Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.
І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Әдептiлiк – әдемiлiк.
Жирен жаман әдеттен,
Үйрен жақсы әдеттен.
Оқушыларға әртұрлi мiнез-құлық бейнесiнде салынған 1–2 -суреттердi көрсетiп, әңгiмелесу.
Суреттер бойынша жұмыс.
– Бүгiн, мiне, бiз ендеше оқулықтағы ертегiлерiмiздi аяқтап, ендi бiз сол ертегiнi қалай түсiндiк, бiлдiк ауыз әдебиеттен не үйрендiк, соны қорыту ретiнде 2-топқа бөлiнiп, жарыс ретiнде өз өнерлерiмiздi және әдеп-әдеттерiмiздi көрсеткелi отырмыз.
– Ендеше кезек балалар өздерiңде.
Жарыс бойынша: “Кеш жарық” ән хор. Әнмен бастау.
1. Командалардың бiр-бiрiне сәлемi және таныстыруы.
Күн:
– Бiз күнбiз, бәрiңе шуақ, мейiрiм төгемiз.
Түнге бiзден сәлем! (иiлу).
Түн:
– Түндi жарық етiп, күмiс сәуле төгемiз.
Күн тобына бiзден сәлем! (иiлу).
2. Ендiгi кезек әр топ қандай ырым-тиымдарды жатқа бiледi, соны ортаға салайық.
Күн тобы: (М.Әлiмбаевтың бiзге арнаған сөздерi).
1. Бабалардан қалған сөз,
Дей көрмеңдер жалған сөз!
Баршаға бар пайдасы,
Балалар құп алған сөз!
2. Қаншама рет ескерттi
Аю, қоянға
– Бүйiрiңдi таянба!
3. Жолықты Мияз Тышқанға
– Сөзiмдi еске сақта да,
Жауыңнан қорқып зытсаң да,
Оттан қарғып аттама!
4. Күшiкке Құмай кейiдi:
– Жетпей ме соған зейiнiң
Басқа зат бар ғой ойыңда
Белбеудi салма мойыныңа!
5. Тiлге қарап сабырлы,
Мүйiзтұмсық жалынды:
– Таянбашы жағыңды!
6. Қалталы қасқырға
Жөн айтты таз тырна:
– Дей берме “Бiлем мен!”
Отырма жүреңнен!
7. Ат тiл қатты өгiзге:
– Менi “жатым” – дегiзбе
Үйге жиi кел де,
Босағаны керме!
8. Жапалақ айтты ақылын,
Қызғышқа келiп өтiнiп:
– Жайлап жүр, сөйле ақырын,
Ысқырма үйде отырып!
9. Дәу Мегежiн тоғайда,
Түсiндiрдi торғайға.
10. Кейiдi тентек Қонжыққа
Кiрекей-қамқор кәрi ана:
– Болса да мейлi бал жұққан
Пышақтың жүзiн жалама!
11. Мысыққа Қанден жөн айтты,
Жөн айтқанда дөп айтты:
– Ауызыңды ашып текке
Ақты жерге төкпе!
12. Ойнақтап жүрген өзекте
Бұрылып Қоян Көжекке,
Арқадан қақты:
– Қой бала,
Бөркiңдi теуiп ойнама!
13. Кездесiп Мәулен Маймылға:
Жүрмiсiз дедi – жай мұнда.
Бекерге сөйлеп, босқа айтпа,
Бейiтке қарап қолыңды шошайтпа!
14. Қалтырауық еңiремей тұра ма,
Дельфин айтты:
– Бейуақытта жылама!
Түн тобы:
1. Мәнiсiн бiл байқа да,
Өз iшiңнен қайтала,
Пiл ұқтыруды Пiлтайға:
– Басыңды еш шайқама!
2. Балта ұқтырды Араға:
– Сақта сөзiмдi есте
Өсiп тұрған далада
Жалғыз ағашты кеспе!
3. Қошқар айтты Қошақанға
– Үйдi айнала жүгiрме!
4. Ұқтырды Ешкi лаққа:
– Жөнiн бiлмей лақпа,
Таңдайыңды қақпа!
5. Бұзауға Бұқа ұрысты
Ұрысқаны дұрысты!
Шығыңдағы бас па, тас па?
Отты шашпа,
Күлдi баспа!
6. Бота көрiп Бұзауқанды жайлауда
Шақырыпты бiрге жүрiп ойнауға:
Шөлiркесең, кел науаға жақында
Шелектегi суға ауызыңды батырма!
7. Арыстан айтты Аюға:
– Жадыңда сақта лайымда.
Әдептен озбауды ойла,
Қолыңды төбеңе қойма!
8. Жайылып жүрген жотада
Ескерттi Бура Ботаға:
– Үлгiлi сөздi ұмытпа,
Түкiре көрме құдыққа!
– Есi жоққа ерме,
Езуiңдi керме!
9. Ормандағы алаңда
Үйреттi ұлар Қабанға:
– Қанша етке тойсаң да,
Нанды баспа табанға!
10. Қарақұспен сөйлесiптi Қаршыға
– Бұдан былай келiсейiк бiз ендi.
Майға пышақ шаншыма,
Құшақтама тiзеңдi!
11. Арыстан айтты Аюға
Әдептi болу жайында:
– Өзiңдi-өзiң ешнәрсеге қыштама
Қолыңды артыңа ұстама!
12. Тұйеқұс кеп Тауыққа:
– Айтқан сөзге нан! – дедi.
Ерiккенен жаныштап,
Көктi жұлма жердегi!
13. Көк бөрi Бөлтiрiкке алаңғасар
Мұңая қарады да ойға кеттi:
– Байқамай аң да басар, адам басар,
Пышақты шалқасынан қойма! – дептi.
– Өте жақсы балалар, мiне, осы айтылған тыйымдар мен ырым сөздерiңдi күнделiктi естерiңе сақтап, жаман әдеттерден аулақ болыңдар.
3. Күйтабақтан “Кеңес” күйiн, халық күйiн тыңдау (музыка әуенiмен).
Осы кезде Шықбермес, бәйбiшесi, тоқалы және қызы кiрiп келедi. Олар амандасып отыра берген кезде есектiң ақырған дауысының соңын ала Алдар кiредi.
– Ой, балалар, бiзге ертегiлер елiнен қонақтар келiп қалды, бұлар кiмдер, қай ертегiден келдi екен бiлесiңдер ме, таныссыңдар ма?
Алдар (әндетiп) кiредi:
—Кiмнiң ауылы, кiм бар екен, әй, дәу де болса байдың үйi болуы керек.
—Кеш жарық, байеке! Амансың ба?
Бай:
—Қайдан жұрген қаңғыбассың? Қайда барасың? Не iстеп бiлгенiң бар, айта отыр.
Алдар:
—Көрген
бiлгенiм көп, жолда
келе жатып үлкен
сары жыланды көрдiм,
жуандығы тап өзiңнiң
астыңдағы сары қазыдай.
Артық кем ғып асырмай
Шынын айтқанда жасырмай
Таспен ұрдым жiберiп
Анай шыққан басындай,
Былш еттi именiп,
Бәйбiше астындағы қамырдай
өтiрiк болса сақалым жұлынсын
Бәрiн де осының көрiп келдiм
Асыңды пiсiр ұрламай.
Бай:
—Шоқ түссiн тiлiңе – деп астындағы қазысын лақтырып тастайды.
—Жағың қарыссын! – деп тоқал астындағы басты лақтырады.
—Тiлiң тасқа бiтсiн – деп бәйбiше астындағы қамырын лақтырады.
Алдардың кетпейтiнiн бiлген бай:
—Қазанға ас сал! – дейдi бәйбiшесiне.
—Бәйбiше қазанға ас салып “Пiс қазаным бес ай!” дейдi.
Алдар:
—Отырайын он ай – деп етiгiн шешiп, төрге қисайып жатып алады.
Бай:
—Әй бәйбiше, төсек сал! Бәйбiшесi төсек салған соң қисайып жатады.
Алдар:
—Жатсаң жат, жер аунап түседi.
Алдар бай мен бәйбiшесi ұйықтаған кезде тұрып, қазандағы тамақты салып алып, орнына тулақ салып қояды.
Бай:
—Бәйбiше, Алдар ұйықтады-ау деймiн асыңды түсiр, жеп алайық.
Бәйбiшесi түсiрiп алдына қояды.
Бай:
—Бәйбiше, етiң не болып кеткен, өңшең шандыр ма? Түйiлiп қалдым, май бершi, - кемпiрi әкелiп бередi.
—Әй, бәйбiше, қазы орнына шандыр бердiң, май орнына саңғақ бердiң алжыған, - деп кемпiрiн бiр тебедi. Кемпiрi құлап басын жарады.
—Ойбай, басым жарылды, - деп жылайды.
Бай (ашулы):
—Менi жөнелт! – дейдi.
Бәйбiшесi ошақтағы ыстық күлшенi алып, қойнына тыға қояды.
Алдар тұрып: