Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:48, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу нысанасы: бастауыш мектептердегі сынытап тыс оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу міндеттері:
орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
бастауыш сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ.……….......................................................................................................5

1 ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде…………..……................................................................................................8

1.2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру негіздері…………………..…....................................................................................13

1.3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары…….................................................................................23
2 ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұны…….……………………..32
2.2 Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдістері…………………………...................................................................….41
2.3 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру………………………….………………………………………………………52

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................………..........................64

ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................……….............65

Файлы: 1 файл

экологиялық тәрбие.doc

— 691.50 Кб (Скачать)

Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!

Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге  араласты.

Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!

Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.

Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан  адамдар. Бізді олар аямады, бізде  аямаймыз оларды.

Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры  мынандай.

Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге  ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз!

Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»

Сөзі: Ш. Сариевтікі 

Апталықтың 3 күні:

«Ата-бабам айтқан сөзі

Бізге келіп жеткен сөзі» атты тақырыпта  өтті. Онда 8 –шы сыныптан бір-бір  бала шығып, табиғат, туған жер туралы мақал-мәтелдер, қасиетті үлгі боларлық дүниелер сөзін келтіріп, ақын-жазушылар шығармаларынан көрген сөздер оқыды.

Мысалы,

«Жер тоймай, ел тоймайды»

«Жер – ана, ел – бала» деп  айтып шықты.

Апталықтың соңғы күні:

1. апталықты қорытындылау:

Мектептің 3-шы сынып оқушыларымен өткізілген «Табиғатым–тағдырым» деп аталатын экологиялық апталықтың оқушыларға берері мол болды.

Біріншіден, қазақ халқының бар  өмірі, тіршілігі табиғатпен етене  байланысты екендігіне көздері жетті.

Екіншіден, көптеген мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, тақпақтар жаттап, жан-жақты білімдерін арттырды.

Үшіншіден, түрлі көріністер арқылы олардың табиғат алдында деген  қамқорлық пейілі мен сүйіспеншілік  сенімдері қалыптасты.

Сондықтан жас өспірімдер арасында жүргізілетін халқымыздың болашақ  ұрпақтарын жақсылыққа жетелеп, ел қамын ойлайтын жақсы азамат болып шығуына көмектеседі.

ІІ. Табиғи ортадағы жұмыстар (Танымжорық)

Табиғатқа танымжорық жүргізбей экологиялық  білім беру мүмкін емес. Экологиялық  танымжорық (лат. еxeurcio – жол түрі мағынасын білдіреді) табиғатқа және мәдени орындарға білім алу мақсатында топталып қатысатын экологиялық білім формасы.

Белгілі педагог, әдіскер К.Т. Ягодовский ХХ ғасырдың басында-ақ танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол «танымжорықтың негізгі мақсаты – тірі заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға үйрету».

Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат  құрам бөліктері. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды  оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктер береді.

Педагог-әдіскер  мұғалімдер үшін төмендегідей бірнеше  бағыт-бағдар ұсынылады:

1. Табиғатқа танымжорық жасау  серуендеу емес, экологиялық білім  берудің тиімді түрі екенін  есте ұстау.

2. Танымжорық мәселелерін ертерек  анықтау, алдын-ала жергілікті  жермен танысып, маршрутын құру.

3. Танымжорық кезінде көзге көрінетін  құбылыстар мен көріністер жөнінде  әңгімелесу.

4. Оқушыларды шамадан тыс жаңа  атаулармен таныстырудың қажеті  жоқ, олар көпшілік жағдайда  ұмытып қалады.

5. Табиғатта білімгерлердің зейінін  табиғи объектілерге аудара білу.

6.Оқушылардың шаршағанын уақытында  байқап, танымжорықты дер кезінде  аяқтай білген жөн.

Танымжорыққа  шығар алдында оқушыларға не көретін  және қалай бақылау керек екені  түсіндірілді. Оларға жергілікті жерді  бағдарлау үшін маршрут жобасын  көрсетіп, табиғатта өздерін ұстау, мінез-құлық ережелері жөнінде  нұсқа беріледі.

Мұғалім табиғат жөнінде ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармаларымен жете танысып, оқушылардың ұғым, түсініктерін арттыратын ақпараттық материалын дайындауға тиіс.

Мысалы, А. Құнанбаевтың «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерінде қазақ  табиғаты толық және әсем суреттелген. Ұлы ақын әдеби тілмен табиғаттың өзгерісін, өсімдіктердің әсемдік  және жануарлардың мінез-құлқын шебер  суреттейді.

Танымжорықта  қазақ сазгерлерінің әндері мен  шығармаларын кең пайдалануға болады. Әсем ән мен тәтті күй оқушының түсінігіне жақсы әсер етеді. Әсіресе, Құрманғазы Сағырбаевтың «Ақсақ киік», «Сарыарқа» күйлерінің мәні, мазмұны  ерекше.

Танымжорықтың барысы оқушылар Талас өзенінің жағасына барып, ондағы өсімдік, жануарлар дүниесімен танысты. Өзен суының лайлану себебіне мән берді. Танымжорық барысына экологиялық  түсініктерге сипаттама берілді.

Өзен  жағасына бақылау жасау барысында  оқушылар өзен экологиясымен танысты. Өзен жағасындағы адам әрекетінен болған өзгерістерді көріп, оның себептерін түсінді.

Оқушылар  өзен жағасын бақылап, көргендерін  айтып, ой өрісінің дамуына мүмкіндік  алды және табиғатты сүюге, оның әсемдігін  түсінуге үйренді.

Табиғатқа танымжорық – оқушыларға экологиялық  білім берудің, тәрбие берудің бірден-бір  табиғи жолы.

Қорыта  айтқанда өткізілетін апталықтар мен  кештер табиғат байлығын тиімді пайдалану  мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін  ашудың ыңғайлы тәсілі болып табылады. Олардың негізгі мақсаты –  табиғатты қорғаудың басты нұсқасын насихаттау, бұл іске деген оқушылардың ынта-жігерін ояту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқушыларға  экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытында жасауға  мүмкіндік береді.

Жоғарыда  аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық  жағдайлар кейбір жерлеріміздің  экологиялық апат аймағына айналуы, экологиялық тәрбиеге байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әр түрлі табиғат қорғау туралы заңдарға талдау жасау, бұл мәселенің бірден пайда болмағанын, оның қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып, қазіргі кезеңде аса маңызды, дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.

Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін  пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім  мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың  орны ерекше.

Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік  зерттеу жұмысымызда жалпы бастауыш сынып мектептерде экологиялық  білім мен тәрбие берудің жәй  күйі зертттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды:

  • бастауыш  сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру;
  • мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу;
  • экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау.

Жоғары аталған міндеттерді  шешу үшін сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, ойын, оқушылардың шығармалары  арқылы жүзеге асты.

Сыныптан  тыс жұмыстар арқылы экологиялық  білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді:

Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық  тақырыптағы әңгімелер.

Табиғи  ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы  еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын  іске асыру.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың  табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптасытыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың  ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелері) оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2007

       2. Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау туралы  заңы. //Егеменді Қазақстан, 2007.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995- А: Жеті Жарғы, 1998 6бап -8б 
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А: Білім, 1997
  3. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А: Ана тілі, 1995.-6б.
  4. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.
  5. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996.-45с.
  6. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинение т. 2-М.,1977.-465с.
  7. Белинский В.Г, Чернышевский А.И, Добролюбов Педогогические наследие. – М., 1954.-25с.
  8. Герцен А.Н. Диалетизм в науке. Письмо об изучении природы (1842-1846) собр. Сочин в 30-томах.-М.,1954.-24с.
  9. Писарев Д.И. Педагогика –М., 1977.-46с.
  10. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – А: Ер Дәулет, 1994.-84б. 
  11. .Люблинская А.А. Формирование нравственной позиции начинается в детстве. М: Начальная школа, 1982.-85с.
  12. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. –Алматы: Қазақстан, 1980.-72б.
  13. Тихонова А.Е. Дидактические и методические основы экологического образования и воспитания школьников. Хабаровск, 1984.-81с.
  14. Дарвин Ч. Происхождение видов.- М: Госсельгиз, 1952. -98с.
  15. .Геккель Э. Естественная история мировозрения Лейпциг: соб. 1908 1т.- 274 с
  16. Ушинский К.Д. Собр. Соч. Том 10-М.-Л:1950.-87с.
  17. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. А: Рауан, 1992.-82б.
  18. Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М.: Изд-во Знание, 1982-82с.
  19. 21.Құрсабаев А.Р. Атамекен тәлім тәрбие бағдарламасы, А: Жалын, 1991.
  20. Балтабаев М.Х. Кәусар бұлақ //Қазақстан мектебі, №4, 1999.
  21. Балтабаев М, Ұзақбаева С, Қышқышбаев П, Быковский М, Әлмұхамбетов Б, Жолымбетов К, Елім-ай ән-күй пәнінің бағдарламасы. – А: Рауан,1991.-36б.
  22. Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. А., 1991.
  23. БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы А: Мектеп, 1987.-32б.
  24. .Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б.
  25. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.
  26. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің

педагогикалық негізі. //Қазақстан  мектебі, 1996.-127б.

  1. Жарықбаева Қ.Б. Психология А: Білім, 1993.-69б.
  2. Ильина А.Н. Педагогика А: Мектеп, 1977-175с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері