Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:48, дипломная работа
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу нысанасы: бастауыш мектептердегі сынытап тыс оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу міндеттері:
орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
бастауыш сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.
КІРІСПЕ.……….......................................................................................................5
1 ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде…………..……................................................................................................8
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру негіздері…………………..…....................................................................................13
1.3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары…….................................................................................23
2 ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұны…….……………………..32
2.2 Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдістері…………………………...................................................................….41
2.3 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру………………………….………………………………………………………52
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................………..........................64
ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................……….............65
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті естен шығарылады,осыдан «мақсатсыз тәрбие», яғни жол- жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалармен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Экологиялық тәрбиелік істің
мұндай келеңсіз жағдайларының
объективті себептері
Мақсат – субъект санасында
оның қоршаған ортамен өзара
ықпал байланысынан туындайтын
әрекеттің нәтижесі туралы ой
болжамы. Демек, мақсат-
Өсіп келе жатқан ұрпақты
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрби
Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың әртүрлі көрініске енуіне тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді.
Мақсат әрекеті адамның
Экологиялық мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қасқағындай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құрылымдары бір мақсаттың ысырылып, орныны екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Ал, соңғы нәтижені көздеген
Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады.
Бұл процестің орны мен рөлі
тұлға қалыптастыру процесі
Экологиялық тәрбие процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен бұл процесс мақсат – бағдарлы болып табылады. Оны ұйымдастыруда мейлінше пәрменділікке жеркізетіні – тәрбие мақсатының тәрбиеленушіге жақыт әрі түсінікті мақсатқа айналуы. Нақты осы мақсаттардың бірлігі мен оған жетудегі өзара байланыс арқылы қазіргі тәрбиелеу процесі сипатталады.
Экологиялық тәрбие процесі – көпфакторлы процесс. Ондағы көптеген объективті, субъективті факторлардың әрекеттері бұл процестің өте күрделі екенін байқатады. Субъективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіліктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін объективті жағдайларда білдіре отырып, тәрбие міндеттерін табысты шешуіне көмектеседі. Ұйымдастырылған тәрбие іс - әрекетімен объективті жағдайлардың мазмұны мен бағыты қаншалықты сәйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады. Бұл процесті басқарушы тәрбиеші қызметі объективті заңдылықтарымен шектелмейді. Бұл өз мәнінде, тәрбиеші тұлғаның өзіндік бейнесін, даралық қасиеттерін, мінез – құлқын, тәрбиеленушілерге қатынасын білдіретінөнер деп танылады.
Тұлға әртүрлі әсерлердің ықпалына түседі, жағымды тәжірибе ғана емес, түзетуді қажет ететін жағымсыз тәжірибені де қамтиды. Тәрбие процесінің қиындығы, оның өзгерісті, динамикалық, қозғалмалы болуымен байланысты.
Экологгиялық тәрбие процесі өзінің ұзақтылығымен ерекшеленеді. Негізінен ол өмір бойына созылады. К. Гельвеций былай деп жазған: «Мен оқуды әлі жалғастырудамын, менің тәрбием әлі біткен жоқ. Ол қашан бітеді? Менің оған тек өлген соң мүмкіндігім болмайды. Менің бар ғұмырым ұзақ тәрбиеден тұрады». Тәрбие процесі үшін тәрбиелік ықпалету басталғаннан бастап, соңғы нәтіжелер арасының алыстығы, ұзақтығын анықтайды.
Экологиялық тәрбие процесінің бір ерекшелігі – оның үзіліссіз болуы. Мектептік тәрбие процесі – бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара жүйелі, үздіксіз әреккеттесу процесі. Жеке бір ғана «іс-шара» оқушының мінез құлқын ерекше өзгертеді деуші тәрбиелеушілер қателеседі. Жұмыстың белгілі бір мақсаты белгіленген жүйесі қажет. Егер Тәрбие процесі үзіліпқалса, онда тәрбиеші оқушының жаңадан «із» салуы керек және оны тұрақты әдетке айналдыруы шарт.
Экологиялық тәрбие процесі – комплекстік процесс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болатындықтан педагогикалық ықпал ету комплексі сипатта болады. Қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер етіп отырады.
Экологиялық тәрбие процесінің комплекстік сипаты бірқатар маңызды педагогикалық талаптардың ұстанымын, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әрекетті мұқият түрде ұйымдастырылуын талап етеді.
Экологиялық тәрбие процесіне нәтижелердің бірмәнді және анық болмау да құбылыс. Жағдайлар бірдей болғанда да нәтіжелер бөлектеніп тұрады. Мұның өзі мынадай субъективті факторларға байланысты болады: тәрбиеленушілердің жеке өзгешеліктерінің көптігі, олардың әлеуметтік нәтіжелері, тәрбиеге деген қатынастары. Сонымен бірге, тәрбиеленушілер дайындығының кәсіптік деңгейі, олардың процесті жүргізу шеберлігі де осы процестің іске асып, жақсы нәтіжелер беруіне үлкен ықпал жасайды.
Экологиялық тәрбие процесі екіжақты сипаты мен ерекшеленеді. Олар тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай (кіре байланыс). Процесті басқару негізінен кері кері байланыс арқылы құрылады, яғни тәрбиеленушілердің түсетін ақпараттар арқылы ерекшеленеді. Осы кері байланысты тәрбиеші неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым тәрбиелік әсер де жоғары болады.
Экологиялық тәрбие процесі диалектикалық сипатта болып келеді. Бұл оның үздіксіз дамуынан, динамикалық болуынан, қозғалмалы әрі болуынан байқалады. Тәрбие процесі болып жатқан себептерге сәйкес дамиды. Мысалы, оқушылардың әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады, сонымен бірге әртүрлі жағдайлар мен нақты ситуацияларға қарай басқадай сипат алуы мүмкін. Кейде бірдей тәрбие құралы бірдей жағдайда тәрбиеленушілерге күшті әсер етуі де, төмен әсер етуі де кездеседі.
Экологиялық тәрбие процесінің диалектикасы оның қарама – қарсылығымен, демек, ішкі және сыртқы қарсылықтырымен бейнеленеді. Нақты, қарама – қарсылықтар процесін үздіксіз жүруіне күш береді. Ішкі қарама – қарсылықтар тұлғаның барлық кезеңдерде байқалатын, оның жаңа қажеттілігі мен қанағаттану мүмкіндіктерінде көрінеді. Осы жағдайдан туындайтын «қарсылық» тәжірибесінен белсенді толтырып, кеңейтуіне, жаңа білімдер мен құлық формаларын алуына, нормалар мен ережелерді игеруіне итермелейді. Бұл жаңа сапалардың қай бағытқа құрылатындығы тұлғаның іс-әрекетіне, белсенділігіне, өмірлік позицияларына байланысты болады. Экологиялық тәрбиенің бағыты – тұлға қалыптастыруды дұрыс бағдарлау, ал мұның өзі тәрбиеленушілердің қозғалушы күштерін, мотивтерін, қажеттіліктерін, өмірлік жоспарларын терең білу негізінде ғана жүзеге асырылады.
Сыртқы қарама – қарсылық та
тәрбие процесінің бағыттылығы
мен нәтіжесінде байқалады.
Экологиялық тәрбиенің ең маңызды субъективті факторы – бұл тәрбиеші тұлғасы. Адам жанының кейбір нәзік тұстарын, тәрбие процесімен ілесе жүретін мыңдаған үлкенді – кішілі өзара ықпал - әрекеттерді қамтудың мүмкінділігі аз. Мұндайда пәрменді тәрбиенің аса маңызды шарты – тәрбиеші тұлғасы.
Қазіргі экологиялық тәрбиелеу процесіндегі тәрбиешінің рөлі тәрбиелік әсердің бәрін өзіне бұрып, процеске жетекшілікті өз қолына алу емес, керісінше, оның ұйымдастырушылық және бағыттаушылық және күшінің мәнділігі мен ондағы демократизмнің, шығармашылық еркіндіктің көнтігімен байланысты. Тәрбиеші маңызды табыстарға нақты жүргізіліп отырған экологиялық тәрбие процесі жағдайын ескеріп, өзінің тәрбие жұмыстарына дұрыс талдау жасап, олардың дұрыс шешім шығарғанда ғана қол жеткізеді.
Авторитарлы педагогиканы туындатқан төмен кәсіптік деңгей тәрбиеленушілердең тәрбиешіден бөлініп қалуына басты себеп болды. Педагогикалық жаңаша қатынас жасау мектепті демократизациялау және гуманизациялау идеялары негізінде іске асады, сонымен қоса, балаға қамқорлық, сүйіспеншілік және рақымқолық сияқты қарапайым адамдық сезімдерді түзетуге негізінде мүмкіндік туады. Сондықтан, қазіргі тәрбиешінің негізгі міндеті де тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалға дайындап, ыңғайластыруға байланысты. Педагогикалық позицияны өзі де тәрбиеленушіге білінбейтін, жасырын, әдепті болуы қажет. Педагог бала жанының төбеден бақылаушысы болмай, оны достық пиғылмен тәрбиелеп өсіруі қажет.
Экологиялық тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әркомпоненті өз кезегінде өзіндік копоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылым түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада Тәрбие процесі талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: Тәрбие процесі мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым – қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б. солардың кейбіреулерін қарастырайық:
Мақсаттық талап тәрбие процесінің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
Информация о работе Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері