Адамгершілік тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:08, дипломная работа

Краткое описание

Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.
Тәуелсiз Қазақстан Мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.
Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi зор мәселеге айналды.

Оглавление

І. Кiрiспе бөлім
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi жөнiндегi теориялық негiздерi
1.2. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мәнi
1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудегi педагогикалық-психологиялық негіздері
II. Негізгі бөлім: «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу»

2.1. Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама
2.2. Сабақтар мен тәрбие шараларындағы
адамгершiлiк тәрбиесi
2.3 Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
3.1. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
3.2. Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар

ІV. Зерттеу бөлімі
4.1 Тәжiрибелiк, эксперименттiк жұмыстар
4.2 Балалардың адамгершілік тақырыбына байланысты мақал
мәтелдер талдау
V. Шығармашылық жұмыс
5.1 Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау

Файлы: 1 файл

Назгуль.docx

— 133.16 Кб (Скачать)

     Ы.Алтынсарин өз “Хрестоматиясында” жас өспiрiмдердiң  жан дүниесiн, ақыл-ойын қалыптастыруға, адамгершiлiкке тәрбиелеуге ұдайы көңiл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ мiндетi деп есептедi. “Көшпелi қазақ” баласының айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байқағыштық қасиетiн арттыру, жетiлдiру мақсатын көздеп, “Хрестоматияға” Үндi ертегiсiнен мынадай тамаша үзiндi берген: “Бiреу ағашқа iлiп қойған етiн ұрлатып алып, айналасына жар салады. “Аласа бойлы, қолында қысқантақ мылтығы бар, соңында тарақ-құйрық кiшкентай итi бар, бiр қарт адам көрдiңiз бе?” – деп. Бұл кiсiнi әркiм көрген екен, сiлтеумен барып тауып, ұрысын ұстапты–мыс. Ауылдас адамдарды үндiден “ұрының түсi түгiн қайдан бiлдiңiз?” – деп сұрапты. Сонда үндi айтыпты дейдi:

—ұрының аласа бойлы бiлгенiм, менiң қолыммен iлген етiмдi, ол ағаштан аяғының астына тас қойып, соның үстiне шығып  алыпты. Қарт екенiн бiлгенiм, жүргендегi iзiнен байқадым – адымының арасы  тым жақын екен. Мылтығының қысқа  екенiн: етiмдi ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың  аузы ағаштың кiшкене қабығын  жырып кетiптi, жер мен сол жырылған қабықтың арасынан шамалададым. ұрының қасында итi бар екенiн және ол иттiң әрi кiшкентай екенiн, құйрығы тарақ құйрық екенiн бiлгенiм етiмдi ұрлап жатқанда, ит анадай бiр қумайтырық жерде отырған екен; осының құмға түсiп қалған iзiнен және бұлғаңдатқан құйрығының табынан байқадым дептi–мыс”.

     Ы.Алтынсарин осы үзiндiде байқағыш болудың адам өмiрiнде, оның дүние тануында қаншама  маңыз алатынын, тiптi мұндай қасиет бiлiм жоқ, бiрақ өмiр тәжiрибесi мол адамдардың басында да бiртiндеп қалыптасатынын сөз етедi де, шәкiрттердi, өмiрдi жан-жақты зерттеп бiлуге, түймедейден түйедейдi таба бiлетiн iзденiмпаз, зерделi болуға меңзейдi.

Ағартушы-педагогтың осы ойларында қаншама тамаша психологиялық түйiндер жатыр. Ол шәкiрттердiң бiлiмдi жай жаттап алып, үстiрт меңгермей миға тоқып, санасынан өткiзiп, әрбiр сөздiң мәәiне терең бойлап түсiнуiн талап еттi. Ол мұғалiмдерге барлық пәндi осылайша жүргiзудiң қажеттiгiн, яғни К.Д.Ушинскийдiң тiлiмен айтқанда оқу жүйесiне барлық сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, иiс т.б.) қатыстырып, оқушылардың қызығу белсендiлiгiн арттыра берудiң ерекше маңыз алатындығын ескерттi. Ол сондай-ақ қазақ балаларының өзiндiк кейбiр ұлттық ерекшелiктерiн көрсете келiп, осы жәйттi де оқыту-тәрбие iсiнде мұғалiмдердiң үнемi ескерiп отыруын қажет деп санады.

