Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:01, реферат
Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.
Психология пәні, міндеттері,
мақсаттары
Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін
де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте
замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология”
термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі-
“логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір
зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген
түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы
осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса,
соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай
амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген
сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы
тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын
дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322)
есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.)
аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы
кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп,
тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм)
жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына
толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол
кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист
Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір
денеге барып орналаса да алмайды деп
материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы
Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді
ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын
жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады.
Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте
тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ,
Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза,
Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік
тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.
Қарым – қатынас мәселесінің зерттелуі
«Тұран-Астана» университетінің доценті,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Базарбаева К.К.
«Тұран-Астана» университетінің
магистранты Умирзахова М.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының кіші кіші мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу және білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.
Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық бойынша даярлықтан өту және шеберлікті шыңдау барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде қарым-қатынас орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарым-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі кіші мектеп жастағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі
Кіші мектеп жасында қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми негізін А.В. Запорожец, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, Х.Т. Шерьязданова және т.б. қалаған.
Оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, Е.И. Головаха, А.Б.Добрович, А.А. Бодалев, И.С. Кон, Л.А. Петровская, В.В.Столин, Н.И. Шеврандин, Л.Д. Стрляренко, Қ.А. Айдарбеков, Т.М. Шалғынбаев т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж.Морено, Д. Карнегин. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін жіктеп, бір жүйеге келтірген. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қабілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуына байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.
А.Н.Леонтьев ic-әрекеттің кай түрі болмасын қарым-қатынаспен кабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты ic-әрекеттің өзгеше түpi деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің, А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізі болды.
Ал отандық ғалым
С.М.Жақыпов бүтіндей оку-тәрбие үрдісінің
тиімділігін анықтайтын фактор
Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары карым-катынаста "субъект - субъект" жазықтығында карастыруды негіздейді, баскаша айтқанда оку-тәрбие үрдісінде ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізуге болады. Осы тұрғыда карым-катынасты жетілдірудегі әр баланы коммуникативті карым-катынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту кажет болады.
Карым-катынас мәселесін талдауда оның кұрылымдық, компоненттерін анықтап алу зерттеуге аркау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В.В.Давыдов көтерген. Г.М.Андреева, П.Яноушек зерттеулерінде карым-катынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін кабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп ic-әрекет жасауы және акпарат алмасу үрдісі деп карастырылады.
Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Б.Г. Ананьев, А.Б.Добрович, Я.Л. Коломинский, И.С. Кон, Г.М. Андреева, Дж. Брунер, Э.Фром, Л.А. Петровская, В.В. Столин, Н.И. Шеврандин т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Фромм, Дж. Морено, Д. Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер мен факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін жіктеп жүйеге келтірген. Е.Мелибурданың тұжырымы бойынша, балалық шағында қарым-қатынасы дұрыс қалыптаспаған балаларда жалғыздық сезімі орын алып, оның жалпы дамуына бұл сезім теріс әсерін тигізеді.
Әдебиеттерде карым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды кажетсіну, қарым-қатынас кұрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары, нәтижесі де карым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әркайсысын жекелей айкындадық.
Мұнда Т.В.Драгунова бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект ретінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев, М.И.Лисина, А.В. Петровский, К.Обуховский, В.С.Мусина, В.С.Мухина және т. б.) адамдардың карым-қатынасты жүзеге асыруда кажетсіну, баска адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.
М.И. Лисина, А.Г. Рузская, СЮ. Мещерякова және т. б. енбектерінде қарым-қатынас мотиві "затталған қажеттілік" деген А.Н.Леоньтев түсіндірмесіне негізделген., адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисінде сипатталады.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі (А.А. Леонтьев).
М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.
Қарым-қатынас
құралдарын колданып, жалпы нәтиже алу
тәсіліне де талдау жасалды. Карым-қатынас
тәсілі оның бірілігі деп танылады
(М.И. Лисина, Д.А. Исмаилова т. б.). Әдебиеттерде
карым-қатынас тәсілі әрекеттік формада
«коммуникациялык, біліктілік» (Т. В. Антонова
), әсер ету, реттеу, байланыс жасау, акпарат
беру тәсілдері (Е.Г. Макарова),
жалпы нәтиже алуды камтамасыз етуге бағытталган
әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы
(Д.А Исмаилова, Ж.С. Абшиева) ретінде аныкталады.
Ал, А.А.Бодалев карым-қатынас әсер ету
тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық
және еріктікдеп үшке
бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәс
Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болып табылады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, бағалай алуының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқалармен жасайтын әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады.
Әдебиеттер:
1. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. –М., 1965-564с.
2. Бодалев А.А., Ковалев А.Г., Теоретические и прикладные проблемы психологии общения в трудах. В.Н.Мясищева \\ Психологические исследования общения. –М., 1985.
3. Андреева Т.В., Толстова А.В. Темперамент супругов и совместимость в браке. // Ананьевские чтения. – 2001: Тезисы научно-практической конференции. –СПб., 2001
4. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. –М., Педагогика. 1986.
5. Бодалев А.А. Психология общения. –М.; Воронеж, 1996.