Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:48, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу нысанасы: бастауыш мектептердегі сынытап тыс оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу міндеттері:
орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
бастауыш сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ.……….......................................................................................................5

1 ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде…………..……................................................................................................8

1.2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру негіздері…………………..…....................................................................................13

1.3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары…….................................................................................23
2 ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұны…….……………………..32
2.2 Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдістері…………………………...................................................................….41
2.3 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру………………………….………………………………………………………52

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................………..........................64

ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................……….............65

Файлы: 1 файл

экологиялық тәрбие.doc

— 691.50 Кб (Скачать)

Жаратылыстану заңдары әлемді (жер мен көк), оның даму процесін дүниені танып-білуге бағыттады. Сондай-ақ, мұнда адамды түсіндіруге де әрекет жасалды. Бірақ, мөлшер негізінде түсіндірілегн табиғат өлшемдері -уақыт пен кеңістік, белгілі бір нысанадан оқшау қаралды. Мұның өзі ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы ғылым мен білім арасындағы диалектикалық байланысты үзді.

Себебі, уақыт пен кеңістік жеке-жеке қаралып, диалектикалық бірлік айқындалмады. Табиғат «рухантандырылды», оның негізі адамның ақылы мен зердесі арқылы өлшенді.

«Қоғам-адам-табиғат» арасындағы мақсатты байланыс пен сәйкестік  әрине білімді, ақыл мен сананы қажет  етеді. Табиғат пен білім мәдениет арақатынасы-адамдар қызметінің жемісі. Олардың қарым-қатынасының өз тарихы бар. Себебі табиғат білім мен мәдениет дамуының алғы-шарты бола отырып, олардың табиғи процестерге тікелей араласуынан көркеюі немесе құлдырауы мүмкін. Табиғат пен мәдениет арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік әр кез есте болу керек.

Мәселен, ойластырлмай тың  жерлерді игеру жағдайы табиғатқа  зиянын тигізгені бүгінде баршамызға белгілі. Көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, жер эрозиясыңа душар болып кеткенін, мал жайлымдарының азайып, сирек хайуанаттар мен құстардың, өсімдіктердің селдіреп кеткені, ауа мен судың ластанғаны ешкімге жасырын емес.

Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмір сүру тәсіліне негізделеді. Осыдан келіп адамның білім мен мәдениет дәрежесін анықтауға болады. Жаңа мыңжылдықта Қазақстан мемлекетінің барлық саладағы бет-бағдары өзгеруде. Соның ішінде білім мен біліктілік қазіргі заманда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Көптеген елдерде жаңа индустриялық қоғам үшін адамды дамыту, оның қабілетін арттыру бағдарламалары қабылданды. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары АҚШ-та, Жапонияда, басқа да дамыған елдерде экономиканы дамытудың жаңа стратегиялық бағыты, жаңа философиясы қалыптасты. Оның шешуші ролі адам екені анықталды. Тек қана дамыған елдер ғана емес, артта қалған елдер де халыққа білім беру көптеген әлеуметтік қайшылықтар мен қиындықтарды шешіп, одан шығудың бірден-бір тиімді жолы екенін түсіне бастады. Яғни, қазіргі басты талап - еліміздегі білім беру жүйесін дамыту, жаңарту, озық елдердің деңгейіне жеткізу. Әлем кеңістігінде адам дүниетанымы, білімі мен ой-санасы жоғары болуы керек. Қазіргі уақытта әр түрлі оқу және мекемелерінде өзгерістер жүріп, оңтайлы технологиялық процестер өтуде. Талап етілетін білім мен, дағдыны толық әрі терең игеру үшін қажетті үздіксіздік принципі, оқытуды мектепке дейінгі тәрбие мекемесі-мектеп-жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.

