Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2015 в 10:12, курсовая работа
Мәселенің өзектілігі – қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр.
Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар...............................................................
Педагогикалық иландырудың әсер ететендігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру, байкот жариялау тағы басқа) байқаймыз.
Әрине, бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Педагогикалық иландыру фактор ретінде оқу-тәрбие процесінде жекелеген балаларға педагогикалық ықпалдар жасалынғанда еріксіз, стихиялық түрде болғанмен де белгілі мақсатқа негізделінеді.
Ерiксіз, стихиялы түрде иландыру, әлеуметтік педагогтің ақыл-кеңесін, талап-тілігн қарсылықсыз, таңдаусыз қабылдауын (суггестия) айтамыз. Педагогикалық процесте еріксіз, стихиялы тәсілді қолданудың методикалық ерекшелігі бар. Мысалы, егер де баланың интеллектік жағы басым болса, оның ықпалын төмендеткен орынды. Ал, керісінше иландырудың әсерін күрделендіріп, қиын баланың санасына жеткізу немесе ол аффектік күйде болғанда (дидактогения) еріксіз, стихиялы иландыруды қолданудың нәтижесі жоғары болмақ. Өйткені, қиын бала қатты ашуланғанда, өзінің эмоциясын басқара алмай, тәртіпсіз қылықтарын жалғастыра беруі мүмкін. Сонда, әлеуметтік педагог ашудың қарқынын төмендетуге онымен тіл тауып тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.
Мақсатты түрде
қиын балаларды қайта
Соның бірі – территориялық тұрақты мекенін ауыстыру, мектеп алмастыру. Қиын жеткіншекті бір жылға, бірнеше жылға басқа облыс, аудандарда тұратын туған-туыстарына жіберу. Кейбір ата-аналар мектепті алмастырғанымен қиын балалар бірін-бірі тауып алып, байланыстарын жалғастыра береді. Көптеген отбасыларының басқа қалаларда, ауданда туыстары болмау мүмкін. Бұл жағдайда іске асыратын екінші тәсіл –жағымсыз достық байланыстағы қиын балаларға екі жақтың да кездесулеріне тыйым салу.
Бұл тәсілді негізгі үш жағдайда қолданған орынды:
а) қиын бала мен «көше» жолдастарының арасындағы байланысты ата-ана, мұғалім, балалар ісі жөніндегі инспекция тоқтата алмағанда;
ә) ата-ана мен мұғалім баланың қарым-қатынасына көңілдерін аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенде;
б) жеткіншектің көше жолдастарымен байланыстары тереңдегені сонша, қоғам және жеке меншік мүліктерін ұрлау, тонау, қорқыту әдеттеріне жүгінген жағдайда тағы басқа өте сақтықпен тыйым салу тәсілін методикалық шеңберлікпен қолдану қажет. Әрине бұл сәтте мұғалімнің, ата-ананың, милиция қызметкерлерінің беделі болуы шарт.
Екінші әдіс – моральдық тұрғыдан айыптау. Осы тәсілдің тыйым салу тәсіліне қарағандағы артықшылығы – баланың ар-ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Мысалы, қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін былайша айтқанда, темекі, наша тарту, арақ-шарап ішу, оқуға бармау, қаңғыбастықпен айналысу, ұрыс-керіс, дау-жанжал шығару істерін ата-ана, аға-іні, қарындастары, туған-туыстары тарапынан педагогикалық этикаға сай жанұяда айыпталынады.
Сонымен қатар, педагогикалық ұжымы, құрбы-құрдастары, милиция инспекциясы, аула көршілістері де баланың арына тигізбей айтпаса, бұл істер өз нәтижесін бермек. Көп жағдайда қиын жеткіншек немесе жасөспірім болмасын өзі сыйлайтын сыныбындағы құрбыларының талап-тілектері мен пікірлерін жерге тастап кетпейді.
Үшінші әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсатын-міндетін қайта бейімдеу, құру. Бұл әдістің құндылық мәні – бала қателігін түсінгенімен, өмір тәрбиесінің жоқтығынан өзін қалай ұстап жүрудің жолын біле бермейді, Осы педагогикалық жағдайды дер кезінде байқаған әлеуметтік педагог, оның ішкі позициясына талдау беріп, өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын құруға көмек береді.
Қиын тәртiптi балаға айналмау үшiн оған көптеген ақыл-кеңес сонымен қатар тәрбие берiлуi Аристотельден кейiнгi 2-шi ұстаз аталған ұлы ғалым Абу-Нәсiр Әл-Фарабидiң ,,Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие беру керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм азаматтың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне опат әкеледi,,(11.) дегенi мәлiм.
Бәрiмiзге белгiлi, бiздiң қоғам аса күрделi жағдайларды бастан кешiрдi. Өтпелi кезеңге тән өмiр ауыртпалығын ешкiм жоққа шығармайды. Қазiргi кезде оқушы жастардың 20-пайызы iшiмдiкпен таныс, 10 пайызы шылым шегедi, есiрткi қолданушылар қатары өсiп келедi. Қылмыстың ең ауыр түрiне баратын жастар көбейiп отыр. Осылардың арасында қазақ балаларының үлес салмағы аз емес.
Абу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма»(10.) деген екен. Ең бірінші тұлға қалыптасуына тәрбие өз ықпалын тигiзедi. Сондықтан да, балалармен тәрбиенің ролін күшейту қажет.
Қолданған әдебиеттер:
Қосымша 1.
Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс бағдарламасы
Қосымша 2.
Әлеуметтік педагогтың мектептерге арналған жұмыс жоспары
Сыныпқа жетекшілік ету – жақсы мұғалімге жүктелген қосымша міндет. Ол шәкірттермен бейресми қарым-қатынаста болып, оқушыларларының әрқайсысының өзіне тән жеке қабілет-қасиеттерін аша білуге тиіс. Бұл, сонымен қатар, баланы әлеуметтік ортаға бейімделудің бір жолы.
Осы арада мектеп оқушысын әлеуметтік ортаға неғұрлым оңтайлы бейімдеудің және оның жеке басына әлеуметтік тәрбие берудің жолдары қандай деген заңды сұрақ туады.
Кейбір авторлар бұл үшін мұғалімдік жұмыстан қолы босаған арнайы сынып жетекшілерін тәрбиелеу қажет деп санайды. Осылайша, сынып жетекшісі педагогикалық ұжымның мүшесі бола тұрып шәкірттерді әлеуметтік жағынан тәрбиелеу қызметін неғұрлым толық атқара алар еді дейді олар. Біздің ойымызша, бұл бағытты ұстануға болмайды. Елеулі қаражатты жұмсау қажеттігімен қоса, мұндай жағдайда арнайы сынып жетекшісінің қызметінің жемісті болатынына көзіміз жетпейді.
Мектеп оқушысының қоршаған ортамен байланыстарының сипаты өзгеруі үшін, оқу орындарының барлық түрлері шын мәнінде әлеуметтік жәнем мәдени тәрбие орындары ретінде танылып, оларды әлеуметтік педагогикаға лайықты орын алуы қажет.
Ал енді қоғамға, әрбір оқушы мен оның отбасына қажет болып отырған әлеуметтік педагог дегеніміз кім, ол қандай болуы керек?
Алдымен, әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастармен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын жеке адамның әлеуметтік ортада оқу барысында еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын мамандарға ғана тиесілі. Әлбетте, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың бірлестіктердің тағы басқаның көмегімен пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметке бейуімдеудің жалпы, ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуына бақылау, интарнат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы қажет.
Қазіргі әлеуметтік педагогтің ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогика, социология, жас шамасының психологиясымен педагогикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқықтану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білім болуы тиіс.
Бүгінгі таңда мектептерінде әлеуметтік педагогтің аса қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Әлеуметтік педагог мектептерде тек мектеп оқушыларымен ғана емес білім процесіндегі ересектерге де (педагогтар, әкімшілік мүшелері, ата-аналар) дағдарыс жағдайынан және қиын ситуациялардан (бақытсыз жағдай, ұжым мен ата-аналармен, әкімшілікпен, конфликт, аурулар және тағы басқа) шығу жолдарын көрсетеді.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы бастауыш мектептерімен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар екендігіне сөзсіз. Біріншіден, ол төменгі мектеп жасындағы балалармен жұмыста, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда оқушының оқу және тәрбие жетістігі мәселесіне ден қояды. Бастауыш мектеп оқушыларын өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктерді алдын ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналарымен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагогтің жұмысының негізгі мақсаты оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау.
Міндеттері:
Әлеуметтік педагогтың жалпы білім беру мектептердегі жұмысының жылдық жоспарын біз төмендегідей бейнеде көреміз
Тамыз
Қыркүйек