Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.
І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Мораль дегенiмiз – адамдардың мiнез-құлқының тарихи қалыптасқан ережелерiнiң жиынтығы. Бұл ережелер жақсылық пен жамандық, әдiлеттiлiк пен әдiлетсiздiк, абыройлылық пен абыройсыздық, ар-намыс, ождан деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мiнезi мен iс-әрекеттерiн бағалаудың өлшеушi болып табылады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды дамуына ықпал жасайды. Мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономикалық дамуына әсер етедi. Моральдық қалыптасуына қоғамның сана, саясат, құқық, көркемөнер ықпал етедi. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезiнде зардап шеккедерге көмек көрсетiп отырады. Ол моральдық борыш деп есептелiнген. өз балаларының алдында әкелiк және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдындағы өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулының бәрi де айыптайды, тәртiптi сақтау, жасы кiшiлердiң үлкендердi сыйлау ережелерi барлық уақытта да болған. Адамгершiлiк қасиеттiң негiзгi имандылық пен iзеттiлiкте. Ал, ол отбасы тәрбиесiнен басталады: ер балаларға ауыл қарияларына сәлем берудi, жол беру, ибалық жасап, инабаттылық көрсетудi уағыздаған. Жақсы мен жаманды, мейiрiмдiлiк пен мейiрiмсiздiктi, екi жүздiлiктi ажырата бiлудi, жасы үлкенге “сiз” деп қатынас жасауды, иiлiп сәлем берудi үйреткен.
Халық педагогикасында
“Жақсыға шаң жуымас,
Жаманға жан
жуымас”.
“Жаман арба жол бұзар,
Жаман адам
ел бұзар”.
“Екi жүздi пышақтан сақтанба,
Екi жүздi адамнан сақтан” —
сияқты мақал-мәтелдердi тәрбие ережесi деп түсiну де керек.
Адамгершiлiк тәрбисi дегенiмiз – адамның моральдық қасиеттерiн, мiнез-құлқын, тәртiбiн, адамгершiлiк сезiмi мен сапасы белгiлi бiр мақсатқа бағыттап қалыптастыру.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұна, ең алдымен, Отанға, елге деген сүйiспеншiлiк, борыш сезiмiн тәрбиелеу, жолдастық, достық, жанашырлыққа баулу жатады.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұнына үлкендi сыйлау, тыңдау, беделiн мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау сияқты адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуде жатады.
Адамгершiлiкке
тәрбиелеудiң негiзгi жолы-оқу процесi мен
оқушылардың күнделiктi өмiрiн, iс-әрекетiн
тиiмдi тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың
адамгершiлiк туралы түсiнiгi мол болғанымен,
тәжiрибеде iс-әрекетi, тәртiбi, бiлiмiне сәйкес
келмейтiн жайлар көзделедi. Сондықтан
адамгершiлiк жайында түсiнiк, бiлiм берумен
қатар дұрыс тәртiбiн, iс-әрекетiн ұйымдастыруды
көздейдi.
