Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:48, дипломная работа
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу нысанасы: бастауыш мектептердегі сынытап тыс оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу міндеттері:
орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
бастауыш сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.
КІРІСПЕ.……….......................................................................................................5
1 ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде…………..……................................................................................................8
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру негіздері…………………..…....................................................................................13
1.3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары…….................................................................................23
2 ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұны…….……………………..32
2.2 Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдістері…………………………...................................................................….41
2.3 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру………………………….………………………………………………………52
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................………..........................64
ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................……….............65
Оқушылардың экологиялық
мақсаттағы ұйымдастырылған тәрбие
жұмысының маңызды
Экология тәрбие беру мақсатында қоршаған ортаға жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қоғамдық әлеуметтік қарым-қатынастың түрі болуға тиіс.
Балалардың
табиғатқа жан-жақты
Экологиялық тәрбие беретін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі - балалардың өз еңбегінің қоғамдық пайдалылығын сезіну, табиғатты қорғауға және оған жауапкершілік қатынасының қалыптасуы. Егер оқушы өз еңбегінің табиғатқа пайдалы және қажетті екенін көрсе, онда ол жұмысты беріліп істейді.
Сондықтан қандай болмасын жұмысты бастар алдында, ол істің практикалық маңыздылығын көрсетуге уақыт бөлу қажет.
Мысалы, мектептегі көгалдандыру жұмысы, жалпы мектептік шара, оған әрбір оқушы белсене қатыса алады. Жұмысты мектепті көгалданддыру маңызы туралы әңгімеден, мектепті көгалдандыру эскиздерін көрсетуден бастаған жөн.
Осылардың бәрі балаларды алда тұрған жұмысқа эмоциялық жағынан дайындайды еңбекке құлшынысын арттырады, табиғатқа сүйіспеншілігін туғыздырады. Мектепте төменгі сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің келесі ерекшеліктері.
Оқушылардың экологиялық
білімі мен тәрбиелілігінің дамуы
оқу іс-әркетінде
Сыныптан тыс жүмыстардың тәрбиелік мәні жоғары. Ол оқушылардың жеке басын табиғатқа деген сүіспеншілігін және оның байлықтарын қорғау жөніндегі жауапкершілік сезімін қалыптастырып, табиғатқа деген жеке мінез-қүлық мәдениетін тәрбиелеуте көмектеседі.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатындағы сыныптан тыс жұмыстар мектептің білім мен тәрбие беру міндеттеріне және қоғам талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі қоғам алдындағы тәрбиенің міндеті - жас ұрпақтың санасына айнала қоршаған табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Табиғатты пайдалануға жауапсыз қараудың түп тамыры әр адамның санасына байланысты. Табиғатты таза, сұлу, мол қалпында келешекке сақтап қалу үшін әрбір адамды табиғаттың шын мәніндегі саналы сақшысы етіп қалыптастыру қажет. Сол үшін де бірінші сыныпқа келгеннен-ақ табиғатқа үнемі бақылау жүргізіліп, серуенге шығып, табиғаттың ерекшелігін байқайды. Бір зат пен екінші заттың айырмашылықтарын білу, тану қабілеттері дамиды. Қоршаған ортаға қызығушылықтары артады. Табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланыста. Адам баласы табиғат байлығын өз игілігіне орынсыз жұмсамай, табиғатты қорғаудың қажеттігін түсінуі қажет. Табиғатты қорғауды үйретуді әр мұғалім өз өлкесінен бастағаны орынды. Ал, бұл жөніндегі оқушылар түсінігі, оның айналадағы қоршаған заттарға деген қарым-қатынасынан байқалады. Табиғат деген түсінігі мол оқушы маңайындағы ағаш бұталарын сындырмайды, құстарды өлтірмейді, бөлме өсімдіктерін бақылап, оны күтіп баптайды.
