Қазіргі кездегі жасөспірімдерді тәрбиелеу жумыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 06:52, реферат

Краткое описание

Қорытындылай келе «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасады.тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұядан алады. Жанұя - әрбір бала үшін алтын бесік. Тәрбие жұмысын жүргізуде ата-ана мен мектептің бірлігі қажет.

Файлы: 1 файл

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.docx

— 31.17 Кб (Скачать)

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ  ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Елбасы  өз сөзінде: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»  деп  атап көрсетті.

 

Қазіргі таңдағы  мақсатымыз жаңа кезеңде жас  ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.

 

Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі  таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті  қоғамның міндеті  болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының  тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді.

 

Қазіргі кезде жастарға, олардың тәрбиесіне қай кездегіден болса да зор үміт артылып отыр. Себебі республикадағы 15 миллион халықтың шамамен   5 миллионнан  астамы 14 пен 30 жас арасындағы жастар екені мәлім.

 

Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы :

 

«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым  көбейіп жүр.

 

-        Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

 

-        Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

 

-        Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген.

 

Атамыздың осы  қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.

 

Тәрбие –  халықтың ғасырлар бойы  жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

 

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық  сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды  тәрбиелеу.

 

Жалпы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы  Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы    № 521 бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылды.

 

Тәрбие тұжырымдаманың мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастар тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдістеріне барлық субьектілердің іс- қимылдарын келістіру.

 

Тәрбиенің   міндеттері

 

1.Денсаулығы  зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту:

 

2. Өзінің  және қоғамның, болашақ  ұрпақ  алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортада өз іс-әрекетінің  нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде дүниетанымды қалыптастыру;

 

3. Қазіргі  заманғы қоғамдық өмірге және  тиімді кәсіби іс- әрекет пен тұлғалық кәсіби сапаларын қалыптастыру;

 

4. Жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу

 

5. Өзінің  және қоғамның, болашақ   ұрпақ   алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортада өз іс- әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

 

6. Жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту  бейімділігін қалыптастыру

 

7. Мемлекеттік тілді дамыту және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерілуіне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

 

2010  оқу  жылына дейін  тәрбиенің 9  бағытымен жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта  Тәрбие  тұжырымдамасы бойынша  тәрбие жұмысының 12  бағыт бойынша жүргізілуде.

 

Тәрбие бағыттары

Азаматтық- патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік  тәрбие

Рухани- адамгершілік  тәрбие

Отбасы  тәрбие

Өзін- өзі тану мен өзін- өзі дамыту қажеттілігін қаліптастыру;

Әлеуметтік- мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру;

Коммуникативті  мәдениетті қалыптастыру;

Экологиялық тәрбие

Эстетикалық   тәрбие;

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру;

 

10.  Еңбек және экономикалық тәрбие

 

11.  Кәсіби  шығармашылық тәрбие

 

12.  Интеллектуальді мәдениетті дамыту

 

Осы бағыттардың  негізімен тәрбие жұмыстарын жүргізілуде. Негізгі жолдары мыналар:

 

Тәрбие жұмысын  жүзеге  асыру жолдары

Жобаны  материалдық техникалық  қамтамасыз ету.

 

Материалдық техникалық база жасау (тәрбие беру орталығы, мектептер, ата- аналар университеттері.

Жобаны ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету.

 

Тәрбиенің жаңа құрылымдарын жасау және мектеп өміріне ендіру.

Жобаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;

 

Оқыта отырып тәрбие жүйесінің мазмұны мен құрылымын жаңарта отырып, барлық жұмысты нормалау негіздерін жасау және тәрбие беру толық стандарттау.

 

Тәрбие саласын дамыту сатылары

Мектептегі тәрбие саласындағы жұмыстарға көзқарасын, оң тұрғыда қалыптастыру;

Педагогикалық ұжымның бәсекелестік қабілеттерін арттыру;

Оқушылардың  ізденіс қабілетін дүниетанымдылығын арттыру кеңейте түсіру;

Мектеппен жанұяның ізгілікті қарым- қатынасын жетілдіру

 

Отбасы  туралы

 

Мектеппен  бірге отбасы тәрбиесі де өте зор. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата- ана. Отбасы – таным  бесігі, өркениет  ошағы, үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қатынасы балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып табылады.

 

Соны негізге  ала отырып, осыған орай біз тұратын                                                     Титов қыстағында отбасылар жайлы айтып өтсем мектебімізде жалпы отбасы саны 1322 болса. Оның толық отбасы саны – 622,   толық емес отбасы  саны-411,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы саны-8. Титов  қыстағында тұратын     жұмыссыз  отбасы -52  пайыз, зиялылар-21  пайыз, қарапайым,  жұмысшылар -23 пайыз құрап отыр.

 

Бала ең бірінші жылулықты ата-анадан іздейді бірақ ата-аналарымыз  тұрмыстың қиыншылығы мен экологияның болуы салдарынан балалардың денсаулығының төмендеуі мен шетінеуі; отбасындағы балалар санының аздығы, отағасы табысының азаюы, оның асыраушылық, қамқоршылық қадіріне, бала тәрбиелеу беделіне нұқсан келуі: тұрмыстың қиындығына  байланысты жас аналардың жұмысқа шығуына мәжбүр болуы  отау иелерінің халықтың озық салт-дәстүріне «ескіліктің сарқыншағы» деп  мән бермеуі; бала  тәрбиесіне  немқұрайлы  қарауы, ата-аналардың  ажырасуы  және т.б. көбеюде.

 

«Ел  болам  десең, бесігіңді түзе»-деген   М.Әуезовтың  аталы  сөзі  отбасы  тәрбиесінің маңызын айқындайды. Өркениетті  даму  жолындағы қоғам алдымен  балалы  отбасына  жан-жақты қамқорлық жасап, оның  мәртебиелік орнын, жоғары  деңгейге  көтеруге  тырысады. Сондықтан отбасы тәрбиесінің ролі ерекше. Бала тәрбиелеуде ата-аналар  топтарына тоқталып өтсем;

 

Жанұя типтері.   Ата-аналар топтары

Балалары үлгілі отбасылар тобы . Бұл отбасы  Балаға тәрбие  берудегі бағыт- бағдары талапқа сай отбасылар.

Балалары нашар оқитын  отбасылар  тобы. Бұл отбасы  бала  тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос қарайтын, ішімдікке әуес отбасылар.

Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар  тобы. Бұл отбасы  баланың   тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылығы бала психологиясына  әсер ететін  отбасылар.

Материалдық жағдайы өте жақсы  отбасылар тобы. Бұл отбасы   барлық мүмкіндігі бар, тек бала тәрбиесіне кері (әр түрлі себептерге сай әсер ететін отбасылар)

 

Қазіргі  уақытта  соңғы деректерге қарағанда шамамен алғанда 1 жылда  5 мыңдай  отбасы  шаңырақ   көтерсе, 2 мың отбасы  түрлі себептермен ажырасып кетіп отырады. Бұл да  бала тәрбиесіне  әсері мол.

 

Бала –  тәрбиесіне отбасының жағымсыз  әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп  қарастыруға болады:

Баланы қалай  тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда,  өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс- әрекетімен  тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі  қоғамдық жұмыстарға  қолғабыс  етіп, басқа ата- аналарға үлгі көрсетеді.

 Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата- аналардың басым көпшілігі. Олар  білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.

Балаларды тәрбиелеудің  жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, мұғалімдерге қарсы тұратын төменгі әлеуметтік  топ. Бұлар соншалықты көп болмағанмен, «қиын» балаларды  беретін отбасылар.

 

Отбасы - адам  баласының дүниеге келгенінде  есігін  айқара  ашып  енетін  үйі, өсіп  ер жететін,  тәрбие  алатын  аса қажетті әрі қасиетті  алтын бесігі. Адамзат  ұрпағына  отбасының аса құнды ықпалы  мен әсерін  өмірдегі  басқа еш  нәрсенің  күшімен салыстыруға болмайды. Балаға  ата-ана  тәрбиесінің орнын еш  нәрсе толтыра  алмайды. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін  қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым- қатынаста болу  сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

 

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата- анасының  қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, олар «ертеңгі күннің қуанышын» жоғалта бастайды. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайырымдылықты  сырттан, көшеден іздейді.

 

Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата- аналары баланың кез келген сұранысын сол мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсесінің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арам тамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.

 

Дәл осыған қарама- қарсы әрекет істейтін ата- аналардың да тұсінігі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.

 

Үшінші топқа  жататын ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.

 

Бала  тәрбиесіндегі  ананың  орны  ерекше. Ана тілі, ұлттық  ерекшелік, адамға тән жақсылық  атаулы  ана сүтімен сіңеді. Сондықтан ана  болмысының  өзгеруінің  әлеуметтік  себептерінің  алдын алып, оны табиғат алдындағы бесігінен  ажырамауына  қамқорлық жасау. Баланы  кішкене  кезінен  анасының  сүт ақысын  өтеуге  баулу, бүкіл қоғамда анаға  ерекше  ілтипат  қалыптастыру;

 

Бала  тәрбиесіндегі  әкенің  жауапкершілігін, тәрбиешілік мүмкіндіктерін  арттыру. Әке шаңырақтың  қорғаны, асыраушысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер азаматты  бағалау, пір  тұту  дәстүрін одан әрі жалғастыру.

 

Отбасының  жеміс  берер  гүлі – бала. Ендеше  ұлтымыздың  байлығы- көп бала  екендігін  жастар  санасына  сіңіру; ұрпақ тәрбиесінің қазіргі өмір  талабына  сай  болуын  қадағалау, үйрету.

 

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен тәрбие орындарының бірден – бір парызы. Еліміздің болашағы отбасында басталып, оқу- тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Отбасы  адамзат  бесігін  тербеткен  ұя  болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасы-таным  бесігі, өркениет  ошағы, үлгі-өнеге бастауы. Ата-ана  күнделікті  өмір  тіршілігінде  еңбегі, адамдық бейнелері,  жақсы мінез – құлқы дұрыс қатынасы  арқылы  балаға  үлгі. Ата-анаға баладан  жақын ешкім  жоқ. Сондықтан да  баласының, әдепті, арлы азамат  болып  қалыптасуы  оларға  тікелей  байланысты.

 

Бүгіндері  қаптап  кеткен  компьютер ойындары, казинолар, кафе, бар, би алаңдары  және  газет бетінде,  түнгі сауыққойлық мекемелерде, үйдегі  көгілдір  теледидардан  балалар  көрмейтін (атыс-тартыс) көріністер  көрсетіліп, темекі мен арақты  жарнамалау  оқушылардың көңілін алаңдатып отырғаны  жүрегімізді ауыртады. Балалар  еліктеп  соған бет бұра бастады. Түнгі жүрістер көбейіп, ішкілік ішіп, есірткіге еліктеген  мектеп жасындағы оқушыларды көргенде кеудеңе реніш сезімі келеді.

 

Ата-аналар ұйымының рөлін көтеру  мектеп үшін оңай іс емес. Мектеп- қоғамның, отбасының, өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық  институт. Өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін ата-аналар үшін мектеп жетілдіруге бағыттап отырса нәтиже жоғары болады.

 

Ата- аналарымыздың тәрбиеге немқұрайлы қарауынан қиын оқушылар  көбеюде.

 

«Қиын»  оқушылар  туралы  тоқталсаққ: «Қиын»  оқушылар деген кімдер. Олар – мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін, тәртібі нашар, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар.

 

«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөлуге болады.

Информация о работе Қазіргі кездегі жасөспірімдерді тәрбиелеу жумыстары