Абай  тәрбие мәселесiне, соның iшiнде адамгершiлiк мәселесiне ерекше көңiл болды.  “Әне оны берем, мiне мұны берем деп, бастан балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кiмнен көресiң?” “Боқта” деп бiреудi боқтатып, “кәпiр қияңқы осыған тимеңдершi” деп, оны масаттандырып тентектiкке үйретiп қойып “қу, сұм бол” деп, “пәленшенiң баласы сенiң сыртыңнан сатып кетедi деп, тiрi жанға сендiрмей жат-мiнез қыласың” – деп, терiс тәрбие беретiн ата-аналарды қатты сынайды. “Ақыл ардың сақтаушысы” деп қарап, адамгершiлiк мәселелерiн жоғары бағалап, ар тазалығы үшiн күресудi дәрiптеген ұлы ағартушы —

      Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,

      Бұларды керек қылмыс ешкiм қалап

      Терең ой, терең ғылым iздемейдi

      Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап, —

деп кейбiр  адамдардың iс-әрекетiне кейiстiк бiлдiредi.

      Талап, еңбек, терең ой,

      Қанағат, рақым-ойлап қой,

      Бес асыл iс көнсеңiз,—

деп, бастауыш мектеп оқушыларының бойында қандай қасиеттердiң болуы керектiгiн  тiзбектейдi. Ақылды азамат болу үшiн  адам бойындағы қасиеттердiң қалыбы үш нәрсеге байланысты екендiгiн айтады:

      “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек”,—

деп, адам мiнезiндегi орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншiлдiк, көрсеқызарлық  сияқты жаман әдеттердiң ақыл мен ойды тоздыратынын айта келiп, естiгендi есте сақтау, көргеннен үлгi-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан  бойын аулақ ұстау, нәпсiнi ақылға жеңгiзу, ұстамды болу сияқты адамгершiлiк қасиеттердi қастерлейдi.

      Бастауыш  мектеп-өскелең ұрпаққа бiлiм берудiң  бастамасы. Қазiргi қоғам талаптарының өзгеруiне байланысты, елiмiздiң көркейiп-өркендеуiне, ел талап-тiлектерiнiң бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиялық  та айтарлықтай өзгерiстерге ұшырап, оны неғұрлым өмiр талабына қарай  өрiстеу мiндеттерi қойылды.

      Елiмiздiң  егемендiгi мен тiлiмiздiң тәуелсiздiгi де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең бiлу, оның даралық ерекшелiктерiмен үнемi санасып отыру мектеп пен мұғалiмдерге жауапты құрметтi мiндеттер жүктейдi.

      Бастауыш  мектеп оқушысының психологиясы тек  жас ерекшелiгiне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл) балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтiк ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.

      Бастауыш  мектеп кезеңiне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың  денесi едәуiр дамып, бұлшық еттерi мен шемiршектерi, сүйектерi нығайып, табаны сүйектенедi, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгiлiстерi дамиды. Бұлщық еттерi шапшаң өседi. Мидың маңдай бөлiктерiнiң жетiлуi баланың психикалық iс-әрекетi мен жүйке қалыптасуына үлкен роль атқарады.

      Жекелеген психикалық үрдiстердiң қарқынды дамуы  баланың бастауыш мектеп шағында  жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабiлетi жетiледi. Көру мен есту қабiлетi жоғары деңгейге көтерiлiп, түрлi түстердi айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттерi мен сапаларын  меңгередi. Қоғам өмiрiндегi жаңа негiздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажеттi мақсатқа бағыттай алады.

      Бала  зейiнiн негiзiнен өздерi тiкелей  қызығатын нәрселерге аударады. Бала бiртiндеп ендi жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажеттi нәрселерге зейiнiн бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренедi. Ырықты зейiннiң дамуына сыртқы әсердiң тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекiлiгiнiң мәнi зор. Зейннiң дамуы, сондай-ақ оның көлемiнiң кеңеюi баланың қазiргi кездегi ойын әрекетiнiң алуан түрлерiмен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.

      Бастауыш  мектеп кезеңiнде негiзгi iс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдiсiне өзгерiс енедi. Iс-әрекетке белсендiлiгiн көрсете отырып, ақыл-ой еңбегiн зейiн арқылы жүзеге асырады.

      Оқу iс-әрекетi балаға өзiнiң есте сақтау үрдiсiн басқаруды талап етедi. Мектептегi оқу үрдiсiнiң талаптары мен өзiне тән мазмұны бұл үрдiстi едәуiр дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседi. Есте сақтау деңгейi-есте сақталатын материалдың мазмұнына, iс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсiлдерi мен әдiстерiн меңгеру деңгейiне байланысты болады.

      Бастауыш  мектеп кезеңiнде сөздiк материалды есте сақтау мүмкiншiлiгi кұрт жоғарылайды, меңгерiлетiн оқу материалы үнемi оқушыдан елестеу үрдiсiн талап  етiп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жiгердi керек ететiн  мотивтерге байланысты өзгерiп отырады. Бастауыш мектеп кезеңiнде алған  бiлiмдердi бала өз iс-әрекетiнде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-ой әрекетiнiң дамуы үрдiсiнде орындау практикалық әрекетiнен iшкi ақыл-ой әрекетiне көшу көрiнедi. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керiсiнше, оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негiзiнде байқалады. Ойлаудың iшкi жоспарға көшуi арқылы iзденiс негiзгi сипаттағы практикалық әрекеттi орындауды үйренедi.

      Оқу үрдiсiнде ой операциялары да iске  асады. Елестеу бойынша заттарды дұрыс әрi оңай салыстыра алады. Абстракталы ұғымдарды салыстыру байқалады. Логикалық ойлауының даму ерекшелiгiнде ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдар анықтау, түсiнiк беру сияқты түрлерi анық көрiне бастайды.

      Оқушыларға  жоғары дәрежеде, жүйелi түрде және нәтижелi ақыл-ой әрекетi дамып жетiледi. Бұл өзiн қоршаған орта туралы, қоғамға енiп, жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрiнедi. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.

      Елiмiздегi тiл туралы заң жыл сайын әрбiр Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып отыруға байланысты тек ересектердiң сөйлеу әрекетiнен ғана нәтиже байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тiл дамуы-ана тiлiн терең әрi ұлттық ерекшелiкте меңгерiлгендiгi байқалады. Оқушы ендi өз ойын қалауын, өз сезiмiн ана тiлiндегi сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйектi тұрғыда түсiндiре алады.

      Баланың тiлiнiң дамуының мотивтерiне құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселердi бiлгiсi келетiндiгi, түсiндiруге тырысушылық, әңгiменi эмоциялық тұрғыда жеткiзе бiлуi жатады.

     Бала  бойында кездесетiн әр түрлi жағдайларда iшкi сөйлеу қалыптасады. Сөйлеудiң коммуникативтiк, сигнификативтiк функцияларын қолдана алады. өзiн қоршаған орта туралы, қоғам өзгерiстерi жайлы, бiрқатар ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешелiктер туралы тыңдау, оқу, әңгiме, пiкiрталас, талдау сияқты түрлердi меңгере бастайды.

Бастауыш  мектеп жасындағы  көркем жазу бала ойына едәуiр өзгешелiк енгiзедi. Көркем жазу сабағы ана тiлiнiң грамматикалық табиғатын ашады және ана тiлiн еркiн меңгеруге мүмкiндiк бередi. Баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттауы – оның бойында күрделi сезiмдер туғызады. Бұл балалар арасындағы, әр үйдегi, әрi мектептегi жаңа талаптарға негiзделедi.

Қоғамдық  талаптардың өзгеруi баланың жеке басындағы адамгершiлiк, жауапкершiлiк, әдiлдiк, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттердi ашады.