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке
тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық
ерекшелiктерi
Қазақ халқының өте әрiдегi ата-бабаларының өмiр сүрген кезiнен бастау алып, күнi бүгiнге дейiн кәдесiне жарап келе жатқан рухани мұралардың бiрi – халықтық педагогика. Халықтық педагогика, - делiнген Қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөнiндегi халықтың педагогикалық бiлiм тәжiрибесi. Халық педагогикасын зерттеу негiзiне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетiнiң шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие д„стүрлерi, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесiнiң тәжiрибелерi т.б. жатады. ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлiм-тәрбиенiң белгiлi жүйесiнде жас буын жадына бiртiндеп сiңiрiп отыратын арнаулы жолдар, тиiстi тәсiлдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершiлiк, имандылық тәрбиесiне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл-ой тәрбиесi, өлең, жыр-дастандарда-әсемдiк тәрбиесiнiң негiзгi принциптерi, ол ертегiлер халықтық тәрбиенiң сан алуан мәселелерiн қозғайтын тәлiмдiк материал ретiнде пайдаланылған. Демек халықтық педагогика-тәлiм-тәрбиелiк ой-пiкiрдiң iлкi бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Қазақ халқының тәлiмдiк мәнi зор ой-толғаныстары бесiк жыры мен батырлық эпостарда, ертегiлер мен аңыздарда, шешендiк сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседi. Мұндағы ұрпақ тәрбиесiнiң негiзгi түйiнi-адамгершiлiк, имандылық, ақыл-ой еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесiне байланысты мәселелерге келiп тiреледi.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесiмен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да, өз ұрпағын бесiкте жатқан кезiнен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгiме, ертегi, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезiнiп бiлмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлi белгiлерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есiту, көру сезiмдерi шынығып, алыстағаны болжайтын, жоғалғанды табатын iзшiл де, құралайды көзге атып түсiретiн мерген де болған. Кәсiбi, тiршiлiгi мол шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бiр есiткенiн қалтқысыз есте сақтайтын қабiлетi күштi, әңгiмеге үйiр көшпелi халықтың баласы небiр қызықты ертегiлердi, жыр-дастандарды жаттап алады. Сөз өнерiнiң әдемi кестелерi олардың сөйлеу қорын байытып, мағыналы да мәндi сөйлеуге жаттықтыра беретiн.
Қазақ отбасында тәрбие iсi ғалым Ш.Ахметовтың зерттеулерiнде негiзiнен басты-басты сегiз түрлi мәселенi қамтыған. Бiрiншiден, тәрбие басы алдымен әдептiлiкке үйретудi көздеген, әке-шеше баласына “әдептi бол” дегендi басты мiндет етiп қойған. Екiншiден, олар баланы қайырымды, иманды, мейiрiмдi болуға тәрбиелеген.Үшiншiден, тiл алғыш, елгезек болуға баулыған. Үшiншiден, тiл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртiншiден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесiншiден, өнегелi ұстаз бен көптi көрген қарияның сөзiн тыңдап, “ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол” дегендi, бойларына бiртiндеп сiңiре берген. Алтыншыдан, үлкендi, ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретудi ең басты мiндет етiп қойған. Жетiншiден, кiсi айыбын бетiне баспай, бiреуге орынсыз тiл тигiзбейтiн әдептi азамат бол, әсiресе, қарып-қасерлердiң табиғи кемдiгiн бетiне баспа деп үйреткен. Сегiзiншiден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнерiңдi соған жұмса дегендi ерiнбей-жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетiп отырған.
Адам баласы қоғамда өзiнiң адамгершiлiк қасиеттерiмен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әдiлеттiлiгiмен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерiмен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, әдiлеттiк пен әдiлетсiздiк, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның iс-әрекетi арқылы өлшенедi. Бұларды адам бойына жастайынан мiнез-құлық ережесiетiп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы балаларды от басында кiшiпейiлдiлiкке, iзеттiлiкке, имандылыққа, инобаттылыққа тәрбилеудi бiрiншi мiндет етiп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендерiне қос қолдап сәлем берудi, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол берудi, олардың алдын кесiп өтпеудi уағыздаған. Балалардың жадына “сiз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгiсi, иiлiп сәлем бергенi”, “Кiшiпейiлдiлiктен кiшiреймейсiз”, “Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкiмдi”, “Құдай деген құр қалмайды” деген қағидаларды үнемi уағыздаған. Халқымыз “Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер” деп бала тәрбиелеушi ата-аналардың да өнегелi болуын талап еткен. Отбасының, қоғам тәрбиесi аналарға байланысты екенiне ерекше мән берген, қыздың көркiне ақыл-ойы мен мiнез-құлқының сай болуын қадағалаған. “Қыз қылығымен сүйкiмдi”, “Қызым үйде, қылығы түзде” деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершiлiктi жүктейдi. “Қыз өссе – елдiң көркi” деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкiл ауыл-аймақ болып тәрбиелеудi меңзейдi.
Адамгершiлiк қасиеттiң өзектi мәселесi-қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершiлiк қасиеттiң екi түрлi белгiсi ретiнде егiздiң сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.