Мектепте тек білім  мен тәрбие ұштастығы ғана емес, оның қоғамдық пәнаралық ықпалдығы  да сақталу қажет. Ол төменгі сыныптан басталу керек. Оқушының бастауыш сыныптағы  дағдыларды түрлендірілгең, жан-жақты  болуы шарт. Себебі бастауыш сынып-оқушының қалыптасуындағы алғашқы басқыш. Бұл жастағы жеткіншектер мектепке дейін қалыптасқан мынадай білім-икемділіктерін бекіте түседі:

- тану, айналаны бақылау,  зат, құбылыстарды байқау;

- көрген - білгендерін естерінде сақтау, одан алған әсерлерін бөлісу, айту;

- табиғатқа, айналасына деген алғашқы эстетикалық сезімдерінің, қызығушылықтарының оянуы.

М. Жұмабаев «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде: «Тәрбие, кең мағынасымен  алғанда, қандай да болса бір жан  иесіне тиісті азық беріп, сол жан  иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі пән құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесінің түгел болғаны», - деп тәрбие ұғымының мәнін кең түрде көрсетеді.  

Баланың мектептегі болашақ өмірі әрі мазмұнды әрі қызғылықта өтетін болса, бала өзінің ақыл-ойы мен білім-тәрбиесін қалыптастыратын қолайлы ортаны тапқаны. Бала өзінің жалпы интеллектуалдық қабілетін яғни, оқу, жазу, есептеу, бейнелеу, еңбек, ұжым, секілді ұғымдарды мақсатты түрде игере бастайды. Бала қабілеті білімді, дағдыны, шеберлікті игерудегі бойындағы ерекшелік болса, оны жас кезінен жетілдіру, оның келешегіне жол ашады. Бұл ретте Л.С.Выготский: «Педагогика бала дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесіңде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады», - дейді. Білім беру мен тәрбиелеу, жалпы педагогикалық процесс тұтастай алғанда, өзінің әлеуметтік қалпын сақтады. Оқушы бастауыш сыныпта оқу процесіне оқушылық өмірге дағдыланады яғни, бұл сыныпта оқушы оқу, біліммен қатар, психологиялық және әлеуметтік дамудың белгілі бір деңгейіне жетуі керек. Атап айтқанда:

- оқи білуі, оқу - танымдық  әрекеттің бастапқы тәсілдерін  меңгеруі, оларды жетілдіріп, байытуға талпынуы;

- оқуға деген ынта-ықыласы  мен қабілеті;

- ерік - жігерінің жеткілікті  болуы, яғни түрлі міндеттерді  шешуге деген ұмтылыс;

- өзінің көпшілік, ұжым  алдындағы парызын ұғынуы;

- ұжымда болуға, ұжымдық  таным мен қоғамдық пайдалы  еңбекке қатысудағы белсенділігі.

Қоршаған ортаны қорғау мен  жақсартудың әдіснамалық негізі ретінде мынадай бес кезеңді  атауға болады:

1) материалистік әлемде  барлығы өзара күрделі  қарым-қатынаста,  сондықтан оларды өзгерту бір-бірімен  байланысты жүзеге асырылады;

2) табиғатты қорғау материалистік  дүниеде қарым-қатынас пен өзара  әсер ету заңдылықтарын қолдануды  қажет етеді;

3) адам мен қоғам - тірі  табиғат эволюциясының нәтижесі, сондықтан олар табиғаттан еш  ажырамайды;

4) адам мен қоғамға  зиянын тигізетін биосферадағы өзгерістер, ғылыми-техникалық прогрестің емес, қоғам мен табиғатты реттеудегі шаралардың жетіспеушілігі әсерінен туындайды;

5) қоғамның  даму қарқынына табиғаттың әсері  болады, алайда қоғамдық қатынастар  сипатына табиғаттың әсері жоқ.

Мектептің бастауыш сыныбында оқушылардың қоршаған орта жөніндегі түсінік - танымы кеңейе түседі. Оқушылар әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылысын бақылап қана қоймай, құстар, дала аңдары туралы өсімдіктер мен ағаштар жайлы, ауылшаруашылық саласындағы жұмыстар туралы, адамдардың еңбегі туралы кең түрде түсінік болады. Мұғалім қоршаған орта жөнінде көбірек әңгіме өткізеді. Экскурсияға шыққанда, табиғат бұрышында, еңбек учаскелерінде табиғат өзгерістерімен бірге, адам еңбегін де бақылайды.

Қыстың суығында құстар мен аңдардың қалай тіршілік ететінін, оларға қалай қамқорлық жасау керектігі айтылады. Бұдан оқушы санасында табиғатқа, аңдар мен құстарға жәрдемдесу керектігі туралы ой туындайды. Сонымен қатар, оларды қорғап, айналаны таза ұстау керектігіне дағдыланды. Әрі қоршаған орта әсемдігін танып-біледі.

Адамның қоғамдық игілікті әрекеті аумағында ғана табиғат «жандандырьшған» - әлеуметтік-қоғамдық сипат алған адамзаттық табиғатқа  айналады. Адам дүниені зерттеп игеру  арқылы таниды. Бейнелеу дегеніміз - жаратылыстың жасампаздық мүсінін, сыр-сипатын қалтқысыз серіну, жаңғырту. Бұл тұрғыдан таным жолы жігі жазылмайтын жұптастық: табиғат әлемінің нақ шындығы, адамның сана - сезімі, талап-талғамы, ерекшілігімен қашан да тығыз байланысты.

Адам әдетте төңірегін  талғап, таразылайды. Таным жүйесінде табиғи, адамзаттық, ақиқаттық қасиеттер бірегей жарастық тапқан.

Жанды-жансыз жаратылыс шындығын игілікті мәні, адамға тәуелсіз ішкі құрылымы, табиғи қуаты тұрғысынан қарастыратын еңбек, қашан да жеке-дара тіршілік белгілерін талдау, саралау арқылы біртұтас дүние заңдылығын қорытады. Табиғат - құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным пәні. Нақты білім-ұлан-ғайыр әлем тынысының бүкіл логикалық жүйесін мейлінше дәл бейнелеу. Ғылыми таным үлгісінің өзгешелігі де танитын адам қатынасына, ерекшелігіне тәуелсіз дүние құбылысының ез заңдылығымен көріне алатынында. Адамзат ұрпағының парызы, берекелі еңбегі - осы заңдылықты ашып, тіршілік - тынысын қаз- қалпында қабылдауда ғана болып отыр.

Ғылыми таным бүтіндей қоғамға пайдалы, мүдделі қажеттіліктен туып жатыр. Ал, көркемөнер адамзаттың мұрат-мақсатқа орай тіршілік құбылысының шынайы, бірегей, төл қадір-қасиетін ашып береді. Бұл арада жеке жан иесінің өзіндік көзқарасы, қатынас ерекшілігі-бағалау, саралау машығы жетекші міндет атқарады.

Табиғат әлемі - шексіз-шетсіз, бояу-бедері қанық кең дүние. Адамзат  тарихының даму жолында табиғат  бірте-бірте адамзат табиғатына айналған. Адам-сол жаратылыс тарихының  жұрағаты.

Қазіргі кезеңде  таным нысанасы ретінде табиғат  пен тамырластық біршама жаныма сипат алғандай. Қуатты зерттеу құрал-жабдығы, белгілі бір қалыптар, робот, электроника дүние құбылысын байырғы түйсіну, қабылдау тұтастығын біршама сейілте бастаған сияқты. Ғылыми-техникалық қарқын әлем тану ілімдерінде ғажайып өрлеу туғызумен бірге, бірыңғай логикалық-есептеу аспаптарына өз тізгінін еркін ұстатып, әр құбылысты бөлшектеп жіберді.

 

 

2.3 Сыныптан тыс жұмыста  оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру

 

Егемендік алған республикамыздың келешегі және ұрпақтарды тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны бүгінгі талапқа  сай жаңартылуы тиіс. Сонымен бірге  білім байлығын, табиғаттың ерекшелігін  терең оқып білу арқылы өз халқының дүние жүзілік мәдени мұраға орны мен үлесін білуін, әр оқушының қабілеттік дамытуға, әрбір ұлттық мектептің ішкі мазмұнының атына сай болуын қамтамасыз ету – қазіргі өмір талабы.

Осыған байланысты мектептегі экологиялық  білім негізін құрайтын жаңа пән – экология курсы болуы керек. Бұл ғылым жаратылыстану ғылымдарымен қатар әлеуметтік бағыт – бағынқы қамтуы (№1-Сурет).

Экология курсының алдына қойған негізгі  мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын қалыптастыру;

экология  ғылымы туралы алғашқы түсініктерді дамыту;

   - табиғат, қоршаған орта, зат аламсу, табиғатындағы қарым-қатынастарға  ғылыми-тәрбиелік деңгейде талдау жасауға үйретуі.

  Экология ғылымының зерттеу облыстары – популяция, биоценоз және экожүйе туралы табиғаттану, география, ботаника, зоология, химия, физика пәндерінен алған білімдері негізінде биосфераның деңгейінде оқып-үйренуге баулу 2-сурет

 

2-сурет. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің үлгісі

 



 

 

 

 

 


 

 


 

 

 

 

 

Айтылып отырған мақсат-міндеттерге  байланысты экология курсы бойынша  әрбір оқушы меңгеруі тиіс оқу  материалдары төмендегідей мәселелерді  қамтиды:

- Айналаны қоршаған ортаны кез-келген  өзгерістеріне ластануына бақылаужәне  оның себеп-салдарын ашып, ғылыми  тұрғыда баға беруін дағдыландыру;

- Табиғатты қоршаған орта, ондағы  қарым-қатынастар, зат алмасу процестерінің  жүру заңдылықтары;

- Табиғат ресурстары, тірі организмнің  биологиялық және геохимиялық  ролі;

- Экологиялық және антропогендік  факторлар, экожүйенің өзгеруі, оны қалпына келтіру жолдары;

- Биосфера шегіндегі геохимиялық  заңдылықтар, оны реттеудің қазіргі  заманғы бағыттары;

- Жергілікті аймақтардың және  жер шарындағы экологиялық проблемаларды  түсініп, оны шешу жолдарын  өз бетінше іздестіру[27,28].

Экологиялық тәрбие беру практикасында  ойын әдістері көп қолданылуда 

Экологиялық ойын – экологиялық  білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда  ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).

Экологиялық рөлдік ойын – экологиялық  іс-әрекеттердің әлеуметтік мазмұнын, моделдеуге негізделген экологиялық  ойын түрі. Ойынға қатысушылар белгілі  бір рөлдерде ойнайды. Бұл ойынға қатысушыларды шын өмір жағдайына жақындата түседі. Рөлдік ойынды өткізу арнайы дайындықты талап етеді. Өйткені, болашақ мамандар өздерінің мамандықтары төңірегінде білімдерін жетілдіруі тиіс. «Космостық экспедиция» ойынын жүргізуге болады. Яғни, белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйм салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, океанолог, палентолог кіреді.

1. «Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенге завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады.

2. «Табиғат қаласы» ойынына жоғарғы  және орта сынып оқушылары,  сондай-ақ мұғалімдер қатыса алады.  Қалада төмендегідей мекемелер  құрылады:

1. Ботаникалық бақ. Өсімдіктер  туралы викториналар.

2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.

3. Табиғат тақырыптарына арналған  карталармен танысу.

4.  Ертегілер әлемі. Табиғат  туралы жұмбақтар шешіледі.

5. Концерт залы. Табиғат тақырыбына  арналған шумақтар.

6. Көркемдік салоны. Сурет көрмесі.

7. Кітапхана. Табиғат туралы  кітаптар көрмесі.

8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен  иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы  баяндамалар. Ойын соңында қорытындысы  айтылып, мерекемен аяқталады.  

Информация о работе Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері