Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 06:52, реферат
Қорытындылай келе «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасады.тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұядан алады. Жанұя - әрбір бала үшін алтын бесік. Тәрбие жұмысын жүргізуде ата-ана мен мектептің бірлігі қажет.
Біріншісі – тән құмарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
Екіншісі – отбасында, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігін мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
Жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер отбасындағы жетіспеушілік, таршылық.
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнегесінен. «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет»-деп М.Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектептің ерекше орын алатынын білеміз.
Мектеп - өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы дария. Ал, мұғалім сол дариядағы заман талабына сай ағыспен қайық есуші. Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа, озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мұғалімдік бейнесін анықтап алса, яғни ескегі мықты болса, қандай болмасын толқындарға қарсы тұрып, жағаға жетеді.
Сынып жетекші ролі жайына тоқталсақ қазіргі таңда жалпы мектебімізде 55 сынып жетекші бар. Бастауыш сыныптарда – 24. Соның ішінде - 2 мектеп алды даярлық, орта буын сыныптарда – 16, жоғары сыныптарда -15.
Тәрбие жұмыстарын жүргізгенде сынып жетекшінің ролі ерекше. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Ерекше тұлға ретінде сынып жетекші деп атап өткім келеді. Өйткені ол-балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады. Сынып жетекшінің жұмысында нәтижеге жетудің бір жолы ол- іс-әрекетті дұрыс жоспарлау. Сынып ұжымын жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты белгілеп, балалардың жеке жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелік деңгейімен өмірдің талабын еске ала отырып атқару қажет. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндет-оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.
Баланың жақсы болып өсуі – тәрбиеден. Тәрбиенің дұрыстығы- тәрбиешіден. Баланың ең алғашқы тәрбиешілері- ата- анасы. Бойына білім дәнін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұстазы білімді болса, шәкірттерінен озық ойлы азамат шығады. Ана тәрбиесі, әке тәрбиесі, ата- ене тәрбиесі халық тәрбиесімен сабақтасады. Ғұлама ойшылдарды, ақиық ақындарды, әділ билерді, шешендерді, ел қорғаған батырларды, халқын біріктірген хандарды да халқының тарихын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе жырлаған жырауларды да халық тәрбиелеген.
Халық тәрбиесі ұрпақты ақыл-кеңес, тамаша ата-баба дәстүрлерімен тәрбиелеу. Ағашты шыбық кезінде дұрыс күтіп баптаса, өскенде талда өскеннен кейін өз өркенін жайып өсіп жеміс береді. Сол ағаштың түзу болып өсіп-өніп жеміс беруі күтім, тәрбиеден болып отыр. Сондықтан ата-ана баласына дұрыс тәрбие берсе, ағаш тәріздес түзу болып өсіп, өркенін жаяды.
Кейбір ата-ана ұлы мен қызына киемін дегенін кигізіп, жасаймын дегенін жасатып, баласының рухани мүгедек болуына өздері себепкер болады. Баласына қастандық жасағанын кеш түсініп бармағын шайнайды. Ата-ана баласын дұрыс тәрбиелемесе қисық ағаш болып өседі. Сондықтан ұстаз- педагогикалық шеберлігімен үлгілі тұлға бола біледі, үлкен өмір жолына бағыт береді.
Қорытындылай келе «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасады.тәрбиенің алғашқы бастамасын бала жанұядан алады. Жанұя - әрбір бала үшін алтын бесік. Тәрбие жұмысын жүргізуде ата-ана мен мектептің бірлігі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Петров П.Е. «Бала тәрбиесі баршаға», «Мектеп» 1993 ж
2. Мырзабаев А., Тұрбекова Н. «Ата-анамен жұмыс», «Рауан» 1993 ж
3. Мұсақұлов Т. «Мектептегі тәрбие», «Мектеп» 1967 ж
4.«Бала тәрбиесі», №1, 2007 ж.
5.«Қазақстан мектебі», №3, 2008 ж
6.ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
Информация о работе Қазіргі кездегі жасөспірімдерді тәрбиелеу жумыстары