Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:48, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу нысанасы: бастауыш мектептердегі сынытап тыс оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу міндеттері:
орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
бастауыш сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.

Оглавление

КІРІСПЕ.……….......................................................................................................5

1 ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру педагогикалық мәселе ретінде…………..……................................................................................................8

1.2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру негіздері…………………..…....................................................................................13

1.3 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары…….................................................................................23
2 ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұны…….……………………..32
2.2 Табиғат қорғау дәстүрлері арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдістері…………………………...................................................................….41
2.3 Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру………………………….………………………………………………………52

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................………..........................64

ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................……….............65

Файлы: 1 файл

экологиялық тәрбие.doc

— 691.50 Кб (Скачать)

Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің  маңызын бағалай келіп, А.Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық  сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді[15].

Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық  қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық  пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».

Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас  қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық  тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.

Ч.Дарвин «Түрлердің шығуы» деген  еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық  байқауларын келтірген[16]. Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан[17]. Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің ойкос – үй, мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».

Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту  ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды  аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды  қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық  тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге  айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс.

Жоғарыда  айтылғандардан шығаратын қорытынды  айқын: адамдарды құтқару жолындағы  әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден  бастау қажет.

Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», - дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге», - келдім деген болатын[18].

Р.Г.Лемберг, А.С.Макаренко, Ш.Т.Шацкий т.б. өздерінің еңбектерінде адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет барысында жүзеге асатынын атап көрсеткен.

Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге  балаларды жүйелілікпен, мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Н. Рыбников, В.А.Сухомлинский т.б. еңбектері арқылы негізделді. В.А.Сухомлинский «табиғат адам оны танып білгенде себеп-салдарын байланыстыра ой-жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады», - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеруге ғана, табиғаттың жай-күйін түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік «эстетикалық тәрбиені экологиядан бөліп қарастыруға болмайды» [19].

Бар өмір тіршілігі табиғатпен араласып өтетін, оның аясында өскен халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған», - табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.

А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның табиғат заңдылықтарын терең  пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының  ауызына тосып, таусылмас азық болып  отырғандығын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», - деп өсіп келе жатқан ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді[5].

Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл  адамзат баласын ойландырып отырған  кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік  те мәні зор асыл мұраларына көңіл  бөлу керек. Халқымыздың табиғатқа  деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел, нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып, «...уы шығып  кетер», - деп безектеді, Асанқайғы  атамыздың халқына жайлы қоныс  іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға  барған бір сапарында сол жақта  тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: «Сыр ағып жатыр ма?» – деп сұрауының өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.

Халқымыз  табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды жоюға  болмайтынын уағыздаған. Сонымен  бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп  қараған. Сондықтан адам табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына  еш уақытта зиянын тигізбеген Ш.Уәлиханов: «табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі», - деп атап көрсеткен.

Халық табиғаттағы өздері қастерлеген  жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш»  деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Аққуды  атпа», «Құстың ұясын бұзба», «Көк шөпті жұлма» деп өсиет етіп отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

Ертедегі  табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар  жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық  тәрбие беруде және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:

«Көзіңді қалдыр бұлақ көзін  аша жүр,

Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,

Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор  мағына жатыр.

Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп  алмайынша онымен тең отырып сөйлесу  қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған  анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа  – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.

Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата  «Қаратауларың бұзылмасын, саялы  ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын», - деген қасиетті сөздері – туған  жер табиғатын аялауға шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: «Атаңнан мал  қалғанша, тал қалсын», «Сулы жер  – нулы жер», «Жері байдың елі бай» - деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады.

Белгілі ғалым-эколог И.Д.Зверев «педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу пәндерін экологияндыруға  байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет» - деп пәндерді экологияландыруға  басты назар аударды[20].

Қазіргі кезде мектептегі экологиялық тәрбие беру саласында себептен гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде  табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың  орнына, адамзат бар күшін табиғатты  ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.

Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар  бақшасында, мектепте, орта арнаулы  және жоғары оқу орындарында, жұмыс  істеуге көшкен кезде де үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында  табиғатты қорғап, оның байлықтарын  сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады.

 

 

1.2 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру негіздері

 

           Экологиялық тәрбие түсінігі  мағыналық жағынан кең ауқымды  категория. Мысалы, жоғарыда экологиялық  тәрбиені өсіп келе жатқан  әулетті табиғатты түсіну мен  қорғауға дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты ұйымдастырылған  тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс- әрекетке үйрену мен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылып айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адм дамуы мен қалыптасына әлеуметтік- экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдар болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.

К.Д.Ушинский : «Педагогикадағы  тәрбие- алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық  процесс » деп тұжырымдаған.

           Тәрбие мәнін дәлірек топшылау  мақсатымен американ психологы  және педагогы Эдвард Ли Торндайк  былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртурлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз». Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді? Бұл сұраққа жауап бере, К.Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуымен  қалыптасуымен азаматтық болмысты игеру жолымен іске асады»- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің азаматтық болмысты игеруге пайдаланатын құрал- жабдығы деп білі қажет.

           Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді? Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішнде келесі құрылым бірліктерін қамтиды: 1. Адамдардың табиғат және қоғам жөнінде жасаған білімдерінің  жиынтығы, 2. Еңбектің әр қилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері, 3. әлеуметтік, рухани қатынастар.

           Аталған тәжірибе көп ұрпақтың  еңбегі және шығармашылық күшімен  жасалатындықтан білімдер де, тұрмыстық ептіліктер мен дағдыларда да сондай-ақ ғылыми және көркемдік туындылар мен рухани-әлеуметтік қатынастар да адамдардың әртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, әлеуметтік және рухани қызметінің нәтижелерінен қалыптасады. Енді осы тәжірибені өз «игілігіне» айналдырып, «меншіктеп» алу үшін жаңа әулет қайтадан бұл «затты» ақыл-саналық сипатқа келтіруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған іс-әрекетті (еңбектік, танымдық, әлуметтік, көркемдік-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыданда дамыңқыраған түрде өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізуге борышты. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Осыдан тәрбиенің негізгі қызметі – жас адамды қоғамдық тәжірибенің әр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру ісіне жұмылдырып, өткен тәжірибені өзі қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойына қоғамдық сапалар мен қасиеттерді өзі баулына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерілуіне көмектесу. Бұдан тәрбиенің терең астарлы күші үгіт-насихаттық құрғақ жас адам іске бағдарлауға емес,ал оның өзін жеке адамдық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамдық тәжірибенің әр түрлі тарапынан игеруге, пайдалы қызметке қосуда.

           Педагогика үшін және бір маңыздысы- жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты.

           Жеке адамның дамуы үшін оның экологиялық бағытта ұйымдастырылған іс-әрекеттегі белсенділігінің бағыт-бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептің жалпы табысы еңбектегі белсенділіпен өзара байланысқан көмек болуы мүмкін.

           Экологиялық бағытта ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол экологиялық қызметке деген ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.

           Келтірілген пікірлер, біздіңше, экологиялық  тәрбиенің мәнін жеткілікті әрі түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негіз болуы мүмкін.Сонымен, экологиялық тәрбие-бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді,ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, экологиялық әлеуметтік және рухани қатынастарды)игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттанушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс.                 

Информация о работе Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері