтің өз әкесі бастаған көтеріліс туралы ауызша айтып берген әңгімесін өңдеп қағазға түсіруден туған еңбек болып табылады.

     Түпнұсқа  негіз ретінде де, нақты материалдардың  жинағы ретінде де маңызды  кітап болғанымен, мұнда көтерілістің негізгі мәселелері ашып көрсетілмеген және көтеріліске тиісті баға берілмеген.

     Патша  өкіметі заманындағы тарихшылардан  Мейер мен Добросмыслов еңбектерінде  Кенесары көтерілісінің барысы  жайында азды-көпті толығырақ  мәлімет береді. Л.Мейер, А.Добросмыслов, М.Красовкий бас штабта әскери мамандар ретінде жұмыс істеп, патша өкіметінің отарлау саясатын ақтаған, сол себепті олар қазақтардың ұлт-азаттық күресін «заңға қайшы» әрекет деп қараған.

     Бұл  авторлар көтерілісшілерді «тобыр»,  көтеріліс басшыларын «қарақшы» және «жартқыш» деп, ал көтерілістің өзін «бүлік» деп атаған.

     Алайда  осы авторлар Кенесарының қолбасшылық  дарынын, оның өз басының өжеттігін  және халық арасында беделді  болғанын бірауыздан тап көрсетеді.

     Мейер  былай деп жазады: «Кенесарының өжеттігінде шек жоқ».

     Добросмыслов  былай дейді: «Бұл сұлтан жігерлі,  батыл, оның үстіне асқан ақылды  адам еді».

     Өкімет  орындарының бірқатар жылдар  бойы көтерілісті баса алмау  себебі неліктен екенін авторлар  былай деп көрсетеді: «Далаға отрядтан соң отряд жіберіліп жатты, ал Кенесары сол отрядтың көз алдында ойқастай орғып, ойнақтай жалт беріп, құйрығын да ұстатпай шетсіз-шексіз далаға сіңіп кетіп отырды"»- дейді.

     Кеңестік  тарихшылардан Кенесары туралы  А.Рязанов, М.Стеблин-Каменская, А.Якунин, М.Вяткиндер жазды. А.Ф. Рязановтың қолжазбасы ең көлемді еңбек және ол осы саладағы бірден-бір монография болып табылады.

     Автордың  қайтыс болып кетуі себепті  қолжазба жарық көрмей қалады.

     Рязановтың  бұл еңбегінде бірқатар кемшіліктердің бар екендігін Е.Бекмаханов өз еңбегінде атап көрсетеді.

     Рязанов  ұлт-азаттық қозғалыстың себебін  теріс түсіндіреді, қозғалыстың  шығу төркіні мен себептерін  жекелеген облыстардың табиғат  жағдайынан және қазақтардың  психологиялық ерекшеліктерінен  іздейді.

     Ол  соғыс қимылдарының барысын да  теріс түсінеді, ол Кенесарыны  жеке басының мүддесі үшін  күрескен адам етіп көрсетеді  және оның еңбегі 1845 жылға дейінгі  оқиғаны баяндаумен ғана шектеледі.

     М.И.Стеблин-Каменскаяның  Кенесары көтерілісі туралы мақаласы архив материалдарына сүйене отырып Кенесары көтерілісінің неден басталуына байланысты, әр түрлі қазақ руларының көтеріліске қатысуын көрсетуге және көтерілістің жеңілу себептерін анықтауға бірінші рет талпыныс жасайды.

     Алайда  аталған еңбекте көтерілістің жеңіліске ұшырауы жеткілікті зерттелмеген.

     Қазақстан  тарихшылары кейбір кеткен кемшіліктерге  түзетулер енгізуде.

     А.Якунин  өзінің «Кенесары Қасымов көтерілісі  туралы» деп аталатын мақаласында  Кенесары бастаған 1837-1847 жылдардағы көтерілісін теріс сипаттаған.