     Бастауыш  мектеп оқушысының ерiк сапаларының  дамуы: бiрiншiден, жетiстiктерге жету мақсаттарының  мазмұны мен көлемiнiң үлғаюына және өзгеруiне, екiншiден, iшкi және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшiншiден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртiншiден, өзiн ерiктi тежеу барысында өзiн-өзi меңгеру, тоқтамға келуiнде қалыптасады.

Бастауыш  мектеп жасындағы балалардың жеке басының  дамуы-оқуы мен танымдық әрекеттерiнiң қалыптасуында оқу iс-әрекетiндегi белсендiлiгi мен адамгершiлiк қасиеттерiнiң қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiнiң күштi кезеңi деп аталады.

Мұғалiм  мен тәрбиешiлердiң үнемi бақылауында болатын балалардың психикалық даму кезеңдерi айтарлықтай сапалы өзгерiстерге ұшырайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адамгершiлiк  тәрбиесiнiң оқушыларды қалыптастырудың жолдары мен әдiс-тәсiлдерi.

Бастауыш  мектепте адамгершілік тәрбиесін берудегі әдіс-тәсілдеріне сипаттама

      Жеке  адамның бойында iзгiлiктi қасиеттердi дамытатын объективтi мүмкiндiктерi бар жағдайларды оқушылардың  қызметiне (iс-әрекетiне) қосу – бұл қызметтi педагогикалық мақсатты етiп, сол мақсатқа сәйкестендiредi. Мұндай жағдайлар педагогикалық яғни басқарылатын болуға тиiс. Сонда олардың жеке адамға ықпал етуiн белгiлi бiр дәрежеде реттеп отырады.

      А.И.Кочетов  негiзiнен педагогикалық жағдайды педагогикалық процестiң бастапқы элементi, өзiндiк “клеткасы” деп  түсiндiрудi қолданымен, оның педагогикалық  зерттеулер үшiн методикалық маңызын  байқайды, ол педагогикалық ықпал  етудiң және оған жауап берудiң нәтижесiнде педагогикалық қарым-қатынас пайда болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, тәрбиелiк оқиғаларды зерттеудiң негiзгi объектiсi ретiнде педагогикалық жағдайдың “өзегi” болатын да осылар: “егер педагогикалық жағдайды бейнелi түрде “клетка” деп атауға мүмкiн болса, онда педагогикалық қарым-қатынас – “молекула”, аталмыш жағдайдағы баланың нақты жауап әрекетi немесе мұғалiмнiң әрекетi – “атом” болып табылады”.

      Адамгершiлiк  қасиеттердi және қоғамдық белсендiлiктi қалыптастыру мақсатымен жағдайлардың әртүрлi түрлерi пайдаланылады. Педагогикалық жағдайлар нақ қандай тәрбиелiк мақсаттар мен мiндеттердi көздейтiнiн ұстаздың өзiнiң терең түсiнуi шарт.

      Оқушылар  ұжымында адамгершiлiк тәрбиесiнiң мiндеттерiн көкейкестi және күрделi етуге көмектесетiн жағдайлардың негiзгi белгiлерiнiң сипаттамасына тоқталайық.

1. “Уайымды  бөлiсу” жағдайы. Бұл жағдайға  жан толғанысын бастан кешкiзетiн  әсерленудiң тиiмдiлiгi негiз болады. Жағдайдың негiзгi ерекшелiктерiн де сол анықтайды.

      Әсерлену  – адамдардың қарым-қатынас процесiндегi өзара iс-қимылының негiзгi тәсiлдерiнiң бiрi, адамдардың бiр мезгiлде болатын ортақ психикалық күйдi бiрге уайымдасу тәсiлi. Әсерлену дегенiмiз – сезiм қуатының күшiмен ғана емес, қарым-қатынас жасайтын адамдар арасындағы тiкелей психикалық байланыспен де анықталатын сыртқы ықпалдың әсерге бөлiнуi арқылы жеке адам белгiлi-бiр психикалық күйге ұшыраған кезде көрiнiс беретiн адам мiнезiнiң iшкi тетiгi.

Информация о работе Адамгершілік тәрбие