Мектеп оқушылары өзі туып өскен жердің табиғатымен, жер-сумен, орман тоғайымен, тау-тасымен жеке танысу үшін жөне табиғат тіршілігі мен құбылыстарының мәнін, сырын, құпиясын білу үшін олармен төмендегідей жұмыстар атқарылады:
• оқу білімдерін жетілдіру жұмыстары;
• өлкетану жұмыстары;
• қоғамдық пайдалы еңбек.
Ұлттық тәрбиенің негізгі ұйтқысы - ұйымдастырушысы - мұғалім, ұстаз табиғат қорғаудағы халықтың дәстүрді оқушылар бойына дарыта білсе, тәрбие жұмысы жақсара түспек.
Мысалы, талай құс пен жануарды төбесіне көтеріп, киелі, қасиетті деп атаған. Оларды атпауға, өлтірмеуге ұрпақты тәрбиелеп отырған. Табиғат ажары болған жануар мен құстың, гүлдің атын қызына қойған. Қарлығаш, Құралай, Құндыз, Лашын, Раушан, Жауқазын тәрізді жүрекке жылы тиер есімдерді бұл күнде кез - келген ауылдан кездестіруге болады.
Қазақ халқында халықтың табиғат қорғау дәстүрі ертеден бері сақталған, атамыз қазақ қашан да құс атаулыны ерте заманнан қатты құрметтеп келген.
"Аң патшасы", "Аң иесі" деп арыстан, жолбарыс, аюларды көп аулай бермеген. "Үкіні ұстап алса, үкісін жүндеп алған соң бір тойдырып, босатын жіберген". "Қарғысы қатты" деп жапалақпен жарқанатты тигізбейді. "Қыран құстарды атқызбаған" "Киелі құс" деп аққуды атқызбайды, оған құс салғызбайды.
Киіз үйдің шаңырағының шаңдауына қарлыгаш ұя салса, оның балапандары ұшып кеткенше киелі құс болғандықтан көпшей отырады, "Құстардың ұясын бұздырмайды". Оқушыларға экологиялық тәрбиеберуде ата-бабаларымыздың табиғатты қорғау туралы айтып кеткендерін терең ойлап, өз өмірімізге бұлжытпай орындап, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде пәрменді құралдарының бірі болатын өсиеттерді білгеніміз жөн, оған мысал:
1. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын".
2. "Ер елдің көркі, орман-тоғай, жердің көркі".
3. "Бір тал кессең-он тал ек".
4. "Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады".
5. "Тірі нәрсе шөп деген, шипалы қасиеттерді көгал деген, көкті жұлма обал деген".
6. "Обал болады деп егінді, бейсауат батырмайды".
7. "Қарағай кессең қаңғырып қал" деп өсіп тұрған ағашқа тигізбейтін. Ата-бабамыз жапа түздегі ағаштың өзін киелі, қасиетті деп біреудің балта шауып кесуіне рұхсат етпеген. Ал, мұның өзі біздің даламызға көрік беріп, жалғыз-жарым жүрген жолаушы, тынығып, ағаштың аз да болса пайдасын көрген.
8. "Судың да
сұрауы бар", "Аққан су арнасымен
ақсын". "Бидің жолы ақ, судың
жолы сары" деп ағын суды
бұрғызбайды, "Ағын судың арамы
жоқ" деп суға дәрет
9. "Көзінің қалдыр - бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр" деген ата-баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші!
Қай заман қай ғасырда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болған жоқ. Қайта аң-құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанашырлықпен қарап, табиғат түнығын шайқауды "Обал " өсіп өнуіне әсер етуді "сауап " санады.
Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп қарады.
Қазіргі кезде табиғатты қорғау жағдайы бүрынғы қай кездегіден болса да кең арқылы ие болып отыр. Бұл да болса адамзаттың өзі жіберген кей қателерін дер кезінде түзетіп, Жер-Ана қадірін біртіндеп де тереңірек түсініп, оны күтіп - баптау арқылы берекелі мол табиғат байлығын кеңінен игеру, қадірін білген жанға алатыннан да қымбат. Оның үстіне ұға білген адамға мына айналаңды қоршаған орман-тоғай, өзен-көл, оның сәнін келтірген аң-құс, әрбір тал, өсімдіктеріне дейін баға жетпес тұнған мол байлық емес пе?