     Кенесарыны  өзінің жеке басының мақсаттарын  көздеп қозғалысқа қосылған деп  сипаттайкеле Якунин былай дейді:  «Қазақ еңбекші бұқарасының 1838 жылы өз-өзінен басталған көтерілісіне  қосылған Кенесары көтерілістің  барысында халық бұқарасынан оқшауланып, шеттеп қалды» – дейді.

     В.А.Потто  Сонау 1872 жылы өзінің «Қырдағы  жорықтар хақында» деген дәрістерінде  Кенесары көтерілісі туралы айта  келіп, көтеріліс «бірауызды және  жаппай көтеріліс сипатына ие  болып, сондықтан оны ауыздықтау енді оңай болмады, оның үстіне бүлікті өжет, бірақ дарынды және асқан жігерлі адам басқарды» – деп көрсетеді.

     А.Панкратова  мен М.Әбдіқалықовтың редакциялауымен  1943 жылы жарық көрген «Қазақ  КСР тарихында» Кенесары қозғалысы  біршама толық баяндалған. Алайда кемшіліктері де бар: көтеріліс біржақты сипатталған да, көтерілістің сипаты және қозғаушы күштері түсініксіз болып қалған. Онан соң, Кенесары хандығының саяси құрылысы мүлде көрсетілмеген, әлеуметтік-экономикалық қатынастарға талдау жасалмаған. Бұл қателіктер екінші басылуында жөнделген.

     Кенесары  көтерілісіне өз пікірін баспа  бетінде ашық білдірген халқымыздың  ұлы ғалымы Абылай тұқымының  бір бұтағы Шоқан Уәлиханов.

     Ол  бұл көтерілісті шындықты бұрмалай  қорытындылайды: «бүлікші сұлтан  Кенесары – феодалдық-монархиялық қозғалысқа бас болып, хандық билікті қалпына келтіруге тырысты» – дейді.

     Өз  кезінде талас тудырған ханның  ұлы Ахмет Кенесариннің «Сұлтандар  Кенесары және Садық» деген  еңбегі.

     Бұл  еңбек естелік тұрғысынан жазылғандықтан көтеріліске қатысты мол мәліметтер назардан тыс қалған.

     1837-1847 жылдардағы көтерілісті зерттеуге  елеулі оқиға 1947 жылы жарық  көрген көрнекті тарихшы Е.Бекмахановтың  атақты еңбегі.

     Бұл тарих ғылымының дамуындағы құнды еңбек болып табылады. Автор Кенесары хандығына «Кенесары өзінің реформаларымен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеген патриархалдық-рулық институттардың ескі формасын жойып, шаруашылықтың егіншілік, сауда сияқты неғұрлым алдыңғы қатарлы формаларын құруға алғы-шарт жасады. Кенесары хан Тәуке ханнан кейін феодалдық негізде қоғамдық құрылыстың анағұрлым оң формаларына негіз қалаған аса ірі мемлекеттік қайраткер болды» – деп жоғары баға берді.

     1990 жылдардағы зерттеулерде Ж.Қасымбаевтың  «Кенесары хан» деп аталған, 1993 жылы шыққан кітабында Кенесары туралы ілгерілі-кейінді айтылған пікірлерді қорытып, жаңа тұжырымдар ұсынған, тарихтың тасада қалып келген кейбір куәліктерін келтірген. Бұл еңбекте Кенесарының ұлылығын сипаттайтын көптеген мағлұматтар көрінісбереді. Ғалымның «Кенесары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады» деген пікірі де аты аңызға айналған  қайраткердің күрес мұратын нақты ұғындырады.

     М.Қозыбаев  «Хан Кене және Сырым батыр» атты мақаласында Кенесарыға хан ретінде жоғары баға береді.

