Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:05, дипломная работа
Үш ғасырға жуық Ресей империясы мен кеңестік тоталитарлық жүйе қыспағында зорлықтан, күшпен модернизациялаудан мың өліп, мың тірілген халқымыз азат өмірге құштарлығын бір сәтке жоғалтпастан, үздіксіз күреспен, кейде бейбіт, кейде қарулы қақтығыспен 1991 жылдың 16 желтоқсанын- мемлекеттік тәуелсіздік күнін қарсы алуға асықты. Мамандардың есептеуінше, XVIII ғ Сырым Датұлы көтерілісінен XX ғ басындағы Амангелді Иманов бастаған қарулы күреске дейін 300- ден астам баскөтеру қазақ даласында дүркіреп өтсе, осыншама рет наразылық білдіру кеңестік жылдарда да орын алыпты. Соның ішіндегі ең ірісі және ең маңыздысы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс десек қателеспейміз.
Кіріспе
I тарау Кенесары Қасымұлы қозғалыстың
теориялық мәселелері
Кенесары бастаған қозғалыстың зерттелу дәрежесі
Кенесары Қасымұлы – тарихи тұлға
ІІ тарау. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
2.1. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себебі,
сипатына, шешуші кезеңдер
2.2. Кенесары хандығының ішкі және сыртқы саясаты
ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын
мектепте оқыту әдістемесі
Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту
мәселелері
«Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс»
тақырыбының сабақ үлгілері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Қатаң әскери тәртіп орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Сатқындық үшін өлім жазасы қолданылды. Мұны көптеген деректер растайды. Ахмет сұлтан Обручевке жазған хатында былай дейді: «Кенесары атқа қонып, тіл қатса болды, адамдары көз ілеспес жылдамдықпен жиналып, қаруларымен ат үстінен табылады».
Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған.
Кенесары Хан Кеңесінің
құрамына бытыраңқылықты қолдайтын
текті феодал-шонжарларды
Жақтастарының бәрі де Кенесарыны ең батыл және ең ақылды хандардщың бірі деп есептейді.
Кенесары елді басқаруды белгілі бір жүйеге келтірді, мемлекеттік аппарат және жеке салаларға бөлінді, әрі атқарушы белгілі бір мемлекеттік қызметке(сот, әскери, егіншілік, т.б.) ие болды және жауап берді.
Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден салығын алумен айналысқан. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Мемлекет қазынасына түсетін қаржының негізгі көздері салық және саудадан алынатын баж болды. Қосымша – бағынбаған ауылдардың мүліктерін тартып алу мен соғыстар болып тұрған. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс – жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деуге болады.
Бұл феодалдық алымды мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа, Бұқара хандарына салық төлеуден және орыс өкіметіне түтін салығын төлеуден құтылған еді. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті, алайда соғыс уақытының талабы Кенесары Хан қазынасына түсетін әр түрлі салықтарды қатаң талап етуге итермеледі, ал бұл, оның қол астындағы қазақтарға ауыр соқты.
Зекет салығын жинаған кезде Кенесары белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан салық мүлдем алынбады, 40 бастан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан әрі әрбір 40 бастан 1 бас алынып отырды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару-жарақ, ертұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеуге жұмсалды. Архив құжаттарынан зекетпен қатар қазақ рулары өз еріктерімен зекет көлемінен де асып түсетін жылу жинап отырғанын байқауға болады. Мысалы, «Кіші орда қазақтары Кенесарыға көп мөлшерде ұн әкеліп отырды».
Ұшырды тек егіншілікпен айналысатын рулар ғана төледі. Олар салық жинауға қырмандағы астықтың 1/10 бөлігін беріп отырды. Бұл кезде Кенесарының үгітімен көптеген рулар суармалы егіншілікпен айналысты. Әсіресе Сырдария, Сарысу, Іле, Ырғыз, Торғай өзендері бойында егіншілікпен айналысты.
Барлық жиналған салық жалпы мемлекеттік қазынаға түсті және көтерілісшілер мұқтажы мен әскерді ұстауға жұмсалды.
Кенесарының салық саясаты өзі құрған мемлекеттің нығаюына көмектесті. Салықты тек жоғарғы өкімет қана жинай алды және ол өкіметтің материалдық жағдайын нығайтып қана қоймай қазақ мемлекеттігінің беріктігін күшейтті. Қаржының негізгі көзінің бірі – сауда. Ол ебін таба білсе сауданың пайдалы екенін түсінді. Керуендерге баж салығын салды.
Салық пен баж
салығын жинауда тәртіптің
Кенесарының сот – құқықтық реформасының мақсаты сот істерін қарауды жақсарту және барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді. Кенесары сот реформасын жасағанда «Тәуке ханның жеті жарғысына» және Арғынғазы сұлтанның сот тәртібіне сүйенді.
Сот – құқықтық реформаны Кенесары біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуына барынша қарсы болған ру билерімен аяусыз күресе отырып жүргізді. Өзінің заң шығарушылық қызметін ол әдеттегі құқықтарға өзгеріс енгізуден бастады, ру билерінің сотын таратты. Сот ісін өзі тағайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді.
Рулар арасындағы аса маңызды сот істерін, сондай-ақ өзінің қол астынан тыс жерлердегі рулардың бұларға талап қойған шағымдарын Кенесары тікелей өзі қарады.
Кене ханның әр сөзі заң болды.
Әскери істе Кенесары көп жаңалық енгізген жоқ. Бұрынғыша әскер, атты әскер болды, көбі суық қарумен )найза, қылыш, шоқпар) қаруланып, сауыт – дулыға киді. Дегенмен де Кенесары әскерді басқаруда, қаруландыруда, соғыс жүргізуде өзгерістер енгізді.
Сондықтан да, көтерілісшілер жазалаушы отрядтарды жеңіп, кейде құтылып кетіп отырды. Кенесары маңына 20 000 жігіттен тұратын армия жиналды.
Кенесары әскері жүздікке және мыңдыққа бөлінді. Сондай-ақ Кенесары алғаш рет әскери айырым белгі енгізді. Оның әскерлерінің кеуделерінде қызыл және көк маталардан жапсырмалары болған.
Поручик Герннің мәліметіне қарағанда, Кенесары әскерінде «ерекше белгі үшін» бас сыйлық - өкімет қаруы берілген.
Кенесарының негізгі күштерінің қару-жарағы мықты күзет қойылған жылжымалы киіз үйлерде сақталды. Жорыққа шығарда таратылып, қайтарылып отырды.
Оның әскері екі қатар сап түзеп тұрған және құрметті қонақтарды салтанатпен қарсы алған. Күзет қою тәртібі де мықты жолға қойылды.
Кенесары әскерінде әскери-далалық және агентуралық барлау жақсы жолға қойылды. Сенімді адамдардан арнайы түрде барлаушылар тағайындалған, олар жаудың әскер саны, қару-жарағы, отряд бағдарлары туралы мәліметтерді жеткізіп отырды.
Кенесары талантты қолбасшы ретінде соғыс кезінде әр түрлі соғыс тактикасын пайдалана білді.
Кенесары өз реформаларымен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеген патриархалдық-рулық институттардың ескі формасын жойып, шаруашылықтың егіншілік, сауда сияқты алдыңғы қатарлы формаларын құруға алғы шарт жасады.
Кенесары Тәуке
ханнан кейінгі феодалдық негізде
қоғамдық құрылыстың анағұрлым оң формаларына
негіз қалаған аса ірі мемлекет
Кенесарының сыртқы саясаты екі бағытта жүрді: Ресей және Орта Азия хандықтары. Бұл істе Кенесарының өзі де, елшілері де үлкен өнер мен көрегенділік көрсете білді.
Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбаев, есенгелді Саржанов, Сайдақ қожа Оспанов және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді. Олар қырғыздармен, қытаймен және патша әкімшілігімен болған келіссөздердің барлығына қатысты.Кейіннен Пермьге жер аударылған Әлім туралы 1859 жылы жазған еңбегінде И.Завалишин оны Кенесарының белсенді кеңесшісі және елшісі деп көрсетті.
Мына бір
құжатта елшінің алдына бару тәртібі
суреттелген: «Герн Кенесарының
ауылына келісімен сый-
Міне, біз бұл құжаттардан Кене хандығында елшіліктің жақсы дамығанын көреміз.
