Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 13:18, реферат
1. Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады.
2.Жасөспірім жасының дағдарыс мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу.
3.Интернеттегі жасөспірім әрекеті:
Қарастыратын сұрақтар:
1.Жасөспірім кезеңі: Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болад
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін
2.Жасөспірім жасының дағдарыс мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу.
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құры-лымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.
Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.
А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп пайымдайды [5, 6].
Ст. Холл ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым – қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.
Жасөспірім кезеңнің негізгі ерек-шелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез – құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді.
Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды.
Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі
Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады.
Д.Б. Эльконин 11-17 жас аралы-ғындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді.
Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмТұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі. Левин теориясына түзеу жасаған англиялық психолог Д. Бомберам айтуынша жалпы “Био” және социогенетикалық тұрғыда жасөс-пірімдерді ең басты психикалық факторлар әсерінен дамуын қарасырады. Д. Бамберам осы екеуінің арасындағы психогенетиканы жазады; ең алдымен психикалық даму процесін алдына қояды, бұдан үш ағымды бөліп көрсетуге болады.
1) Эмоция мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс
жайлы ол психодинамикалық
2) Интеллектуалдық және таным
қабілеттеріне байланысты-“
3) Тұлғаның біртұтастай дамуына “персонологиялық”- яғни персоналды деп соңында бөлінеді.
Қазіргі заманда жасөспірім психодинамикалық теорияның басталуы өкілі танымал американ психологы Э. Эриксон философия-методологиялық ұстамын Фрейдтік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. З. Фрейд ойынша дамудың ең негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы (либидо) дәлірек айтқанда психосексуалды қақтығыстың тууы. Біріқта Эриксон белгілі мөлшерде биология мен поксексуалдықтан ауытқыды. Эриксон барлық өмір циклін сегіз фазаға бөліп көрсетті. Оның әрқайсысы болашақта дамудың қолайлы, қолайсыз жағын шешетін ерекшелік.
Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпы-нады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.
3.Интернеттегі жасөспірім әрекеті: Интернеттегі жасөспірім әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез–келген қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады[29]. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері Интернеттегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен басқа адамдармен қарым–қатынас жасауы үшін не береді (немесе не бермейді) деген сауал қызығу тудырады. Бұл сауал тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы Интернеттегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Субьектінің оның тұтынушылық қызметінің тікелей және жанама нәтижелерді бағалау процесі мотивациялық реттелуге (регуляция) әсерін тигізеді. Қызмет нәтижесінің адам қажеттіліктеріне сәйкестілік дәрежесі яғни қаланған мен қол жеткізгенді салыстыру бұл бағалаудың критерийі болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.
Интернет тұтынушыларының мотивациясын зерттеушілер ішінде А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестова еңбектерін атап өтуге болады. Олар Интернет тұтынушыларының мотивтерінің келесі классификациясын келтіреді.
1- тапсырма. Сіздің
мінезіңіз қандай?
Мақсаты: оқушылардың мінезін, көңіл-күйін
анықтауға арналған. Бұл тест мінезді
тез арада анықтауға мүмкіндік береді.
Егер мінездің кемшіл тұстары анықталып
жатса, оны сыпайылап жеткізген дұрыс. Оқушылар сұрақтарға
«иә/жоқ» деп жауап береді.
Сұрақтар:
1. Сізге күшті дәмдеуіштер қосылған тамақ
ұнайды ма?
2. Сіз өзіңізді ортада жақсы сезінесіз
бе?
3. Сіз кейде қуаныштан төбеңіз көкке жеткендей
бола ма?
4. Сіз дастарқан басында қонақтарды қызықтыра
аласыз ба?
5. Сіздің басыңыз жиі ауыра ма?
6. Сіз кейде тіс жууды ұмытып кетесіз бе?
7. Сіз әрқашан бір шаш үлгісімен жүресіз
бе?
8. Басқатырғыштарды шешкенді ұнатасыз
ба?
9. Дене жаттығуларымен айналасасыз ба?
10. Сізде мелонхолиялы көңіл-күй жиі бола
ма?
11. Тыныштықта жұмыс істегенді ұнатасыз
ба?
Сұрақтар 1 2 3 4 5 6 7 8
9 10 11
Иә 3 2 4 3 1 4 3 1 3 1 4
Жоқ 2 1 2 2 2 1 4 4 1 4 1
Талдау:
20 ұпайдан төмен – сіз тыныштықты, табиғатта
серуендеуді ұнатасыз. Шулы кафеден гөрі
үй жағдайындағы достар мен қарым-қатынасты
қалайсыз. Осы себептен сізді кейбір достарыңыз
іш пыстырады деп ойлайды.
21 – 24 ұпай – сіз жеткілікті деңгейде
жеңілтексіз. Адамдармен тез тіл табысасыз,
бірақ көңіл күй ауыспалылығы жиі болады
– бірде жабырқау, бірде тым көңілді.
25 ұпайдан жоғары – ортадағы сіздің орныңыз
ерекше. Сіз әзілқойсыз, басқа адамдардың
көңіл күйінің көтеріңкі болуына себепші
боласыз. Қызықты әңгіме айтып, үзіліссіз
күлдіре аласыз.