     «Қазақ  мемлекеттігі туралы мәселені  хан Кене нақты қойды. Ол  Ресейден біржолата азат бола  алмайтынын түсінді, сондықтан  да қазақ елін Абылай хан  тұсындағыдай империяның көлеңкесінде өз еркімен ішкі бостандығын, халықтық болмысын, хандық құрылысты сақтаған ел қылуды армандады» - деп жазады.

     Кенесары  жорықтарының куәгері, жауынгер-ақын  Нысанбай жыраудың «Кенесары  – Наурызбай» дастаны мен Жүсіпбек  Шайхысламұлының «Қиса Наурызбай төре» дастаны. М.Әуезовтың «Хан Кене» трагедиясы мен І.Есенберлиннің «Қаһар» романы. М.Жұмабаевтың «Оқжетпестің қиясында» деген поэмасы да Кенесарыға арналады.

      М.Ж.Көпейұлы жазбасында ханның  бір ерекше қасиеті мергендігі  көрсетіледі және Мәшһүр Жүсіп Кене хан туралы сөз бастамас бұрын оның 1837 жылғы көтеріліске басшы болуға дейінгі жылдардағы тарихи оқиғаларға шолу жасайды.

      Орыстың патша заманындағы зиялылары  да Кенесарының қаншама «қарақшы»,  «жабайы», «бұзақы» деп сипаттап  жазғандарымен, оның айлалы саясаткер, ақылды қайраткер, қаһарман қолбасшы екендігін жоққа шығара қоймаған.

     «Кенесары  өз халқына мәңгілік бостандық  тіледі, шынайы патриот ретінде  орыс мемлекетінің өздерін толық  жаулап алуға ұмтылатындығын  түсіне білді» – деп жазған  Н.Середа.

     Орыстың  географ-саяхатшысы П.Семенов-Тянь-Шаньский  Кенесары ханды біздің дәуірімізге  дейінгі Рим империясының жаулап  алушыларына халқын қарсы көтерген  Понт патшасына теңеп, «қазақ  халқының митридаты» деп атауы,  оның ұлы күрескер екенін даусыз  мойындауы деп ұғынумыз керек.

     Қазақстанның  көрші мемлекеттермен және патша  өкіметінің отарлау саясаты мен  сыртқы саяси байланыстарын зерттеу  үшін негізгі деректер архив  матреиалдары болып табылады.

     Кенесары  хандығының саяси құрылысын зерттеу  мәселесі бойынша негізгі деректер 1845 жылы Кенесары ордасында болып қайтқан қоғаншы Долгов пен бас штабтың поручигі Герннің мағлұмдамалары. Хандықтың саяси құрылысын зерттеу үшін қазақ даласында ұзақ уақыт бойы болған соғыс тұтқындарының жауаптары бағалы деректер болып табылады. Олардың жауаптарында басқару тәртібі, алым-салық жинау, хан кеңесін шақыру рәсімі жайында т.б. бағалы мәліметтер бар.

     Сондай-ақ  Кенесарының жергілікті өкімет  өкілдері атына жазған хаттары  архивте сақталған. Патша өкіметіне  арқа сүйеген қазақ шонжарларының хаттары, өтініштеріне назар аударсақ, мысалы: Кенесары көтерілісі кезінде өкіметке адал болып қалған сұлтандар мен билер өздерін «бүлікшілерден» қорғауды өтінген. Губернаторлардың жазысқан хаттарының көп бөлігі Кенесары көтерілісіне арналған.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға

Тарихи оқиғалар тізбегіне қарай  Кенесары өмірін үш кезеңге бөліп  қарастыратын болсақ:

  1. 1802-1837 жылдардағы есею, толысу кезі.
  2. 1837-1845 жылдар Қазақстан жерінде ұлт-азаттық қозғалысты басқарған қайраткерлік кезеңі.
  3. 1845-1847 жылдары Ресей, Қоқан және қырғыз манаптарымен күрес жүргізген соңғы кезеңі.

К. Қасымұлының  күрескер ретінде есею, толысу кезеңі Қазақстандағы патшалы Ресейдің отарлау саясатының күшейген уақытымен  тұспа-тұс келген. Кенесары 1802 жылы Көкшетауда дүниеге келеді. Бұл Мәшһүр Жүсіп жазбасындағы: «Кене ханның жылы қоян еді. Қырық жасында, жылқы жылы, демі таусылды» деген мәліметке сай келмейді. Өйткені, 1847 жылы «40 жасында» өлтірілген Кенесары 1807 жылы туған болып шығады. Шешесі қалмақ қызы туралы дерек аз сақталған.

Атасы Абылайдың  азаттық жолындағы даңқты өмірін естіп өскен, әкесі Қасымның патша  әкімшілігі тарапынан қуғындалғанын  көріп есейген ол ағалары Саржан мен Есенгелдінің 1824-1836 жылдары жүргізген  көтерілісіне қатысып, шайқастарда ержүрек батыр ретінде көзге түседі.

М.Ж.Көпейұлының  жазбасында ханның бір ерекше қасиеті - мергендігі көрсетіледі.

Қазақ жұртының басшылары Ресей мен Қоқанға  бағынып, олардың ықпалынан аса  алмағанда, тек, Қасым әулеті ғана Абылай заманындағы еркіндікті қалпына келтіруге күш салады.

Мәшһүр Жүсіп  «Отыз ұлды Абылайдың 29-ң тұқымы Кенесары, Наурызбаға қас болған…  Бір ғана Қасым ұрпағынан басқа  Абылай ұрпағы ас ішіп, аяқ босатқаннан  басқа ешнәрсеге жарамаған. Тек  өз бастарының қамын ғана ойлайды, олардың басқа ештеңемен ісі жоқ» деп баға берді.

Үш жүздің өңірінде атой салған сұлтан Кенесарының бодандыққа қарсы күресінің ұзақ уақытқа  созылуы, басқа да көптеген мәселелермен қатар ұлы тұлғаның жеке басындағы  тамаша дипломатиялық және саясатшыл қасиеттерінің биіктігінен деп түсіну қажет.

Орыс тарихнамасының өкілдері Кенесарыны Сырым және Исатай батырлар сияқты «бұзық», «қарақшы»  деп жеккөрінішті бағалармен сипаттаса  да, екіншіден Абылайдың немересін  «айлакер, парасатты саясатшы, қайраткер» ретінде де жоғары бағалайды.

1833 жылы Польшадағы  азаттық күреске қатысқаны үшін  қазақ өлкесіне жер аударылған  А.Янушкевич Кенесары тұлғасына  қайран қалып, оны XIX  ғасырдың 80-жылдарындағы Алжир халқының Француз отаршылдарына қарсы күресінің көсемі атақты Абд Эль Кадермен теңестірді.

Орыстың ұлы  ғалым-саяхатшысы П.П.Семенов Тянь-Шаньскийдің  хан Кенесарыны б.э.д. II ғасырдағы рим империясының отаршыл саясатына қарсы халқын көтеріп, жанталаса күрескен понт патшасы Митридат II Эвпатормен теңестіруі де қазақ халқының саясатшыл дипломатиялық шеберлігін мойындауы еді.

Шындығына келсек, кенесары хан сол өзі бел шешпей, ат үстінде жүрген заманында-ақ қазақтың ғана емес, әлемнің тарихына таңбасын тайға басқандай етіп салып кеткен қаһарман. Есімі тікелей аталмаса да, ол француздың ұлы жазушысы Жюль Верннің «Михаил Строгов» романныда Қазақстан мен Түркістан аймақтарын отарлауға қарсы халқын күреске бастаған Федор хан бейнесінде көркем кескінделеді.

Кенесарының айлакер  саясатшылдығы көтерілістің алғашқы  кезеңінен бірден байқалады. Ресей билеп-төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай тынбайтындығына көрегендікпен көзі жеткен Кенесары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуға немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады.

Информация о работе Кенесары хан