Бала
ұғымына лайықты пайдалы
Жас ұрпақты жағымды мiнез-құлыққа тәрбиелеудiң түрлi әдiс-тәсiлдерiмен қатар ұстаз тәлiмгерлерге бағышталған мақал-мәтелдер бiр төбе. Баланың алғашқы тәрбиешiсi – ата-анасы. Олар өз ақыл, бiлiм, мiнез-құлық, бар болмыс-бейнесiмен баласына үлгi болуға тиiс. “Адам туа жаман емес, жүре жаман” дейтiн мақалдан мiнез сыпаттары туа бiтпей, өмiрдiң нақты жағдайында ортаның ықпалымен бiрте-бiрте пайда болады деген идея туындайды. Егер адам жақсы жағдайда дұрыс тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие болатыны даусыз. Керiсiнше, жаман тәрбие жағымсыз қасиеттi бойға дарытады. Мәселен, “Баланың тентек болмағы үйiнен” деу осыған меңзейдi. Жақсы, жаман болу тәрбиенң, оқу-бiлiмнiң нәтижесi. Әрине, адамның нақты iс-әрекетiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң әсерi ерекше маңызды. Қабiлет, қызығу жұрттың бәрiне де тән қасиет. Әркiм түйсiк, есiмен ойлау, сөйлеу, зейiн, елес, қиялын жетiлдiре алады, мүлде қабiлетсiз, икемсiз адам болмайды. Жан қуатымен сананың қалыптасуына бiлiм, шеберлiк, икем, дағды зор рөль атқарады. Үнемi өзiн-өзi тәрбиелеумен шұғылданатын адам ғана өз қабiлетiн жетiлдiре алмақ. өз кемшiлiгiн бiлiм жағымсыз қасиеттерден арылу адамның өз қолында.
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңiл-күйi, сезiмдерi, мiнез ерекшелiктерi, түсiнiк толғандары, сенiм, қызығулары, әдет-дағдылары бiрдей болып келмейтiндiгi жөнiнде де қызықты пiкiрлер айтқан.сөз маржандарында адамның жас өзгешелiктерi негiзiнен балалық, жастық, кемелдiк және кәрiлiк шақ секiлдi басты-басты төрт кезеңнiң тұрғысынан қаралатындығын байқауға болады. Адамның моральдық бейнесi, психикасы оның iс-әрекетi үстiнде дамиды, ол iс-қимылдың алғашқы iргетасы балалық кезде қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиетке еңбексүйiгiштiк, тiлалғыштық, имандылық, адамгершiлiк т.б. баулуды үнемi негiзгi мәселе деп ойлап келген. Халқымыз тәрбиесi кем балаға жаны ашып: “Әдепсiз бала – сорлы бала”, “Жаман бала - күйiк”, “Талабы жоқ жас ұлың, жалыны жоқ шоқпен тең”, “Балаң жаман болса, көрiнгеннiң мазағы” – деп әдепсiз, өзiнiң де, өзгенiң де мазасын кетiретiн, талапсыз, ынжық, жалқау, салдыр-салақ, қорқақ, күйгелек, өздiгiнен еш нәрсе iстей алмайтын, “түйе үстiне сирақ үйтетiн, ебедейсiз балалардың келешегiнен күдiктенедi де, ата-анасының айтқанын екi етпейтiн, тiл алғыш, зерек, әр нәрсенi танып, бiлуге құмар, елгезек, ықыласты, тәртiптi балаларды басқаларға үлгi етедi. Бала бiткеннiң бәрi де ес бiлгеннен бастап бiлсем, көрсем, естiсем, ұстасам, алсам деп әрекет етуге ұмтылады. Ол өзiн қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсудi қалайды. Бұл баланың өзiн қоршаған өмiрдi терең де толық бiлуге табиғи құштарлығы. Олар үшiн жай нәрсенiң өзi жаңалық. Бұлар әуесқой, тынымсыз зерттеушi. Көптеген мақал-мәтелдердiң мән-мазмұны осы айтылған идеяны да бейнелейдi.
Ата-ана өз баласын өнегелi сөзбен, жеке басының үлгiсiмен тәрбиелейдi. Ойын баласында үлкендердiң сөзiне, қылығына, iс-әрекетiне елiктеушiлiк басым. Мақал-мәтелдер бұл жөнiнде төмендегiше тұжырымдаған: “Бала балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi”, “Баланың тентек болмағы үйiнен”, “Балаға байқатпай сөйлесең көрсетер бiр өнер”, “Қызды асырай алмаған күң етедi, ұлды асырай алмаған құл етедi”, “ұлың өссе, ұлы үлгiлiлермен ауылдас бол”, “Анаға баланың алалығы жоқ”, деп халық бала тәрбиесiн тек құрғақ, сылдыр сөзбен жүргiзгеннен гөрi iс-әрекет, үлгi-өнеге, арқылы жүргiзудiң пәрмендiрек келетiндiгiн, сондай-ақ бала тәрбиесiне оның құрбы-құрдастарының, жора-жолдастарының да ықпалы болатындығын еске алып отырған. Сондай-ақ балаға жасалатын ерекше мейiрiмдiлiктiң де, керемет қаталдықтың да, баланы бiр-бiрiнен алалап қараудың да терiс нәрсе екенiн, ал баланың жеке басын құрметтеп, елеу, оның психологиясының дұрыс қалыптасуына жағдай жасайтынын нақыл сөздермен дұрыс көрсеткен.
Оқу тәрбие процесiн ұйымдастыруда ол дүние жүзi педагогика классиктерi: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, А.Н.Толстой т.б. гуманистiк идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында мектеп өмiрiне енгiзген тұңғыш педагог болды.
Қазақтың аса көрнектi ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрi түсiнiктi етiп берушi едi.
Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо: “Бала тәрбиесiнiң көзi еңбекте, тәрбиенi отбасындағы еңбекке үйретуден бастау керек” десе, орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский: “Тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек... ол тiлi және әдет-ғұрпы арқылы көрiнiс табады” – дедi, ал орыстың ұлы жазушысы, әрi педагогы Л.Н.Толстой 1862 жылы “Ясная поляна” журналының №1 санында жарияланған “Халыққа бiлiм беру туралы” атты мақаласында Германия, Франция, Англия, ертедегi Индия, Египет, Греция елдерiндегi оқу-ағарту iсiнiң даму тарихына шолу жасай келе: “бiлуге құмарлық әр адамның бойына iштен туа бiткен қасиет. Халықтың бiлiмге құштарлығын адамның ауаға құштарлығындай қажеттiлiктен туындайды”, деген едi.
Ы.Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiләлемдiк тәлiм-тәрбиенiң алтын дiңгегi гуманистiк көзқарас, яғни шәкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерiнiң көрiнiс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзiнiң екi кластық мектептердiң меңгерушiлерiне жазған нұсқау хатында ол: “Егер балалар бiрдеменi түсiнбейтiн болса, онда оқытушы оларды кiнәлауға тиiс емес, оларға түсiндiре алмаған өзiн кiнәлауға тиiс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуi, шыдамдылық етуi керек, әрбiр нәрсенi де ықыласпен, түсiнiктi етiп түсiндiру керек, орынсыз терминдердi қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсiнiксiз болады да, жалықтырып жiбередi. Оқушыларды бағалағанда олардың iске мәндi қатынасы жоқ сөздерiне қарап емес, олардың бiлiмiне қарап бағалау керек” деп жазған едi, Н.И.Ильминскийге жазған бiр хатында: “... мен балаларды жазалауды сүйетiн қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең балалардың адамгершiлiк қасиетiн бұзып аласың”, - десе, “Жемiс ағаштары” атты әңгiмесiнде “тәрбиеде үлкен мән бар. Ақыл кеңестi алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесiң” деп, әке баласына берген ақыл ғибратын келтiру арқылы тәрбие жөнiндегi көзқарасын бiлдiредi. Алтынсариннiң мектепте татарша дiни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тiлiнде оқытуға ерекше мән бердi, оларды халықтың дәстүр, аңыз-әңгiме, мақал-мәтел негiзiнде оқытып-тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетiнiң материалдарын атап айтқанда балаларды ерлiкке, өнерге, жақсы адамгершiлiк қасиеттерге баулитын асыл үлгiлерiн көптеп енгiздi.