Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.
І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»
2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау
Дағдылар мен әдеттер жай қайталаулар, жаттығулар барысында қалыптасуы мүмкiн. Бiрақ бұл әдiс онша нәтижелi болмайды. Бала өзiн үлкендер тәрбиелейтiнiн сезе тұрса да, ол өзiн едагогикалық құбылыс ретiнде есептегiсi келмейдi деген болатын А.С.Макаренко. Оның үстiне тәрбие тек ақыл айту, үйрету түрiнде болса, бала оған қарсылық бiлдiруi де мүмкiн. Баланың өмiрi педагогикалық тұрғыдан дұрыс ойластырылса ғана, ол әдеттердi қалыптастыруда едәуiр пәрмендi болмақ. Педагог тарапынан мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған мектеп өмiрiндегi көптеген пайдалы әдеттер тәрбиешiлердiң өздерiне белгiсiз қалыптасады.
Адамгершiлiк тәрбиесi: ереженi түсiндiру және оны санамен қабылдау, оны бекiту және өмiрде, мiнез-құлқында оны қолдану сияқты белгiлi бiр кезеңдерден тұрады екен деп ойлап қалуға болмайды.
Ереженi
жай игеру адамгершiлiктiң
Сондай-ақ
жек адамның адамгершiлiк
Адамгершiлiк т„рбиенiң басқа ерекшелiгi – үлкен концентризм де осымен тығыз байланысты. Әр қилы адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыруға оқудың барлық кезеңiнде қайта оралып, балалар ұғымын жаңа, тереңiрек мазмұнымен байытып отырамыз. Түсiнiктерi байып, адамгешiлiк санасының өсуiмен қатар, оқушылар мiнез-құлықтың жаңа дағдылары мен әдеттерiн игередi.
Сөйтiп,
балалардың өмiрiн ұйымдастыруды
жан-жақты адамгершiлiк
Адамгершiлiк тәрбиесi күрделi де қайшылыққа толы процесс. Тәрбие iсiнде тұқым қуалаушылықтармен, орта және тәрбиешiлер талаптары арасындағы қайшылықтармен есептесуге тура келедi К.Д.Ушинский “Бiз табиғи бейiмдiлiгiмiзге сәйкес келетiннiң бәрiн жеңiл де, оп-оңай меңгеремiз, ол оған қайшы немесе жат нәрселердi қиыншылықпен қабылдаймыз, ойда нашар сақтаймыз, тек ұзақ уақытқа күш-жiгердiң арқасында ғана өз табиғи мiнезiмiзге айналдырамыз” – деген болатын. Бұл ойдың дұрыстығына әрбiр тәрбиешi өз тәжiрибесiнен көз жеткiзедi. Мiне-құлықтағы қалыптасқан дағдыларды жоғары жаңа талаптар негiзiнде қайта құру әрқашан қиындықпен iске асады.
Адамгершiлiк тәрбие процесiнде мектеп оқушыларының мұраттары мен моральдық тәрбиелiлiк дәрежесi арасындағы қайшылықты есепке алудың мәнi зор. Алайда оқушының моральдық мұқтажы мен осы қанағаттандыру мүмкiндiктерi мен тәсiлдерi арсындағы қайшылық негiзгi қайшылық болып табылады. Осы кезге дейiн адамгершiлiк тәрбие процесiн талдау жасағанда негiзгi назар тәрбиешiнiң берген сипаттамасына аударылды да, ал тәрбиеленушiлердiң моральдық мұқтаж – мүдделерi жете бағаланбай келдi. Алайда бала үлкендердiң талап – тiлегiн жай ғана орындай салмай, ықыласпен өзi қалаған жағдайда адамгершiлiк тәрбие оқушының адамгершiлiк тұрғыдан өсуiн бағыттай алатыны мәлiм. Бұл тiптi кiшкентайлардың адамгершiлiк тәрбиесiнде жетекшi роль атқаратын елiктеу барысында көрiнiс табады. Егер бала жақсы өнегеге елiктесе оның дамуы жемiстiрек болады. Тәрбиеленушiнiң қолданған әрекетi мен қажеттiк арасында сәйкессiздiк – оқушыны кездескен қиындықты жеңуге, сөйтiп мақсатқа жетуге мәжбүр ететiн күштi туғызады.
Тәрбиешiлердiң бәрi бiрдей оқушы мүддесiн байқап, оны көтермелеп, қанағаттандырып отырмайды.. Балалардың көптеген тiлегiне типтi жауап – аларға тыйым салу. Жазаланудан қорыққан бала өз тiлегiнен уақытша бас тартуы мүмкiн. Бiрақ бұл тәсiлмен қайшылық жойылмайды. Жаза сейiлгенде, бала өзiнiң тiлегiн қанағаттандыруға көшедi. Үлкендердiң өз тiлек мүддесiне қатынасын сезген тәрбиеленушi ендi құдыққа, әккiлiкке, екi жүздiлiк салады. Ол үлкендерге былай деп жауап берсе, ал iс – жүзiнде басқаша iстейтiн болатын. Сөйтiп, бiрте – бiрте өзiнiң төңiрегiндегiлердiң алдауға үйренедi. Мұндай мiнез – құлық кейде тәрбиеленушiнiң моральдық бейнесiнде ауыр кемшiлiктерге әкелiп соғуы мүмкiн.
Қайшылықты шешудiң басқа, ең ең қауiптi тәсiлi баланың бар тiлегiн екi етпейорындау. Ж.Ж.Руссо “Баланы бақытсыз етудiң сенiмдi жолы–оны ”болмайды“ естiмеуге үйрету” деген болатын.
Тәрбиешi баланың тiлек мүдделерiн басқаша басқара бiлуi, яғни оның стихиялы түрде пайда болатын тiлектерiн ақылмен қанағаттандырып, саналы түрде жаңа мүдделерiн қалыптастыра бiлу керек.
Өзiнiң адамгершiлiгiн жетiлдiруге, адамгершiлiк тұрғындаөзiн - өзi тәрбиелеуге ұмтылудың үлкен мәнi бар. өзiн - өзi тәрбиелеу мына жағдайда табысты болатындығын соңғы жылдар зерттеулерi көрсеттi:
- оқушылар
өз жеке басын жетiлдiруге
- өзiн-өзi тәрбиелеудiң жолдары мен әдiстерiн бiлсе;
- оқушылардың колективте өзiн-өзi тәрбиелеу жөнiндегi жұмысы дұрыс ұйымдастырылса;
Педагогика ғылымы өзiн-өзi тәрбиелеудiң аса маңызды жолдарын көрсетiп бердi. Ол өзiн-өзi бiлуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тiлек бiлдiруден басталады. Оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеу тiлегiн туғызу, бұл әлi оларды өзiн тәрбиелеудегi белсендi жұмысқа қосқандық болып есептелмейдi, өзiн-өзi тәрбиелеудiң дұрыс жолдарын белгiлеуде тәрбиешi балаларға көмектесуi қажет. Ең бiр кеңiнен тараған жолы - өзiне белгiлi мiндеттемелер алып, соның орындалуын ауық – ауық бақылап отыру.
Өзiне - өзi есеп берi, өзiн - өзi тексеру бақылаудың негiзгi формасы болып табылады. өзiне - өзi есеп берудiң алғаш жолдастары алдында, жоспарлаған мәжiлiстерде, үйiрмеде, одан кейiн өзiнiң алдында өтуi мүмкiн.
өзiн - өзi
адамгершiлiк тұрғындан
өзiне бұрық берумен қатар, өзiн адамгершiлiк тұрғыда тәрбиелеуде өзiне мiндеттеме алу әдiсi де кеңiнен қолданылады. Ол адамның өз тiлегi бойынша қабылданады, сондықтан бұл да өзiн тәрбиелеудiң маңызды мотивiне айналуы мүмкiн.
Оқушыны өзiне мiндеттеме алғызып, оны орындауға интермелейтiн стимул – адамгершiлiк мұраты.
Мұрат шәкiрт өмiрiнде жарық жұлдыз iспеттес, ол адамды үнемi жаңара түсуге шақырып тұрмақ. Адам өзiн үнемi өз мұратымен салыстырады, өзiнiң кемiстiгiн айқынырақ сезiнiп, оны тезiрек түзетуге күш салады.
Бастауыш мектеп оқушысының адамгершiлiк мұратының қалыптасуында мұғалiм маңызды роль атқарады. өзiнiң барлық жұмысында ол шәкiрттердi адамдар мiнезiне талдау жасап, бiлуге, шынайы адамгершiлiктi өтiрiк, жасанды адамгершiлiктен ажыратуды үйретедi. Адамгершiлiк жағынаң өзiн-өзi тәрбиелеу жеке адамның адамгершiлiк бет – бейнесiнiң дамуын стимулдейдi.
Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұны адамгершiлiк сапарларының кең көлемiн қамтиды. Сапаның әрқайсысының жеке адамгршiлiк ерекшелiктерi болады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда бұл ерекшелiктердi ескермеске болмайды.
“Адамға ең бiрiншi бiлiммен қатар тәрбие. Тәрбиесiз берiлген бiлiм-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне опат әкеледi”-деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтiн негiзгi категориясының бiрi-тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi. өйткенi, өскелең ұрпақ ұлағатты сөздерiмен, тыныс тiршiлiгiмен, дәстүрiмен тәрбиеленедi. Тәрбие үрдiсiнде ғана адам рухани жетiледi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие де - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
В.Соловьев
“адамгершiлiк бiр адамның
Тәрбие өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы. Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбие т.т. осы барлық тәрбиенiң өзегi-адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк сапаларын және адамзат құндылығын қалыптастырады.
Тәрбие нәтижесi объективтi, субъективтi жағдайларға, баланың жас және дербес ерекшелiгiне, оның ата-анасының тәрбиелiгiне, қарым-қатынасына, тәрбиенiң ұйымдастырылуына, т.б. байланысты. Әсiресе, мұнда жастардың (тәрбиеленушiлердiң ) жас ж„не дербес ерекшелiктерiн ескерудiң маңызы аса зор. Бiрiншi кезең балалармен жас өспiрiмдердiң конформистiк сананың басым кезi (мөлшермен 14-15 жасда дейiн). Бұл кезеңде балалардың ұжым көзқарасына бағынуы басым, сондықтан олардың санасы моральдық ұстанымдарға және оларды қолдануға бағытталмаған. Екiншi кезеңде (16-17 жас және одан да жоғары) индивид моральдық өзбеттiлiкке қабiлеттi келедi.
Сондықтан бiрiншi кезеңде “индивидтiң басты рөлi елiктеу механизмiне және тiршiлiктегi бар үлгiлерге иек арту болғандықтан, дәстүрлi кезең” деп есептеледi. Бұл кезеңде адамгершiлiк дәстүрлерiнiң iшiнде әдет-ғұрып деп аталатын форма ерекше орынға ие болады.
Ерте сәбилiк кезеңде (3жасқа дейiн) бала ерiктi мiнез-құлыққа қабiлетсiз. Оларда ерiк жоқ немесе ол өзiн қоршаған ортадан бөлiп ала алмайды және ”ортаға” қарсы өзiн қоя алмайды. 3-4 жаста балада өзiндiк сана белгiлерi, сонымен бiрге ерiктi әрекет қабiлетiлiгi пайда болады.
Ақырындап,
үлкендердiң көмегiмен мектепке дейiнгi
бала моральдық нормаларды сақтап,
сонымен бiрге моральдық
Адамгершiлiктiң дамуында жеткiншектiк кезеңнiң (11-12 жастан 14-15 жасқа дейiн) орны ерекше. Жеткiншекте дүниеге көзқарас қалыптаса бастайды, дамыған өздiк сана пайда болады.
Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады. Мысалы, индивидуализм, коллективизм, эгоизм, альтруизм деген сияқты. ұстанымды таңдау жеке ережелерге, норма, сапаларға т„уелдi. ұстанымды таңдағанда бiз тұтастай моральдiк бағытты таңдаймыз. Моральдiк жүйеде жеке бастың өз ұстанымын дұрыс таңдауы жеке басты үлкен жетiстiгi болып табылады. Адамгершiлiк ұстанымын дұрыс таңдап алған адамның жолы-дұрыс адамгершiлiк жолы.
Жоғарыда
аталған моральдiк сана кезеңдерiн
қалыптастыратын, реттейтiн құралдардың
бiрi: қазақ халқынның моральдiк-
Халықтық педагогиканың баға жетпес мұрасы, iлiм бастауы дәстүр. Дәстүр тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртiп, заң, мiнез-құлық қалыптары қалыптары және қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтiк топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтiк-мәдени мұра элементтерi.
Әдiс ретiнде дәстүр де адамгершiлiкке тәрбиелеуде қолданылады. П.Пидкаситый ұсынған тәрбие әдiстерiнiң топтамасы мыналар: 1) тәрбиеленушiлерде дүниеге көзқарас қалыптастыру және мәлiмет ауыстыруды жүзеге асыру; 2) тәрбиеленушiнiң әрекетiн ұйымдастырушы және олардың мотивiн ынталандырушы; 3) тәрбиеленушiлерге көмек көрсету және олардың мiнез-құлқын бақылау әдiстерi.
Осы әдiстiң қай тобына болсын моральдiк-этикалық дәстүрдi жатқызуға болады. Дәстүр арқылы жаттықтыру әдiсi-адамгершiлiк-ке тәрбиелеу мақсатында жоспарлы түрде әр қилы әрекеттердi ұйымдастыру. Дәстүрдi қолданудағы жаттығудың мәнi әрекет пен қылықтарды бiрнеше рет қайталату арқылы жеке бастың адамгершiлiк мотивi мен мiнезi-құлқындағы қажеттiлiктi қалыптастыруға әсер етедi. Дәстүрге негiзделген сендiру әдiсi -жоғарғы оқу орны үшiн ғылыми мәлiметтермен, зерттеулермен таныстыру, дәстүрдiң, әдет-ғұрыптың дамуы, қалыптасыруын тарихи кезеңдер арқылы түсiндiрiп, олардың тәрбиелiк мүмкiндiктерiне тоқталу арқылы адамгершiлiкке тәрбиелеу.
Әдебиеттерде жеке басты қалыптастыруда әдет-ғұрып механизмдерiн жеткiлiксiз бағалау да кездеседi. Осындай көзқарасты американдық психолог Л.Кольбергтiң тұжырымдамасынан көруге болады. Л.Кольберг адамгершiлiкке тәрбиелеудiң басты мақсаты мiнез-құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пiкiр айту қабiлетi деп түсiрдiредi. Сонымен бiрге ол тәрбие бағытын автономды моральдық ұстанымды қалыптастыру үшiн жұмысты күшейту бағытына бұруды ұсынады.
Дәстүр тәрбие үрдiсiнде тәсiл ретiнде де қолданылады. Дәстүр туралы мәлiмет беруде түсiндiру, ақыл-кеңес, нұсқау, бағыт-бағдар беру тәсiлдерiн қолдану адамгершiлiктi тұлға қалыптастыруға негiз бола алады.