Ресей және Орта Азия халықтарымен қарым-қатынасын қарастырғанда, тек 1841 жылдан бастап (хандық құрылғаннан) қана қарастырамыз.
1837-1840 жылдар
арасында Кене хан мен Ресей
арасындағы келіссөздерді
Граф В.А.Перовский князь В.Ю.Горчаковқа арналған хаттарында Кенесарыны «бүлікшіні» өзі де жақтырмайтынын, алай да қозғалысты басу үшін әскери күшті-үйіп төгуге өзінің қосылмайтындығын білдірді.
Екі жақты келіссөздің нәтижесінде 1840 жылдың басында Кенесарының ісі кешірілді, туыстары тұтқыннан босатылды. Алайда Ресейдің қазақтарға қорғаныш болу сипаты туралы мәселе шешілген жоқ. Осы мәселенің бейбіт түрде шешілуінен үміттенген Кенесары Орынбор өлкесінде қарулы қарсылықты тоқтатады да бұл жағдай 1842 жылға дейін созылады. Осы жылдары Орынбор генерал-губернаторы болып Обручев тағайындалады. Ол Кенесарыға да, бейбіт келісімге де сенбейді. Бұл горчаковтың Кенесарыға қарсы шешуші шараларды қолдануға мүмкіндігін туғызады. Қырмен арадағы бітім сол жылы 1842 жылы бұзылады.
Орынбор мен Сібір губернаторлары жазалаушы отрядтар шығарады. Бұл іске «адал берілген» қазақ сұлтандарын да тартты. Бірақ, жорықтары сәтсіз аяқталып отырды.
1844 жылы Кенесары
мен генерал Обручевтың
Қазақ даласына
әскер жіберумен
Кенесары ханның Орта Азиялық хандықтары Қоқан, Бұхара хандықтарына деген көзқарасы өзгеше болды. Оның ағасы Саржан бұларға сеніп, одақтас іздесе, Кене хан бұл саясаттан мүлде бас тартты. Бұған себеп оның туыстарының өлімі және олардың озбырлығы еді.
Кенесары өзінің Хуамен достық байланыстарын онымен сауда қатынастарын дамытуға шебер пайдалана білді.
Кенесары мал сатып, оқ-дәрі, мылтық алып отырған.
Сонымен Кенесары саясаты әрқашанда өз жемісін беріп отырды. Әрине оған екі оттың ортасында болуға тура келді. Ол әрдайым «күймей» шығып отырды.
Қоқан, Хиуа, Бұқар хандықтары және Ресей арасындағы Кенесары келіссөздерінен оның асқан саясаткер, туа біткен дипломат болғанын көреміз. Кенесарының көрегендігі, келіссөздерді тамаша жүргізуі көтерілістің 10 жылға созылуына көп ықпалын тигізді.
ІII тарау «Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі
3.1 Мектепте ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыбын оқыту мәселелері
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғалы бері қоғамның барлық салаларындағы сияқты, тарих ғылымында да үлкен өзгерістер болып, Қазақстан тарихшыларының еңбегі, қажыр-қайраты нәтижесінде тарих шындығын қалпына келтіру жөнінде біраз жұмыстар тындырылғаны белгілі. Қазір де Қазақстанның «ресей империясының шет аймағы» тұрғысынан жазылған тарихын қайта қарап, оның жалпы тарихының тұжырымдамасын жасау, әдістемелік негізін қалау мақсатында күрделі зерттеулер жүріп жатыр.
КСРО өмір сүрген
кезде одақтас республикалар
тарихындағы, соның ішінде Қазақстан
тарихындағы ұлт-азаттық
Енді тұтас
бір халықтардың тарихында
Қазіргі кездегі тарих ғылымындағы танымдық, теориялық төңкерістер тұрғысынан қарағанда еңбектің арқа сүйеген методологиясына сай олқы тұстары болуы да әрине заңды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен келешегі үшін бар білімі мен күш жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады.
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің ең алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Ал фашизм, крест жорықтары сияқты құнсыз оқиғалар келешекте оқушыларды осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін аңсаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүниежүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның салтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрі бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірибесі көрсетті. Сондықтан да біз қазір Қазақстан мектептеріндегі тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттардан бас тартамыз.