Қорыта айтқанда, еліміздің бай-болуы, құт-берекенің молдығы табиғат анамен тікелей байланысты. Қай-қайсымыз да табиғатты оның аясындағы түрлі аң-құсты, жан-жануарды аялап, байлығының жоғалмауына қамқорлық көрсетсек, табиғаттың адамзаттың құрымауына, ұзақ ғасыр жасауына септігін тигізетінімізді түсінсек болғаны.
Халқымыздың талантты ақындарының бірі Мұқағали Мақатаев айтқандай, бұлақтар жылап емес, төмен қарай күліп ақса, ерке қыздың толпысындай сыңғырлап, сылдырлап, сыр шертіп, ақса оның үнін келер ұрпақ ұмытпас еді.
Яғни, бұл қазіргі ғылымда әбден бекіген тұжырымдар болды. Ал, Еуропа мен Азияның арасын жалғап, «дауыл халық» аталған қазақтардың дүниетанымын қайда жатқызамыз? Көптеген жылдар бойы дала халықтарының дүниетанымдарын жарымжан етіп келген ой-тұжырымдар жоққа шығарылғанын, оған септігін тигізеді Л.Н.Гумилевтің этногенез концепциясы екендігін айтуымыз керек.
Тағылық
немесе артта қалушылық туралы
идеялардың өзі уақыттың тек
синхронды шкаласын қолданудың
нәтижесінде, яғни жасы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық руханиятты қайта түлету үрдістері ерекше белсенділікпен жүріп, одан кейінгі кезеңдері біраз бәсеңдеді. Оның орнына батыстық құндылықтардың эталон қызметін атқаруы әшілеп, нарық экономикасының бірден-бір талабы ашық қоғамға ұмтылыс кезге түсті. Бұл процестердің өз деңгейінде реттелмеуі, қоғамдағы дәстүр мен жаңашылдйқтың арасындағы тірестің тууына, ал ол өз кезегінде қоғам санасында қайшылықтардынліайда болуына әкеп соғады.
Қазақстан Республикасын негізінен қазақ ұлты құрайтындығын, оның осы аймақты мекен еткен халықтардың еркімен құрылған мемлекет екенін, ескерсек, онда қазақтарды этногенотиптің шығыс жарты шарына жатқызуға болады. Мәселенің даулы екендігіне қарамастан, қазақстандық қоғамға шығысты ойлау тәсілінің кейбір өркениеті кеше ғана пайда болған Еуропаға қарағанда, мыңдаған жылдық тарихы бар шығыс өркениетімен кеп ғасырлар бойы тығыз байланыста болған кешпенділер үшін Азия өмірі беймәлім деуге болмайды.
Бәрімізге белгілі болғанындай, қазақ халқының пайда болуына әсер еткен этногенетикалық үрдістердің түп-тамыры ежелгі дүние тарихынан бастау алады. Бұл үрдістер ықылым заманнан бері Орта Азияның кең даласындағы этникалық және саяси қатынастардың даму ерекшеліктерімен қатар өзгеріп отырды. Тарихтың әр кезеңінде Қазақстан аумағында пайда болып немесе жойылып отырған этникалық топтар мен тайпалар, кейіннен қазақтардың өмір салтына айналған, көшпелі мал шаруашылығының тұрақтынуына әкеліп соқты. Әрине еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында егіншілікті кәсіп өткен, отырықшы аудандар болды. Алайда, бұл жерлерді, қоныстанушылардың өзі, кершілес көшпелі өмір салтының ықпалында қалды.
Кеңес үкіметінің зобалаң жылдарында тарихты бурмалау кесірінен жалпы «көшпенді» ұғымы қатыгездік, жауынгершілік ұғымдармен теріс түсіндірілгені белгілі. Ал, негізінде көшпенділік өмір салты тау мен орманы аз кең далада ғұмыр көшуге ең қолайлы, мал шаруашылығымен айналысқан адамдардың табиғи қажеттілігінен туған шара. Екіншіден, дүниежүзілік теңіз жолдарының ашылуына дейін, құрылыстағы қандай да болмасын қарым-қатынас көшпелі халықтардың арқасында жүзеге асқаны белгілі. Тарих беттері дәлелдегендей, Монғолия мен Дунай өзенінің аралығындағы кең алқапты алып Жатқан Ұлы дала ежелден бері көптеген көшпелі халықтардың Шығыстан Батысқа қарай жылжуындағы көпір қызметін атқарады. Олар тек көшіп қана қоймай, ұлы мәдениет иелері ретінде, дүниенің екі бұрышын жалғастыра білді. Егер ежелгі скиф, ғұн, түркі, монғол мәдениеттерінің қазақ даласына салып кеткен іздерін қарасақ, онда олардың әрқайсысының көшпенді қазақ менталитетінің құрылу барысында қайталанбас таңба салып үлгергенін байқаймыз. Адамның қоршаған дүниеге көзқарасы, түсініп-білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орынды алады. Философиялық тұрғыдан алғанда адамзат үшін «қоғам-адам-табиғат» туралы ойлар ертеден-ақ адамгершілік, ізгілік, инабаттылық, имандылықты дәріптеу, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, қоғам мен адам тағдырының мәнін түсіну тұрғысында қалыптаса бастаған.
Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас бір-бірін толықтырып отырады. Тіпті олардың арасындағы қатынастарды нақты түсіну үшін географиялық орта деген ұғымды қолдануға болады. Біз осы ортаға байланыстымыз әрі қоғамдық өмірге қажеттінің бәрін ортада өндіреміз. Қоғамдық өмірдің дамуының қажетті табиғи жағдайларының бірі - ел, халық, атамекен. Бұл ұғымдар әлеуметтік заңдылықтарға бағынады. Адам орта ғасырлық қараңғылық пен шырмаудан шығысымен, енді өз мүмкіндігін байқап, білуге ұмтылды, шығыстың ғұлама ойшылы, философы Әль-Фараби ертедегі ежелгі ғылыми табыстарды қабылдап, грек ғалымдарынан үлгі алып, олардың ғылымын дамытып, сол үшін екінші ұстаз атанғаны белгілі. Мәселен, ол Сократтың, Платонның, Аристотельдің барлық ғылыми салаларын -математика, физика, музыка, философия, логиканы жоғары сатыға көтерді. Оның айтуынша адам бойында үш қабілет ерекше жаралған. Олар - дене құрылысы, жан құмарлығы, ой парасаты. Осы қасиеттерді дұрыс жолға қойып, тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтиже шығаруға болады. Табиғат пен оның зерттеу процесі адам болмысын ашуға септігін тигізді. Адамның зердесі өзінің ұшан-теңіз мүмкіндігімен, шығармашылық қабілетімен танылды.
Зердені ғылыми негізде түсіну табиғаттың сырын ашуға, әсіресе, жаратылыстанудың негіздерін дамытуға, таным теориясын адам өмірінің кейбір салаларымен байланыстра зерттеуге жол ашты. Табиғатты барлық жағынан зерттеп, игеру қолға алынды. Табиғатты зерттеуде жаратылыстану ғылымы одан әрі өркендеп, адам баласы дүниені меңгеруге кірісті. Табиғат өзінің дамуында «ең құдретті» қасиетіне ие бола отырып, адамды, оның ақыл-ойын қозғады. Осыған байланысты адам және оның мәні табиғаттың заңдары арқылы түсіндірілді. Бұдан келіп, табиғатты зерттеген жаратылыстану, экология, дүниетаным ғылымдары дамып, бірқатар мүмкіндіктерге қол жеткізді.
Информация о работе Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері